Сабақтың тақырыбы: Діни білім тәрбие бастауы Сабақтың мақсаты



Дата09.08.2017
өлшемі158,08 Kb.
#23116
Сабақтың тақырыбы: Діни білім – тәрбие бастауы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Негізгі діндер мен конфессиялардың пайда болу тарихынан және олардың қазіргі уақытта қоғамыздағы таралуынан мағлұмат беру.
Дамытушылық: Діндердің қызметтерінің негіздерін ашып көрсете отырып оқушылардың дүниетанымын кеңейту, діннің құрылымы негізінде қоғамдағы діни ағымдарды ажыратып ой-өрістеріне, сана сезімдеріне т. б қабілеттерді жастардың бойына сіңіру.
Тәрбиелік: Сынып оқушыларын діннің қызметімен таныстыра отырып, діни салауаттылығын көтеру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерге баулу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ


Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен сәлемдесу, түгендеу)
2 Мұғалім сөзі: Діни экстремизмнің алдын алу – өзекті мәселе.
3 Дін не үшін адамзатқа керек болды? Ауыл имамы Байсарсенов Т
4. «Алла деген ар болмас» өлеңдер
5. Имани жыр «Құдірет»
6. Көрініс «Ақылды адам Алласын таниды»
7. Имани жыр « Жамағатқа насихат»
8. Аллаһ кімдерді сүйеді Аллаһ кімдерді сүймейді.
9. Әлем мұсылмандары «Кока-колаға» қарсы
10 Қорытынды

Бір Аллаһ болсын жүректе


Өзгеге кетпе сатылып
Жаратқанды білмеген,
Адамзат сипат мақұлық.
Соңғы жылдары лаңкестіктің бір түрі – діни экстремизм кеңінен таралуда. Діни ұйымдар басқа мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатына, адамдардың психологиясына әсер етуде, қауіпті сипат алып келеді. Оның қауіптілігі сол, діни экстремистік ұйымдар қандай да бір елдегі қалыптасқан тәртіпті бұзуға әрекет жасайды және бұл істе өзінің қатарына жастарды тартуы. Елбасымыз халыққа жолдауында айтылғандай:«Ұлттық қауіпсіздік» Тәуелсіз мемлекетіміздің өмір сүруінің басты кепілдігі болса, оны қорғау әрбір қазақстандықтардың қасиетті борышы болып табылады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Дініміз –Ислам, түбіміз –түрік, мәзһабымыз – имам Ағзам» - деген сөзін жаңғыртуымыз керек.

Ауыл имамы Т. Байсарсенов, «Дін не үшін адамзатқа керек?»


Дін тақырыбы адамдарды өте қатты қызықтырған. Әрбір адам дінді түсінуге және діни өмір сүруге тырысқан. Дініне байланысты өмір сүріп, балаларын сол тәрбиеде тәрбиелеген. Ақылы мен білімін қолданып, өзі таңдаған дінді қорғап, оны жалғастыруға тырысқан. Дін адамдарға байланысты бір ұйым. Адамның рухтың және физикалық қажеттіліктерін толық қамтамасыз етіп, жетілуін жүзеге асыратын негізгі мақсат болып табылады. Дін рухтың азығы және дененің шипасы. Адамға адам болуды, ұлттарға бірлік пен тұтастыққа өмір сүруді үйреткен жауапкершілік түсінігін, құлшылық білімін және жақсы ахлаһты қалыптастырады. Жанұяны, мемлекет ұйымын және қоғам құрылымын мықты негіздермен қамтамасыз етеді. Міне, дін адамдарға осы үшін керек.

Асел: «Лә Иләһи илләллаһ,


Мұхаммәдур Расулулаһ»,
Имам Ағзам – мазһабым
Мұсылманыңмын асқақ үн.
Шайтанның еріп соңынан,
Бұлт шалмасын аспаным.
Бір Аллаға сыйынам,
Қолдай алар басқа кім?

Бір Алланың арқасы


Сандығын жырдың ашқаным.
Құдайдан тілеп медетті,
Қысылғанда саспадым.
Құлшылық қылсам күн-түні
Жалындап өтер жас шағым.
Алланы танып өтейін,
Өмірде мынау қас – қағым.

Айбек:
Мұсылман болып бір беті,


Кәпір болып бір беті.
Өзгеріп кетті бүгінде,
Қазағымның келбеті.
Қайда кетіп барасың,
Мұхаммедтің үмбеті.
Орындалмай жатыр ғой,
Пайғамбардың сүннеті.

Қайда кеткен халқымның,


Құранға деген құрметі.
Жұртыма менің жұқпасын,
Күпірліктің індеті.
Мойынсыну Аллаға -
Мұсылманның міндеті.
Мұсылманды түбінде,
Мойындайды жер беті.

Ақерке:
Имани жыр «Құдірет»


Көрініс «Ақылды адам Алласын таниды»
Анасы: Гүлшырын
Ұлы: Талғат
Мұғалім сөзі:
Әңгіме барысында айтылып отырған 5 атты дегеніміз - 5 уақыт намаз, 30 атты -30 күн оразамыз. Айналып келгенде, Ұлы Жаратушы Алла Тағаланы, оның күллі мұсылманға парыз қылған 5 уақыт намаз бен 30 күн оразасын берік ұстансақ, адамгершілік қалпымыздан айнымаймыз дегім келеді. Демек, Алланы естен шығармау ата-ананы құрметтеу – күллі мұсылманның міндеті.
Асел: Имани жыр «Жамағатқа насихат»

5. Аллаһ кімдерді сүймейді (оқушылар өз ойларын ортаға салып дұрыс пікірлерін қалыптастырады)


Аллаһ өзіне сенбейтіндерді, пайғамбарына мойынсұнбайтындарды сүймейді.
Аллаһ ата-анасына қарсы шығатындарды және оларды тыңдамайтындарды сүймейді.
Аллаһ ішімдік ішетіндерді сүймейді
Аллаһ қажетсіз ақша шашатындарды сүймейді.

Аллаһ кімдерді сүйеді


Аллаһ өзіне сенетіндерді сүйеді.
Аллаһ ата-анасына қайырым жасайтындар мен оларды тыңдайтындарды сүйеді.
Аллаһ сабырлыларды сүйеді.
Аллаһ намаз оқитындарды сүйеді.
Аллаһ ораза ұстайтындарды, зекет беретіндерді, қажыға баратындарды сүйеді.
6. Әлем мұсылмандары «Кока-колаға» қарсы. ( «Кока-кола» сусынның сиқырлы құпиясы)

Қорытынды.


«Діни білім – тәрбие бастауы» Дін –адамды туралық пен әдемілікке жетелейтін жол, адам өмірін тәртіпке келтіретін жүйе. Сондықтан да дін тәлім-тәрбиесі әрбір адам үшін пайдалы және қажеттілігін жоймайды.

Діни білім – тәрбие бастауы



(дінтану сабағы)

Жеке тұлғаның мейірімді, ізгі қасиеттері мол, адамгершілік қасиеттері жақсы дамуы үшін дінтану сабағының тигізер әсері зор деп білеміз.

Дін мен ғылым. Діннің зерттеу нысаны рух, ал ғылым тәнді зерттейді. Дін жүрекке, ғылым миға әсер етеді. Екеуінің де мақсаты – адамды сенімге әкелу болғандықтан, олардың арасында қайшылық жоқ. Оларды біріктіретін руханият.

Рух – Аллаһ тағаланың қуаты. Оны исламда «Жаратқанның шапағат нұры» деп атайды. Осы нұрдан келіп барлық болмыс, көріністер шығады.

Сыйынарымыз – Алла, тегіміз – түрік – табынарымыз – қасиетті Құран Кәрім. Бүгінгі дінтану сабағымыз қасиетті Құран Кәрім жайында болмақ.

Қандай іске кіріссең де Бисмиллаһир – рахманир – рахим деп бастасаң, сонда сол істің сауабы тиеді, істеген ісің жақсылыққа бастайды. Міне, біз де бүгінгі сабағымызды де Бисмиллаһир – рахманир – рахим деп бастаймыз.

Кітап

Құран – Ислам дінінің ең негізгі басты кітабы. Ол діннің ғана емес, араб әдебиетінің классикалық үлгісі. Дүние кілті – Құранда. Ішінде қазына жатыр. Кілтті ал да, ашып қара. Құр сәнге қойғаннан пайдасы жоқ. Пайдасы – ішіндегі қасиетті сөзінде. Оны жаны да, тәні де таза пенде парақтап, ішіндегі ұлы сөзді бойына сіңіргенде ғана киелі ілімнің қасиеті дарымақ.



Құран Кәрім аяттарын Алла тағала Жәбірейіл періште арқылы пайғамбарымыз Мұхаммедке 23 - жыл ішінде әр түрлі тарихи оқиғаларға байланысты уаһи түсірген, кейін халиф, сахаба, хафиздер арқылы Құранды толық етіп жинап, кітап жасап шығарған. Құранда 6666 аят, 114 сүре енгізілген, 114 - сүренің 92 - Меккелік, 22 - Мединелік.

Мұхаммед хадистерінде 10 түрлі мәселе туралы айтылған:



  • Ғылым – білім;

  • Әйел, ана, қыз;

  • Нарық, сауда, байлық;

  • Бақыт – бақытсыздық;

  • Жақсы – жаман;

  • Арақ – шарап;

  • Бала;

  • Ауру;

  • Дін;

  • Ар – ұят.

Мұхаммед 570 жылы Меккеде дүниеге келген. Оның әкесі Абдулла, атасы Әбдүлмүтәліп, әкесі болашақ пайғамбар дүниеге келмей тұрып қайтыс болған. Ал анасы Әмина Мұхаммед 6 жасқа келгенде қайтыс болды. Сондықтан Мұхаммедтің тәрбиесі атасы мен ағасының мойнында болды. Бала жастайынан адал әрі тәрбиелі болған, жұрт оны «Әл - Әмин» деп атап кетті. Мұхаммед пайғамбар 23 жыл пайғамбарлық сүрелерін адамзатқа жеткізумен болады. 63 жасында көз жұмды. Содан бері Құранның бір сөзі де өзгертілген жоқ.

Раушан гүл

Раушан – гүлдердің патшасы. Ол ислам дініне тікелей байланысты. Оның сұлулығы мен иісі пайғамбарымызға тән. Әли ибн Әбу Тәлібтен жеткен хадисте пайғамбарымыз: «Мен миғражға көтерілген түні жерге менің терім тамды және ол жерден раушан гүлі өсіп шықты. Кімде – кім менің иісім қандай екенін білгісі келсе, раушан гүлін иіскесін», - деген.

Енді Құран Кәрімдегі сөздердің мағынасын ашып түсіну үшін сөздікпен жұмыс жасайық.

Алла – Ислам діні ұғымында күллі ғаламды жаратушы. Бәрі де бір Алланың құдіретімен болмақ. Голландық психолог, Құран құпияларын зерттеп жүрген Мұсылман емес ғалымдардың бірі Құранды оқып және «Аллаһ» сөзіне қатысты жаңалық ашқан. Оның айтуынша арабша әріп танитын және үнемі Құран оқитын адамдар психологиялық ауруларға шалдықпайды екен.

Психологтың пайымдауынша, «Аллаһ» сөзінің бірінші «А» әрпі тыныс алу жүйесінің жұмысына оң ықпал тигізеді. Одан кейінгі екі «л» әрпі тыныс алуға сәл іркіліс жасайды, бұның да денсаулыққа пайдасы зор дейді. Соңғы «һ» әрпі өкпе мен жүректі бір – біріне жанастырып, өз кезегінжде жүректің соғысын реттейді екен.

Психолог ғалымның зерттеуін өз тәжірибемізде қолданып көрейік.

Уаһи – хабар (пайғамбарымызға аян беріп, құлағына Жәбірейіл періште сыбырлап айтқан).

Сахаба – пайғамбарымыздың әрдайым қасында жүріп, уағыздары мен соғыс жорықтарына қатысып, ислам дініне үлес қосқан серіктері.

Хафиз – Құранды жаттап, үнемі есінде сақтағн адам.

Қари – Құранды жаттап, оны жеті түрлі әуенге салып оқушы адам. (музыка)

Ғайып – Көзбен көрмесек те жүрекпен сезінетін әлем. (гүлдердің ашылып - жабылуы)

Сапиолла – Адам атаның шын аты.

Уасуаса – азғыру.

Ислам дінінің маңызы мен тәрбиелік мәнін әлемдік деңгейде ой толғаған ұлы тұлғалардың өздері де мойындаған. Лев Толстой Құранмен терең танысып, Мұхаммедтің шын мәніндегі пайғамбар екенін түсінген, Ислам дінін мойындаған. Құранды Гете неміс тілінде, Пушкин орыс тілінде, Абай, Шәкәрім қазақ тілінде жырға қосқан.

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Иманым» атты өлеңінен аудиодыбыстан үзінді

Қырықтан соңғы иманым –

Отыз жылдай жиғаным.

Көп ғалымның сөзінің

Ақылға алдым сыйғанын.

 

Молдалардың әдісін,



Пайғамбардың хадісін,

Әулиелік жәдісін,

Алмадым ақыл тыйғанын.

 

Айтса қандай ғалым зат



Дәлелсіз болса, бәрі ағат.

Даусыз таза хақиқат

Жолында жанды қиғаным.

Сабағымыздың қорытындысы ретінде сөзжұмбақ шешуді ұсынамын.

Сөзжұмбақ – 17 – 27 слайдтар

1. Ислам дінінің қасиетті, негізгі бас кітабы (Құран)

2. Меккеде ең алғаш мешіт салдырған, Абайдың әкесі (Құнанбай)

3. Бес парыздың бірі (Ораза)

4. Меккедегі сыйынатын қасиетті тас (Қағба)

5. Пайғамбардың анасы (Әмина)

6. Пайғамбар қай жерде дүниеге келді? (Мекке)

7. Екі рет қажылыққа барған Абайдың немере інісі (Шәкәрім)

8. Құранды жаттап, оны жеті түрлі әуенге салып оқушы адам (Қари)

9. Рамазан айында әр жан басының амандығына берілетін садақа (Пітір)

10. Пайғамбарымыз кім? (Мұхаммед)

«Батамен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер» дейді халық мақалы. Дұға оқып, бата жасау қазақ халқының ең маңызды бір дәстүрі болып табылады.

О. Жасаған құдайым,

Өзіңнен медет сұраймын.

Пәле - жаладан, қауіп - қатерден,

Күле жүріп күңіренгеннен сақта.

Иә, бабам бағып жүр,

Адассақ жолға салып жүр,

Пәлекет тисе егер де,

Қанатыңмен қағып жүр,

Жарлы қылмай малды қыл,

Топ ішінде көсем қыл.

Дұшпандарға сөз бермей,

Сөзге жүйрік шешен қыл!

Дұға оқылып, бата жасалғанда ізгі тілекке көп болып атсалысады.

Алла тағала да «көптің тілеуін берейін» деген. Біздің де тілегіміз қабыл болсын!



Тақырыбы: «Дін - тәрбие бастауы»
Мақсаты: Білімділік – ислам діні туралы, мұсылмандықтың бес парызы туралы ұғындыру, имандылық туралы түсінік беру, Ойлау қабілетін шыңдау, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі Нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Сабақтың жүрісі I. Кіріспе сөз - Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Бүгінгі «Құран - Шариғат» бағыты бойынша өтетін «Дін - тәрбие бастауы» атты ашық тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер! II. Мұсылман діні туралы
Мұсылман әлемі мен мәдениеті өте ежелгі әрі қызықты тарихи оқиғалардан құралған, Ислам діні - әлемдік діндер ішіндегі ең кең тараған қасиетті дін. Ол Араб түбегінде VII ғасырда пайда болды. Ислам дінінің негізін салған – Мұхаммед ибн Абдулла ибн Әбді Мүтәліб ибн Хашим. Мұхаммед пайғамбар Меккеде 13 жыл, Мединеде 11 жыл араб халқын Ислам дініне үгіттеген. Діни ұғым бойынша Алла бар, ол біреу және бәрі соның қолында. Алладан басқа табиғат құбылыстарына, қолдан жасалған мүсіндерге, рухтарға табынуға, сыйынуға болмайды. Діннің басты негізі және мұсылмандықтың кілті – «Лә иләһа илла Аллаһ, Мұхаммад расул Аллаһ», яғни мағынасы «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген сөйлемде жинақталған. Мың жылдан астам уақыт бойына ата - бабаларымыз осы Ислам дінін ұстанып, жоғары бағалап, мұсылман атанып келеді. Рухани тазалықтың, ар - ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі дін екенін сол қоғамда өмір сүріп отырған әрбір адам білуі шарт. Сондықтан да имандылық пен адамгершілікті бір ұғым деп білген жөн. Күллі мұсылман қауымының шариғат заңдылықтарында, діни ғұрыптарында, тіпті күнделікті тіршілігінде басшылыққа алатын, аса киелі, қасиетті кітабын Құран деп атаймыз. Ол мұсылмандар ұғымында тура жол көрсетуші қасиетті кітап Құранда 144 сүре бар. Оның ең қысқа сүресі 3 аяттан тұратын «Кәусар», ал ең ұзағы 286 аяттан тұратын «Бақара» сүресі.
Ислам діні адамның тән тазалығымен қатар ішкі жан дүниесін де таза ұстауға көмектеседі. Өзін мұсылман санайтын адам баласы 5 парызды ұстануы керек.
1. Аллаға сеніп, Мұхаммедтің үмбеті екенін мойындау.
2. Дәрет алу, күніне бес рет намаз оқу.
3. Рамазан айында отыз күн ораза ұстау
4. Қажылыққа Меккеге бару.
5. Жарлыға зекет беру (пітір - садақа беру)
Алла тарапынан білдірілген әмір, міндет және тыйымдардың жиынтығын дін деп атайды. Дін – үлкен ғылым. Ислам діні қоғамға және ізгі адам баласын адамгершілікке баулуға қызмет етеді.
Қасиетті Құран кітабын дәрет алып қолға ұстағанда «Биссмиллаһир - рахманир - рахим» деу керек. Құран кітапта жазылған аяттар адамды мұсылмандық жолға бастайды.
Мешіт – Алла үйі, қасиетті инабат, ғибадат орыны. Мешітке оң аяқпен сәлем беріп кіреді. Мұнда төрге, орынға таласпайды, әдепсіз сөйлеуге болмайды. Әр мұсылман Алла үйіне құрметпен қарауға міндетті.
III. Хадистер. Мұхаммед пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы.
Өз жолына иланғандарға Мұхаммед пайғамбар үйреткен ережелер:
1) 1. Ашуды тежеп ұста. Туыстардың қияңқы қылықтарын кешір.
2. Бір - біріңе кек сақтама. Біріңді - бірің қызғанба. Біріңді - бірің мазақтама.
3. Өзара аңдыспа. Басқаның сенімін алдама.
4. Досыңды сыртынан жамандама
5. Ұрлық жасама.
6. Заңсыз іске араласпа.
7. Мұқтаждық үшін берген қарыздан өсім алма.
8. Біреудің осалдығын дабырлатпа.
9. Хайуанаттарға қатігездік жасама т. б.
2) Мұхаммед пайғамбар шындықтың адамдарды жақсылыққа жеткізетінін, ал өтірік күнәға батыратынын ескертеді. «Ей, адамдар, өтіріктен аулақ болыңдар!» деп үндеді. Адамның ең ұлы қасиеті – адалдық. Өмірді адалдық қана нұрландырады, жан тазалығына жеткізеді.
3) «Қайырымдылықты оң қолыңмен жаса, сол қолың білмей де қалсын» дейді екен пайғамбар. Бірақ қайырымдылық қайыр – садақамен ғана шектелмеген. Айталық: біреулердің басқаларға жылы шырайы, жолдан адасқанға жөн сілтеу, жол үстінде аяққа оралға шөп - шалаң, тас - кірпіштерді алыптастау, соқырды кедергіден өткізіп жіберу, тіл қатқан адамға сыпайы сөйлесу, әлде біреуді сабырға шақырып, сабасына түсіру.
4) Әке - шешені пайғамбар қатты құрметтеді. «Жұмақ ананың табанында» деді ол. «Әкенің ризалығы – Алланың ризалығы. Әкенің реніші – Алланың реніші». Бір күні пайғамбарға әлдекім келіп: Айтыңызшы, мен жақсылықты әуелі кімге жасауым керек? - деп сұрапты. «Өз анаңа» деді пайғамбар. «Тағы кімге?» деді әлгі адам. «Анаңа» деп жауап берді пайғамбар. «Сонан соң кімге?» деді сұраушы. «Өз әкеңе» деді пайғамбар.
Кім ата - анасына қандай жақсылық көрсеткен болса, соны өзінің бала - шағасынан көреді. Күнәлардың ең үлкені – ата - анаға лағнет айту. Ата - анаға ренжіп, кейіп, сөз қайтармауымыз керек, яғни ата - анамызды ренжітуден аулақ болуымыз керек.
5) «Білім игеріңдер» деді пайғамбар өзіне ілескендерге. Білім іздеу - әрбір мұсылманның қиналғанда қуаткер, оңашада ой - серік, жалғыздықта жолдас, бақытқа бастар ақылшы, торыққанда таяныш, адамдар арасында айбар, жауға қарсы жебе – сол білім болмақ.
6) Әрбір мұсылман баласы ерекше таза киініп жүруге міндетті. Ислам қағидалары бойынша киім - кешектің екі түрлі қызметі бар: адам денесін ыстық - суықтан қорғайды, сондай - ақ адамға көрік, сән береді. Мұсылман баласы ерекше қымбат киімге әуес болмағаны дұрыс.
7) Жәрдем немесе қайыр садақа беруді ең әуелі өзіңнен баста. Артылғаның болса, отбасыңды жарылқа, тағы бірдеңең артылып қалса ағайын - туыстарыңа бер. Олардан да артылып жатса, басқаларға бер.
8) Адамдармен үнемі ұрыс - керіс жағдайында болу күнәһар атану үшін жеткілікті. Ашу қыса бастаса сабыр сақтау керек. Адамға ашу түрегеп тұрған кезінде келсе, дереу отыра қалсын. Егер ашуы сонда да басылмаса, жатып алсын. Оттың ағашты жалмағаны сияқты, ашу - ыза мен қызғаныш ізгілікті жояды.
9) Тістерің мен саусақтарыңды күтіп ұстаңдар! Өйткені олар – тазалық, ал тазалық имандылыққа шақырады, ал имандылық өз серігімен бірге жұмақта болады.
10) Қанша қауіпті болып көрінсе де сіз әрқашан ақиқатты қалаңыз, соңы сәтті болады. Құтқарушы адал сияқты көрінсе де өтіріктен аулақ болыңыз, аяғы қасіретке соғады.
IV. Көрініс: «Ата мен бала»
V. Мұсылман мейрамдары мен салт - жоралғылары.
Рамазан айт. Бұл мейрам мұсылмандардың ораза тұтанын Рамазан айы аяқталып Шәууал айының 1 - күні басталады. Ол үш күнге созылады. Мұсылмандар алғашқы күні айт намазын оқып, артынша амандық сұрасып, бір - бірін қонаққа шақырады, өзара жақсы тілектер айтып, ерекше қуанышпен атап өтеді.
Құрбан айт. Үш күнге созылатын бұл мейрам мұсылман күнтізбесі бойынша Ораза айтынан 70 күннен кейін Зұлхиджа айының 10 - ы күні басталады. Құрбан айтта мұсылмандар Айт намазын оқып, құрбан шалады.
Мәуліт мерекесі. Мәуліт – Мұхаммед пайғамбардың туылған күні. Мәулітте құран оқылып, Мұхаммед пайғамбарға салауаттар айтылады.
Қадір түні. Құран кітабы түскен, адамдардың күәсі кешірілетін, бір жылғы ырзығы белгіленетін, жақсылығының сауабы еселенетін, дұға тілегі қабыл болатын, Алланың мейірімі жауатын ең қасиетті түн. Қадір түні Рамазан айының 27 - түні болады. Бұл түнді мұсылмандар құлшылықпен, мінәжатпен өткізеді.
Құрбандық шалу – Жаратушыға жақындау үшін жасалатын құлшылық міндеттердің бірі, құрбандыққа негізінен түйе, сиыр, қой немесе ешкі сойылады. Құрбан етінің үштен бірі отбасына қалдырылып, 2 - бөлігі ағайын - туысқа, көршілерге немесе жолдас - жораларға беріліп, 3 - бөлігі тұрмысы төмен кедейлерге, жетім - жесірге таратылады.
VI. Имандылық туралы өлеңдер.
Ш. Құдайбердиев «Адамдық борышың»
Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл,
Ақ жолдан айнымай, ар сақта, оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен.
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.

Мақтанға салынба, мансабтың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе, басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,
Жоба тап, жол көрсет келешек қамы үшін.

Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің
Барыңды, нәріңді, тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт – осыны ұқ, мәңгілік өлмейсің!

Кісіге адамшылық неге керек?
Кісіге адамшылық неге керек?
Адамдық өзге айуаннан артық демек.
Ит талаған төбеттен қалай дейсің
Аямай әл келгенді жұлып жемек?

Мейірімсіз қасқырда да күшті өмір бар,
Артылған жерің қайсы онан бөлек?
Үнемі сен жеріңді қайдан білдің
Бұл дүние кезек берер істі дөңгелеп.

М. Тазабеков «Руханият»
Көрініс: «Уәзір мен кедей»
Имандылық туралы мақал - мәтелдер
1. Ата жолы - адамдық, ана жолы – адалдық.
2. Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі.
3. Кешірім жасау – кеңдік, кешіре алмау – кемдік
4. Алғыс алған алтынға жолығады.
Қарғыс алғанның аты жоғалады.
5. Алла деп бастаған іс алдымен бітеді.
6. Мал – бір жерге, иман бір жерге.
7. Ұяты жоқтың иманы жоқ.
8. Қадірлесең, әр тін қадір.
9. Сеннен - әрекет, Алладан – берекет.
10. Молда болғаннан, адам болған қиын.
11. Сұрай - сұрай Қағбаға да жетерсің.
12. Хақтың жолы – бір, жалғанның жолы – мың.
13. Жалғыздың жары – құдай.
14. Жаманмен жүздесу жаһаннам.
15. Әкбар бермейді – Алла береді.
16. Семсер, құран серті – бір.

Ақиқат жолы (Ғ. Төлегенқызы)
Өміріме нұр құяр Құран шырақ.
Ойыма салмас ешбір тұман - сызат.
Айнымастан әрқашан сеніп өтем
Төрт шындықтың барына күмәнсіз - ақ

Ең бірінші сенемін – Жаратқанға
Екіншіден сенемін Хақ сөзіне
Үшіншіден сенемін Пайғамбарға
Бас иемін Алланың жарлығына.

Қанатын қырандардың қайырмағай
Сұмдық - қулық қоғамға жайылмағай
Жаратқаным жар болып бәрімізге
Ақиқаттың ақ жолынан айырмағай.

- Мың жылдан астам уақыт ата - бабаларымыз ұстанып келген Ислам дінін құрметтеуіміз керек. Отан иманнан басталады демекші. Өз Отанымызды сүйген адал, иманды азамат болайық.
Хор «Атамекен»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет