Креативті хат әдістемесі



Дата30.10.2022
өлшемі34 Kb.
#155659

Креативті хат әдістемесі

Қазіргі заманында креативті хат әдістемесі балалардың вербалді интеллектуалдық қабілеттерін дамытуда маңызы зор. Әдістеменің маңыздылығының бірнеше себептері бар:



  • балалардың өздеріне деген сенімділігі артады, себебі «жоқтан бар жасауды» үйренеді. Бос парақта баланың өзінің жеке ой-пікірін білдіретін мәтін пайда болады. Бұл баланың өзінің қабілетіне, шығармашылығына, ерік-жігеріне деген сенімділігін арттырады.

  • Балалар өз ойларын шоғырландыруды үйренеді. Берілген сұраққа жауапты тез арада қайтаруға дағдыланады.

  • Уақытты үнемдеуге және өзінің «Менін» ашуға жағдай жасайды.

  • Өз сезімдірін қағазға түсіруді және жазбаша тіл байлығы дамиды.

  • Баланың өз жеке дара мүмкіншіліктеріне қарай жұмыс жүргізілгендіктен, баланың қызығушылығы мен қанағат сезімдерін арттырады. Жұмыс аяқталғаннан кейін өз шығармаларын ортаға салып, қатарларының алдында талқыға сала алады.

  • Психологиялық жағымды ахуалда балалар өз арман-мақсаттарын, құндылықтарын ашып, ортаға салып, ересектер қойған талаптардан алшақтап, өздерін еркін сезінуге мүмкіндік алады.

Ересектер секілді балаларда да бос парақтан қорқыныш тууы мүмкін,
сондықтан басқа әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындайды. Мысалы, классикалық ақ парақты, жазуға болмайтын нәрсемен ауыстыруға болады. Бұл оқушылардың қызығушылығын және ынтасын тудырады. Алдымен балалар төрт-төрттен топқа бөлініп жұмыс жасайды.
Жаттығу үш кезеңнен тұрады:

  1. дайындық кезеңі;

  2. жаттығу барысы;

  3. талқылау.

Креативті хат әдістемесі төмендегідей жаттығулардан тұрады:
1. «Мен және басқалар» жаттығуы.
Қажетті материалдар: түрлі-түсті қарындаштар, ақ парақтар.
Нұсқау: әр бала өз парақтарына өздерінің автопортреттерін салады.
Парақтың шет жақтары бос болуы тиіс. Жоғарғы жағына өзінің аты-жөнін жазады. Уақыты 10минут. Жұмыс аяқталған соң, балалар өз суреттерін сыныптастарымен ауыстырады, барлық бала өз аты-жөндерін қалағандарынша жазып шығулары қажет. Жұмыс толық аяқталған соң талқылау жүргізіледі.
Талқылау: Сенің автопортретің өзіңе ұнайды ма?
Тағы кімдікі ұнайды?
Кім туралы білу саған қызықты болды?
2. «Менің есімім» жаттығуы.
Қажетті материалдар: түрлі-түсті қарындаштар, ақ парақтар.
Нұсқау: әр бала өз парақтарына өз есімдірін әсерлеп жазулары тиіс.
Жұмыс аяқталған соң жүргізуші жинап алып, балаларға көрсете отырып балаға сұрақ қояды:

  1. Есімің өзіңе ұнайды ма?

  2. Есіміңнің мағынасын білесің бе?

  3. Есіміңді кім таңдады, кім қойды?

Талқылау:

  • жаттығу ұнады ма?

  • Қандай есімдер ұнайды?

4. «Сөздерді құраймыз». Өз есімдерінің әріптерінен сөздер құрау қажет. Талқылау кезінде балалардан жаттығу жасау қияндыққа түсті ме жоқ оңай болды ма деген сияқты сұрақтар қоюға болады.
5. «Сүйікті өзіме хат». Жаттығу жеке-жеке орындалады. Әр бала өзінің «меніне» қалағанынша хат жазады. Кім оқығысы келсе, сол баланы оқытуға және көпшілік талқысына салуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет