1-билет Кіріспе, «Ветеринариядағы менеджмент» пәні және оның мақсаты мен міндеттері



бет1/9
Дата24.10.2019
өлшемі118,41 Kb.
#50584
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
menedzhment bilet zhauaptary-1 (1)

1-билет

1. Кіріспе, «Ветеринариядағы менеджмент» пәні және оның мақсаты мен міндеттері.

Ветеринарлық ғылымдар қатарындағы ветеринарлық менеджмент - арнайы ғылыми деректерді біріктіруші ғылым саласы болып табылады. Ғылым саласы ретінде оның мақсаты - мал өсіруші шаруашылықтарда ет-сүт, мал текті өнімдер, шикізат даярлаушы, сақтаушы, өңдеуші кәсіпорындарда, көлікте, халық шаруашылығының басқа да салаларында малдәрігерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, ветеринарлық шаралардың экономикалык тиімділігін және ветеринария мамандарының жұмыс атқаруының негізгі формалары мен әдістерін зерттеу. Сонымен қатар мемлекеттік, ведомстволық және жеке кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтің негізгі құрылымы мен заңдылықтарын зерттеуге бағытталған. Ветеринариялық менеджментті нашар жүргізу - шаруашылық ісінің бұзылуына, малдан алынатын өнім сапасының төмендеуіне, мал басының кемуіне және әр түрлі індет ошақтарының пайда болуына әкеп соқтырады.

Республикадағы ветеринарлық менеджменттің жағдайы әлеуметтік- экономикалық факторларға байланысты. Оған жататындар: қоғамдық құрылыс, өндіріс деңгейі, ғылым мен мәдениеттің дамуы, жоғары және арнаулы орта ветеринарлық білім беру орталықтары, ветеринарлык мекемелерді, өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығын білікті мамандармен қамтамасыз ету, сонымен қатар материалдық- техникалық жағынан дұрыс жабдықтау. Нарықтық экономика киыншылығына қарамастан, мемлекеттік деңгейде ветеринарлық менеджментті жақсарту барысында әр түрлі жұмыстар жүргізілуде.

Пән құрамында ветеринарлық зандылық жинағының негізгі қағидалары, ветеринарлық істің экономикасы мен статистикасы, ветеринарлық-санитарлық бақылау ұйымдастыру, ветеринарлық қызметті жабдықтау, құрылыс салу, іс қағаздар жүргізу және тағы басқа тараулар бар.

Пән тарауының әрқайсысында өзіне тән ветеринарияның ұйымдастыру-экономикалық іс-әрекеті мәнісі, қыры, сипаты қаралады.

Ветеринарлық менеджмент пәні ветеринарлық зандылық қағидаларына сәйкес мал шаруашылығында ветеринарлық қызмет көрсетуді; ветеринарлық мекемелер мен қызмет топтарының жұмыс тәсілдері мен формаларын, ветеринария мамандары мен азаматтардың ветеринарлық қызмет көрсету барысындағы өзара карым-қатынасын; сүт өндіру, шошқа өсіру, мал бордақылау, құс фабрикаларында ветеринарлық қызмет көрсету ерекшеліктерін, мемлекеттік және ведомстволық ветеринария мамандары жұмысын нормалауды және еңбекақы төлеуді зерттейді.



Ветеринариялық менеджмент деп, малды аурудан сақтандыру, емдеу, одан санитарлық тұрғыдан сапалы өнім алу, адамды зооантропоноздардан сақтау сияқты мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық шаралар кешенін айтады.

Ветеринариялық менеджменттің арнайы шаралар жүйесі ретінде халықшаруашылық немесе экономикалық зор маңызы бар, мәселен, ветеринарлық қызметтің тікелей қатысуымен мал ауруларынан сақтандыру, малдан сапалы өнім алу қамтамасыз етіледі Осының өзі-ақ бұл істің экономикалық маңызын көрсетеді.

Ветеринариялық менеджментке қорғаныстық мағына да береді. Мәселен, шекарадағы экспорттық-импорттық тауар алмасу кезінде елімізді шет елдерден қауіпті жүқпалы мал аурулары
2.Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру

Базарда сатылатын мал өнімдері мен шикізаттарына ветсансарап жасау - арнаулы ветсансарап лабораториясының міндеті. Лаборатория, сонымен қатар, мал өнімдерін сату жөне сақтау орындарының санитарлық жағдайын қадағалайды. Ол қалалық ветеринарлық станцияның немесе аудандық ветеринарлық лаборатория қарамағында болады.

Ветсансарап лабораториясы арнайы ережелерге сүйеніп, өнімдер мен шикізаттарға байқау жасайды, қажет болғанда, бактериологиялық, биохимиялық зерттеулер жүргізеді және шошқа ұшалары мен шпиктерін бірін қалдырмай, трихинеллезге тексереді. Мұндағы қызметкер саны күнделікті жасалатын сараптар санына байланысты тағайындалады. Оның ет және ет, сүт және сүт өнімдерін сараптайтын бөлімдері болуға тиісті.

Лаборатория меңгерушісі базарда сатуға рұқсат берілген мал текті өнімдердің санитарлык. сапасы жақсы болуына тікелей жаапты. Соған орай, оның жарамсыз өнімдерді сұрыптауға,оларды сатуға тиым салуға, сату орындарының, тоңазытқыштың, қойманың санитариялық жағдайы таларқа сай болмаса, оларды жабуға, базардың жауапты кызметкерлеріне, азаматтарға санитарлық талаптарды бұзғаны үшін айып салуға құқығы бар.

Сараптан өткен ұшаларға, етке, лаборатория таңба басы сатуға рұксат береді. Жарамдылығы күдікті деп танылған етгі залалсыздандырады, жарамсыз деп танылған етке акт жасалып утильдеуге немесе жоюға жіберіледі. Базарда жарамдылығы күдікті өнімдерді сақтауға тоңазытқыш, ал тәркіленген өнімдерді жинауға арнайы контейнерлер болуға тиісті.

Базарда дені сау сиыр сүті сатылуы тиісті. Ондай сүтке мемлекеттік ветеринарияның жергілікті мекемесі ай сайын бір рет арнайы куәлік беріп отырады. Тағамдық сүтке және сүт өнімдеріне лабораторияның сатуға рұксат бергені туралы күжаты беріледі.

3. Ветеринариялық қызметті жабдықтау

Ветеринарлык қызмет өз міндетін атқару үшін қажетті керек жарақпен қамтамасыз етуді, яғни жабдықтауды талап етеді. Бұл АШМ-нің негізгі қызметтерінің бірі болып саналады. ветеринарияны жабдықтауды ұйымдастыру басқару және бақылау үшін арнайы орган және мекемелер жүйесі құрылан, оны Қаззооветжабдықтау жүйесі деп атайды..бұл орган барлық облыстарда қоймалар мен бөлімдер, ал аудандарда дәріханалар ашқан. Бұл жүйенің жұмысына тікелей бақылауды мемлекеттік ветеринарияның басқарушы органдары жүргізеді, бірақ қаржылық іс-әрекеті бойынша ол ветеринарияға бағынышты болмайды. Негізінде “Зооветжабдықтау” мекемелері вет-лық тауарларды жеткізуде тұтынушы мен өндіруші арасында делдалдык қызмет атқарады, сол арқылы табыс тауып күнелтеді, яғни “Зооветжабдықтау” - шаруашылык есеппен жұмыс істеп, өзін-өзі қаржыландыратын жүйе.

Жабдықтау көлемі аудандарда, облыстарда және бүкіл республика бойынша жоспарланған ветеринарлық шаралар көлеміне байланысты болады. Жабдықтау бұйымдарының қажетті мөлшерін, тасымалдау мерзімін ветеринария органдары мен мекемелері анықтайды. Ол үшін жыл сайын бес түрлі үлгі бойьшша ветеринарлық қызмет өзінің мұқтаждығын көрсетіп,сұраныс жасап, оны зооветжабдықтау жүйесіне тапсырады. Сұраныс үлесінде тауарлардың атауы, болжаммен алынған босату бағасы беріледі.

Негізгі жабдықтау бұйымдарына: биологиялық препараттар, дәрі-дәрмектер, залалсыздандырушы заттар, лабораториялык жабдық пен реактивтер, түрлі аспаптар, таңғыш заттар мен құрал- саймандар, арнайы сырт және аяқ киімдер т.б. жатады.

Ветеринария мекемелеріне келіп түскен барлық ветеринарлық тауарлар есепке алынып, материалдық бөлімге жауапты амага тапсырылады. Дәрі-дәрмектердің кірісі мен шығысы арнайы тіркеу кітабында белгіленіп отырады. Улы және әсері күшті дәрілерді тіркеу, босату, сақтау ерекше талаптарға сәйкес жүргізіледі. Мұндай заттардың “А” тобына жатататындарын тек “Зоовегжабдық” жүйесінде, ветеринарлық станцияларда, лабораторияларда, ғылыми-зерттеу және оқу орындарында ғана (егер шартты жағдай туғызылған болса) сақтауға рұқсат беріледі. Басқа мекемелер мен ұйымдарда бұл заттар тек дайын түрінде ғана (ерітінді, май) сақталады.

Ветеринарлық мүлікті дұрыс пайдалану мақсатында жыл сайын оның жай-күйін, барын-жоғын анықтап, түгендеу актісін жасайды. Жарамсыз болған мүлікті есептен шығарады. Дәріханада бір тоқсан бойы жеткілікті болатын дәрі-дәрмек биопрепараттар және т.б. бұйымдарды жинақтап отыру қалыпты жағдай деп есептеледі. Бұл күнделікті мұқтаждықты өтеуге арналған арнайы қор болып саналады.
2 билет

1.ҚР ветеринария қызметтің қалыптасу тарихы

Қазақстанда 1810жылға дейін жануарлар ауруларын емдеумен малшы қазақтар өздері айналысқан, содан кейін Ресейден жұмыс бабымен келген ветеринарлық мамандары, ал 1891жылдан бастап ветеринариялық қызмет жекеленіп, өз алдына бөлініп шыққан. Мамандарды Омбы, Тобыл ветеринариялық мектептері, сонымен қатар Қазан, Юрьев, Варшава ветеринариялық институттары дайындаған. 1897 жылы тұңғыш ветеринариялық бактериологиялық лаборатория Оралда ашылған. 1920 жылы ветеринариялық бас басқарма құрылып, Қазақстанда ветеринариялық саланың дамуына А.П.Петровский, У.Б.Базанов, Т.И.Исенгулов, К.И.Скрябин, А.П.Сейдалин және тағы да басқа ғалымдар үлкен үлес қосқан.

Қазақстан Республикасында жануарлар ауруларымен күресу шаралары ҚР Президенті бекіткен (Бірінші заң 1995 жылы 25маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады). «Ветеринария туралы заң» негізінде, Үкімет жарғылары және ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринария туралы заң актілері мен нұсқаулары бойынша жүргізіледі. Қазақстанда ветеринария саласын қадағалау органдары мемлекеттің басқаруында болады, жүргізілетін ветеринариялық шаралар жоспарлы түрде, ал аса қауіпті жұқпалы ауруларды және карантиндік шараларды қоспағанда, ветеринариялық жұмыстардың барлық түрлері бәсекелестік ортаға берілген және лицензиялауға жатады. Ветеринариялық препараттарды өндіру саласы да бәсекелестік ортаға қарайды.
2.Өлекселерді жинау және өтелдеу кезінде ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру

Қазіргі уақытта жануарлар өлекселерін жоюдың төрт әдісі колданылады: 1) ветеринарлық-санитарлық пайдаға асыру зауыттарында өңдеу; 2) өртеу; 3) биотермиялық шұңқырларда жою; 4) өлексе қорымдарына көму. Медициналық-ветеринарлық тұрғыдан ең қауіпсіз әpi тиімді әдіс – ветеринарлық-санитарлық пайдаға асыру зауыттарында өлекселер мен шығынға шыққан жануар тeктi шикізаттарды өңдеу болып табылады. Ветеринарлық-санитарлық зауыттары жоқ жерлерде жануар өлекселерін өртейді, биотермиялық шұңқырларда жояды, не өлексе қорымдарына көмеді. Ветеринарлық-санитарлық ережелер негізінде аса қауіпті індеттер кезінде (ciбір жарасы, қарасан, ipi қара мал обасы, маңқа, т.б.) өлекселерді арнайы өлексе өртегіш пештерде , не шұңқырларда өртейді.Мұндай пештер ipi ветеринарлық зертханаларда және көптеген шаруашылықта бар. Дала жағдайларында өлекселерді табиғи тартымы бар шұңқырларда өртейді. Шұңқыр түбінe ағаштар салынады, оның үстінe өлексені салады да, мұнай, май, солярка, бензин құйып өртейді. Ipi жануарлардың өлекселерін өртеу үшін айқыш тәрізді етіліп ұзындығы 2,6 м, eнi 0,6 м, 0,5 м eкi ор қазылады. Жануар өлексесін жармас бұрын тіркеуден өткізіп, анамнездік деректер жинақталады, бұл үшін жолдамалық құжаттар мен ауру тарихы колданылады. Олексенің қай жерден түcкeнi, жануар иесі, азыктандырудың мән-жайы, шаруашылықта ұсталу жағдайы анықталады. Жануардың қашан және қандай белгілермен (не қандай диагнозбен) ауырғандығы, ауру ағымының өтуі, жануарға көpceтілген емдік жәрдем түрі, оның қашан өлгендігі, шаруашылықта осындай ауру белгілерінің, не өзге өлім-жітім жағдайларының бар-жоқтығы айқындалады.
3.Ветеринариялық шығындар.

Қазақстан Республикасында жүргізілетін ветеринариялық қызметтің негізігі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады.

Ветеринариялық шығындар тиісті ұйымдастыру ,емдеу,жүргізуге алдын алу ,сауықтару шараларын жүргізуге жұмсалатын еңбек және материалдық құралады.Олар тікелей жанама шығындарға бөлінеді.Тікелей шығындар:шараларды жүргізі үшін қолма қол қолданылған еңбек ,қаржы және материалдық шығындар.Жанама шығындар жалпы өндіріс және жалпы шаруашылық бойынша жұмасалады.
3 билет

1.Ветеринариялық істі басқару, Қазақстан Республикасындағы ветеринариялық қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы және оған жетекшілік ету

Ветеринария саласы сау және ауру жануарлар организмінің тіршілік заңдылығын, аурудың пайда болу себептерін, анықтау әдістерін, аурудың алдын алу және малдарды күтіп бағу, азықтандыру, жұмысқа жегу жолдарын ескере отырып, ауру жануарларды емдеу, сонымен қатар адамды жануарлар мен адамға ортақ аурулардан сақтандыру шараларын толық меңгеретін ғылыми білімнің кешені.Осыған байланысты ветеринариялық істі басқаратын және ветеринариялық қызмет көрсетудің ретін анықтайтын, оның мақсаттарын айқындайтын «Ветеринария туралы заң» аясында ветеринариялық қызмет жүргізіледі. ҚР «Ветеринария туралы заңы» бірінші рет 1995 жылы 25 маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады



Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы. Республикамыздағы ветеринария қызметі бірегей мақсатпен арнайы қызмет атқарушы органдар, мекемелер, ұйымдар және қызметтер жүйесінен тұрады. Олар ветеринариялық қызметті тікелей атқарушы және оған тиісті жағдай туғызып, қамтамасыз етуші болып екі топқа бөлінеді:1)Ветеринариялық қызметті атқарушы ұйымдар, мекемелер және мамандар 2)Ветеринариялық қызметті қамтамасыз етуші ұйымдар және мекемелер

Статистикалық деректер бойынша ветеринария мамандарының 80% астамы бірінші топтағы ұйымдармен мекемелерде істейді. Бұл мамандар тікелей мал шаруашылығында және сонымен өндірістік байланысы бар кәсіпорындарда, көлікте, сауда саттық жүйесінде ветеринариялық қызмет атқарады. Бұл топқа мемлекеттік және жеке меншік ветеринариялық қызметтер кіреді.

Екінші топтағы ұйымдар мен мекемелерге жататындар:

- ветеринариялық ғылыми зерттеу институттары, станциялары, лабораториялары;

- биопрепараттар өндіруші кәсіпорындары, лабораториялары, дәрі дәрмек, құрал жабдық шығаратын кәсіпорындар және олардың өнімдерін тұтынушыға жеткізуші зооветжабдықтау жүйесі;

- жоғары және арнаулы орта білім беруші ветеринариялық медицина оқу орындары.

Осы топтағы мекемелер мен кәсіпорындар ветеринарияның дамуына, талапқа сай жұмысын атқаруға зор ықпалын тигізеді. Шынында да ғылыми зерттеу ветеринариялық шараларды табуға, жетілдіруге мүмкіндік береді; оқу орындары мамандар даярлайды; кәсіпорындар препараттар мен құрал жабдықтарды өндіреді. Олардың жұмысы ветеринарияны ғылыми және материалдық техникалық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған.Еліміздің ветеринариялық жүйесі мемлекет тарапынан құрылады. Сондықтан барлық ветеринариялық органдар, мекемелер мемлекеттік ветеринарияға жатады. Олардың барлығы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесіне кіреді.

Мемлекеттік ветеринарияға ерекше міндеттер жүктелген, арнайы құқықтар берілген. Сондықтан ол ветеринариялық шараларды жоспарлауда, ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Ветеринария саласында мемлекеттік саясат жүргізіп, оның мүддесін қорғайды. Мемлекеттік ветеринарияның мамандарды сұрыптап, тиісті орындарға тағайындауға, қаражат қорларын шоғырландырып, эпизоотиямен күрестің шешуші бағыттарына жұмсауға құқы бар. Сауықтыру шараларын нәтижелі жүргізу үшін және ветеринариялық препараттарды өндіру, жарамдылығы мен сапасын анықтауға ғылыми мүмкіншілікті пайдаланып, білікті ғылым қызметкерлерін тартуға құқықты.Ветеринариялық қызмет еліміздегі әкімшілік аумақтық бөліну принципіне сәйкес ұйымдастырылған. Сондықтан, оның әр сатысы өз құзыры жүретін аймақтағы барлық ветеринариялық нысандарда, ведмостволық бағыныштылығына қарамастан, тиісті міндеттерін атқарады. Бірақ, тасымалдау жүйесіндегі және шекарадағы ветеринариялық бақылау қызметтері тікелей Республикалық Ветеринариялық бақылау Комитетіне бағынады.

Мемлекеттік ветеринариялық қызметтің ұйымдастырылу құрлымының схемасы төменде көрсетілген. Оның басты органы – Ауыл шаруашылығы министрлігінің малшаруашылығын өркендету және ветеринариялық қауіпсіздік департементі. Осы департаментке барлық республикалық, облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар бағынышты болады.

Елімізде жекеменшік кәсіпкерлік ветеринария нарыққа өтпелі кезеңде заман талабы бойынша туындады. Ветеринариялық қызметтің бұл түріне жекеменшік әдісімен қызмет етуші дәрігерлер, ветфельдшерлер, препараттар мен мүліктер өндіруші шағын кәсіпорындар, кооперативтер, серіктестіктер, бірлестіктер, сондай ақ лабораториялар және т.б. жатады.

Ветеринариялық қызмет өз міндетін атқару үшін қажетті керек жарақпен қамтамасыз етуді, яғни жабдықтауды талап етеді. Бұл ауыл шаруашылығы Министрлігінің негізгі қызметтерінің бірі болып саналады. Ветеринарияны жабдықтауды ұйымдастыру, басқару және бақылау үшін арнайы орган және мекемелер жүйесі құрылған, оны «қаззооветжабдықтау» деп атайды. Жабдықтау көлемі аудандарда, облыстарда және бүкіл республика бойынша жоспарланған ветеринариялық шаралар көлеміне байланысты болады. Негізгі жабдықтау бұйымдарына: биологиялық препараттар, дәрі дәрмектер, залалсыздандырғыш заттар, лабораториялық жабдықтар мен реактивтер, түрлі аспаптар, таңғыш заттар, арнайы киімдер және т.б. жатады.

2.Мал шаруашылық нысандары құрылысы кезінде ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру

Ветеринаринариялық мекемелер құрылысын жүргізу ісін ұйымдастыруға құрылысты жобалау, құрылысқа жер телімдерін бөлу, жобалау-сметалық құжаттар толтыру, құрылысты қаржыландыру, құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету, құрылыс жұмыстарын бақылау және құрылысы салынған ветеринариялық мекемелерді қабылдап алу жұмыстары кіреді.Мемлекеттік ветеринариялық мекемелердің құрылысын республикалық ветеринарияны басқару органдары мен облыстық ветеринариялық басқару органдары мемлекеттік ветеринариялық мекемеге келіп түсетін күрделі қаржыландыру және өзге қорлар есебінен жоспарлауы керек. Шаруашлықтарда ветеринариялық нысандар құрылысын жүргізуді тиісті ведомстволар мен шаруашылықтардың өздері өз мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып жоспарлауы керек. Жеке кәсіпкерлік ветеринариялық нысандар қажеттілігі бойынша жеке кәсіпкерлердің қорлары есебінен және жеке кәсіпкерлікті лицензиялау шарттарының талаптарына сәйкес жоспарланып, салынады.Құрылыс жоспарлары атқарушы билік органдарында қарастырылады. Бекітілген жоспарға және қолданыстағы заңдарға сәйкес жергілікті атқарушы билік органдары жер телімдерін бөледі. Жер телімін таңдау және бөлу ісіне ауданның жерге орналастырушысы немесе қала архитекторы, тиісті мемлекеттік ветеринариялық басқару органының басшысы, өрт қауіпсіздігі инспекциясының өкілдері мен экологиядық қызмет өкілдері қатысады.Жер телімі атқарушы билік органы («әкімшілік) шешімімен бөлінеді. Ветеринариялық мекемелер құрылысын типтік жобалар бойынша салады, мұнда кешенді өндірістік және тұрғын үй ғимараттары қарастырылады. Жекелеген жағдайларда құрылыс жеке жобалар бойынша жүргізіліне алады.Жобаны таңдау кезінде оның арналымын, климаттық жағдайларға сәйкесуін, құрылымдық ерекшеліктерін, құрылыс алаңы ауданын, құрылыс көлемін және экономикалық көрсеткіштерді ескеру керек.Таңдалынған типтік жоба нақты құрылыс алаңына сәйкестірілуі керек. Бұл жұмысты келісім бойынша жобалау ұйымы орындайды. Жобалау ұйымы жобаға қатысты келесі жұмыстарды орындауы керек:

- іргетас пен жерасты шаруашылығының көлемін, орналасу тереңдігін анықтайды;

- сумен қамту, канализация, жылумен қамту, энергоқамтылу және байланыс желілеріне қосылу түйіндері мен жолдарын құрастырады;

- сыртқы қабырғалар қалыңдығы мен жылыту қабатының, қоршау құрылымдарының қалыңдықтарын нақтылайды, жылыту және желдету құрылғыларының типтерін климаттық жағдайларға сәйкес анықтайды;

- жобаның жұмыс сызбаларына қажетті өзгертулер енгізеді. Жобалау ұйымы сметалық құжаттар да толтырады.

Типтік смета негізінде жергілікті бағаларды ескере отырып толтырылып, дайындалатын жайттар:

- ветери­нариялық мекеме құрылысының техникалық жобасына мәлімдемелік смета;

- жекелеген нысандар құрылысына сметалық есептеулер;

- әр нысан үшін құрал-жабдықтар алуға қатысты сметалар мен оны өткізу жұмыстарына қажетті құны.

Құрылыс жұмыстары сапасын техникалық бақылауға алу ісін тапсырыс-беруші тарап мамандары өткізеді. Орындалған жұмыстар сапасы мен сызбаларға сәйкесуі жермен жасалатын жұмыстардан бастап құрылыстың әр кезеңдерінде тексеріліп отырады. Пайдаланымға жаңадан салынған ветеринариялық нысандарды қабылдап алу кезінде арнайы ережелер басшылыққа алынады. Қабылдап алу үшін жұмыс комиссиясы құрылады, оның құрамына ветеринариялық мекеме басшысы, бас мердігер, қосалқы мердігерлік ұйым өкілдері, бас жобалаушы ұйым өкілі, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық стансасы, өрт қауіпсіздігін қадағалау органдары, аудандық кәсіподақ ұйымының техникалық инспекциясы ұйымының өкілдері кіреді.Жұмыс комиссиясы орындалған құрылыс және монтаждау жұмыстарының сапасы мен сәйкестілігін, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, жарылыс қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау шараларын орындалуын тексереді. Комиссия сонымен қатар жекелеген құрылымдарды, ғимараттар мен құрылымдардың түйіндерін тексеріп, нысанды мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсыну үшін қабылдап алады.

Малдәрігерлік ұйым жұмыс комиссиясына барлық қажетті құжаттарды ұсынады, ол мына құжаттар:

- шын мәнінде орындалған жұмыстардың сәйкесуі жайында белгілер салынған құрылыстың жұмыс сызбаларының жинақтары;

- ветеринариялық мекеме құрылысындағы материалдардың, құрылымдардың, бұйымдардың сапасын куәлендіретін техникалық паспорттар мен өзге құжаттар;

- жабық жұмыстарды растайтын акттер мен жекелеген құрылымдарды аралық қабылдау акттері;

- монтаждалған жабдықтарды, ішкі суық және ыстық сумен қамту, канализация, газбен қамту, жылыту, желдету, электржабдықталуы мен электржелілері, телефонизация және радиофикациялау жүйелерін сынақтан өткізу акттері;

- жұмыс өткізілуін бақылау журналдары мен жобалау ұйымдарының авторлық қадағалау журналдары.

Осы аталған құжаттардың барлығы ветеринариялық мекеме басшысында қалады. Жұмыс комиссиясы атап көрсеткен кемшіліктерді жойған соң құрамында тапсырыс беруші өкілі, бас ветеринар дәрігері, бас мердігер өкілі, аудандық атқарушы орган өкілі, бас жобалаушы, санитарлық және өрт қауіпсіздігі органдарының өкілдері бар мемлекеттік комиссия тағайындалады.Мемлекеттік комиссия тексерістен кейін ветеринариялық мекемені пайдаланымға қабылдау жөнінде акт толтырады.

3.Ветеринариялық жұмысты экономикалық талдаудың маңызы

Ветеринариялық шаралар малдан неғұрлым мол және сапалы өнім алуға бағытталады.Олардың мал шаоуашылық өнімдерін өндіруге ықпалын зерттейтін ғылым саласын ветеринариялық шаралар эконмикасы деп атайды.Малдардың ауруларға,өлім-жітімге ұшырауын төмендететін,олардың өнімдері сапасын жақсартатын ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігі барынша жоғары болатын шараларды анытап ,өндірісте қолдануға мүмкіндік береді.Бұл мәселенің шешімдерін табу нарықтық экономика жағдайында арта түсіп отыр.Осыған орай,шаралардың тиімділігін арттырудың әлі ашылмаған,тың мүмкіндіктерін табу;аурулар келтіретін экономикалық зиянды зерттеу;ветеринарлық шараларды өндіріске енгізудің экономикалық тиімділігін бағалау;емдеу мен алдын алу шараларының жаңа әдістерін әзірлеуге қолғабыс ету,вет жұмысты ұйымдастыру мен жоспарлау тәсілдерін жетілдіру,бұл ғылвым саласындағы шешімін табатын негізгі мәселелерге жатады.


4 билет

1.Мемлекеттік ветеринариялық органдар. Елімізде малдәрігерлігі мемлекет тарапынан құрылады. Сондықтан барлық вет органдар, мекемелер сай келгенде мемлекеттік вет/ға жатады. Олардың барлығы АШм-нің жүйесіне кіреді. Мемлекеттік вет/ға ерекше міндеттер жүктелген, арнайы құқықтар берілген.Сондықтан ол ветшараларды жоспарлауда, ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады. Ол жалпы мемлекеттік ведомства аралық қызмет ретінде вет саласында мемлекет саясатын жүргізіп, оның мүддесін қорғайды. Өз жұмысын атқару барысында ол ведомстволар мен министрліктерге тәулді емес, құзыры жүретін аймақта эпизоотиялық жағдайды обьективті түрде бағалап, мал шаруашылығының ветеринариялық сәттілігін қамтамасыз ететін шешімдерді өз билігімен қабылдайды. Мемл/қ вет/ң, мамандарды сұрыптап, тиісті орындарға тағайындауға, қаражат қорларын шоғырландырып, эпизоотиялармен күрестің шешуші бағыттарына жұмсауға құқы бар.Сауықтыру шараларын нәтижелі жүргізу үшін және вет препараттарды өндіру, жарамдылығы мен сапасын анықтауға ол ғылыми мүмкіншілікті пайдаланып, білікті ғылым қызметкерлерін тартуға құқықты.

2.Малды күтіп бағуға ветеринарлық санитарлық бақылау ұйымдастыру. Шаруашылықтағы вет-сан бақылауды сол шаруашылықтың дәрігерлері күнделікті жүргізеді.Шын мәнісінде, бұл бақылау,сақтандырушы ведомстволық бақылау н/е шаруашылықтың өз тарапынан жасалатын іс, бірақ мұндағы бақылауды вет/ны мемлекет тарапынан басқарушы жергілікті органдардың және мекемелердің қызметкерлері де жүргізіп отырады.Шаруашылықтағы малды күтіп бағуға ветеринарлық санитарлық бақылау жүргізгенде, мамандар, малды талапқа сай күтіп-бағу, азықтандыру, суару, пайдалануға қажетті обьектілердің барлығына сан-гигиеналық сарапқа салып, жарамдылығына баға береді. Мұндай сарап ауа, су, топырақ, азық-жем, қоражай және т.с.с обьектілерге беріледі. Бақылау нәтижесінде тиісті вет-сан шаралар тағайындалады. Олар беті ашылған кемшіліктерді жоюға, қоршаған орта обьектілерінің малдың жай-күйіне кері әсер етуін тоқтатуға бағытталады.Шаруашылықтарда мал фермаларының, т.б обьектілердің құрылысын салуға да бақылау жүргізіледі. Оны құрылыс алаңына жер бөлгеннен бастап, құрылыс аяқталып, пайдалануға берілгенше жүргізеді. Бақылау барысында сан/қ қоршау, дезинфекциялаушы бөгеттер және вет-сан бөгет пункті болуына көңіл аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет