1-билет Кіріспе, «Ветеринариядағы менеджмент» пәні және оның мақсаты мен міндеттері


Халықаралық ветеринариялық қарым қатынастардың мақсаттары мен міндеттері



бет8/9
Дата24.10.2019
өлшемі118,41 Kb.
#50584
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
menedzhment bilet zhauaptary-1 (1)


3. Халықаралық ветеринариялық қарым қатынастардың мақсаттары мен міндеттері. Қазіргі кезде жер жүзіндегі мемлекеттер арасында саяси экономикалық байланыстар жете дамыған. Соған байланысты ветеринария қызметі көлемінде де жан жақты қарым қатынастар жасалады. Бұл байланыстардың негізгі мақсаты – ветеринариялық қызметтің ойдағыдай болуы, адамдардың денсаулығын сақтау, мемлекетаралық шекаралар арқылы қауіпті аурулардың таралуына жол бермеу болып табылады. Осындай мақсаттарға жету үшін және де мемлекеттер арасында жұқпалы аурулармен күресудің үздік тәжірибесімен алмасу, ветеринариялық қызметті ұйымдастырудың кемелді үлгілерін насихаттау да жатады.Сондықтан, біздің еліміздің де дүниежүзілік немесе халықаралық ветеринариялық бірлестіктер мен ұйымдарға енуінің зор маңызы бар. Оларға жататындар: Дүниежүзілік ветеринариялық бірлестік, Жануарлар денсаулығын сақтаудың халықаралық бюросы (OIE), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ-ның азық түлік және ауылшаруашылығы ұйымы және т.б. халықаралық ұйымдар мен бірлестіктерДүниежүзілік ветеринариялық бірлестік (ДВБ) – үкімет билігінен тәуелсіз, ветеринария мамандарының халықаралық кәсіби ұйымы. Оның негізгі мекен жайы Швейцарияның Женева қаласында орналасқан. Қазіргі кезде бұл ұйымға көптеген елдер мүше. Бұл ұйымның негізгі атқаратын міндеті:— ұлттық ветеринариялық бірлестіктер арасындағы қатынастарды кеңейту;— дүниежүзілік ветеринариялық конгресті ұйымдастыру және өткізу;— ветеринариялық ғылым мен тәжірибе жөнінде ақпарат алмасу;— ветеринариялық білімді жетілдіру;— ветеринариялық мамандардың әлеуметтік жағдайларын нығайту;— ветеринариялық бірлестіктің мақсатымен ұласатын ұйымдармен байланыс орнату. Қазіргі кезде OIE әлемдегі ветеринариялық ұйымдардың ішіндегі ең беделдісі, сонымен қатар басқа да халықаралық ұйымдармен тұрақты байланыс жасайды. Бұл ұйымның негізгі мақсаты:— малдардың жұқпалы ауруларын зерттеулерді бағыттау, үйлестіру, сол туралы ақпарат алмасу;— эпизоотиялар жайында және олармен күрес шаралары туралы әр елдің ветеринария органдары мен өкімет орындарына ақпарат беріп отыру;— ветеринариялық санитариялық бақылауға байланысты халықаралық келісімдер мен шарттарды талқылау, сараптау. OIE материалдары барлық елдердің дүниежүзіндегі эпизоотиялық жағдайларымен хабардар болуы үшін бірден бір ақпарат көзі болып табылады. Бұл деректерді пайдаланып, әрбір ел, өз жерін жұқпалы аурулардан қорғау, экспорттық импорттық алмасу операцияларын реттеу шараларын ұйымдастыруға, шет елдермен конвенциялық келісімдер жасауға, ғалымдар арасында байланыс жасауға мүмкіндік алады.
25 билет

1.Республикалық ветеринариялық зертхананың қызметін ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметті «Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан облыстық және аудандық филиалдары (бұдан әрі – зертханалар) көрсетеді.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. Мемлекеттік қызмет:1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы
10 шілдедегі Заңының 1-бабы 40) тармақшасының;2) «Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижесінде ветеринариялық зертханалардың сараптау актісін беру туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 399 бұйрығының негізінде көрсетіледі. Жануарлардың ауыруын диагностикалау кезінде сараптама актілері микроскопиялық, бактериологиялық, биологиялық, вирусологиялық, микологиялық, серологиялық, биохимиялық, химиялық-токсикологиялық және радиологиялық зерттеулер нәтижелерінің негізінде жасалады;2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек;3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек;4) ұсынылған құжаттар мен материалдардың толықтығын тексеру мерзімі – зертханалар осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдарды қабылдаған сәтте көрсетіледі. Зертханалардың баға прейскурантын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің келісімі бойынша «Республикалық ветеринарлық зертхана» республикалық мемлекеттік кәсіпорын белгілейді. Төлем банктер немесе банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару қолма қол ақшасыз нысанда немесе зертханалардың кассаларына қолма- қол ақшамен жүргізіледі.
2.Дератизация жұмысын ұйымдастыру. Дератизациялау кеміргіштерді жою және кеміргіштер қоныстанған объектілерді олардан тазарту мақсатында немесе инфекциялық аурулардың кеңінен таралуын және экономикалық жағынан шығынды болдырмауды қамтамасыз ететін кеміргіштердің санын ең төменгі деңгейде тұрақты ұстап тұру үшін жүзеге асырылады. Кенттік дератизациялау мынадай типтерге бөлінеді:1) жаппай дератизациялау – елді мекеннің шегінде ашық тіршілік ету орындарын қоса алғанда, барлық елді мекеннің аумағында жылына 2 реттен сиретпей жүргізіледі. 2) ошақтық дератизациялау – инфекциялық аурулардың ошағындағы және оған іргелес аумақтағы дератизациялау. Таралуына кеміргіштер қатысуы мүмкін инфекциялық аурулар тіркелген кезде жүргізіледі. 3) іріктеп дератизациялау – жекелеген учаскелерде немесе құрылыстарда, негізінен эпидемиялық маңызы бар объектілерде: ет- және балық комбинаттарында, тоңазытқыштарда, элеваторларда, азық-түлік қоймаларында, емдеу және балалар мекемелерінде, мал шаруашылығы фермаларында кеміргіштерді жою қажет болған жағдайда жүргізіледі. Дератизациялау улы қармақжемдерді қою, тозаңдату, газдау әдістерімен физикалық, механикалық, химиялық әдістермен жүргізіледі. Дератизациялау тәсілі мен әдісін таңдау өңделетін объектінің ерекшеліктерімен, нысаналы кеміргіштердің экологиясымен және дератизациялау құралдарының қасиеттерімен айқындалады.

3.Дүниежүзілік ветеринариялық бірлестік. Дүниежүзілік ветеринариялық бірлестік (ДВБ) – үкімет билігінен тәуелсіз, ветеринария мамандарының халықаралық кәсіби ұйымы. Оның негізгі мекен жайы Швейцарияның Женева қаласында орналасқан. Қазіргі кезде бұл ұйымға көптеген елдер мүше. Бұл ұйымның негізгі атқаратын міндеті:— ұлттық ветеринариялық бірлестіктер арасындағы қатынастарды кеңейту;— дүниежүзілік ветеринариялық конгресті ұйымдастыру және өткізу;— ветеринариялық ғылым мен тәжірибе жөнінде ақпарат алмасу;— ветеринариялық білімді жетілдіру;— ветеринариялық мамандардың әлеуметтік жағдайларын нығайту;— ветеринариялық бірлестіктің мақсатымен ұласатын ұйымдармен байланыс орнату.Дүниежүзілік ветеринариялық конгресті ДВБ тұрақты комитеті 4 жылда бір рет өткізіп тұрады. Конгресте қаралған негізгі мәселелерге адамзатты азық түлікпен қамтамасыз етуде ветеринарияның атқаратын қызметі; мал мен адамға ортақ аурулармен күресу мәселелері; тропикалық аймақтағы ветеринарияның міндеті; экология және жануарларды қорғау және т.б. жатады.Конгресс жұмысына Қазақстаннан келген үлкен делегация қатынасты, олардың ішінде белгілі ғалымдар және мемлекеттік ветеринария өкілдері болды.Қазақстан халықаралық тасымал кезіндегі жануарларды қорғау туралы Еуропа конвенциясына мүше болып табылады. Конвенция 1968 жылы 13 желтоқсанда Еуропа кеңесіне мүше мемлекеттердің қатысуымен жануарларды тасымалдау кезінде азап шегуден қорғау жөніндегі жалпы ережелер жиынтығы ретінде қабылданып қол қойған.
26 билет

1.Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың қызметін ұйымдастыру.  «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) таратылсын.2. Орналасқан жері Астана қаласы болып белгіленіп Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) және осы қаулыға қосымшаға сәйкес оның облыстардағы филиалдары құрылсы 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кезендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнама белгіленген тәртіппен:1) мекеменің жарғысын бекітуді және әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етуді.2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, таратылатын кәсіпорынның кредит берушілерінің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлікті мекемеге беруді қамтамасыз етсін.3) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын 4. Мекеме қызметінің негізгі мәні. 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жою.2) ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялау;3) мемлекеттік органдардың шешімімен жануарлардың аса қауіпті ауруларымен ауыратын жануарларды алып қою және жою. 4) ветеринариялық препараттардың республикалық қорым сақтау болып айқындалсын.5. Мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.7. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтарды қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі



2.Гидротехникалық және басқа да құрылыстар салуға ветеринариялық санитариялық бақылау. Гидротехникалық құрылыс. Құрылыс өндірісінің технологиясы деп құрылыс монтаж жұмыстарының (жер,бетон, темір бетон, жер асты жұмыстары, монтаждық) т.б. әрлеу жұмыстарының нәтижесінде пайда болатын құрылыс объектілерінің орындалу тәсілдерінің жиынтығын айтамыз.Гидротехникалық құрылыстарды салудағы қазіргі заманғы құрылыс технологияларына жоғарғы өнімді машиналармен механизмдер кеңінен қолданады: ожаулардың сыйымдылығы 8 м3-қа дейін немесе одан көп экскаваторлар, жүк көтерілімдігі 40 т дейін самосвал, скреперлер, қуатты бульдозерлер, жүк көтерілімдігі 25-40 т аралығындағы мұнаралы, кабельді, крандар.Құрылыс өнімі дегеніміз – пайдалануға дайын болған, құрылған құрылымдарды айтамыз. Құрылыс жұмыстарды өндірілетін материалдар түріне және конструктивтік элементтеріне байланысты бөлінеді: жер жұмыстары бетон, тас болып бөлінеді.Бұл жұмыстар жалпы құрылыстың жұмыстары болып табылады. Технологиялық, санитарлық технологиялық және электротехникалық жабдықтарды монтаждау, гидроэзоляциялау жұмыстары т.б. арнайы жұмыстарға жатады. Оны арнайы ұйымдар орындайды.Құрылыс объектісі жоба бойынша іске асады. Жобада объектіні пайдалану және технологиялық сипаттамалары, құрылыстарының формалары мен өлшемдері және олардың элементтері, материалдарының бөлшектері құрылыс және мата  жұмыстарының тәсілдері және құрылыстың ұйымдастыруы болады.Жобаның құрамына тағы смета дайындалады. Ол барлық материалдардың жабдықтардың электорэнергияның құрылыс машиналарының жұмысын еңбектің барлық шығындарының яғни құрылыстың өзіндік құнын ескеріп жасайды.Жалпы құрылыстық жұмыстарды орындауға байланысты құрылыс процестері болады. Құрылыстық және монтаждық процестер негізгі, көмекші және транспорттық болып бөлінеді.

3.Дүниежүзілік ветеринариялық конгрестерді Дүниежүзілік Ветеринарлық Бірлестік ДВБ-тің тұрақты комитеті 4 жылда бір рет өткізіп отырады. Бұл аралықта Тұрақты комитетің бюросы конгресс өткізуге үздіксіз дайындық жүргізеді. Конгресс өткізілетін елде ұйымдастыру комитеті құрылады. Конгресте ағылшын, француз, неміс, орыс тілі рсми тіл ретінде қабылданған. Конгресс жұмысы мүшелік жарна арқылы қаржыландырылады. Жарнаны мүше елдер, мүше бірлестіктер және конгресс өткізуші ел төлейді. Конгресте қаралатын негізгі мәселелерге адамзатты азық түлікпен қамтамасыз етуде вет/ң атқаратын қызметі; ал мен адамға ортақ аурулармен күрес мәселелері; тропикалық аймақтағы вет/ң міндеттері; экология және жануарлар дүниесін қорғау және т.б жатады.
27 билет

1.Мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық-санитариялық қадағалау– ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органның ҚРның вет саласындағы заңдарын бұзудың алдын алуға, оны анықтауға болдырмауға және жоюға бағытталған қызмет. ҚР аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ҚР Үкіметі белгілеген ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік орган және оның облыстық, аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері, ветеринариялық бақылау бекеттері бар шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлімшелері жүзеге асырады. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың негізгі мақсаттары: 1.Жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның ішінде адамдар мен жануарларға ортақ аурулардың алдын алу; 2. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау нысандарының ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 3. ҚР аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларын алып келуден және таратудан қорғау; 4. ҚР ветеринария саласындағы заңнамаларын бұзудың алдын алу, анықтау, болдырмау және жою; Ветеринарлық қадағалаудың құрылымы. ҚР көліктегі және шекарадағы мемлекеттік ветеринариялық қадағалау екі аймақтық басқармасынан құралған: яғни Оңтүстік-Шығыс және Солтүстік-Батыс аймақтық басқармасы. Оңтүстік-Шығыс аймақтық басқармасы 70 бекет, ал Солтүстік-Батыс аймақтық басқармасы 63 бекеттен құралған, жалпы 133 бақылау бекеттері бар, одан басқа екі жуғыш-дезинфекциялаушы стансалары: Жаңа Семей және Анар стансалары бар. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің шекара және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың Оңтүстік-Шығыс және Солтүстік-Батыс аймақтық басқармасы, Республика территориясына сырттан басқа мемлекеттерден енетін және тарайтын жұқпалы және экзотикалық аурулардан қорғауды өзінің құзырының тиісті шегінде атқарушы және бақылау-қадағалау қызметін атқаратын территориялық орган болып табылады.

2.Ветеринариялық есепке алу және есеп беруді ұйымдастыру. Вет/қ жұмыстағы жүргізілген барлық шараларды есепке алу барлық мамандар жұмысының бөлігі б.т. Есепке біріктірілген вет/қ мәліметтер сол жердің эпизоотиялық жағдайын, вет-сан жағдайын дұрыс бағалауға, аурулардың тарау бағытын анықтауға және жұқпалы ауру шыққан мекендерге күнделікті бақылау жүргізіп отыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл есеп аурулармен күресте жүргізілген шаралардың тиімділігін келешекте қандай шара қолдану қажет екендігін мамандар үшін жұмылдыру ыңғайын анықтауға мүмкіндік береді. Вет/қ есеп сол саладағы мамандар жұмысының нәтижесін қорытуға және аса қауіпті аурулармен күресте шұғыл шара қолдану үшін жасалынады. Мұнда мәліметтер сол жұмыспен тікелей айналысып жүрген мамандар мен мекемелер үшін ғана емес, сол сияқты жоғары орындар, ұйымдар үшін де жасалынады. Осындай мәліметтерді дер кезінде алып отыру арқылы олар тез арада тиісті шаралар ұйымдастыра алады.Вет/қ есеп беру құжаты есепке алу құжаты негізінде жасалады.Бұл құжат мемлекеттік есеп беру құжаты б.с. сондықтанда белгіленген мерзім бойынша әділ, дұрыс толтыру қажет.Есеп беру формасында мал мен құс, ара, бағалы терілі аң, балық аурулары, жүргізілетін шаралар, шаруашылықтағы мал ауруларының, жүргізілген емдеуінің, алдын алу және жою барысы түгел жазылады. Есеп беру формасының бланкілері бірдей мөлшерде, бірдей үлгіде баспаханалық әдіспен жасалады. Осы бланкілер бойынша барлық вет/қ тармақтар қамтамасыз етеді. Осы бекітілгентформа бойынша есеп беру құжаты және әр бетінде реквизиті көрсетіледі: аудан, облыс, республика атаулары, вет мекеме, шаруашылықтар, мекен жайы және жоғарғы басқарушы органдар атауы толтырылады. Жасалынған құжат міндетті түрде ұқыпты тексеруден өтеді, одан соң ол жерге бас дәрігер, аға дәрігер және ауданның бас дәрігері, вет ұйымның бастығы қол қойып, есеп беру құжатын жөнелтеді.

3.Халықаралық эпизоотиялық бюро.1924 жылы париж қаласында жиында 28 елдің өкілдері ветеринарлық ғылыми техникалық ұйым – халықаралық эпизоотиялық бюро құру туралы келісімге қол қойды.Оның тұрақты мекені ретінде париж қаласы белгіленді. Халықаралық эпизоотиялық қызметтің тұрақты комитеті болады. Ол келімсімге қол қойған елдердің өкілдерінен құралады. Комитеттің құрамы міндеттері жарғы бойынша анықталады. Халықаралық эпизоотиялық қызметті қаржыландыру мәселесін келісімге қол қойған мемлекетттер төлейтін мүшелік жарналар есебінен шешеді. Халықаралық эпизоотиялық бюро ХЭБ жер жүзіндегі барлық елдердің вет/қ қызметті ұйымдастыруға және басқаруға жауапты мекемелермен ғылыми-техникалық байланыста болады. Бюро мемлекеттердің әкімшілік әрекетіне араласпады және ешбір елдің өкімет органдарына тәуелді емес. ХЭБ Тұрақты комитет пен оның әкімшілік комиссиясының басшылығымен қадағалауымен жұмыс атқарады. Эпизоотиялық қызметтің басқарушы және шешуші органы -жыл сайын шақырылатын жалпы сессия. Сессия аралығында комитет атынан оның әкімшілік комиссиясы өкілдік етеді. Оны және ХЭБ президенті жалпы сессияны тұрақты комитет мүшелерінің құпия дауыс беруі арқылы 3 жылдық мерзімге сайлайды.Әкімшілік комиссия, сессия аралығындағы барлық жұмыстарды атқарып жалпы сессияға дайындық жүргізеді.Қазіргі шақта ХЭБ құрамына енген120 астам елдермен ссонымен қатар ол мүшелікке кірмеген елдермен вет/қ қызметімен БҰҰ АШ және азық түлік мәселелері жөніндегі ұйыммен дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен т.б ұйымдармен байланыс жасайды.ХЭБ-ның негізгі мақсаттары: - малдардың жұқпалы ауруларын зерттеулерді бағыттау, үйлестіру, сол туралы ақпарат алмасу;- эпизоотиялар жайында және олармен күрес шаралары туралы әр елдің вет/я органдары мен өкімет орындарына ақпарат беріп отыру;- вет-сан бақылауға байланысты халықаралық келісімдер мен шарттарды талқылау, сараптау.

28 билет

1.Мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық-санитариялық қадағалау– ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органның ҚРның вет саласындағы заңдарын бұзудың алдын алуға, оны анықтауға болдырмауға және жоюға бағытталған қызмет. ҚР аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ҚР Үкіметі белгілеген ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік орган және оның облыстық, аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері, ветеринариялық бақылау бекеттері бар шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлімшелері жүзеге асырады. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың негізгі мақсаттары: 1.Жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның ішінде адамдар мен жануарларға ортақ аурулардың алдын алу; 2. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау нысандарының ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 3. ҚР аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларын алып келуден және таратудан қорғау; 4. ҚР ветеринария саласындағы заңнамаларын бұзудың алдын алу, анықтау, болдырмау және жою; Ветеринарлық қадағалаудың құрылымы. ҚР көліктегі және шекарадағы мемлекеттік ветеринариялық қадағалау екі аймақтық басқармасынан құралған: яғни Оңтүстік-Шығыс және Солтүстік-Батыс аймақтық басқармасы. Оңтүстік-Шығыс аймақтық басқармасы 70 бекет, ал Солтүстік-Батыс аймақтық басқармасы 63 бекеттен құралған, жалпы 133 бақылау бекеттері бар, одан басқа екі жуғыш-дезинфекциялаушы стансалары: Жаңа Семей және Анар стансалары бар. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің шекара және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың Оңтүстік-Шығыс және Солтүстік-Батыс аймақтық басқармасы, Республика территориясына сырттан басқа мемлекеттерден енетін және тарайтын жұқпалы және экзотикалық аурулардан қорғауды өзінің құзырының тиісті шегінде атқарушы және бақылау-қадағалау қызметін атқаратын территориялық орган болып табылады.

2.Ветеринариялық құжаттарды рәсімдеу (куәліктер, актілер, анықтамалар, хаттамалар, бұйрықтар). Вет құжаттарға куәлік, сертификат, анықтама, вет-сан қортынды жатады. Вет куәлік-жануарларды айдау және тасымалдау кезінде апаратын бағытын анықтайтын вет инспекторлар беретін құжат.№ 1,2,3,нысандағы вет куәліктерді ауданның бас мемлекеттік және вет инспекторлары, шекара мен көліктегі инспекторлары рәсімдейді және береді.Вет сертификат- мемлекеттік вет бақылау жүктерін экспорттағанда шекара мен көліктегі мемлекеттік вет/қ қадағалаудың аймақтық бөлімшелердің мемлекеттік вет/қ инспекторлары вет/қ куәліктің негізінде беретін белгіленген нысанды құжат. ҚР шығарылатын, вет/я бойынша үкімет аралық келісіміне қатысушы ТМД мемлекеттерден басқа елдерге шығарылатын жүктерге вет/қ куәліктің орнына, қосымшаға сәйкес № 1,2,3 нысанды вет сртификат рәсімделіп беріледі. Вет анықтама-сол әкімшілік аумақта тасымалданатын барлық мемлекеттік вет/қ бақылау жүктеріне ауылдық округтің, ауданның, қаланың вет инспекторы беретін құжат.Аудан ішінде мемлекеттік вет/қ қадағалау бақылайтын жүктерді тасымалдағанда, жүктің шыққан жерінің эпизотологиялық қолайлылығы туралы, малдарды сояр алдында қара және сойылғаннан кейін ұша мен ішкі құрылыстарын қарау нәтижелерін 3 қосымшаға сәйкес, вет/қ анықтама рәсімделеді және беріледі. Вет анықтама 3 күнге жарамды. Вет-сан қортынды-мемлекеттік вет қадағалау нәтижелері мен мемлекеттік вет/қ қадағалау обьектілерінің,сонымен қатар вет сараптау актісі негізінде мемлекеттік вет/қ қадағалау жүктеріне, олардың вет/я саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігіне және олардың қолдану режимін анықтауға, бас мемлекеттік вет инспектор н/е орынбасарлары беретін нысанды құжат. Вет сан қортынды 2 дана жасалынады. Біреуі обьектінің иесіне, екіншісі вет-сан қорытынды жасаған бас мемлекеттік вет инспекторда қалады.

3. Шет елдердегі ветеринарияық қызмет

Дүние жүзіндегі барлық малдың 59%-і дамып келе жатқан елдерде, 41%-і өркениетті елдерде шоғырланған. Бірак, солай болғанымен ветеринарлық мамандардың 81% экономикасы дамыған елдерде, ал, 19%-ғана дамып келе жатқан елдерде қызмет істейді.

Жер жүзіндегі мемлекеттердің табиғи-климаттық, саяси- экономикалық жағдайының, өзара экономикалық қарым- қатынастарының сан алуан өзгешеліктеріне байланысты олардағы ветеринарлық қызметтің ұйымдастыру үлгісі, деңгейі де әртүрлі болады.

Африка құрлығында жануарлар фаунасы бай, табиғи-климаттық ортасымен, халықтың тұрмыстық жағдайы әр қилы, соған орай, мал шаруашылығы да аймақтарда біркелкі дамымаған. Осының барлығы бұл құрлықта күрделі эпизоотиялық жағдайдың қалыптасуына, карантиндік және жете зерттелмеген мал ауруларының көп таралуына әкеліп соққан. Осы тәрізді себептерден Азия және Латын Америкасы елдерінде де күрделі эпизоотиялық жағдай қалыптасқан. Бұл елдердегі мамандардың аз болуы, дәрі-дәрмектер, биопрепараттар, акарицидтер, инсектицидтердіқ жетіспеуі, тропикалық белдеуге тән және жете зерттелмеген аурулардың таралуы ветеринариялық қызмет көрсету үшін де көп қиындықтар тудырады.

Керісінше, Еуропа, Солтүстік Америка, Тынық мүхит елдерінде эпизоотиялық жағдай бұдан әлде қайда жақсы болып отыр. Мұндағы дамыған елдер дәстүрлі қалыптасқан, жақсы жабдықталған ветеринарлық қызмет құрып, ветеринария салаларының ғылыми-зерттеу мексмелерінің кең жүйесін дамытқан. Шет елдердің көбінде ветеринарлық қызмет АШМ-нің жүйесінде орын тепкен. Бұл елдердің 25%-на жуығында мал шаруашылығы өнімдерін және ветеринарлық препараттарды сараптауға ветеринария мамандарымен қатар, денсаулық сақтау саласының мамандары да қатынасады. Осы елдердің 20%-на жуығында ветеринарлық қызмет штат немесе провинция деңгейінде толық әлде жартылай автономиялы болады. Елдердің 50%-ында ветеринарлық қызмет ветеринарияға қоса мал шаруашылығы мәселелерімен де шұғылданады және 4 елде ветеринарлық қызметтің басшысы мал шаруашылығы үшін тікелей жауапты.



Жапония. Халықтың 10 мыңына шаққанда ветеринария дәрігерлерінің саны бойынша ол дүние жүзінде бірінші орында. Мұнда барлығы 26,4 мың мал дәрігері бар, әрбір дәрігерге 200-дей ғана шартты мал басы келеді. Дәрігерлердің 3,1% мемлекеттік аппаратта, 30,1% префектураларда, 3,9% коммуналдық шаруашылықта, 8,5% ірі қара малға бейімделген жекеменшік клиникаларда, 15,2% ұсақ малдарға бейімделген клиникаларда, 2,6% ауыл шаруашылық кооперативтерде істейді.
29 билет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет