Тірегі имплант болғанда тіс протездерін қалыптастыру ерекшеліктері


Алынбайтын тіс протездерін дайындау кезіндегі ерекшеліктері



бет2/2
Дата06.12.2023
өлшемі2,19 Mb.
#195427
1   2

Алынбайтын тіс протездерін дайындау кезіндегі ерекшеліктері

  • Қалып алу:
  • Қалып алу 2 түрлі әдісте жүргізүлуі мүмкін:
  • Қалыпты қосымша ортопедиялық компоненттерсіз алу. Бұл алдын ала егеу жүргізілген жағдайда алынады.
  • Қалыпты қосымша ортопедиялық компоненттермен алу:
  • Қызыл иек қалыптастырғышты шешіп, орнына трансфер орнатылады, трансферді бекітіп, қос қабатты қалып алынады, қалыпты ауыз қуысынан алғанда трансферді босатады, трансфер қалыппен бірге алынады. Қалып зертханаға жіберіледі.

Артықшылықтары мен кемшіліктері

  • Протез бекітілуінің қарапайымдылығы
  • Жақсы косметикалық нәтиженің болуы
  • Тіс протез дайндау технологиясының қарапайымдылығы
  • Протезді шешу қиындылығы
  • Профессионалды тазалау жүргізудің қиындылығы

Алынбалы салынбалы тіс протездерін дайындау кезіндегі ерекшеліктері

  • Толық тіссіз жақ кезінде қолданылады. Протез имплантқа құлып арқылы бекітіліп отырады, 2 бөліктен тұрады бір бөлігі имплантқа екінші бөлігі пластмассалы негізге имплан тұсында орналасады.
  • Алмалы протез бекітуінің 2 түрі бар:
  • Бастырмалы түрі, шар тәрізді немесе экваторлы абатменттер қолданылады
  • Балкалы түрі

Шар тәрізді абатментке бекіту

  • Шар тәрізді абатмент имплантқа бекітіліп, протездің негізінде имплант тұсында ойық жасалынады, ойыққа сақиналы силиконды матрица қойылады. Протезді кигізу кезінде силиконды матрица шар тәрізді абатментке киіліп бекітіп ұстап тұрады.
  • Протезді шешіп кие бергеннен шар тәрізді абатмен қажалып формасын жоғалтады, соған орай 2-3 жылда ауыстырып тұру қажет.

Экваторлы абатментке бекіту

  • Бұл абатмент науқастарға қолайлы болып келеді, және альвеола өсіндісінің әр түрлі дәрежеде семуіне байланысты, әр түрлі бұрышта қоюға ыңғайлы болып келеді.

Балкалы түрі

  • Металды балка жоғарғы жақта 4 имплантқа орнатылуы тиіс, себебі жоғарғы жақ сүйектің кеуекті затының көп болуы, қысымның көп түсуі әр түрлі асқынуларға әкелуі мүмкін. Егер 2 имплантқа ғана орналасса протез тұрақтылығы бұзылуы мүмкін.
  • Төменгің жақта 3-4 имплантқа орналастыруға болады

Қорытынды

  • Қорыта келгенде имплантациядан кейінгі протездеу, тіс қатарындағы жоқ тістердің орнын толтыруда, шайнау қызметін қалпына келтіруде және басқада артықшылықтарына байланысты тиімді әдіс болып табылады.

Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет