Сабақтың тақырыбы Сабақ №9 Теңіздегі арпалыс. Есімдіктің түрленуі



бет1/2
Дата01.02.2023
өлшемі121,54 Kb.
#167101
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
9-сабак Теңіздегі арпалыс. Есімдіктің түрленуі
Тулебаева, км 06, Жедел жәрдем 4, медико әлеуметтік оңалту 2, 10срсп, Tema 1, 9 кл СОР



Қысқа мерзімді жоспар

Пәні

Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология

Мерзімі




Пән мұғалімінің аты-жөні

Есильбаева Ұлболсын Ахметоллақызы

Сынып Т1

6

Сабақтың тақырыбы

Сабақ №9 Теңіздегі арпалыс. Есімдіктің түрленуі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

О4. Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру
ӘТН4. Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану

Бағалау критерийі:

  • Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстырады;

  • Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолданады.


ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

Сабақтың басы

Ой қозғау


- Суреттерге назар аударайық!
- Адамға қандай ой салады?
Су – тілсіз жау, сондықтан судағы, мұз қату кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтағанымыз жөн.
Судағы апаттардан сақ болайық!

Ғаламтор





1)Ресми сөздер мен ауызекі сөйлеу стилінің қолданылу аясы
2) Мақсаты
3) Стильге тән ерекшеліктер

Ереже
Тірек-сызба



Сабақтың ортасы

1-мәтін
Құрметті ата-аналар, мұғалімдер!
Балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің қадағалауымен ғана шомылуға рұқсат етіңіздер. Балаларға үрлемелі матрацтармен, камералармен, тақтайлармен жүзуге қатаң тыйым салынады. Оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл көмек көрсетуге қиындық туғызады.
Азаматтар! Суда абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар!
Естеріңізде болсын! Егерде қауіпті жағдай төнсе, сізге көмек қажет болса «112» телефонын теріңіз!
Құтқару қызметі әкімшілігі


1-тапсырма: Стильдік ерекшелігін анықтаңыз
«КЕЛІСЕМІН, КЕЛІСПЕЙМІН» әдісі
Дескриптор:
Мәтіннің стильдік ерекшелігін дұрыс немесе бұрыс жауап арқылы анықтайды

Мәтін


Кесте




2-мәтін
.. Бұл ес жиям дегенше, көбісі қақыраған мұз қара жерден қапелімде іргесі ажырап, бүкіл аумағымен аңғарға қарай жөңкіп ығып бара жатты.
- Жүр, қайықты суға салайық!- деді Андрей.
- Есің дұрыс па?- деді Курнос Иван.
- Әне, қоралы кісі ығып барады. – Көре-тұра... Курнос Иван қолын бір сілтеді де, промсолды бетке ұстап жүгіріп ала жөнелді. Онан күдер үзген Андрей енді не істерін білмей тұрғанда, көзі қасында қалбалақтап жүрген түйеші жігітке түсті де:
- Жүр, тездетейік!-деп, оны ай-шәйге қаратпай жетелеп ала жөнелді. Андрей қайыққа қарғып мінгенде, мына жақтан түйеші жігіт те тері тоны қаудырлап қайыққа кеудесімен асылды.
Жағада тұрған қайықты екеулеп суға түсірді. Өмірі теңізге шығып көрмеген түйеші жігіт сәл қозғалса суға кететіндей, түс жоқ, өң жоқ, қалш-қалш етіп қайықтың кенерінен тас қып ұстап, жабысып алды. Андрей қайықтың басын бұра алмай, жанталасып жүргенде, бұлар жағадан ұзап та кетіп еді, теңіз үстінің дауылы тіпті әлемет. Толқындар ірілене бастады. Жалмұраттың басы айналды. Қайда қараса да қара жер көрінбеді. Табан асты түпсіз құрдым. Қайнаған теңіз көз алдында дөңгеленіп үйіріліп бара жатқасын бұл көзін жұмып алды.
- «Иә, Құдай... Өзің... Өзің сақта! Сақтай көр!»
Үйдей толқындар енді ес жиғызбады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет