3.Төлдердің жұқпалы емес аурулары кезіндегі жүргізілетін ветеринариялық шаралардың экономикалық тиімділігі
Көптеген аурулардың ішінде тәжірибелік мәні бар жас төлдердің асқазан, ішек аурулары және тыныс алу ауруларымен дәрумендер мен минералды заттардың жетіспеуі. Бұл аурулардың ең алғашқы себебі жас төлдердің әлсіз болып туылуы. Резистентіліктің төмен болуы, бұзаулайтын сиырлардың күтімі нашар болғанда, төлдеу кезіндегі гигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптардың орындалмауы, жаңа туған төлге уыздың уақытылы берілмеуі себепкер фактор болып саналады.
Төлдеген және төлдемеген сиырларға қышқыл азықтарды берудің ережесін қатаң сақтау қажет. Ашыған азықтарды, сүрлемді 5-8 кг дейін, шөпті 10 кг дейін және ашыған болжырды беруді, жарманы беруге жол бермеу керек.
Буаздылықтың 2-кезеңіндегі (глубокостельным) және төлдемеген сиырлардың қышқыл азықтармен азықтандыруын қатаң сақтау керек: сүрлем және барданың берілуін 5-8 кг-ға дейін шектеу, ал шөпті 10 кг-ға дейін. Төлдегенге дейін 1 ай бұрын және төлдегеннен кейін 10-12 күннен соң толықтай шөп, сабан, тамыр түйнектілермен азық мәзірін алмастыру керек.
Ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігі – келуіне жол берілмеген экономикалық зиянның, қосымша алынған өнімдердің және өнім сапасын жақсарту арқылы алынған түсімдердің, жұмыста жаңа жарақтар мен қолдану арқылы үнемделген ветеринарлық шығындардың ақшалай құны қосындысын ветеринарлық шығын айырмасын айтады. Экономикалық өнімділікті жеке мал шаруашылық кәсіпорын, аудан, облыс, република бойынша анықтауға болады. Есептеу мақсатына байланысты болжамдалған, жоспарланған және нақты экономикалық тиімділікті анықтайды. Күтілген экономикалық тиімділік ақталған ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ғылыми ұсыныстарды негіздеу үшін анықталады. Жоспарланған экономикалық тиімділікті ветеринарлық шаралардың жылдық немесе келешек жоспарларын құрғанда анықтайды. Нақты экономикалық тиімділікті мал шаруашылығы кәсіпорынын, ауданда, облыста, республикада орындалған ветеринарлық шаралары нәтижелері бойынша анықтайды.
9 билет
1.Мал ауруларымен күресуші аудандық станцияның жұмысы
Аудандық ветеринарлық станция аудан көлемінде ветеринария саласындағы және жетекші мемлекеттік мекеме. Оған тікелей жүктелетін міндет аудандағы аудандағы ветеринария мекемелерінің, ведомстволық және ветеринариялық кәсіпкерлік қызметтің жұмысына әдістемелік және оперативтік басшылық ету, қадағалау.
Нарықтық экономикаға өтпелі кезеңдегі ықшамдау, лайықтау талаптарына сәйкес 1998 жылы бұрынғы аудандық ветеринарлық станция ірілендіріліп, оның құрамына аудандық ветеринарлық лаборатория және ветсансарап бөлімі қосылады. Осыған байланысты ауданның ветеринарлық станция жалпы емдік-алдын алу бағытта ғана емес, диагностикалық және ветеринарлық-санитарлық бағыттағы жұмыстарды қоса атқаратын мекемеге айналды.
Станцияның құрамында 16 қызметкер жұмыс істейді, соның ішінде:
Ауданның бас ветеринарлық дәрігері, сонымен қоса станция бастығы және ауданның мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторы;
Бас дәрігердің емдік-алдын алу жұмыстары бойынша орынбасары, сонымен бірге станция бастығының орынбасары және аудандық ветеринарлық инспектордың орынбасары;
Бас дәрігердің диагностикалық жұмыстар бойынша орынбасары, ол сонымен бірге ветеринарлық инспектордың орынбасары;
Дәрігер-эпизоотолог, дәрігер-терапевт, дәрігер-паразитолог, дәрігер-бактериолог, дәрігер-серолог, дәрігер-ветсансарапшы және үш дәрігер-лаборант, екі ветеринарлық санитар, 1-2 автокөлік жүргізушісі бар.
Станция қызметкерлері жұмыс бағытына байланысты маманданады. Олардың әрқайсысының міндеттерін және станцияның ішкі тәртіп ережелерін станция бастығы бекітеді. Емдік-алдын алу бөлімінің мамандары емдеу, ауруларының алдын алу, сауықтыру, эпизоотия ошақтарын жойып жіберу шараларын ұйымдастыруға, жүргізуге қатысады. Сондай – ақ, олар мал азықтандыру, күтіп-бағудың гигиеналық талаптарын орындауды қадағалайды, барлық ветеринарлық қызмет объектілерінде санитарлық қадағалау жүргізеді.
Диагностикалық жұмыс бөлімінің мамандары ауруларды неғұрлым дәл анықтау үшін бактериологиялық, серологиялық және т.б. зерттеулер жүргізеді. Бұл зерттеулерге үлкен мән беріледі, өйткені, аурулармен күрестің нәтижесі алдымен диагноздың дұрыс қойылуына байланысты. Диагностикалық бөлім патматериалды талапқа сай жөнелту туралы ферма мамандарына нұсқаулар береді.
Ветеринарлық-санитарлық сараптау бөлімінің негізгі міндеті – базарларда сатылатын мал өнімдерінің және оларды сату орындарының ветеринарлық-санитарлық жағдайын тексеріп, тұтынуға жарамдылығы туралы қорытынды беру. Базарға түскен барлық мал текті өнімдер ветсансарап ережелері бойынша осы бөлімде байқаудан өтеді. Қажет болса бактериологиялық, биохимиялық зерттеулер жүргізіледі. Сатуға рұқсат берілген мал өнімдерінің ветеринарлық-санитарлық сапасының ойдағыдай болуына сарапшы дәрігер жауапты. Ол тағамдық мақсатқа жарамсыз мал өнімдерін базарда сатуға тиым салуға, санитарлық жағдайы талапқа сай емес сату орындарын жабуға құқықты. Сондай-ақ, ол мемлекеттік ветеринарлық инспектор ретінде базардағы қоймаларды, тоңазытқыштарды, дүңгіршектерді тексеріп, ветеринарлық-санитарлық ережелерді бұзушыларды жауапқа тартады, қажет болса, қолма-қол айып салуды қолданады.
Базарға түскен мал өнімдерінің барлық түрлеріне олардың шыққан жеріндегі ветеринарлық сапа дұрыстығын білдіретін жергілікті ветеринарлық қызметтің куәлігі немесе анықтамасы болуы тиіс.
Сатуға рұқсат ерілген етке таңба басылады, өнімдердің басқа түрлеріне жазба құжат беріледі. Жарамдылығы шарттыөнімдер залалсыздандырылады, ал жарамсыз деп танылғандары жойылады, немесе техникалық өңдеуге жіберіледі.
2.Ветеринариялық қызметті лицензиялау реті және оны жүзеге асыруды ұйымдастыру
Бұл ережелер «Лицензия беру туралы» заңға сәес мемлекеттік ветеринарияның республикалық органымен дайындалып, ҚР министрлер кабинетінің шешімімен бекітіледі. Ережеде жекеменшік кәсіпкерлікпен шұғылданушыға лицензия беру тәртібі және лицензияланған ветеринарлық жұмыстардың тізімі белгіленеді. Бұл тізімдегі ветеринарлық жұмыстардың жеке түрлеріне де тиісті үлгі бойынша лицензия беріледі.
Лицензия иесі (лицензиат) ретінде ветеринарлық қызмет көрсетуге ықылас берілген заңды және жеке тұлғалар (соның ішінде шет елдік тұлғалар да) саналады. Лицензия алу үшін ізденуші субъект мемлекеттік ветеринария органына тиісті құжаттарын тапсырады. Оларға жататындар: өтініш және тиісті үлгі бойынша лицензияланатын жұмыстардың тізімі, тіркеу куәлігі мен жарғы көшірмесі, патент немесе лицензия ақысын төлегені туралы түбіршек, ветеринарлық қызмет көрсету үшін қолданылатын жұмыс орнының, объектілердің санитарлық-экологиялық талаптарға сәйкестігін көрсететін анықтама және т.б. құжаттар.
Лицензия беру туралы және оның мерзімі туралы шешім лицензиялық алқаның қорытындысына байланысты қабылданады. Лицензия тұрақты мерзімге немесе уақытша (белгілі мерзімге) берілуі мүмкін.
Республикалық және жергілікті мемлекеттік ветеринария органдары лицензияның әрекетін тоқтата тұруға немесе жоюға билікті. Сонымен қатар, олар «Лицензия беру туралы» заңға сәйкес айып салуды да қолдануға құқықты.
3.Жануарлардың жұқпалы аурулары кезіндегі жүргізілетін ветеринариялық шаралардың экономикалық тиімділігі
Жұқпалы аурулар орын алған кезде орын алып пайда болған ауруды шоғырландырып, жою ісіне бағытталынған шараларға аса көп көңіл бөлінуі керек.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңына сәйкес жұқпалы аурумен күресті ұйымдастыру шаралары кезінде меншік иелігіне қарамастан жануар иелері ат салысады. Олар барлық ұйымдастыру-шаруашылық және ветеринар мамандары ұсынып отырған өзге шаралар орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Арнайы шараларды олар өздері өткізеді. Жұқпалы аурулармен күресу ісіне малшаруашылығына қызмет көрсететін ведомстволық және жеке кәсіпкерлік ветқызметтердің ветеринар мамандары, сонымен қатар аумақтық мемлекеттік ветеринариялық мекемелер жұмылдырылады. Бұл жұмыстарды басқару және бақылау ісімен ветеринарияны басқарушы аудандық немесе қалалық орган айналысады.
Жануарлардың жұқпалы ауруларының болдырылмауы мен сауықтырылу шараларының кешенді ісіне кіретіндері: диагноз қою; жұқпалы ауру оқиғаларын тіркеу; осы жайлы жергілікті атқару органдарын хабардар ету, ветеринарияның жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарын хабардар ету, көршілес аудандардың ветеринариялық органдарын хабардар ету; инфекциялық ауру қоздырушыларының көздері мен резервуарларын айқындау; көрсеткеіштері бойынша ауру жануарларды емдеу; жануарларды лажсыз сою немесе жою; профилактикалық және лажсыз иммунизация, диагностикалық зерттеулер өткізу; ауру айқындалған елді-мекендердің немесе орындардың сау емес деп танылуы туралы хабарлау; қауіпті аймақ туралы хабарландыру; сау емес шаруашылықтарға, фермаларға, елді мекендерге, аулаларға, аудандарға карантин қою немесе аурулардың эпизоотиялық қатеріне орай шектеулер қою; сау емес және қауіп төндіретін аймақтардағы жануарларды бақылауға алу; ветеринариялық-санитариялық шаралар өткізу; бұқаралық-насихаттау жұмыстарын өткізу.
Келтірілген шаралар кешенін нұсқаулықтар, ұсынымдамалар, жергілікті атқарушы билік органдарының шешімдері және ветеринариядағы мемлекеттік басқару органдарының нұсқамаларына сәйкес орындалады.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңына сәйкес, ветеринариядағы мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы бойынша жергілікті атқару органдарының нұсқаулары негізінде карантин тағайындалады. Карантин тағайындалуы тиісті аса қауіпті жұқпалы аурулар тізімін ветеринариядағы мемлекеттік басқару республикалық органдары айқындайды.
Карантин теміржол стансаларына, теңіз және өзен порттарына, айлақтарға, әуежайларға, аудандарға, аудандар тобына, облысқа тағайындалуы мүмкін. Жұқпалы ауруларды жою жүйесінде карантин қою - әсері зор эпизоотияға қарсы шаралардың бірі деуге негіз бар.
Карантин тағайындалған кезде жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жұмыстар тізімі мен оның орындалуы үшін жауапты тұлғалар белгіленеді. Бұл шаралар қандай да бір инфекциялық аурудың ерекшелігіне сәйкес ветеринариядағы мемлекеттік республикалық басқару органдарын бекіткен нұсқаулықтар негізінде айқындалады.
Карантинді алу туралы шешімді карантинді тағайындаған орган арнайы шараларды өткізген ветеринария қызметінің ұсынысы бойынша қабылдайды. Карантинді алу мерзімі нұсқаулықта анықталып көрсетілген шарттардың орындалуына байланысты болады: соңғы өлімге ұшырау немесе ауырған жануардың сауығу мерзімінен алып санағанда белгіленген уақыт өтуі; аурудан сауықтыру бойынша шаралардың және ақтық дезинфекциялау жұмыстарының өткізілуі. Карантинді алмас бұрын, ветеринар маманы барлық тиісті шаралардың орындалуын тексереді, акт толтырып, оның негізінде ветеринарияны басқару бойынша жергілікті атқарушы орган (ауданның, қаланың, облыстың бас ветеринар дәрігері) жергілікті атқарушы органның карантинді алу туралы шешім жобасын дайындайды. Карантин алынған соң жергілікті ветеринариялық қызмет эпизоотиялық журналға тиісті жазбалар жасайды.
10 билет
1.Аудандағы ветеринариялық қызметті басқару.Аудан әкімшілігі аудандағы ветеринарлық қызметті өзінің органы – аудандық ветеринарлық станцияның көмегімен басқарады. Станция бастығы ауданның ветеринарлық бас дәрігері және мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторы қызметін қоса атқарады. Ауданның бас дәрігері облыстық ветеринария комитетіне, ал ауданда әкімнің өзіне немесе оның ауыл шаруашылығы бойынша орынбасарына бағынады.
Бас дәрігерге аудан жеріндегі барлық ветеринарлық мекемелер тікелей бағынады, ал ведомстволық және жекеменшік ветеринарлық қызметтер оның қадағалауында болады.
Аудандық ветеринарлық органның басшысы барлық заңды және жеке тұлғаларға орындауға міндетті нұсқаулар береді. Ол эпизоотиялармен күрес және т.б. ветерианрлық мәселелер туралы аудан әкімшілігі шешімдерінің жобасын ұсынады.
Аудан бас дәрігері ветеринарлық инспектор ретінде бақылау оюъектілеріне кіріп, тексеріс жүргізіп шешімдер қабылдауға құқықты. Оның шешімдерін жоғарғы ветеринарлық орган ғана қайтара алады.
Аудан бас дәрігері аудан жерінде ветеринарлық сәттілікті қамтамасыз етуге міндетті. Оның негізгі міндеттеріне жататындар: ғылыми негізделген ветеринарлық шаралардың жоспарларын құру, аурулардың алдын алу, сауықтыру шараларын ұйымдастыру, ветеринарлық-санитарлық бақылау жүргізу, ветеринария мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, ведомстволық және жекеменшік ветеринарлық қызметтің жұмысына бақылау жасау.
Аудандық ветеринарлық қызметтің жұмыс нәтижесі әкімшілік және медицина қызметімен, кәсіпорындардың басшыларымен тікелей қарым-қатынас жасауға байланысты болады.
2.Ветеринариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын кәсіпорындардың құрылымы және жұмыстарының қағидаттары (кәсіпорынға шығу)
Ветеринарияны басқарушы органдар мен мекемелердің ҚР «Ветеринария туралы » заңы мен ветеринария мәселелері бойынша қабылданған құқықтық-нормативтік құжаттарды орындауды қамтамасыз етуге және оларды бұзушылық салдарын жоюға бағытталған іс-әрекетін мемлекеттік ветеринарлық қадағалау деп атайды. Ол республика үкіметі бекіткен арнайы ереже бойынша жүргізіледі. Соған орай, мемлекет тарапынан қадағалау қадағалау жүргізу мемлекеттік ветеринарлық инспекторға жүктеледі. Инспекторлық лауазымы бар мамандар бақылауға міндетті:
Барлық өндірістік-шаруашылық іс-әрекетпен шұғылданушы субъектілерінің (заңды және жеке тұлғалардың) ҚР малдәрігерлік заңын, ветеринария органдары мен жергілікті әкімшіліктің ветеринария жөніндегі шешімдерін орындауын;
Эпизотиялардың алдын алу, жою шараларын, жұқпайтын аурулармен күрес шараларын мерзімінде және сапалы орындауды;
Ведомстволық және жекеменшік іскерлік ветеринарлық қызметтің жұмысын;
Мал шаруашылығында, өңдеу өнеркәсібінді, базарларда, жәрмеңкелерде ветеринарлық-санитарлық жағдайды;
Ветеринарлық мекемелер мен объектілерді, мал шаруашылығы және өңдеуші кәсіпорын ғимараттарын жобалау, құрылысын салу, өзгерту, жөндеуді;
Мал мен мал өнімдерін тасымалдау жарақтарын ветеринарлық-санитарлық өңдеуден өткізу;
Ветеринария мен мал шаруашылығында биологиялық және басқа препараттарды қолдануды;
Мал шаруашылығында улы және зиянды заттар бар азықты, сапасы жарамсыз азықты қолданудан сақтандыруды және т.б. бақылауға міндетті.
3.Акушерлік – гинекологиялық аурулар кезіндегі жүргізілетін ветеринариялық шаралардың экономикалық тиімділігі
Ветеринариялық – профилактикалық жұмыстар гинекологиялық диспансеризация негізінде жүргізіледі, және мыналарды қамтиды:
Ерте акушерлік – гинекологиялық деспансеризация; Жоспарлы акушерлік – гинекологилық деспансерицазия; Төлдегеннен 30 күннен кейін күйге келмейтін сиырларды кезекті гинекологиялық тексеру; Көп және нәтижесіз қолдан ұрықтандырғаннан кейін қысыр болып қалған сиыр мен тайыншаларды клиникалық – гинекологиялық тексеру; Жалпы күйін қалыпқа келтіретін профилактикалық жұмыстар жүргізу; Ауру малдарды уақытылы емдеу; Қысыр малдарды қысыр болу қалу себептері мен формаларын анықтау.
Ауру малдарды жеке стационарға ауыстырады, изоляторда әр малға арнайы зоогигиеналық талаптарға сай орын тағайындалады. Азықтандыру малдың физиологиялық жағдайына және өнімділігіне сәйкес тағайындалуы шарт. Стационар ауру малдарды серуендететін серуен орнымен қамтамасыз етілуі керек.
Акушерлік – гинекологилық аурулармен ауратын малдырды емдеу комплексті түрде, антибактериялық, гормональдық, витаминді препараттарды қолдану арқылы жүргізілуі керек. Емдік – профилактикалық шаралар ауру мал организміндегі өзгерістерге байланысты индивидуальді түрде жүргізілуі шарт. Барлық шаралар асептика және антисептика ережелерін сақтай отырып жүргізіліп, амбулаторлық журналға тіркелуі керек.Малдарды стационарда толық клиникалық белгілері жойылғанша ұстайды.Толық жазылған малды жалпы үйірге қосып, ұрықтандырады да 2 – 3 айдан кейін буаздыққа (УЗИ) тексереді.
Акушерлік – гинекологиялық ауруларға:Патологиялық төлдеу;Шу түсуінің кешеуілдеуі;Жатыр субинволюциясы;Эндометрит;Аналық жыныс безінің дисфункциясы және т.б..
Әрбір 3 ай сайынға жүргізілетін ветеринариялық шаралар: Ұзақ уақыт бойы қысыр болған малдарды клинико – гинекологиялық тексеру; Ұрықтандыруға жарамайтын малдарды бракка шығару; Инфекциялық жыныстық ауруларға лабораториялық зерттеу; Қандарының биохимиялық анализі; Жоспарлы ұрықтандыру кестесін ұйымдастыру.
Акушерлік – гинекологиялық деспансеризацияны ветеринар мамандар жүзеге асырады және тағайындайды.Қолдан ұрықтандыру шараларын жүргізу үшін арнайы зоотехник мамандар мен топтар жүзеге асырады.Түсік тастау себептерінің патологиялық аурулар есебінен болуын ескеру.Малдың түсік тастау себептерін анықтау.Қазіргі таңдағы ветеринария туралы заңның күшіне сәйкес, малдың әрбір түсік тастауы толыққанды зерттелуі тиіс.Түсік тастаған мал лабораториялық зерттеу нәтижелерінің теріс екендігіне көз жеткізгенше изоляторға ауыстырылады.Түсік тастаған мал тұрған орын дезинфекцияланады.
11 билет
1.Қалалық ветеринариялық қызметті ұйымдастыру
Бөлімді жоғары білімді маман-бастық басқарады.
Бөлімнің бастығын ҚР АШМнің облыстық ,Астана және Алматы қалаларының аумақтық басқарма бастығы ҚР АШМнің ветеринариялық Департаментіңің келісімімен оны қызметке тағайындайды және босатады.
Бөлімнің бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
1) Бөлім басшысы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін дербес жауап береді;
2) өзіне бағынысты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;
3) өз құзіреті шегінде бөлімді мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда таныстыру;
4) заңдарда белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
5) бөліммен қабылданған актілерге қол қояды;
6) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес бөлімді барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда ұсынады.
7) Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен бөлімшелер орындауға міндетті ұсыныстар мен нұсқаулар береді, өкілеттігіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалар қабылдайды;
10) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
2.Ветерианриялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын кәсіпорындардың құрылымы және жұмыстарының қағидаттары (кәсіпорынға шығу)
Ветеринариялық қызметтің бұл түрі дамыған капиталистік елдерде кең тараған.Ол елдердегі ветеринария мамандарың басым көпшілігі жекеменшік іскерлік қызметпен шұғылданады.Ветеринарлық кәсіпкерлікпен шұғылданушы маман жұқпалы аурулар пайда болғаны туралы ветеринарияның жергілікті органдары жедел хабар беріп ,өз тарапыан ауру көзі мен ошағын жою шаралын қолдануға міндетті.Эпизоотологиялар барысында олар, мемлекеттік ветеринария органдарының нұсқауларына сәйкес ветеринариялық шараларды жүргізеді.Орындаған жұмыс туралы тиісті мекемелеріне есеп беріп отырады.
Әрбір жекеменшік кәсіпкер ветеринария маманы малға ветеринариялық көмек көрсету,лаб-диагн зерттеулер жүргізу ,ветерин.препараттарды сату және т.б жұмыстар жасау үшін тиісті кәсіби талаптарға сай болу керек..
3.Қалалық ветеринариялық қызметтегі ветеринариялық менеджмент
1. Жалпы ережелер
1. қалалық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) ветеринариялық бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. Бөлімнің құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкімдігі болып табылады.
2. Бөлімнің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
15. Бөлімнің миссиясы ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
16. Бөлімнің мiндеттерi:
1) халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
2) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу шараларын ұйымдастыру;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау;
5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою.
17. Бөлімнің функциялары:
1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
9) қаланың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, қалалық аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
10) қаланың аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін қалалық аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
11) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
13) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
14) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалау:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
экспорт (импорт) және транзитті қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
16) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жабдықтау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
19) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
22) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
23) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
24) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
25) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
26) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
27) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |