1-билет Кіріспе, «Ветеринариядағы менеджмент» пәні және оның мақсаты мен міндеттері


билет 1.Қалалық ветеринариялық қызметтік мекемелер



бет4/9
Дата24.10.2019
өлшемі118,41 Kb.
#50584
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
menedzhment bilet zhauaptary-1 (1)


12билет

1.Қалалық ветеринариялық қызметтік мекемелер

Республикамыздағы ветеринария қызметі бірегей мақсатпен арнайы қызмет атқарушы органдар, мекемелер, ұйымдар және қызметтер жүйесінен тұрады. Олар ветеринариялық қызметті тікелей атқарушы және оған тиісті жағдай туғызып, қамтамасыз етуші болып екі топқа бөлінеді

атқарушы және оған тиісті жағдай туғызып, қамтамасыз етуші болып екі топқа бөлінеді.
















Ветеринариялық қызметті атқарушы ұйымдар, мекемелер және мамандар







Ветеринариялық қызметті қамтамасыз етуші ұйымдар және мекемелер




Статистикалық деректер бойынша ветеринария мамандарының 80% астамы бірінші топтағы ұйымдармен мекемелерде істейді. Бұл мамандар тікелей мал шаруашылығында және сонымен өндірістік байланысы бар кәсіпорындарда, көлікте, сауда саттық жүйесінде ветеринариялық қызмет атқарады. Бұл топқа мемлекеттік және жеке меншік ветеринариялық қызметтер кіреді.

Екінші топтағы ұйымдар мен мекемелерге жататындар:

— ветеринариялық ғылыми зерттеу институттары, станциялары, лабораториялары;

— биопрепараттар өндіруші кәсіпорындары, лабораториялары, дәрі дәрмек, құрал жабдық шығаратын кәсіпорындар және олардың өнімдерін тұтынушыға жеткізуші зооветжабдықтау жүйесі;

— жоғары және арнаулы орта білім беруші ветеринариялық медицина оқу орындары.
2.Ветеринариялық шараларды жоспарлау қағидалары, маңызы

Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринария туралы заң актілері мен нұсқаулары бойынша жүргізіледі. Қазақстанда ветеринария саласын қадағалау органдары мемлекеттің басқаруында болады, жүргізілетін ветеринариялық шаралар жоспарлы түрде, ал аса қауіпті жұқпалы ауруларды және карантиндік шараларды қоспағанда, ветеринариялық жұмыстардың барлық түрлері бәсекелестік ортаға берілген және лицензиялауға жатады. Ветеринариялық препараттарды өндіру саласы да бәсекелестік ортаға қарайды.

Жұқпалы аурумен күресудің негізі аурудың алдын алу болып табылады. Сиыр шаруашылығында жүргізілетін ветеринариялық шаралар шаруашылықтың жоспарлы жұмыстары құрамына кіреді және мал шаруашылық мамандарымен біріге отырып жүргізіледі.

Жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларымен күресу мақсатында кешенді жалпы және арнайы шаралар жүргізіледі. Жануар ағзасының саулығын қорғау, шаруашылық мамандарының күнделікті жұмыстарының басты нәтижесі болып саналуы қажет. Жануар өнімінің өнімділігін арттыру және ның саулығын сақтау өзара тығыз байланысты.

Осыған байланысты, шаруашылық мамандары міндеттерінің қатарына мына төмендегілер жатады:

1. Жануар ауруының сыртқы және ішкі себептерін білу;

2. Кеңінен тараған аурулардың пайда болу себептерін алдын алу шараларын анықтау;

3. Қарапайым емдеу әдістерін қолдана от ырып, ауру малға алғашқы көмек көрсету;

4. Ең көп тараған жұқпалы емес аурулардың пайда болуын және алдын алу жолдарын білу;

5. Мал басын қорғау мақсатында сақтық шараларын жүргізу;

6. Ветеринариялық мамандарға арнаулы шараларды жүргізуге көмек беру;

7. Мал шаруашылығы мамандарының ветеринариялық санитариялық білімін жетілдіру.

Мал шаруашылығында ветеринариялық санитариялық талаптарды, мөлшерлерді қолдану және технологиялық үрдістерді ұйымдастыру, сапасы жоғары мал және мал өнімдерін алу мал басын көбейту және жануарларды бордақылау істері ветеринариялық білімді қажет етеді.
3.Қалалық ветеринариялық қызметтегі ветеринариялық менеджмент

1. Жалпы ережелер

      1. қалалық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) ветеринариялық бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. Бөлімнің құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкімдігі болып табылады.
2. Бөлімнің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      15. Бөлімнің миссиясы ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.


      16. Бөлімнің мiндеттерi:
      1) халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
      2) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу шараларын ұйымдастыру;
      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау;
      5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою.
      17. Бөлімнің функциялары:
      1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      9) қаланың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, қалалық аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
      10) қаланың аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін қалалық аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
      11) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      13) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      14) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалау:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
      экспорт (импорт) және транзитті қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
      16) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жабдықтау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      19) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
      20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
      22) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      23) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      24) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      25) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      26) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      27) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

      


13 билет

1.Қалалық ветеринариялық қызметтегі вет. менеджмент.

Қалаларда және қала типті елді мекендерде халықтың 56-60 % қоныстанған.Қала тұрғындары үй жануарларын, кейбіреуі ауыл шаруашылық мал түліктерін түрлкһерін ұстайды. Кейде бұл мал санын ьолық есепке алу да қиынға түседі. Сонымен қатар қаладағы өңдеуші кәсіпорындарға, базарларға ауыл шаруашылық аймақтан. Шетелдерден мал және мал текті өнімдер мен шикізаттар көптеп түсіп жатады. Мұның өзі мал және мал өнімдерінің халық тығыз қоныстанған шағын аумақта шоғырланған соның салдарынан жұқпалы аурудың туу, тағамдық өнімдердің залалдану ықтималдығын арттыра түседі.

Сондықтан, жалпы қаланың және мал шаруашылығы өнімдерін қабылдаушы, сақтаушы, өңдеуші және матушы кәсіпорындардың ветеринарлық сәттілігін қамтамасыз ету үшін сондай –ақ қала шеңберіндегі малдарды ветеринарлық көмекпен өамту үшін ауыл шаруашылық ветеринарлық қызметтен бөлек арнайы қалалық вет. қызмет жүйесі құрылған.Бұл жүйеге мемлекеттік ветеринарлқ мекемелер, ведомствалық және жекеменшік кәсіпкерлік вет. қызмет құрылымы кіреді.

Алматы және Астана қалаларында қала әкімшілігі құрамында Ветеринарлық комитеттер құрылған. Олар қала ішіндегі вет.қызметті басқарады. Мысалы, Алматыдағы Вет. комитеттің қарамағында қалалық вет. станция және лаборатория, 7 аудандық емхана, барлық базарларда ветсансарап лабораториялары бар.Сонымен қатар Ветеринария комитеті мал өнімдері мен шикізаттарын сақтаушы, өңдеуші кәсіпорындардағы ведомствалық вет. қызмет пен жекеменшік кәсіпкерлік вет. іспен шұғылданушы жеке тұлғалар шағын кәсіпорындар, кооперативтер және т.б. құрылымдар жұмысына бақылау жасайды.

Қала вет. қызметінің бір ерекшелігі қала жеріндегі вет.жұмыс обьектілерінің қ,көп түрлі болуында.Мәселен, оларға, біріншіден, мал өнімдерін ууөңдеуші кәсіпорындар жатады. Бұлар малды және мал өнімдерін қаладан тыс аймақтардан қабылдайтындықтан вет-сан. бақылаау жүргізу өте қажет. Себебі қала тұрғындары мен олар иеленген малға үнемі ауру тарату қаупін тудырып отырады. Екіншіден, қалалық вет. қызмет обьектілеріне қала базарлары жатады, мұнда жер-жерден әкелінген малдар және өнімдер сатылады. Сондай-ақ қаладағы көлік түйіндері: темірдол станциясы, аэропорт, автовокзал да назар аударуды талап етеді. Үшіншіден, обьектілерге үй жануарлары, қоныс аударушы кеміргіштер, жабайы аңдар мен құстар зоопарк пен вивари жануарлары жатады. Төртіншіден, обьектілер қатарына қала тұрғындарының меншігіндегі және қосалқы шаруашылықтағы ауыл шаруашылық мал түліктері жатады.

Қала жеріндегі вет. қызмет обьектілері әр түрлі болуына байланысты оған белгілі талаптар қойылады: Халықты зооантропоноздардан қорғау;меншік тегіне қарамастан ауырған малды емдеу; Обьектілерге мерзімінде дезинфекциядератизация жүргізіп, өаланың вет-сан. жағдайын үнемі бақылау; малың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының алдын алу; мал өлекселерін утильдеуге, вет-сан. зауытқа бақылау жасау т.б.



2.Қалалық ветеринариялық қызметтегі мамандардың міндеттері. Мамандар өз лауазымына сай кәсіби парызын өтеуге міндетті ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, медициналық қызмет пен эпизоотологиялық- эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат алмасып байланыс үзбеуге, қалада вет-сан. насихат жүргізуге міндетті.

Қалалыл вет. мекемелердің лауазымды мамандарының құқықтарына вет. қызметобьектілеріне кез келген уақытта кедергісіз кіріп, ветеринария туралы заң мен нормативтік құжаттарда көрсетілген талаптардың, жергілікті әкімшілік пен вет. орган шешімдерінің орындалуын тексеру, оларды бұзу салдарын жою туралы кінәлілерге орындау міндетті нұсқаулар беру, қажет болса малды союға, өнімдерін сатуға, тасымалдауға, пайдалануға тиым салу; вет. куәліктер мен анықтамалар беру; жекеменшік кәсіпкерлік вет. қызмет мекемелері мен мамандарының жұмысының үстінен бақылау жатады.

Қалалық вет. істі астаналық қалаларда қала әкімшілігі құрамындағы Ветеринария комитетінің бастығы, ал облыс орталықтарында және басқа қалаларда қалалық вет. станция бастығы басқарады. Ол қаланың вет. бас дәрігері және мемлекеттік вет. бас инспекторы міндеттерін қоса атқарады. Қаланың бас дәрігері қала әкіміне бағынады, ал арнайы вет. мәселелер бойынша жоғарғы вет. орган- Республикалық Ветерианрия комитетіне не облыстық вет. комитетінің бастығына бағынады.

3.Хайуанаттар бағындағы ветеринариялық менеджмент.
14 билет

1.Мемлекеттік ветерианриялық қадағалау. Мемлекеттік ветеринариялық инспекторлардың құқықтары мен міндеттері. Ветеринарияны басқарушы органдар мен мекемелердің құрамы «Ветеринария туралы» заңы мен ветеринария мәселелері боынша қабылданған құқықтық- нормативтік құжаттарды орындауды қамтамасыз етуге және оларды бұзушылық салдарын жоюға бағытталған іс-әрекетін мемлекеттіквет. Қадағалау деп атайды. Ол республика үкіметі бекіткен арнай ереже бойынша жүргізіледі. Соған орай, мемлекет тарапынан қадағалау жүргізу мемлекеттік ветеринарлық инспекторға жүктеледі. Инспекторлық лауазымы бар мамандар бақылауға міндетті: б арлық өндірістік –шаруашылық іс- әрекетпен шұғылданушы субьектілерінің ҚР малдәрігерлігі заңын, ветеринария органдаы мен жергілікті әкімшіліктің ветеринария жөніндегі шешімдерін орындауын; эпизоотиялардың алдын алу, жою шараларын, жұқпайтын аурулармен күрес шараларын мерзімінде және сапалы орындауды; ведомствалық және жекеменшік іскерлік вет. қызмет жұмысын бақылау; мал шаруашылығында, өңдеу өнеркәсібінде, базарларда, жәрмеңкелерде вет-сан. жағдайды бақылау; вет. мекемелер мен обьектілерді, мал шаруашылығы және өңдеуші кәсіпорын ғимараттарын жобалау, құрылысын сал, өзгерту, жөндеуді бақылау; мал мен мал өнімдерін тасмалдау жарақтарын вет-сан. өңдеуден өткізу; ветеринария мен мал шаруашылығында биологиялық және басқа препараттарды қолдануды бақылау; мал шаруашылығында улы және зиянды заттары бар азықты, сапасы жарамсыз азықты қолданудан сақтандыруды және т.б. бақылауға міндетті.

2.Ветеринариялық жоспарларға қойылатын талаптар.Ветеринарлық іс жүйесін жоспарлау ветеринарияның ммал шаруашылығына қойылатын талаптарын сәйкес дамып, халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсатруға әсер етеді. Жұмысты жоспарлау, шараларды көзделген мерзімде және табысты орындауға, қаржы мен еңюек шығынын, қолданылатын материалдарды тиімді пайдалануға, жоғары экономикалық көрсеткіштерге жетуге м,мкіндік туғызады. Жұмысты жоспарлы түрде атқару ветеинарлық ісінің барлық буындарына тән. Ол, вет. ісін басқарушы, ұйымдастырушы органдар мен мекемелердің негізгі қызметтерінің бірі болып саналады. Сондықтан, барлық вет. мекемелер мен мамандардың жұмысын, бүкіл мемлекеттік, ведомствалық және жекеменшік кәсіпкерлік вет. қызмет жүйесінде, міндетті түрде белгілі жоспарлар негізінде жүргізіледі.

Жоспарларға қойылатын талаптар: мал шаруашылығын барынша дамытып, өнімдерін көбейтуге ықпал ету; соңғы жылдаржағы вет. жұмысты тіркеу, есеп беру деректерін талап нәтижелерін пайдалану; өткен жылдардағы жұмыс нәтижесіне қарай неғұрлым тиімді шаралар таңдау; шараларды нақты белгілеп, жұмыс көлемін, шығындарды , орындалу мерзімін көрсету; материалдық-техникалық мүмкіндіктердің, мамандар мен жұмыс қолының қолда бар мөлшері шараларын іске асыруға жеткіліктілігін ескеру; жергілікті табиғи жіне экономикалық ерекшеліктер мен эпизоотиялық, вет-сан. жағдайды ескеру; шаралардың арнайы вет. тиімділігі шарушылықтың экономикалық жағдайына қайшы келмей, қолдануға ыңғайлы және арзан болуын ескеру.

Жоспарлардың бағыты жергілікті эпизоотиялық және вет-сан. жағдайға байланысты болады. Сондықтан, аурулар таралмаған шаруашылықтарда вет. шаралардың жоспарлары алдын алушы бағытта жән керісінше ауру тарап кетсе- сауықтырушы бағытта құрылады.

3.Ауылдық бөлімшедегі вет. менеджмент.

Бас ветеринар дәрігердің лауазымдық міндеттері. Шаруашылықтың ветеринария қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайтуды, оның сапасын арттыруды және өзіндік құнын төмендетуді қамтамасыз ететін бекітілген ғылыми негізделген ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды енгізеді. Жоспарлар әзірлейді және зоотехникалық қызметпен және бөлімшелер басшыларымен бірлесіп мал шаруашылығында профилактикалық, ветеринариялық-санитариялық, эпизоотияға қарсы және емдік іс-шаралар жүргізуді жүзеге асырады. Басқа шаруашылықтармен, қайта өңдеуші және қызмет көрсетуші кәсіпорындармен өндірістік-экономикалық байланысты әзірлеуге қатысады. Шаруашылықтың (ұйымның) дәрі-дәрмектерге, биопрепараттарға, ветеринариялық жабдықтарға, құрал-саймандарға, дезинфекциялық заттарға деген қажеттілігін айқындайды және олармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Фермалардың, сою және сүт пунктерінің, малдан алынатын өнімдер мен шикізаттарды сақтау қоймаларының, сондай-ақ малдарды, өнімдер мен шикізатты өткізу пунктерінің ветеринариялық-санитариялық қолайлылығын қамтамасыз етеді. Мал мен құсты ветеринариялық байқауды, ет пен ет өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптауды жүргізуді ұйымдастырады. Ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырады. Етті, ет өнімдерін және малдан алынатын шикізатты сақтау шарттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Малдарды азықтандыру сапасын қадағалайды, жемшөп базасын нығайту, жемшөпті дұрыс дайындау, сақтау және пайдалану, жайылымдарды, суаттарды пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады. Малдардың әрбір басын ветеринариялық байқауды жүйелі түрде жүргізеді, сиырлардың буаздығын тексереді, қысыр қалудың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, аналық бастың қайта күйлеу себептерін зерделейді. Мал шаруашылығы фермаларында, өнімдер мен шикізаттар сақтауға арналған үй-жайларда дезинфекция, дезинсекция және дератизация ұйымдастырады. Малдарды және мал шаруашылығы өнімдерін жаппай залалданудан қорғау бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады. Жануарлардың қырылу себептерін айқындайды. Ветеринариялық іс-шараларды жүргізу кезінде еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізеді, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіпте есептілік ұсынады.
15 билет

1.Ветеринариялық қызметтің (мекеменің) күндік жұмыс жоспары

Таяу мерзімде орындалатын ветеринариялық жқмыстардың 1 жұмаға, 10 күнге, 1 айға арналған жоспарын күндік жұмыс жоспары деп атайды. Оны ветеринариялық мекемелер, сондай – ақ, шаруашылық, кәсіпорын ветеринарлық қызметтері жасайды.

Күндік жоспарға жылдық және келешек жоспарлар бойынша кезегі келіп, орындау мезгілі жеткен жұмыстарды, сонымен қатар бұл жоспарлардан тыс орындауды талап ететін жұмыстар енгізіледі. Жоспар кестесінде шаралардың атауы, орындау мерзімі, жауапты орындаушылар белгіленеді.

Күндік жоспар ветеринариялық жұмыстарды дер кезінде ұйымдастырып, мамандардың жұмыс уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.



2.Жекеменшік кәсіпкерлік ветеринариялық қызметті ұйымдастыру

Қр «Ветеринария туралы» заңына сәйкес ветеринариялық қызметтің бір тармағы жекеменшік кәсіпкерлік негізіндегі ветеринариялық қызмет деп көрсетілген. Ветеринариялық қызметтің бұл түрі дамыған капиталистік елдерге кең тараған. Ол елдердегі ветеринария мамандарының басым көпшілігі жекеменшік іскерлік ветқызметпен шұғылданады 65 – 80 пайызы.

Жекеменшік кәсіпкерлік вет қызметке: кооперативтер, жеке тұлға ретінде қызмет көрсетуші мамандар, серіктестіктер ж/е т.б. құрылымдар жатады.

Жекеменшік кәсіркерлік іс – әрекетпен шұғылданудың құқықтық – нормативтік негіздері ҚР «Ветеринария туралы» және «Лицензиялар беру» туралы заңдарына айқындалып бекітілген. Осы заңдарға сәйкес заңды және жеке тұлғаларға ветеринариялық жекеменшік кәсіпкерлік іс – әрекетпен шұғылдануға ерік берілген. Сол үшін бұл тұлғалар арнайы лицензия алуға тиісті. Лицензия үлгісін және оны беру тәртібін ҚР Министрлер Кабинеті бекітеді.

Ветеринариялық жекеменшік кәсіпкерлікпен шұғылданушы тұлғалардың қызметін басқару мен бақылау мемлекеттік ветеринарияның орталық және жергілікті басқарушы органдарына жүктеледі. Бұл тұлғалар өз жұмысын атқару үшін «Лицензиялар беру» туралы заңды және ветеринарияны басқарушы органдардың тиісті ережелерін басшылыққа алуға, орындауға міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет