Ұлы жүз ру-тайпаларының шежіресі. Орта жүз ру-тайпаларының шежіресі. Кіші жүз ру-тайпаларының шежіресі. Үш жүз қашан пайда болды?
Қазақ жүздері – 15-16 ғасырлар аралығында Қазақстанның әр өңірінде қалыптасқан тайпалар одағы. Жүздердің шығуы мен "Жүз" атауының тарихи мәні туралы ғылыми тұрғыда дәлелденген ортақ пікір жоқ. Кей зерттеуші бұл атауды әлдебір бүтін нәрсенің, құбылыстың "бөлшегі", "саласы", "бір жағы" деп қарастырса, енді бірі "жүз", "жүздік" сандармен байланыстырады. Қалай болса да қазақ жүздерінің саяси, экономикалық, тілдік және мәдени тұтастығымен сипатталатын дербес халықтың жеке бөлшегі деп қарастырылады.
Этнограф Нұрлан Сәрсенбаевтың жазуынша, ел арасындағы шежіре бойынша Қазы деген адамнан Ақбай, Жанбай, Бекбай туып, еншіге таласыпты. Сонда Қазы жүз жылқыны Күншығысқа, жүз жылқыны Арқаға айдаттырып, Ақбай мен Бекбайдың алдына салып беріпті. Қалған жүзі менің және Жанбайдың үлесі деп алып қалыпты. - Этнограф Нұрлан Сәрсенбаевтың жазуынша, ел арасындағы шежіре бойынша Қазы деген адамнан Ақбай, Жанбай, Бекбай туып, еншіге таласыпты. Сонда Қазы жүз жылқыны Күншығысқа, жүз жылқыны Арқаға айдаттырып, Ақбай мен Бекбайдың алдына салып беріпті. Қалған жүзі менің және Жанбайдың үлесі деп алып қалыпты.
- Қазыдан – Ақарыс (Ұлы жүз), Жанарыс (Орта жүз), Бекарыс (Кіші жүз) таралып, қазақтың үш жүзге бөлінуі содан таралған деген ауызша айтылған аңыз бар. Мұны тек қазақты үш жүзге бөлу туралы айтылған халық әдебиетіне тән туынды деп қана түсінуге болады.
Жазушы Мұхтар Мағауиннің "Қазақ тарихының әліппесі" еңбегінде былай дейді: 16 ғасырдың ақыры – 17 ғасырдың бас кезіндегі қазақ ордасының туын көтерген ұлыс-тайпалар: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз, қатаған, құрама, қырғыз, қарақалпақ, бұлардың ішінде қырғыздан басқасының бәрі өздерін қазақ атаса керек. Қатаған қырғыны (1627 жылы) Есім ханның жеңісі емес, бүкіл қазақ ордасының үлкен жеңілісі болды. Іргелі елдің туын көтеріп отырған сегіз ұлыстың екі бөлшегі түнекке батты. Содан былай қазақ мемлекетін құраған қауым алты алаш деп аталды. Келесі бір сілкіністе қырғыз және қарақалпақ пен құрама іргесін бөледі. Қазақ халқы деген атауды ұстап үш алаш – үш жүз ғана қалды. Жазушы Мұхтар Мағауиннің "Қазақ тарихының әліппесі" еңбегінде былай дейді: 16 ғасырдың ақыры – 17 ғасырдың бас кезіндегі қазақ ордасының туын көтерген ұлыс-тайпалар: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз, қатаған, құрама, қырғыз, қарақалпақ, бұлардың ішінде қырғыздан басқасының бәрі өздерін қазақ атаса керек. Қатаған қырғыны (1627 жылы) Есім ханның жеңісі емес, бүкіл қазақ ордасының үлкен жеңілісі болды. Іргелі елдің туын көтеріп отырған сегіз ұлыстың екі бөлшегі түнекке батты. Содан былай қазақ мемлекетін құраған қауым алты алаш деп аталды. Келесі бір сілкіністе қырғыз және қарақалпақ пен құрама іргесін бөледі. Қазақ халқы деген атауды ұстап үш алаш – үш жүз ғана қалды. Үш жүз мекендеген жерлер. Тарихи деректер бойынша Ұлы жүз Жетісу жерін мекен еткен. Шығысы Қаратал өзені, батысы Шу мен Қаратау, Балқаш өңірі. Бұған Қаратау қойнауы, Шыршық, Сыр, Арал өңірі қосылған. - Тарихи деректер бойынша Ұлы жүз Жетісу жерін мекен еткен. Шығысы Қаратал өзені, батысы Шу мен Қаратау, Балқаш өңірі. Бұған Қаратау қойнауы, Шыршық, Сыр, Арал өңірі қосылған.
- 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ұлы жүз қазақтары негізінен Жетісу облысының Қапал, Жаркент және Верный уездерінде, Сырдария облысының Әулиеата, Шымкент және Ташкент уездерінде мекендеген.
- Орта жүз қазақтарының қысқы тұрағы – Сырдарияның орта ағысы, Қызылқұм, Мойынқұм өңірлері, Қаратаудың терістік беткейі, Балқаш көлінің солтүстігінде болған. Ал жазда Тобыл, Ертіс, Торғай, Есіл, Сарысу өзендерінің бойы мен Сарыарқа өңірін жайлаған. Орта жүз бірлестігі пайда болғаннан кейін олардың мекен еткен аумағы да кеңейген. 17 ғасырда Орта жүз жұртшылығы Орталық, Солтүстік, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның кең атырабын мекендеген.
- 15 ғасырдың соңы мен 16 ғасырдың басында Ноғай Ордасынан бөлінген қазақ тайпаларының, оның ішінде Алшын одағының негізінде Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Кіші жүздің Байұлы 18 ғасырда Кіші жүз жерінің оңтүстік-батысын, яғни Жайық өзенінің орта ағысын, Қобда, Елек және Ор өзендерінің бойын және Мұғалжар тауының қойнауын мекендеген.
Қазақ жүздерінің ішкі белгілері :
а) ішкі аумақтық тұтастық;
ә) этностық туыстық;
б) шаруашылық-мәдени бірлік;
в) саяси басқару ортақтастығы.
Ұлы жүз шежіресі. Орта жүз шежіресі. Кіші жүз шежіресі. Үш жүздің биі. - Ұлы жүздің биі – Төле би. Филология ғылымдарының докторы Сәрсенбі Дәуітұлы мен Уәлихан Қалижанның дерегіне сүйенсек, Әлібекұлы Төле қазіргі Жамбыл облысы Шу өңірінің Жайсаң деген жайлауында дүниеге келген. Өмір сүрген жері – Шымкент, Леңгір ауданы, Ақбұрхан Орда.
- Орта жүздің биі Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының 17-18 ғасырда өмір сүрген үш биінің бірі, қоғам және мемлекет қайраткері. Қазыбек би 1667 жылы Сырдария өзенінің бойында туған. Орта жүздің арғын тайпасы, оның ішінде қаракесек руынан шыққан.
- Әйтеке би – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі. Қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері. Әз Тәуке хан құрған Билер кеңесінің мүшесі, атақты шешен, Кіші жүздің төбе биі.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |