Оқу мақсаты:
Ауызекі жəне ресми стильдегі мəтіндердің тақырыбын,
мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру
-мəтіндегі ауызекі сөйлеу стиліне тəн белгілерді анықтайды;
-стиль түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы танып,
салыстырады.
№
Стиль түрі
Ауызекі сөйлеу стилі
1
Қолданылатын аясы
Адамдармен еркін əңгіме кезінде қолданылады. Ауызекі сөйлеу стилінің түрлері:
1.
Дидарластық сөз (əңгімелесу, сұхбаттасу) 2. Полемикалық (дауласу) сөз .3. Көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция
)
2
Мақсаты
Қарым – қатынас жасау.
3
Ерекшелігі
-
Адамдардың бетпе – бет кездесуі арқылы жүзеге асады;
-
сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолданылады;
-
сөз ықшам құрылады;
-
арнайы мəнермен айтылады;
-
даярлықсыз өткізілу (сөйлеу)
4
Стильге тəн тілдік
тұлғалар (қолданыстар)
•
Жергілікті сөздер (диалект, кəсіби сөздер);
•
Қарапайым сөздер (ренішке, ұрысуға байланысты сөздер) ;
•
Сұраулы, лепті, толымсыз сөйлемдер жиі қолданылады;
•
Инверсия ( сөйлем мүшелерінің орын тəртібінің сақталмауы) жиі кездеседі.
•
Көбіне диалог түрінде жəне эмоциялы болады.
5
Транскрипцияланған
мəтіндегі белгілер
Кідірістер (паузалар) (.) - аз кідіріс; (..), (...) -ұзақ кідіріс;
Кідірісті дыбыстармен толықтыру: хм, ыы, ээ, мм-мм-м-м
Кідірістерді мағынасыз сөздермен толықтыру: енді, жаңағы, сонымен, яғни, т.б. Фальстарттар: Сөзді қайталау, тосылып, қайта
түзету; Жо-жоқ, мен мынаны айтқым
келген.
Қайталаулар: сөз таба алмай сасқалақтаулар,
сенімсіздік
Сөзді қыстартып айту, басқаша дыбыстап айту; ояқ, бұяқ, қап кетті, отырқ
Сөйлеу барысындағы əрекеттер жақша ішінде, кейде сілтеме жақша арқылы жазылады. Мысалы, [қолын жүрегіне қойды];
Сөз ретінің сақталмай, инверсиялануы (Ертең айтамын бұл туралы);
ШІРКІН (барлығы бас əріппен жазылса) жоғары тон, яғни ерекше көтеріңкі айтылғанда ерекше мəн беру сипатын береді (акцент
беру);
Диалект сөздер, жаргондар, паразит сөздер ( оқушылар қолданатын сөздер), дисфемизмдер, т.б. ;
Фраезологизмдердің көбірек қолданылуы;
Жəудір:
Назерке, кешегі мектептегі хабарландыруды естідің бе?
Назерке:
Қандай хабарландыру естімедім, Жəудір?
Жəудір:
Тарих пəнінің мұғалімі бізді қаламыздағы Қалибек Қуанышбаев атындағы
Мемлекеттік академиялық қазақ драма театрында Д.Рамазанның "Абылайханның арманы"
тарихи драмасына алып барады екен. Сен барасың ба?
Назерке:
Сағат нешеде болады?
Жəудір:
18:30-да басталады.
Назерке:
Жоқ. Мен бара алмайм.
Жəудір:
Неге бармайсың?
Назерке:
Қойш, уақытым жоқ!
Жəудір:
Ал мен бармасам, бармағымды тістеп қалармын. Сондықтан барып көріп,
тарихымыздан сыр шертетін қойылымды тамашалап қайтамын.
Дескрипор
Білім алушы
- мəтіндегі ауызекі сөйлеу стиліне тəн сөз тіркестерін теріп жазады;
- жұбының жұмысымен салыстырады;
-қажеттілігіне қарай өз кестесіне толықтырулар енгізеді.
Мәтін
Ауызекі сөйлеу тіліне тән сөз тіркестері мен
сөйлемдер
2-тапсырма
Екі мəтінді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табыңыз.
Дескрипор
Білім алушы
- мəтіннің ұқсастығын анықтайды;
- мəтіннің жанрын, формасын, мазмұнын талдайды;
- мəтіннің тілдік ерекшеліктерін салыстырады.
Рефлексия
1. Бүгінгі сабақта қандай жаңа ақпарат алдым?
2. Сабақ мақсатына жетуде қай тапсырманы орындау қиындық
туғызды?
3.Бүгінгі сабақта сыныптастарыңыз тапсырманы қалай
орындады?