Адам эмбриологиясы-адам ұрығы дамуының,яғни оның құрылысы және қызметтерінің қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Болашақ дәрігерлік практикасына эмбриологиялық мәліметтеді жетік білудің маңызы зор.Себебі,әртүрлі ішкі және сыртқы зиянды факторлардың әсерінен қалыпты эмбриондық даму,ана- нәресте жүйесіндегі қатынастар бұзылып,түсіктер,туа біткен кемістіктер, нәрестенің туылғаннан кейін болатын аурулары пайда болады.Олардың даму механизмдерін,факторларын анықтау негізінде,медициналық эмбриология осы эмбриопатияларды алдын -алу,емдеу шараларын жете зерттейді.