Административное право. Академический курс (ответственный редактор А.А. Таранов) Алматы «Жеті Жарғы» 2011г.
Административное право. Часть Общая: Учебник / отв.ред.
А.А. Таранов-2-е изд., с изм. – Алматы: Жеті Жарғы, 2011
Административное право. Часть Особенная: Учебник / ртв.ред.
Бельский К.С. О системе административного права // Государство и право. 2010
ГАллиган Д., Полянский В.В., Старилов Ю.Н. Административное право; история резвития и основные. Современные концепции
Козлов Ю.М., Попов А.Л.. Административное право Россиской Федерации. М., Зерцало. 2013
Правовые проблемы реформирования государственной службы суверенного Казахстана. Под.ред. Сапаргалиева Г.С., Астана. Институт законодательства РК 2014 г.
Старилов Ю.А. Административная юститция. М.: Изд-во «Норма» М., 2001 // государство и право. Смоленск. 2013 г.
№11 -тақырып: Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты бақылау және қадағалау
Дәрістің мақсаты: «Заңдылық» туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету қалай жүзеге асырылатындығын үйрету.
Жоспар: Басқару аясындағы заңдылық
Мемлекеттің басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі
Мемлекеттік бақылау және оның түрлері. ҚР Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері
Әкімшілік қадағалаудың түсінігі
Прокурорлық қадағалау.
Негізгі ұғымдар: Әкімшілік юрисдикция, кінәсіздік презумпциясы, кінәлілік қағидасы.
1сұрақ. Басқару аясындағы заңдылық Атқарушы органдардың жұмысы басқарудың әдістерін қолданумен анықталады. Басқару әдістері дегеніміз: 1.Әкімшілік құқығы субъектісінің қызметін ұйымдастыру; 2. Басқару процессінде туындайтын нақты мәселелерді шешу; 3.Басқарылатындардың ырқына ықпал ету тәсілдері;
Басқару субъектілерінің қызметін ұйымдастыру процесі дегеніміз құрылымдық бөлімшелерді құру және олардың функцияларын белгілеу және оларды атқарушы билік органдарының жүйесіне кіргізу; басқарушылық процестерді ресімдеу, т.б. Сонымен, атқарушы билік органы алдына қойылған мақсатына қарай тиісті нәтиже алу үшін өз аппараттарын ұйымдастырады.Басқару процесінде нақты мәселелер жеке (министр,төраға), ақылдасып (алқада,ғылыми әдістемелік кеңесте) немесе бірлесіп ( екі немесе бірнеше минстрліктер, комитеттер, т.б. қатысып) шешілуі мүмкін.Бұл шешімдер қаулы,бұйрық,нұсқаулық түрінде шешіледі. Атқарушы биліктің негізгі міндеті—заңдардың орындалуын қамтамасыз ету.Бұл міндет басқарудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады. Басқару формасын заң анықтайды.Формалар құқықтық және құқықтық емес болып бөлінеді. Басқарудың құқықтық формаларына мыналар жатады:Нормативтік құқықтық актілерды дайындау және қабылдау; Шарттар жасасу.
Нормативтік құқықтық актілерды дайындау, талқылау, қабылдау және жариялау тәртібі заңнамада анықталады. Бұл тәртіп бұзылған жағдайда нормативтік құқықтық актілерді күшіне енгізу және жариялау мүмкіндігі де жойылады.Басқарудың құықтық емес формаларына ұйымдық және материалдық – техникалық әрекеттер жатады.Ұйымдық әрекеттерге:Заң және басқа актілердің мазмұнын түсіндіру;Қызметкерлерге, лауазымды адамдарға аттестация жүргізу және нұсқау беру;Басқару органдарының жұмысын тексеру және жинақтап қорыту;Төменгі тұрған басқару органдарының басшыларын қатыстырып кеңс, мәжіліс, екі министрліктің бірлескен алқа мәжілісін өркізу және басқа шаралар өткізу.Материалдық- техникалық әрекеттер мыналармен байланысты:Органдар мен лауазымды адамдардың жұмысын ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз етуді жүргізу;Іс қағаздарын жүргізу ( хат алмасу, құжаттарды көбейту, оларды сақтау). Есепке алу-тіркеу жұмыстары, қабылданған шешімдер негізінде қажетті құралдар беру ( реестерге кіргізу, тиісті нөмірлерін көрсету)Мұндай әрекеттердің жүзеге асырылу тәртібін арнайы құзірет берілген органдар да ( статистика және т.б.), министрліктердің, ведомстволардың актілері де (нұсқамалар, ережелер) анықтай алады.