Сабақты жоспарлауда орта мерзімді жоспарға жүгініңіз. Сабақ жоспарын ұсынылған үлгінің негізінде әзірлеуге болады



Дата07.02.2022
өлшемі75,5 Kb.
#86687
түріСабақ
Байланысты:
.Абдысадыкова О.К сабақ жоспарының басы doc


Қысқа мерзімді жоспар


Сабақты жоспарлауда орта мерзімді жоспарға жүгініңіз. Сабақ жоспарын ұсынылған үлгінің негізінде әзірлеуге болады.



Пән:қазақ тілі мен әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:




Күні:18 .08.20

Мұғалімнің аты-жөні:




Сынып: бірінші курс

Қатысқандар саны:12
Қатыспағандар саны:2







Сабақтың тақырыбы

«Қан мен тер» Әбдіжәміл Нұрпейсов










Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.2.1 Мәтінді тыңдай отырып,негізгі идеясын(ақпаратты)қысқаша түртіп жазу(конспект)жазбаға сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіру.




Сабақтың мақсаты

Барлық студент орындай алады:Мәтінді тыңдай отырып негізгі идеясын қысқаша конспект жазып,мәтін мазмұнын анықтайды.
Көпшілігі орындай алады: Әртүрлі күрделі сөздерді жасалу жолдарын анықтап ауызша мәтін құру орнына қолданады.
Кейбір студент: Өзінің пікірін айтады.




Бағалау критерийлері

Мәтінді тыңдай отырып негізгі идеясын қысқаша конспект жазып,мәтін мазмұнын анықтайды. Әртүрлі күрделі сөздерді жасалу жолдарын анықтап ауызша мәтін құру орнына қолданады. Өзінің пікірін айтады,мазмұнын анықтайды,орнын қолданады.






Тілдік мақсаттар



Пәнге тән лексика мен терминология: Стиль, көркем әдебиет стилі, ғылыми стиль, публицистикалық стиль, ауызекі сөйлеу стилі, ресми іс қағаздар стилі
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Менің ойымша, шығарманың негізгі идеясы....
«Қан мен тер» атауының мағынасы...
Қорыта келгенде, ...




Құндылықтарды дарыту


Топта, жұпта жұмыс жасай білу; өз білімін жетілдіріп отыру; тілге деген құрметін арттыру; қазақ әдебиеті жазушыларын құрметтеу.




Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы,






АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта(слайд,презентация қолдану)




Алдыңғы білім



  • Бірнеше сұраққа жауап беру арқылы ,білгендерін жинақтау

  • Мәтінде көтерілген мәселені,ұғымдарды талдай алады;

Негізгі үрдістерді анықтай алады.











Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы



1.Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу. Психологиялық ахуал тудыру.
Жазушының өмір жолы туралы не білеміз?
2) «Алдын ала берілген тапсырма» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау. Тыңдап түсіну.
- Интербелсенді тақта арқылы балаларға жазушы туралы киносымен таныстыру. Балалар түсінгенін жазып алады.
Кіріспе әңгіме.
Тақырыпқа жол:
- Жазушының өмір жолы туралы нені білдіңдер? Оның құнды еңбектері туралы не айта аласыңдар?
- Бүгінгі сабағымызда қандай шығарманы талқылаймыз?

Портрет,суреттер,
кітап көрмесі

Сабақтың ортасы

Оқылым тапсырмасы
І топ
Мәтінді оқы. Негізгі ойын түйінде.Мысалы:
Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов 22 қазанда 1924 жылы Қызылорда облысының Арал ауданында Құланды ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысады. 1956 жылы Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институтын бітірді. «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды. 1950 жылы жарық көрген тұңғыш шығармасы «Курляндия» романы Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған. Мұнда халықтар достығы, адамдар арасындағы адамгершілік қасиеттер, ерлік пен батылдық. Кейіннен бұл романын толықтырып, «Күткен күн» деген атпен қайта жариялады. 1999«Соңғы парыз» романының негізгі тақырыбы Арал тағдыры, оның зардабын тартып жатқан ел тағдыры.
Ә.Нұрпейісов А.П.Чехов, М.Горький, Н.Хикмет, А.Кэссон туындыларын қазақ тіліне аударды. Жазушы «Қызыл Жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» орден мен медальдармен марапатталған.
ІІ топ
1. Мәтінді оқы. Негізгі ойын түйінде.
«Қан мен тер» трилогиясы үш кітаптан тұрады: «Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу» . «Қан мен тер» трилогия романы жазушыны әлемге танытқан шығарма, бұл романды жазушы он бес жыл жазды. «Қан мен тер» - символдық атау. Қан - өмір үшін күресті бейнелесе, тер - сол күрес жолындағы қиындықтар символы. Трилогияда халқымыздың Қазан төңкерісіне дейінгі, кейінгі тыныс-тіршілігі, Азамат соғысының зардаптары, Кеңес үкіметінің орнауы, тарихи бетбұрыстар кезіндегі адамдар арасындағы қарым-қатынастар кеңінен суреттелген. Шығарманың үш негізгі кейіпкері – Еламан, Ақбала, Тәңірберген. Еламан – кедейліктен көз ашпаған, қарапайым балықшы. Тәңірберген – атақты бай, мырза. Ақбала өзі сүйген жанды сүйе алмайтын жан. Романдағы жиынтық мінез кейіпкерлер арқылы қазақ халқының тағдыры суреттеледі.
Сөздік жұмысы
Түсініксіз сөздерді тауып, астын сызу, оқулықтың, аударма сөздіктерінен аудармасын табу, оқи отырып аудару
Толықтыру - дополнить
Қан – кровь
Тер – пот
Күрес - борьба
Қазан төңкерісі - Октябрьская революция
Ымырт - Сумерки
Сергелдең -Мытарства
Күйреу - Крушение
2.3. Оқулықпен жұмыс
Оқулықта берілген үзінді бойынша кейіпкерлердің есімдерін жазып алу.

  • Мәтіннің тақырыбы

  • Стилі

  • Кейіпкерлерді анықтайды

Дескриптор

Ұпай (1ұпай)

Мәтінің тақырыбын анықтайды.




Стилін ажыратады.




Кейіпкерлерді анықтайды




ҚБ « Өзін-өзі бағалау» тәсілі ( балаларды өзін –өзі талдауға үйрету)

Мәтін

Сабақтың соңы

Сабақты бекіту:
3.1. Тестілеу
1. Әбдіжәміл Нұрпейісов туған жылы
А. 1924 жылы
Ә. 1934 жылы
Б. 1946 жылы
2. Әбдіжәміл Нұрпейісов туған жері
А. Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Әуелбек ауылы
Ә. Қызылорда облысы Абай ауданында Балықшы ауылы
Б. Қызылорда облысының Арал ауданында Құланды ауылы
3. Әбдіжәміл Нұрпейісов білім алған ошағы
А. Алматыдағы Әл Фараби атындағы университеті
Ә. Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институты
Б. Мәскеудегі М.Горький атындағы тіл мен өнер институты
4. Тұңғыш шығармасы
А. «Курляндия» романы
Ә. «Соңғы парыз» романы
Б. «Қан мен тер» романы
5. «Қан мен тер» неше романнан тұрады?
А. 2
Ә. 3
Б.1
6. «Қан мен тер» аудармасы
А. «Сумерки и мытарства»
Ә. «Крушение и борьба»
Б. «Кровь и пот»
7. «Қан мен тер» ненің символы?
А. Соғыс пен қиындық
Ә. Өмір үшін күрес пен қиындық
Б. Өмір үшін күрес пен махаббат
8. Трилогияның негізгі кейіпкерлері
А. Нәзира, Света, партизандар
Ә. Еламан, Ақбала, Ахмет
Б. Еламан, Ақбала, Тәңірберген
9. «Қан мен тер» трилогиясында не суреттелген?
А. Ұлы Отан соғысының зардаптары суреттелген
Ә. Халқымыздың Қазан төңкерісіне дейінгі, кейінгі тыныс-тіршілігі, Азамат соғысының зардаптары, Кеңес үкіметінің орнауы, тарихи бетбұрыстар кезіндегі адамдар арасындағы қарым-қатынастар кеңінен суреттелген
Б. Трилогияда халқымыздың тәуелсіздік жолындағы күрес суреттелген

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





Нәтиже немесе жауап бойынша саралау:
1-тапсырма
А деңгейлі оқушы: Тақырыбыптың идеясын анықтайды.
В деңгейлі оқушы: Мәтіннің стилін анықтайды
С деңгейлі оқушы: Мәтінен кейіпкерлерді анықтайды.

2-тапсырма


Ресурс немесе сөздік жұмыс бойынша саралау:
А деңгейлі оқушы: ресурстарға сүйеніп қосымша мәліметтерді табады.
В деңгейлі оқушы: қосымша мәліметтерді қолданып, мәтіннің мазмұнымен салыстырады.
С деңгейлі оқушы: Жағымды,жағымсыз кейіпкерлерді ажырата алады.


ҚБ «« Өзін-өзі бағалау» тәсілі тәсілі ( балаларды өзін –өзі талдауға үйрету)


Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаты/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?







Жалпы бағалау
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет