Дамудың әр түрлі қатерлі кезеңдерінде ұрықтар түрліше факторларға сезімтал болады. Мысалы: дамушы уылдырықтар оттегі жетіспеушілігіне, жылылыққа, механикалық әрекеттерге сезімтал.Онтогенездің кейбір кезеңдерінде ұрықта өте жоғары сезімталдық болатынын австриялық дәрігер Норман Грегг (1944ж) және Кеңес эмбртологы П.Г Светлов (1960ж) анықтады. Дамудың қатерлі кезеңдерінде ұрықта метаболизм, тыныс алу құбылыстары күшейеді, РНҚ қасиеттері, иммундық мәртебесі өзгереді, өсу қарқыны төмендейді. Оттектің және нуклеин қышқылдарының жеткілікті болуы қиын кезеңдер салдарын байқатпайтын факторлар болып табылады. Дамудың қатерлі кезеңдері эмбриогенездің бір кезеңінен екінші кезеңіне өтуімен, морфологиялық жіктелу сатыларымен тұспа-тұс келеді. Адам ұрығының дамуының қиын кезеңдері бірінші аптаның аяғы-екінші аптаның басы аралығы және жүктіліктің 3—6 апта аралығы болып саналады.
Адамның эмбриональдықьдамуында П.Г.Светлов 3 қатерлі кезеңді көрсетеді:
Имплантация (ұрықтанудан кейінгі 6-7 тәулік.)
Плацентация (2-3 апталар.)
Перинатальдық (ананың босануы, нәрестенің дүниеге келу уақыты.)
Достарыңызбен бөлісу: |