1-билет Кіріспе, «Ветеринариядағы менеджмент» пәні және оның мақсаты мен міндеттері

Кедендегі ветеринариялық менеджмент

бет6/9
Дата24.10.2019
өлшемі118,41 Kb.
#50584
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
menedzhment bilet zhauaptary-1 (1)

3.Кедендегі ветеринариялық менеджмент

Шет елдермен экспорттық-импорттық алмасу кезінде малға,өнімдеріне,шикізаттарына ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу үшін мемлекеттік шекаралық ветеринариялық бақылау нүктелері ашылған.Олар көбінесе кешендермен қатар орналасады. Шекаралық ветеринариялық бақылау нүктесінің бастығы ветеринария дәрігері,оны және оның қол астындағы мамандар санын көліктегі ветеринарияның бас басқармасы тағайындайды.Мекеме өз жұмысын ветеринарияның республикалық басқарушы органы бекіткен ережелерге сәйкес атқарады.

Шекаралық бақылау нүктесі Қазақстан аумағына шет елдерден жұқпалы аурулардың қоздырушыларын өткізбеу,республикадан тысқа шығатын малдар мен өнімдерінің ветеринарлық карантин тазалығын қамтамасыз ету міндеттері жүктелген. Шекарадан Қазақстан жеріне өткізуге дені сау мал , өнімдері мен шикізаттары дені сау малдан алынған ,шыққан тегі малдың жұқпалы аурулардан таза жерден болу шарттары сақталғанда ғана рұқсат беріледі.Шекарадан өтетін малдардың,өнімдерінің тиісті ветеринарлық сертификаттары болуын тексереді.Онда ынталы жақтың ветеринария қызметі өз мемлекеті тарапынан,малдың ,өнімдерінің және олардың шыққан жерінің жұқпалы аурулардан тазалығына кепілдік береді.Шекара арқылы кірген малдар тиісті байқаудан,шаралардан өткен соң,алдын алу карантиніне қойылады.Малдарға шетелдік сертификат орнына ветеринариялық куәлік жазылып,баратын жеріне карантин мерзімі біткен соң жөнелтіледі.Шекарадан тысқа шығатын малдар,мал текті өнім де тиісті ветеринариялық-санитариялық байқаудан өткізіледі.Бақылау пункті мамандары оларға ветеринарлық куәлік орнына сертификат жазады. Ауырған мал болса,оқшаулап емдейді,қажет болса,тиісті алдын алу шаралары жүргізіледі.Қазақстанға шетелдерден мал,өнімдері мен шикізаттарын сатып әкелуге рұқсат мемлекеттік ветеринарияны басқарушы республикалық органның ғана билігінде болады.
19 билет

1.Мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру. Ветеринариялық инспекция

Ветеринарияны басқарушы органдар мен мекемелердің ҚР ветеринария туралы Заңы мен мәселелері бойынша қабылданған құқықтық нормативтік құжаттарды орындауды қамтамасыз етуге және оларды құқық бұзушылық салдарын жоюға , бағытталған іс-әрекетін мемлекеттік ветеринариялық қадағалау деп атайды.

Ол республика үкіметі бекіткен арнай ереже бойынша жүргізіледі. Соған орай, мемлекет тарапынан қадағалау жүргізу мемлекеттік ветеринарлық инспекторға жүктеледі.

Инспекторлық лауазымы бар мамандар бақылауға міндетті: барлық өндірістік –шаруашылық іс- әрекетпен шұғылданушы субьектілерінің ҚР малдәрігерлігі заңын, ветеринария органдаы мен жергілікті әкімшіліктің ветеринария жөніндегі шешімдерін орындауын;

  • эпизоотиялардың алдын алу, жою шараларын, жұқпайтын аурулармен күрес шараларын мерзімінде және сапалы орындауды;

  • ведомствалық және жекеменшік іскерлік вет. қызмет жұмысын бақылау;

  • мал шаруашылығында, өңдеу өнеркәсібінде, базарларда, жәрмеңкелерде вет-сан. жағдайды бақылау;

  • вет. мекемелер мен обьектілерді, мал шаруашылығы және өңдеуші кәсіпорын ғимараттарын жобалау, құрылысын сал, өзгерту, жөндеуді бақылау;

  • мал мен мал өнімдерін тасмалдау жарақтарын вет-сан. өңдеуден өткізу;

  • ветеринария мен мал шаруашылығында биологиялық және басқа препараттарды қолдануды бақылау;

  • мал шаруашылығында улы және зиянды заттары бар азықты, сапасы жарамсыз азықты қолданудан сақтандыруды және т.б. бақылауға міндетті.

2.Жануарлардың жұқпалы аурулары кезінде ветеринариялық шараларды жоспарлау

Індеттердің алдын алушы ветеринарлық шаралар жоспарын мал шаруашылық кәсіпорындар , аудандар , облыстар бойынша келер жылға жасап отырады.Бұл жоспардың ветеринарлық қызметтің барлық буындарына бірдей міндетті түрде сақталуға тиісті бекітілген ресми үлгісі бар.Соған орай, жоспар «Балаулық зерттереулер», «Алдын алулық иммундеу», «Емдік және алдыналушы әсері бар шаралар жүргізу» бөлімдерінен тұрады.

Бұл жоспар жергілікті эпизоотиялық жағдайдың сәтті болғанына қарамастан жасалады.Себебі,кейбір жұқпалы аурулардың туу қаупін ешқашан жоққа шығаруға болмайды,олардан сақтандыру шараларын үнемі жүргізіп отыру керек.

Жоспардың бірінші бөлімінде малдарды - туберкулезге,бруцеллезге, ірі қараны – паратуберкулезге , трихомонозға , лейкозға , кампилобактериозға; Жылқыны- маңқаға,киеңкіге; құсты – пуллорозға; қой мен шошқаны – гельминтозға жаппай балаулық зерттеулер көрсетіледі.Балаулық зерттеулер мен туберкулезге – бұқалар ,сиырлар, бір жастан ересек қашарлар, қабандар,мегежіндер және асыл тұқымды құстар;бруцеллезге – бұқалар,сиырлар,бір жастан ересек құнажындар,қошқарлар,саулықтар,қабандар,мегежіндер міндетті түрде қамтылады.

Жылдық жоспардың екінші бөлімінде аурулардың алдын алу мақсатымен малдарға жаппай вакцина егу келесі ауруллар бойынша көзделеді:

  • топалаңға егу мал аурулары жиі байқалатын және ауру туу қаупі бар аймақтарда ірі қара малға, жылқыға, шошқаға және қойға барлық мал басын қамти отырып жоспарланады;

  • қарасанға (эмкарға) 3 айлықтан 4 жасқа дейінгі ірі қара мал;

  • тілмеге 2 айлық жасынан бастап барлық шошқа;

  • қылауға (сальмонеллезге), колибактериозға бұзаулар мен торайларды, буаз сиырлар мен мегежіндерді егу,егер соңғы 2 жыл ішінде ауру байқалса ғана жоспарланады;

  • лептоспирозға,пастереллезге ірі қара мал мен шошқаны ауру таралған сәтсіз, ауру туу қаупі бар және асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылықтарда егеді;

  • бұзаутазға (трихофитияға) бұзауларды егеді;

  • оба мен Ауески ауруына қарсы шошқаны ауру бар сәтсіз және ауру туу қаупі бар шаруашылықтарда егеді.

Жоспардың үшінші бөлімінде, көбінесе, паразиттік және кейбір инфекциялық аурулар бойынша мал емдеу және алдын алу шараларын қамтиды. Мысалы, бұзаутаз,некробактериоз ауруларына шалдыққан малдарды емдеу және олардан сақтандыру шаралары және т.б. аурулардан сақтандыру шаралары жоспарланады.

Жоспар кестесінде жыл бойындағы және тоқсан сайынғы жұмыс көлемінің сандық мағыналары, сонымен қатар, препараттарға , материалдарға , керек жараққа мұқтаждықтың көлемі мен бағасы

көрсетіледі.Егер шаруашылық туберкулез,бруцеллез және басқа да ағымы созылмалы жұқпалы аурулардан сауықтыру үстінде болса,соған байланысты малдарды балаулық зерттеулердің жоспарға қосымша кеңейтілген кестесі құрылады.

20 билет

21 билет

1.Малды, мал өнімдерін және мал тектес шикізаттты қайта өңдеу және өткізу сату, кәсіпорындарында ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру

Осындай бақылау ұйымдастырудың негізгі принципі: сойыс малдарының, мал ұшаларынын ешқайсысын ветеринарлық байқаудан, сараптаудан тыс қалдырмау.ҚР “Ветеринария туралы” заңында жөне “Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау туралы арнайы ережелерге сәйкес барлық заңды және жеке тұлғалар, егер іс-әрекеті мал өнімдері мен шикізаттарын қабылдау-дайындау, сақтау, өңдеу, сатуға байланысты болса, олар иелігіндегі өнімдер мен шикізаттарды ешбір қарсылықсыз ветсансарапта өткізуге, барлық технологиялык, гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық талаптарды орындауға, мамандардың жұмыс атқаруына жағдай туғызуға міндетті.

Шаруашылықтардың мал сою нүктелерінде сойыс малдарьна ветеринарлық байқау және ұшалар мен ағзаларға ветсансарап жасау өз штатындағы мамандарға жүктеледі. Ет өңдеуші кәсіпорындарда бұл жұмысты арнайы бөлім - өндірістік ветеринарлық - санитарлық бакылау бөлімінің (ӨВСББ) мамандары жүргізеді.Бөлім жұмысы республикалық Ветеринария комитеті бекіткен арнайы ережелерге сәйкес атқарылуға тиіс. Бөлім құрамында бастығы, дәрігерлер, фельдшерлер, санитарлар, дезинфекторлар, лаборанттар, химиктер болады. Бөлім бастығы кәсіпорын төрағасына бағынады және мемлекеттік ветеринарияның жергілікті органының бақылауыңда болады. Бұл бөлім ведомстволық бақылау жүргізеді, кәсіпорын есебінен қаржыландырылады. Егер кәсіпорында мүндай қызмет болмаса, бақылауды мемлекеттік ветеринарияның жергілікті мекемелері жүргізеді.

ӨВСББ мал қабылдаудан бастап, одан дайын өнім алғанша технологиялық және ветеринарлық-санитарлық талаптардың сақталуын бақылауға міндетті. Яғни, бақылау малды қабылдау, сояр алдында ұстау базарында, сою цехында, ішек тазалау, шұжық және консервілеу цехтарында, лабораторияда, түтынушыларға тасымалдау барысында жүргізіледі.

Ұшаларға арнаулы ветеринарлык таңбалар соғылады,олардың түсі, формасы ет сортына байланысты болады. Таңба соғылмаған етті сатуға ,пайдалануға рұқсат берілмейді.

Бақылау мал текті шикізаттың барлық түріне (тері,жүн,қыл, мамық,сүйек, мүйіз және т.б.) жүргізілуге тиісті.Шикізат жинау - қабылдау жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтарда жүргізіледі.

Шикізат дайындау мемлекеттік ветеринариялық аудандық органы (бас дөрігерінін) рұқсатымен жүргізіледі.Шикізат қабылдау нүктелері мен қоймалары үнемі бақылауда болады. Шикізаттарды тексеруге ветеринарияның мемлекеттік мекемелерінің мамандары бөлінеді немесе арнаулы маман алынады.Бұл мамандар, қоймаға қабылданған шикізатты сорттауды, сақтауды қадағалайды және ветеринарлық құжаттарьш тексеріп, тиісті зерттеулер жүргізеді, ветеринарлық-санитарлық шаралар ұйымдастырады.

Импорттан түскен, жиналған тері преципитация реакциясымен топалаң қоздырушысына тексеріледі. Егер оң реакция болса, ауданның бас мал дәрігеріне хабар беріледі және терінің шыққан тегі анықталады. Сапасы нашар теріні жөне оған жанасқандарын өртеп жояды. Осы үйіндідегі басқа теріні дезинфекциялайды және “Оқшауланған тері шикізатын тіркеу кітабына’ жазады. Топалаңға зерттелген шикізатқа арнайы таңба басылады.Жүн, қыл, сүйек, мүйіз, тұяқ шыққан тегінің жұқпалы аурудан тазалығына тексеріледі. Тері, жүн өндеуші кәсіпорьшдарда ветеринарлық-санитарлық бақылау жүргізетін маман қабылданады, егер ондай маман жоқ болса, келісім-шарт бойынша оның қызметін мемлекетгік ветеринария мекемесінің маманы атқарады.
2.Жануарлардың жұқпалы аурулары кезінде есеп беруді ұйымдасыру

Ветеринариялық есеп беру формасы.“Жануарлардың жұқпалы ауруларына есеп беру” N1 - ветформасы (ай және тоқсан сайын). Бұл есеп беруде шаруашылық,аудан, облыс,республиканың індет жағдайы көрсетіледі Оны стационарлық және амбулаториялық ауру малдарды тіркеу журналы мен індетке қарсы жүргізілген шаралар мәліметтеріне сәйкес жасайды. N1 ветформасы ай сайын, ал аурудың N2 ветформасы тоқсан сайын өткізіледі. N 1 ветформада өте жұқпалы аурулар, індет жағдайы кіреді. Мысалы ірі қара малы бойынша: вирустік-құтыру, вирустік диарея, парагрипп, оба, аусыл; бактериялық - бруцеллез, пастереллез, туберкулез және т.б. аурулары. Ұсақ мал бойынша - құтыру, плевропневмония, энзоотикалық түсік, аусыл, бруцеллез, топалаң және т.б.

N2 ветформасына осы аталған аурулар тізімі және паразиттік аурулар кіреді. Егер де есеп беру кезеңінде жүқпалы аурулар шықпаса, онда N1 ветформасы жасалмайды. Жоғарғы басқару ұйымына жазбаша немесе телеграф арқылы хабарлайды. N1 ветформасы кестелік түрде болады, ол 3 бөлімнен тұрады: басы, мазмұны, құжаттарды дайындау немесе аяқтау. Есеп берудегі бастапқы бөлімінде - алатын адамның аты-жөні, мекен жайы, байланыс индексі көрсетіледі. Бұнда тіркеу нөмірі, байланыс индексі, мекен жайы, коды жазылады.

Мазмұны бөлімінде - есеп берудің айы немесе тоқсан, жылы көрсетіледі. Бір бланкіде есеп беруде (А-графа) әр түрлі мал ауруларын көрсетуге болады, бірақ ауру аттарын қысқартып өзгертіп жазуға болмайды. Б-графасы бойынша есеп беру формасында мал түрінің коды, ауру коды көрсетіледі.

1,3 және 5 - графада есеп беру кезіндегі таза емес шаруашылық, пункттері, ауырған және өлген мал саны көрсетіледі.

2,4,6 - графада есеп беру кезіндегі қоғамдық, секторларда таза емес пункттерде ауырған және өлген мал сандары көрсетіледі.

7,8 жөне 9 - графада аурудан таза емес пункттерде, қоғамдық секторларда ауру малдар саны, екінші есеп беруге қалған (ай, тоқсан) және өткендегі есеп беру кездерінен қалғандары көрсетіледі.

1,2 және 7 - графалардағы “таза емес пункттер” деген сөздің мағынасын былай түсіндіруге болады: егерде шаруашылықта немесе елді мекендерде ол әкімшілік бөлінуіне қарай аталады (қалашық, ауыл, бау-бақшасы бар жер бөлімшелері, поселке, қала), жұқпалы аурулардың пайда болуын айтады. Егер де ауру жайылымда, жайлауда және алыстағы жайларда пайда болатын болса, ол жерлерді аурудан таза емес пункттер деп есептейді. Егер елді мекенді пункттерде жалпыға бірдей ауру пайда болса немесе барлық мал түліктерінде кездесетін аурулар шығатын болса топалаң, құтыру, аусыл), ауырған, өлген мал саны, түлік түрі көрсетіледі. Мысалы, топалаң ауруымен ауырған малдар, елді мекендер бірақ рет көрсетіледі және малдардың өлген, ауырған күні, мал түрі көрсетіледі.Егер де жұқпалы жөне жұқпалы емес ауруларды қоздырғыштың бір түрі ғана қоздыратын болса, ол басқа малдарға, яғни бір малдан екіншісіне берілмейтін, жұқпайтын болса, анықталған таза емес пункттер саны ғана мал түріне қарай көрсетіледі. Мысалы, бір пунктге қотыр ауруының пайда болуы қойда тіркеледі, онда 1-графаға бір пункт деп жазылады. Жылқылардың қотырдан таза емес пунктінде “Жылқы аурулары” тобына бір пункт деп сол 1-графага жазылады. Құжаттарды дайындау, аяқтау бөлімінде - есеп берудің соңында күні, айы және жылы, дәрежесі, осы толтырылған есеп беру құжатына жауапты түлғалардың қолы, аты-жөні толық көрсетіліл жазылады. Қосымша ретінде арнайы бетке жинақталған мәліметтерге сүйене отырып, аурудың шығу себептері және таралуы, оларға қолданылған шаралар, жою барысы туралы толық жазылады. Мысалы, құтыру ауруы, жабайы андар түрлері. “Індетке қарсы жүргізілген шараларға есеп беру” N - вет. А формасы (тоқсан сайын) істелінген шаралар туралы жазылады. Бұл есеп формасы шаруашылықтарда ай сайын жасалып, облысқа жіберіледі, одан әрі қарай жоғарғы басқару органдарына тоқсан сайын жіберіп отырады. N1 вет. А формасы МЕСТ талаптарына сөйкес біріктірілген, онда кестелік түрі бар, олар 3 бөлімнен тұрады: Бастапқы, Мазмұны және Құжаттарды дайындау, аяқтау бөлімі. Өз кезегінде мазмұнды бөлімі 3 бөлімнен тұрады.

1 - бөлімінде “Диагностикалық зерттеуде” – мал түрі,

аурудың аты және зерттеу түрі көрсетіледі. Мысалы, “Ірі қара мал паратуберкулезге аллергиялық зерттеу”. Бұл графа – А жатады. Ал енді графа Б мал түрінің коды, зерттеу коды көрсетіледі. 1,2 графаларда бір жылда қанша рет зерттегеніне қарамай-ақ зертгелген мал саны, 1 - графада барлық зерттелген мал саны ал 3 - графада ауруға бейім малдар саны, зерттеу нәтижесі бойынша көрсетіледі.

П бөлімде - “Егілген және өңделген” мал түріне қарай мал саны көрсетіледі. Өңдеу жұмыстары қай ауруға жүргізілді, қандай әдіс, вакцина, қан сарысуы және дәрі-дәрмектердің қай түрі қолданылды, барлығы толық жазылады. Алдын алу мақсатында немесе лажсыздан егу, өңдеу (әсерлеу) үшін қолданғанда мал саны, коды көрсетіледі. Қосымша ретінде “Коды” Б, өңдеу кодына “1” және “2” қосымша жазылады.

Препараттармен әсерленген малдардың жалпы саны (суммарлық) I және П графаға енгізіледі.

Ш бөлімде “Ветеринарлық-санитарлық жұмыстар” өңделген объектілер саны және істелінген жұмыс көлемі (мың.м) дензинфекция, дезинсекция жөне дератизация жасалынған жайлар, аумақтар мен объектілер көрсетіледі.

Соңғы есеп берудің құжаттарын аяқтау бөлімінде күні, айы, жылы дәрежесі, жауапты тұлғаның қолы, аты-жөні жазылады. “Жұқпалы емес ауруларға есеп беру” N2 - ветформасында (жарты жылдық бойынша) шаруашылықтың малдәрігерлік қызметі, (мекеме, ұйым, кәсіпорын) көрсетіледі. Бұл малдардың ауруларын тіркеу журналдары мәліметтеріне негізделген.

Жұқпалы емес аурулар осы есеп беруде 7 топқа бөлінеді; асқазан, тьшыс алу мүшелері, зат алмасу, желін, көбею мүшелері аурулары, жарақаттар жөне уланулар.

3.Хирургиялық аурулар кезіндегі ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және олардың экономикалық тиімділігі. Көптеген операциялар мал өмірін, денсаулығы мен өнімділігін сақтап қалудың жалғыз жолы болып табылады. Операцияның жетістігі көптеген жағдайда оны орындау шеберлігіне байланысты. Сонымен қатар хирургиялық операцияны жасау кезінде оны тек жасаған жермен байланыстыруға келмейді, ол бүкіл организмді қамтиды. Жануарды операцияға дайындау;1.Операцияның алдында алдын ала жануардың өмірге мәнді органдарының жағдайы тексерілуі тиіс: жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр. 2.Операцияның алдында операциялық бөлмесін ластамау үшін қуықты зәрден босату керек.3.Жануарды бекіту: виноградовтың операциялық үстелінде қырынан жатқызып бекітеді (оң, содан кейін сол). --Малдарға ем жасалынып жатқан кезде санитарлар әр түрлі жолмен түскен бөлінген, ластанған нәрселерді алып, орнын ылғалды әдіспен сүртіп, дезинфекция жасайды. --Операциядан кейін, келесі операцияға дейінгі уақыт ішінде бөлмені жинайды, тазалайды және дезинфекция жасайды; --Арнайы жоспар бойынша операция жасалмайтын күні, бөлмені түгелдей жинап, тазалап және толық дезинфекцияланады, операция жасардын алдында тағыда соңғы рет шаң-тозаңнан сүртіп тазаланады; --Емдеу бөлмесінде температура 22-25 градус С, 50 пайыздық ылғалдылық және жақсы тоңазытқыш болуы шарт. Клиника бөлмесін дезинфекциялау үшін бактериялды лампалар қолданылады; Экономикалық тиімділігі. Қазіргі таңда ветеринария саласында хирургиялық операция жасау өте жоғары деңгейде дамуда. Заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, жануарлардың өмірін сақтап қалу өте маңызды. Барлық ветеринария саласында қызмет атқаратын мамандардың негізгі мақсаты - малдың өнімділігі мен қоңдылығын сақтап,жоғары сапалы өнім алып мемлекеттің экономикасын көтеру болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет