Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»


Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі



бет105/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

2.Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі
Көлік және коммуникацияларды басқаруды ұйымдастыру Үкіметпен және транспорттық мекемелермен іске асырылады. Біріншіден, Үкімет ұжымдық орган ретінде өз бастамасы бойынша транспорттық-коммуникация кешені аясында нормативті қаулылар қабылдай алады, мысалы,темір жолдардың уақытша жарғысы (Уставы); автомобиль жолдарын қолдану ережелері; ашу, жобалау, бекіту (установка) тәртібінің ережесі, Қазақстан Республикасы территориясында эксплутация және шет елден радиоэлектронды заттар мен жоғарғы дәрежелік құрылымдарды енгізу.Екіншіден, Үкімет, мемлекеттік басқару органының ұйымдастырушылық формасын таңдайды: 1.Орталық мемлекеттік басқару органдарының ішінде сол органның құқықтық мәртебесін.2. транспорттық- коммуникациялық кешенде мемлекеттік органдарға арналған заң актілеріне сәйкес құзіреті мен өкілеттілігін анықтайды. Үшіншіден, Үкімет транспорттық –коммуникациялық кешенде мемлекет саясатының әлеуметтік экономикалық негізгі мәселелерін іске асырады.Бұл өкілеттіліктер Үкімет қаулысымен бекітілген құзіреттер негізінде орталық атқарушы органдармен іске асырылады. Қазақстан Республикасының заң актілері барлық көлік пен байланыстың барлық түрлерінің арақатынасын қамтамасыз ету үшін және жол шаруашылығын дамыту, бәсекелестікті қолдауды, транспорт пен байланыс қызметіне азаматтар мен ұйымдарға бірдей құқықтық тұрғыдан рұқсат беруді, мемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз ету мынандай әкімшілік –құқықтық нормалар орнатады.
Қазақстанның нарық қатынасының орнығуы жағдайында, мемлекет тарапынан экономикалық процестер мен шаруашылық субъектілеріне тиімді әрекет қажет. Қазіргі танда нарықтық механизм, экономикалық дамудың бір ғана мүмкіндігі бар тиімді реттеудің тамаша механизмі ретінде қарастырылмайды. Нарықтық экономикада мемлекет орындауы тиіс қызметтерді ескере отырып, оның реттеуші ықпалы келесідей бағыттармен жүзеге асырылады:

  • шаруашылық қызметінің негізгі нормаларын өңдеуге және қабылдауға бағытталған заң шығару қызметі;

  • шаруашылық субъектілерінің қызметін құрумен және тоқтатумен байланысты әкімшілік қызмет;

  • алдағы уақытта жалпы елдің, сондай-ақ оның жеке аймақтарының индикативтік жоспарларын және болжамдарын өңдеу кезінде оның өзгеру мүмкіндігі және экономикалық ахуалы туралы шаруашылық субъектілерін хабардар етуге байланысты ақпараттық қызмет;

  • жалпыұлттық мақсатта ірі мекемелердің, аймақтық қалыптасулардың және салалардың қызметін реттеуге бағытталған реттеуші қызмет;

  • қолданыстағы заңнаманың бұзылуын алдын алу мақсатында мекеменің ағымдағы қызметін бақылау.

Көлік қызметін мемлекеттік реттеу қажеттілігін қамтитын бірқатар факторлар бар. Бұл факторлар әртүрлі әлеуметтік-экономикалық процес-терге, қоршаған ортаға көліктің әсер етуіне, қоғамның қауіпсіздігіне байланысты.
Көліктің негізгі операцияларын келесідей реттеу қажет:
- көлік коммуникациялары бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің мүддесінде;
- қоршаған ортаға көліктің жағымсыз әсер етуін төмендету және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында;
- көлік жүйесінің кабілеттілігінде эконо-микалық қауіпсіздікті сақтау мүдде-сінде ішкі және сыртқы тасымал-дауға елдің қажеттілігін қамтамасыз ету, елдің экономикалық біртұтастығын қолдау.
Көлік халықаралық өзара әрекеттесудің негізі болып табылады, мемлекеттік келісім қажеттілігін және олардың сақталуына әрі қарай бақылау орнатуды аддын ала айқындайды. Сонымен қатар, Қазақстандық көлік мекемелерінде бәсекелестік қабілетінің жеткілікті деңгейде төмен болуы жағдайында, ішкі,сондай-ақ халықаралық көлік нарығында отандық тасымалдаушылардың қүқығы мен мүддесін қорғау қажетгілігі туындайды. Ұлттық экономиканың инфрақұрылымдық бөлігі бола отырып, көлік бірмезгілде оны дамыту тұғыры ретінде орын алады. Бұл, мемлекет тарапымен жағымды экономикалық, занды және ұйымдастырушылық шарттарды қалыптастыру қажеттілігі көлік жүйесінің дамуын алдын ала айқындайды.
Қазақстан Республикасында, оның аймақтарының кең көлеміне байланысты, көлік шығындары өнімдердің басым бөлігінің соңғы құны айтарлықтай үлкен шаманы құрайды.Бұл көлік саласында құнсыздану процесін үдетуші болады. Осыған байланысты, экономикалық ахуалдың түрақсыздық шартында, көлік қызметтерінің тарифтерін реттеу қажет. Жоғарыда көрсетілген факторлар көлік жиынтығының мемлекеттік реттелуінің негізгі мақсаттарын айқындайды:
1. Көлік жиынтығы қызметінің экономикалық тұрақтылығын
қамтамасыз ету:
- аймақаралық экономикалық байланыстардың орнығуына, жалпы нарықтың қалыптасуына және дамуына қолдау көрсету;
- аймақтық жөне мемлекеттік мақсатты бағдарламардың іске асырылуына қолдау көрсету;
- экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тапсырмаларды шешуге қолдау көрсету.
2. Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету:
- халықтың белгіленген топтарының әлеуметтік қорғалуын
қамтамасыз ету;
- әлеуметтік маңызы бар тасымалдауларды орындау;
- көлікке қатысты тең құқықтан айыруды жою.
3. Шаруашылық қызметін үйлестіру:
- көлік қызметтері нарығының конъюктурасы, оны алдағы уақытта дамыту туралы деректер қорын өңдеу.
4. Бәсекелес ортаға қолдау көрсету:
- еркін бәсекелестіктің экономикалық және құқықтық шарттарын
құру;
- көлік жиынтығы субъектілерінің экономикалық еркіндігін және
олардың қызметінің нарықтық ынталандырылуын қамтамасыз
ету;
- монополизммен күресу;
- қатаң бәсекелестіктің жағымсыз әсерін шектеу;
- кәсіпкерлік белсенділікті дамыту шаралары (қаржылық, салық);
5. Көлік жиынтығының мемлекеттік секторын басқару:
- мемлекеттік мекемелерді басқару;
- өзге де мемлекеттік меншікті басқару (құнды қағаздар, акция
пакеттері, мемлекеттік несие қаражаттары).
6. Көлік жиынтығының қауіпсіз қызметін қамтамасыз ету:
- автокөлік құралдарын пайдалануда қауіпсіздік ережелерін
сақтауды қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны қорғау және табиғатты қолдану нормаларын
сақтауды қамтамасыз ету.
7. Көлік жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету:
- көлік инфрақұрылымының және көлік құралдарының сенімділігін
қамтамасыз ету;
- әртүрлі субъектілердің жұмысын тиімді басқаруды және
үйлестіруді қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет