Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»



бет100/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

4сұрақ. Соғыс жағдай режимі
Соғыс жағдайы - Қазақстан Республикасына қарсы агрессияны не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей төнген қатердi болдырмауға немесе оларға тойтарыс беруге жағдай жасауға бағытталған саяси, экономикалық, әкiмшiлiк, әскери және өзге де шаралар кешенiн көздейтiн және Қазақстан Республикасының Президентi Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде енгiзетiн ерекше құқықтық режим.
Соғыс жағдай режимінің құқықтық негіздері.
Қазақстан Республикасының Конституциясы , осы Заң, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер және Қазақстан Республикасы бекiткен xaлықаралық шарттар Қазақстан Республикасындағы соғыс жағдайының құқықтық негiздерi болып табылады.
Соғыс жағдай режимінің мәні мен мазмұны
Соғыс жағдай режимі Қазақстан Республикасына қарсы агрессияның жолын кесу немесе оған тойтарыс беру үшiн жағдайлар жасау соғыс жағдайын енгiзудiң мақсаты болып табылады.
Агрессия - шет мемлекеттің (мемлекеттер тобының не коалициясының) Қазақстан Республикасының егемендiгiне, аумақтық қол сұғылмаушылығына немесе саяси тәуелсiздiгiне қарсы қарулы күш қолдануы немесе оған Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен сыйыспайтын қандай да болсын басқадай әрекет жасауы.
Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жағдайлары не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей төнген қатер Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде соғыс жағдайын енгiзу үшiн негiз болып табылады.
Соғыс жағдайы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығымен енгiзiледi.
Соғыс жағдайы енгiзiлген кезде Қазақстан Республикасының Президентi, егер бұрын жарияланбаған болса, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялайды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң соғыс жағдайын енгiзу туралы жарлығында:
соғыс жағдайын енгiзу үшiн негiз болған мән-жайлар; 
енгiзiлген шаралардың және азаматтар мен басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын уақытша шектеулердiң тiзбесi;
соғыс жағдайы енгiзiлетiн аумақтың шекаралары;
соғыс жағдайын орнату мен қолдау үшiн тартылатын күштер мен құралдар
соғыс жағдайы қолданыла бастайтын уақыт белгiленедi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң соғыс жағдайын енгiзу
туралы жарлығының толық мәтiнi дереу радио мен теледидар арқылы таратылуға, сондай-ақ ресми түрде жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының Парламентiн соғыс жағдайының енгiзiлгенi және iшiнара немесе жалпы мобилизация жарияланғаны туралы дереу хабардар етедi.
Мемлекеттi агрессияға тойтарыс беруге әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiлейдi.
Соғыс жағдайының кезеңi соғыс жағдайы енгiзiлген уақыттан басталады және соғыс жағдайының күшi жойылған уақытпен аяқталады.
Соғыс жағдайы күшiнде болған кезеңде азаматтардың және басқа да адамдардың, Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 3-тармағында аталған баптарда көзделген құқықтар мен бостандықтарды қоспағанда, құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың қызметiн шектеу, сондай-ақ оларға осы Заңда белгiленген қосымша мiндеттер жүктеу көзделедi.
Соғыс жағдайы енгiзiлген жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскери басқару органдарының өкiлеттiктерi кеңейтiледi, оларға мемлекеттiк билiк пен басқару органдарының қорғаныс және қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы барлық функциялары көшедi.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлерi және әскери құралымдары соғыс жағдайы күшiнде болған кезеңде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес агрессияға тойтарыс беру үшін қолданылады.
Соғыс жағдайы күшiнде болған кезеңде азаматтық және аумақтық қорғаныс шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет