1-билет Кіріспе, «Ветеринариядағы менеджмент» пәні және оның мақсаты мен міндеттері



бет7/9
Дата24.10.2019
өлшемі118,41 Kb.
#50584
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
menedzhment bilet zhauaptary-1 (1)


22 билет

1.Ветеринариялық қадағалаудың нысандары мен тәсілдері. Шаруашылықтағы ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасында жануарлар ауруларымен күресу шаралары ҚР Президенті бекіткен (Бірінші заң 1995 жылы 25маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады). «Ветеринария туралы заң» негізінде, Үкімет жарғылары және ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринария туралы заң актілері мен нұсқаулары бойынша жүргізіледі. Қазақстанда ветеринария саласын қадағалау органдары мемлекеттің басқаруында болады, жүргізілетін ветеринариялық шаралар жоспарлы түрде, ал аса қауіпті жұқпалы ауруларды және карантиндік шараларды қоспағанда, ветеринариялық жұмыстардың барлық түрлері бәсекелестік ортаға берілген және лицензиялауға жатады. Ветеринариялық препараттарды өндіру саласы да бәсекелестік ортаға қарайды.Жұқпалы аурумен күресудің негізі аурудың алдын алу болып табылады. Сиыр шаруашылығында жүргізілетін ветеринариялық шаралар шаруашылықтың жоспарлы жұмыстары құрамына кіреді және мал шаруашылық мамандарымен біріге отырып жүргізіледі.Жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларымен күресу мақсатында кешенді жалпы және арнайы шаралар жүргізіледі. Жануар ағзасының саулығын қорғау, шаруашылық мамандарының күнделікті жұмыстарының басты нәтижесі болып саналуы қажет. Жануар өнімінің өнімділігін арттыру және ның саулығын сақтау өзара тығыз байланысты.Осыған байланысты, шаруашылық мамандары міндеттерінің қатарына мына төмендегілер жатады:1. Жануар ауруының сыртқы және ішкі себептерін білу;2. Кеңінен тараған аурулардың пайда болу себептерін алдын алу шараларын анықтау;3. Қарапайым емдеу әдістерін қолдана от ырып, ауру малға алғашқы көмек көрсету;4. Ең көп тараған жұқпалы емес аурулардың пайда болуын және алдын алу жолдарын білу;5. Мал басын қорғау мақсатында сақтық шараларын жүргізу;6. Ветеринариялық мамандарға арнаулы шараларды жүргізуге көмек беру;7. Мал шаруашылығы мамандарының ветеринариялық санитариялық білімін жетілдіру.Мал шаруашылығында ветеринариялық санитариялық талаптарды, мөлшерлерді қолдану және технологиялық үрдістерді ұйымдастыру, сапасы жоғары мал және мал өнімдерін алу мал басын көбейту және жануарларды бордақылау істері ветеринариялық білімді қажет етеді.
2.Карантиндеу шараларын ұйымдастыру. Жұқпалы ауру байқалған сәтте індет ошағында толық індеттанулық талдау жүргізіледі.Індеттанулық талдаудың қортындылары бойынша сауықтыру шаралары белгіленеді.
Карантин және шектеу.Індет ошағының одан әрі жаюына жол бермеу үшін жүргізілетін ең басты шара ретінде карантин және шектеу қолданылады.
Карантин – жұқпалы аурудың таралуына қарсы бағытталған шектеу шараларының жиынтығы. Оның шарты бойынша індет ошағына күзет посты қойылып,ауру шыққан жерге апаратын жолға көрсеткіш және шлагбаум орнатылады.Кейбір аса қауіпті індет кезінде басқа елді мекендермен барлық қатынас тоқтатылып, автобус маршруттары өзгертіледі.Карантин негізінен аса қауіпті жұқпалы аурулар шыққан кезде қойылады. Мұндай карантиндік инфекцияларға әр түлікте-аусыл,топалаң,бруцеллез,сиырда – оба, мәлік, қарасан, жылқыда – маңқа, мандам, жұқпалы анемия,делбе, қойда – шешек, ешкіде – кебенек, т. б. жатады. Карантиндік шаралар кейбір аурудың індеттік ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді.Әдетте ауруға бейім малдарды әкелуге,немесе араластыруға тиым салынады.Кей жағдайда мал өнімдері мен шикізаттарын дайындау, жем-шөпті әкету тоқтатылып, базарлар жабылып, жәрмеңке мен мал көрмелерін өткізуге тиым салынады.Сиыр обасы, аусыл сияқты аса қауіпті аурулар кезінде барлық щаруашылықтармен қатынастарды тоқтатуға тура келеді.Кейбір аурулар аусыл, топалаң кезінде карантинделген індет ошағының маңайында қауіп төнген аймақ белгіленеді.
Бұл аймақта ауруға бейім жануарларды араластыруға шектеу қойылып, ветеринариялық бақылау күшейтіледі, ауруға қарсы вакциналау жүргізіледі.
Шектеу шаралары – карантиннен гөрі шарттары бәсеңдеу қарым-қатынасты тежеуге бағытталған тиым жолдары. Олардың тез тарай қоймайтын жұқпалы аурулар кезінде қолданады.Карантин мен шектеу жұқпалы ауру байқалған сәтте тағайындалып, ауру басылған соң, яғни ең соңғы ауырған мал сауыққаннан немесе өлгеннен кейін біраз уақыт өткеннен соң барып алынады.Олардың алыну мерзімі аурудың жасырын кезеңінің және аурудан кейінгі микроб алып жүру кезеңінің ұзақтығына байланысты.Жасырын және микроб алып жүру кезеңдері неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым карантин мен шектеу кешірек алынады. Аса қауіпті аурулардан соң карантин алынғаннан кейін бір жыл мерзімге шектеу сақталады.Карантин мен шектеуді алар алдында мал қораларын қорытныды дезинфекция мен санитариялық жөндеу жүргізіледі. Сонымен қабат аурудың ерекшеліктеріне сәйкес бейім жануарлар вакциналануы тиіс. 
3. Жеке вет. қызметті жүргізуге құрылтайшы құжаттардың жиынтығын құрастыру.

ҚР «Ветеринария туралы» Заңында еліміздегі ветеринариялық қызметтің бір тармағы жекеменшік кәсіпкерлік негізіндегі ветеринариялық қызмет деп көрсетілген. Ветеринариялық қызметтің бұл түрі дамыған капиталистік елдерде кең таралған. Ол елдердегі ветеринария мамандарының басым көпшілігі (65-80%) жекеменшік іскерлік қызметпен шұғылданады. Нарықтық экономикаға өтпелі кезеңде жекеменшік іскерлік ветеринарялық іс-әрекетпен шұғылданудың жаңа үлгілері мен құрылымдары біздің елімізде де пайда бола бастады. Олардың қатарында: Кооперативтер; жеке тұлға ретінде қызмет көрсетуші мамандар; серіктестіктер және т.б. құрылымдар жатады.

Осы заңдарға сәйкес заңды және жеке тұлғаларға ветеринариялық жекеменшік кәсіпкерлік іс-әрекетпен шұғылдануына ерік берілген. Сол үшін бұл тұлғалар арнайы лицензия алуға тиісті Жекменшік кәсіпкерлік ветеринарлық қызмет өзіне берілген лицензиясы бойынша рұқсат етілген жұмыстарды ғана орындайды.Ондай қызмет қатарына: кеңес беру, диагноз қою, емдеу, алдын алу шаралары,ветеринарлық-санитарлық жұмыс, хирургиялық көмек, шақыру бойынша көмек көрсету, лабораториялық зерттеу, құрал-саймандар сату.

Жекеменшік кәсіпкерлік іс-әрекетпен шұғылданудың құқықтық-нормативтік негіздері ҚР «Ветеринария туралы» және «Лицензиялар беру» туралы заңдарына айқындалып бекітілген

Ветеринариялық жекеменшік кәсіпкерлікпен шұғылданушы тұлғалардың қызметін басқару мен бақылау мемлекеттік ветеринариялық орталық және жергілікті басқарушы органдарына жүктеледі.

Бұл тұлғалар өз жұмысын атқару дайын «Лицензиялар беру» туралы заңды және ветеринарияны басқарушы мамандардың тиісті ережелерін басшылыққа алуға, орындауға міндетті.

Ветеринариялық медицина дәрігері немесе фельдшері ҚР-ның күшіндегі заңдарына сәйкес жеке тұлға ретінде ветеринариялық кәсіпкерлікпен шұғылдануға ерікті. Сол үшін, олар мемлекеттік ветеринарияның жергілікті органының лицензиясын, жергілікті өкімет органының тиісті рұқсатын алып, салық инспекциясына тіркелуге міндетті.

Ветеринариялық кәсіпкерлікпен шұғылданушы маман жұқпалы аурулар пайда болғаны туралы ветеринарияның жергілікті органдарына жедел хабар беріп, өз тарапынан ауру көзі мен ошағын жою шараларын қолдануға міндетті.

Эпизоотологиялар барысында олар, мемлекеттік ветеринария органдарының нұсқауларына сәйкес ветеринариялық шараларды жүргізеді.

Орындалған жұмыс туралы кәсіпкер мамандар жергілікті ветеринарияның тиісті мекемелеріне есеп беріп отырады.

Лицензия иесі ретінде ветеринарлық қызмет көрсетуге ықылас берілген заңды және жеке тұлғалар саналады. Лицензия алу үшін ізденуші субьект мемлекеттік ветеринария органына тиісті құжаттарын тапсырады. Қажет құжаттар: өтініш және тиісті үлгі бойынша лицензияланатын жұмыстар тізімі, тіркеу куәлігі мен жарғы көшірмесі, патент, қызмет көрсетуде қолданылатын жұмыс орны , санитарлық экологиялық талаптарға сәйкестігін көрсететін анықтама.

Лицензиялық алқа республикалық немесе жергілікті мемлекеттік ветеринариялық органдарының бұйрығы бойынша құралады. Алқа құрамында ветеринарияны басқару органдарының, білім және ғылым мекемелерінің кәсіби ұжымдардың білікті ветеринария мамандары тартылады.



Лицензия алқаның негізгі міндеттері: Лицензиялаудың шартты жобаларын жасау;Лицензия сұраушы заңды және жеке тұлғаның біліктілігін анықтаушы эксперт мамандарды тағайындауды;Лицензия бермеу туралы шешім қабылдау;Лицензияларды мерзіміне байланысты тіркеу.

Лицензиялық алқаның құқықтары: Тиісті органдардан заңға және «Жекеменшік кәсіпкерлік туралы» ережелерге сәйкес құжаттар мен материалдарға сұраныс жасау, лицензия сұраушылардың құжаттары мен материалдарын эксперттік сараптауға және кеңес алуға ветеринарияның білікті мамандары мен ғалымдарын шақыру; Лицензия берілген ветеринариялық жұмыстар жүргізілетін немесе жүріп жатқан объектілерге ешбір бөгетсіз өтуге, лицензия алушының жұмысын тексеруге, егер біліктілігі күдікті болса немесе құжаттары дұрыс толтырылмаса оны қабылдамау, мемлекеттік ветеринария заңдары арқылы лицензиялау мәселелеріне байланысты істерді сотқа беру.
23 билет

1. Шекара мен көліктегі ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру. Шекаралық бақылау бекеттері мен постыларының қызметтері

Көлік және шекарадағы бақылау – арнаулы мемлекеттік органдар мен мекемелердің міндеті. Бұл жұмысты басқару үшін көлік және мемлекеттік шекарадағы ветеринария бас басқармасы құрылған. Бірақ, бұл бақылауды жергілікті ведомстволық ветеринарияның мамандары да өз міндетін атқаратын аймақта жүргізеді. Бақылау кезінде олар тиісті ветеринарлық ережелердің, нұсқаулардың орындалуын қадағалайды. Мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау ережелерін, нормативтік құжаттарды республика үкіметі бекітеді.

Шаруашылықтан жөнелтілетін малды күні бұрын байқаудан, тиісті алдын алу шаралардан өткізеді (диагностикалық зерттеулер, егулер, паразитоздарға қарсы шаралар). Мал, өнімдері мен шикізаттарына тасымалдау (айдау) үшін міндетті түрде ветеринарлық куәлік (сертификат) немесе анықтама беріледі. Бұл құжаттар ресми ветеринарлық-санитарлық жолдама құжаттар деп аталады. Олар мал, өнімдерінің, сонымен қатар шыққан жерінің жұқпалы аурулардан тазалығын (ауру барын) көрсетеді. Куәлік ауданнан тыс жерде және ет комбинатына жазылады, ал одан басқа жағдайларда аудан ішінде анықтама беріледі.

Куәлік беру мемлекеттік ветеринарияны басқару органдары мен мекемелерінің, сондай-ақ ведомстволық, жекеменшік кәсіптік ветеринарлық қызметтің жекелеген мамандарына ресми тапсырылған. Куәліктің №1 үлгісі бойынша малға, құсқа, тірі балыққа, шаянға, бал арасына, ұрықтандырылған уылдырық пен жұмыртқаға беріледі. Ал №2 үлгідегі куәлік ет және ет өнімдеріне, басқа да мал текті өнімдерге, шикізаттарға, кейбір мал азықтарына беріледі.



Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, қалалар мен аудандарда аумақтық инспекциялары, олардың ішінде орын ауыстыратын обьектілеріне ветеринариялық – санитариялық бақылау және қадағалау жүргізетін қажетті құралдармен және жабдықтармен жарақатталған шекаралық және кедендік пункттерде орналасқан ветеринариялық бақылау бекеттері бар. Бекеттер белгіленген режимде жүмыс істейді және мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторлардың қажетті санымен жинақталады. Бүгінгі күні 28 ветеринариялық бақылау бекеттер, 5 темір жолында, 18 автокөлік жолдарында өңдеу үшін 2 дезинфекциялық жуғыш станциялары бар.

2.Карантиндеу шараларын ұйымдастыру. Жұқпалы ауру байқалған сәтте індет ошағында толық індеттанулық талдау жүргізіледі.Індеттанулық талдаудың қортындылары бойынша сауықтыру шаралары белгіленеді.
Карантин және шектеу.Індет ошағының одан әрі жаюына жол бермеу үшін жүргізілетін ең басты шара ретінде карантин және шектеу қолданылады.
Карантин – жұқпалы аурудың таралуына қарсы бағытталған шектеу шараларының жиынтығы. Оның шарты бойынша індет ошағына күзет посты қойылып,ауру шыққан жерге апаратын жолға көрсеткіш және шлагбаум орнатылады.Кейбір аса қауіпті індет кезінде басқа елді мекендермен барлық қатынас тоқтатылып, автобус маршруттары өзгертіледі.Карантин негізінен аса қауіпті жұқпалы аурулар шыққан кезде қойылады. Мұндай карантиндік инфекцияларға әр түлікте-аусыл,топалаң,бруцеллез,сиырда – оба, мәлік, қарасан, жылқыда – маңқа, мандам, жұқпалы анемия,делбе, қойда – шешек, ешкіде – кебенек, т. б. жатады. Карантиндік шаралар кейбір аурудың індеттік ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді.Әдетте ауруға бейім малдарды әкелуге,немесе араластыруға тиым салынады.Кей жағдайда мал өнімдері мен шикізаттарын дайындау, жем-шөпті әкету тоқтатылып, базарлар жабылып, жәрмеңке мен мал көрмелерін өткізуге тиым салынады.Сиыр обасы, аусыл сияқты аса қауіпті аурулар кезінде барлық щаруашылықтармен қатынастарды тоқтатуға тура келеді.Кейбір аурулар аусыл, топалаң кезінде карантинделген індет ошағының маңайында қауіп төнген аймақ белгіленеді.
Бұл аймақта ауруға бейім жануарларды араластыруға шектеу қойылып, ветеринариялық бақылау күшейтіледі, ауруға қарсы вакциналау жүргізіледі.
Шектеу шаралары – карантиннен гөрі шарттары бәсеңдеу қарым-қатынасты тежеуге бағытталған тиым жолдары. Олардың тез тарай қоймайтын жұқпалы аурулар кезінде қолданады.Карантин мен шектеу жұқпалы ауру байқалған сәтте тағайындалып, ауру басылған соң, яғни ең соңғы ауырған мал сауыққаннан немесе өлгеннен кейін біраз уақыт өткеннен соң барып алынады.Олардың алыну мерзімі аурудың жасырын кезеңінің және аурудан кейінгі микроб алып жүру кезеңінің ұзақтығына байланысты.Жасырын және микроб алып жүру кезеңдері неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым карантин мен шектеу кешірек алынады. Аса қауіпті аурулардан соң карантин алынғаннан кейін бір жыл мерзімге шектеу сақталады.Карантин мен шектеуді алар алдында мал қораларын қорытныды дезинфекция мен санитариялық жөндеу жүргізіледі. Сонымен қабат аурудың ерекшеліктеріне сәйкес бейім жануарлар вакциналануы тиіс. 

3. Халықаралық ветеринариялық қарым қатынастар

Қазіргі кезде жер жүзіндегі мемлекеттер арасында саяси экономикалық байланыстар жете дамыған. Соған байланысты ветеринария қызметі көлемінде де жан жақты қарым қатынастар жасалады. Бұл байланыстардың негізгі мақсаты – ветеринариялық қызметтің ойдағыдай болуы, адамдардың денсаулығын сақтау, мемлекетаралық шекаралар арқылы қауіпті аурулардың таралуына жол бермеу болып табылады. Осындай мақсаттарға жету үшін және де мемлекеттер арасында жұқпалы аурулармен күресудің үздік тәжірибесімен алмасу, ветеринариялық қызметті ұйымдастырудың кемелді үлгілерін насихаттау да жатады.

Сондықтан, біздің еліміздің де дүниежүзілік немесе халықаралық ветеринариялық бірлестіктер мен ұйымдарға енуінің зор маңызы бар. Оларға жататындар: Дүниежүзілік ветеринариялық бірлестік, Жануарлар денсаулығын сақтаудың халықаралық бюросы (OIE), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ-ның азық түлік және ауылшаруашылығы ұйымы және т.б. халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер.
24 билет

1.Жүктерді тасымалдау ережелері

1. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 21-бабына 5-тармағының сәйкес, осы Ереже заң жүзінде ұйымдастыру, шаруашылық және басқа да қарым-қатынаста жүк иелерімен, тасымалдаушылар және бақылаушы органдар арасында ветеринариялық заңдылықтардың нормаларын және талаптарын мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктер (бұдан әрі - бақылаудағы жүктер) тасымалданғанда орындалуы үшін жасалынған.

 2.Бақылаудағы жүктер Қазақстан Республикасының аумағында тасымалданғанда (орнын ауыстыруды), міндетті түрде мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудан өтуі қажет.

  3.Мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жататын бақылаудағы жүктер:       

1) жануарлар - үй жануарларының барлық түрлері, жабайы аңдар, зоопарктегі, цирктегі, лабораториялық, декоративтік, аса бағалы аңдар, теңіз жануарлары және басқа да гидробионттар, құстар, аралардың барлық түрлері, балықтар және сонымен қоса жыныстық және соматикалық жануарлар клеткалары (эмбриондар, ұрықтар, ұрықтандырылған уылдырықтар, инкубациялық жұмыртқалар);       

2) жануарлардан алынатын өнімдер - ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және тамаққа қолданылмайтын сәйкесті өңдеуден өтпеген жұмыртқа өнімдері, бал ара өнімдері;       

3) жануарлардан алынатын шикізаттар - тері, жүн, шаш, қыл, бағалы аң терісі, түбіт, қауырсын, эндокриндік және іш құрылысы ағзалары, қан, сүйек, мүйіз тұяқ және малдардан алынған, малдарға азық жасайтын басқа да шикізаттар;      

  4) жануарлар ауруларының қоздырғыштары, ветеринариялық препараттар, азық, азықтық қоспалар, патологиялық материалдар және сынама, олардан лабораториялық тексеріп анықтау үшін және ветеринариялық-санитариялық экспертиза үшін алынатын және су, ауа, жер, өсімдік сынамалары;       

5) ветеринариялық және зоогигиена жүйесіне пайдалануға арналған заттар және бұйымдар, алдын-ала алу шаралары, малдарды емдеу және қарау, мал ауруларын анықтау, ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау;       

6) жануарлар ауруларының қоздырғыштарын таратуы мүмкін жүк көліктері, бүкіл тарылардың түрлері, орам материалдары.

      4. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауындағы жүктер тасымалданғанда (орын ауыстыруды), артылғанда, түсірілгенде және жүк барған жерінде түсірілгенде, тасымалдау бағытында, мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторлары (бұдан әрі - ветеринариялық инспектор) арқылы қадағалау жүргізіледі.

      5. Жануарлар артылатын орынға (станса, порт, пристан), артылуға 3 сағат бұрын жеткізіліп, күннің жарық уақытында мемлекеттік ветеринариялық инспекторымен зерттелуі керек.

      6. Бақылаудағы жүктерді тасымалдау кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторларының міндеттері:       

1) бақылау жүргізу;  бақылаудағы жүктердің артылатын және түсірілетін орындарында ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау;        бақылаудағы жүктердің артылатын  және түсірілетін орындардың, ветеринариялық-санитариялық жағдайын қарау;        бақылаудағы жүктердің артылатын, түсірілетін және сақтайтын орындарын дезинфекция жасау керек болса, осы шараларды ұйымдастыру және жүргізу;  

2) барлық бақылаудағы жүктер тасымалданғанда, орнатылған үлгідегі ветеринариялық куәлік көрсетілуі керек, ветеринариялық куәлік көрсетілмеген жағдайда бақылаудағы жүктер тасымалдауға жіберілмейді;       

3) бүкіл тасымалдауға ұсынылған жануарлар ветеринариялық бақылаудан өтеді, ірі қара малға, жылқыға, шошқаға, түйеге, сонымен қатар, термометрия жүргізіледі.

2. Бақылаудағы жүктерді тасымалдаудың ветеринариялық-санитариялық ережесі

      7. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалауындағы бақылаудағы жүктер тек қана (ауылдан, шаруашылықтардан, ұйымдардан) жұқпалы аурулардан таза және карантинде емес жерлерден шығуы керек.

      8. Аудан көлемінен шығарылатын бүкіл бақылаудағы жүктерге, жүк жіберуші тасымалдаушыға орнатылған үлгідегі ветеринариялық куәлікті көрсетуге тиіс.        Егер бақылаудағы жүктер тек қана аудан (қала) көлемінде тасымалданса, онда ветеринариялық куәлік орнына ветеринарлық анықтама беріледі.

      9. Ветеринариялық куәліктер және анықтамалар, жүк жіберушіге орнатылған тәртіп бойынша беріледі.

      10. Жүк жіберуші ветеринариялық куәлікті автокөлік жүргізушісіне немесе бірнеше автокөлікке артылса, автоколонна бастығына беруі тиіс, соңыра жүргізушінің жол құжатына ветеринариялық куәліктің рет санын, берілген күні көрсетіліп, жүк жіберушінің мөрімен бекітіледі. Жүк жіберуші (немесе автоколонна басшысы) міндетті түрде, егер керек болса, жол бойында бақылау жүргізетін қызметтің қызметкерлері сұрауы бойынша ветеринариялық куәлікті көрсетуі қажет.

      11. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының бақылауындағы жүктер әуе транспортымен тасымалданса, жүк жіберуші ветеринариялық куәлікті, жүк құжаттарымен бірге, аэропортты қамтитын мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторларына көрсетеді. Жүктің күй-қалпы тексерілгеннен кейін, ветеринариялық куәліктің дұрыс толтырылғаны анықталғаннан соң, мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторы қол қойып жүктердің басқа құжаттарына қосады.

      12. Жүк келген орнында ветеринариялық куәлік, мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторына көрсетіліп, жіберуге рұқсат алғаннан соң, жүк алушыға тапсырылады.
2.Дезинсекция жұмысын ұйымдастыру

Мал шаруашылығы обьектілерінде, мал текті өнімдер мен шикізаттарды өңдеуші кәсіпорындарда және оларды тасымалдау обьектілерінде дезинсекция, дезинфекция және дератизация шаралары жүргізіледі. Дезинсекция – жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды ж88. Кенттік дезинсекция кезінде объектілердегі жұмыс оларда жәндіктердің болуына алдын ала тексеру жүргізуден, түрлерін айқындаудан, олардың саны мен қоныстану орындарын анықтаудан басталады. Одан әрі іріктеп бақылауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары жүзеге асырады.


    Өңдеу жиілігі нысаналы түрлердің экологиясына және биологиялық ерекшеліктеріне, объектілердің санитариялық жағдайына және оларға жәндіктердің орналасу деңгейіне, қолданылатын дезқұралдардың сипаттарына қарай айқындалады.
    Өңдеуді жәндіктердің ұрықтануы (ұшар) алдында тікелей не содан кейін дереу жүргізу қажет.
     Кенттік дезинсекция тиімділігінің негізгі көрсеткіші жәндіктерден тазартылған ауданның артуы, шыбындарға қарсы күрес кезінде – дернәсілдердің, қуыршақтардың болмауы және олардың сандарының азаюы болып есептеледі.
Масаларға қарсы өңдеу олар қыстақтан ұшуы алдында немесе алғашқы генерациясы алдында тікелей жүргізіледі, жылытылатын жертөле үй-жайларында өңдеу жыл бойы жүргізіледі.
     Шыбындарға қарсы күресте негізгі іс-шаралар олардың көбею орындарын өңдеу болып табылады. Шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарын жою үшін топырақ қоқысжинағыштардың, кәріз жүргізілмеген дәретханалардың, санитариялық-аула қондырғылар айналасындағы асфальт төселген алаңдардың, қи үйінділерінің жиегінен 30-50 см және 80 см-ден астам қашықтықта ларвицидтермен өңделеді.
     Жүйелі деларвациялық (шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарына қарсы бағытталған) жұмыстар дернәсілдердің алғашқы жазғы генерациясының І және ІІ сатыларының пайда болуы кезінде көктемде басталады және ол жазғы кезең бойы жалғасады. Қоқыстағы, қидағы, топырақтағы шыбын дернәсілдері мен қуыршақтарын жою үшін инсектицидтер субстраттың тереңдігіне ену үшін әдетте, ерітінділер, эмульсиялар түрінде қолданылады.
      Гнус компоненттеріне, экзофильді түрлерге қарсы ашық аймақтарды өңдеу жүргізу кезінде жағалауға жақын барлық су қоймаларына, қорғалатын объекті аумағындағы (елді мекен, адамдардың үлкен ұжымы жұмыс істейтін орын), сонымен қатар оның айналасындағы (қорғаныш аймағы) жаппай көбею орындарына деларвация жүргізіледі. Ландшафтқа, аумақта өсімдіктің көп шығуына, гнустың ұшу қашықтығына байланысты қорғаныш аймағының ені 1 км-ден 6 км-ге дейін және одан да астам радиуста болады.      102. Объектілердегі дезинсекциялау іс-шараларының тиімділігін бақылауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жүзеге асырады.
      Іс-шаралардың тиімділігін айқындау қанатты шыбындардың, сондай-ақ көбею орындарындағы дернәсілдер мен қуыршақтардың санын есепке алу арқылы жүргізіледі. Елді мекендегі қызмет көрсететін объектілердің кемінде 5 %-ы есепке алынуға жатады.
      Егер өңдеуден кейін барлық әдістермен бақылау жүргізу кезінде бір ай ішінде жәндіктер табылмаса, жою іс-шараларын жүргізу тоқтатылады.
      Объектілерде масаларға қарсы дезинсекциялық іс-шаралардың тиімділігін бақылау пайдаланылатын дезқұралмен, өңделетін бетінің типімен айқындалатын мерзімде жүзеге асырылады. Тиімділік бірен-саран даналар тіркелген кезде қанағаттанарлық деп саналады, есепке алу «ашық қол әдісімен» 20 минут ішінде жүргізіледі.
      Дернәсілдерге қарсы іс-шаралар тиімділігінің негізгі көрсеткіші қорғалған объектілердегі қанатты масалардың саны болып табылады, масалардың дернәсілдері мен имагосын өңдеуден кейін 5-7 тәулік ішінде анықталуы жертөленің 1 м2 шаққанда қанатты масалардың 1 дарақтан аспауы тиіс.
     Қорғаныш аймақтарын құру кезінде ашық аумақтарда, кеміргіштердің індерін өңдеуде жүргізілген гнустерге және кенелерге қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалау өлшемі дезинсекциялауға (деакаризацияға) жататын аумақты 100 % қамтыған кезде өңдеуден кейін бір тәулік өткен соң жәндіктердің (кенелердің) кемінде 80 %-ы қырылуы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет