Имплантацияны бастамас бұрын, ортопедиялық конструкцияны 3Д мүсіндеуден басталады. Осындай зерттеулер нәтижесіне сәйкес имплант түрі, сүйек пластикасының қажеттілігі, имплантациялау әдісі, протездеу түрі анықталады. Протездеу уақыты остеоинтеграция жылдамдығына байланысты, төменгі жақта остеоинтеграция процессі 2-3 айды құраса, жоғарғы жақта 4-6 айды құрайды, егерде имплантациямен бірге сүйек пластикасы жүргізілсе онда бұл процесс тағы бірнеше айға дейін ұзарады.
Импланттың басты ерекшелігі физиологиялық қозғалғыштықтың болмауы, қалыпты жағдайда периодонт амортизациялық қызмет атқарады. Ал сүйекке бекітілген имплантта ондай қасиеттің болмауына байланысты, қысымның имплантқа көп мөлшерде түсуіне әкеледі, қысымның жоғарлауы әр түрлі асқынуларға әкеледі.
Импланттың басты ерекшелігі физиологиялық қозғалғыштықтың болмауы, қалыпты жағдайда периодонт амортизациялық қызмет атқарады. Ал сүйекке бекітілген имплантта ондай қасиеттің болмауына байланысты, қысымның имплантқа көп мөлшерде түсуіне әкеледі, қысымның жоғарлауы әр түрлі асқынуларға әкеледі.
Иплант пен протез 1;1, 1:1,5 қатынаста, ал шайнау тістері аймағында 2:1 қатынаста қолданылады.
Алынбайтын протездер – бұлар тірек тістерге немесе имплантаттарға уақытша (цинкоксидэвгенольды сықпалармен) немесе тұрақты бекіткіштермен (цементтер, композитті материалдар, құлыпты бекіткіштер) бекітіледі. Оларды ауыз қуысынан алып шығу тек қана дәрігердің көмегімен арнайы құралдарды қолдану арқылы жүргізіледі. Алынбайтын протездерге көпір тектес протездер, қаптамалар, салмалар, жартылай қаптамаларды т.б. жатқызуға болады. Тіс қатарлары ақауларында олардың орналасуы мен аралығының ұзақтығына байланысты және сақталған тістердің тіректік аппаратының жағдайына байланысты көпіртектес немесе консольды протездер қолданылады.
Консольды немесе көпіртектес протездер тіректі бөліктен және протез денесінен (аралық бөлік) тұрады. Консольды протез бұл – алынбайтын протез түрі, тірек бөлігі бір жақта ғана болғанда тіс қатары ақауын қалыптастырады. Көпір тәрізді протез – мұнда протездің тірек бөліктері ақаудың екі жағында орналасады.
Консольді және көпір тектес протездің тіректі бөліктеріне қаптамалар , жартылай қаптамалар, салмалар, штифті жасанды қаптамалар жатады. Консольді немесе көпір тектес протездің денесін жасанды тістер құрайды, олар металдан немесе металл мен фарфордан, металл мен пластмассадан жасалады. Металдан жасалған протез денесін құйылған деп атайды, ал аралас түрін – фасеткалы деп атайды. Жасанды тістердің альвеоляр өсіндісінің шырышты қабатына байланысты консольді және көпір тектес протездің денесі жанаспалы немесе жуылмалы пішінді болып келеді. Көпір тектес протез денесінің жуылмалы түрін көбінесе косметикалық тұрғыдан алдыңғы тіс топтарына жасайды. Шырышты қабатқа протез денесін жанастырғанда дыбыстың шығуы дұрыс болады және сөйлеген кезде сілекей шашырамайды. Басқа барлық жағдайда көпір тектес протездің денесін шырышты қабатпен екеуінің арасына 2-3 мм алшақтық қалдырып жасайды (жуылмалы түрі).