Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»


сұрақ. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі



бет97/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

2сұрақ. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі
Төтенше жағдайлар режимі ҚР-ның Конституциясының 44-бабымен және «Төтенше жағдайлар туралы» 2003 жылғы 8-ақпандағы заңымен реттеледі.
Төтенше жағдайлар – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ҚР-ның Конституциялыө өқрылысын өорғау мүдделерінде ғана қолданылатын және мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметіне, азаматтардың, шет елдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін және оларға қосымша міндеттер жүктейтін ерекше құқықтық режим болып табылатын уақытша шара.
Төтенше жағдайдың құқықтық режимі
Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше жағдай кезеңінде таратуға болмайды.
Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттік комиссия (бұдан әрi - Мемлекеттік комиссия) төтенше жағдайды енгiзу үшiн негiз болған мән-жайлар Қазақстан Республикасының екi және одан да көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң аумағында туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актісімен құрылады.
Төтенше жағдай режимінің мазмұны
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Төтенше жағдайды енгiзу туралы жарлығында:
1) осы Заңның талаптарына сәйкес төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайлар;
2) төтенше жағдайды енгiзу қажеттiгiнiң негiздемесi;
3) төтенше жағдай енгiзiлетiн жерлердiң шекаралары;
4) төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн күштер мен құралдар;
5) осы Заңға сәйкес енгiзiлетiн шаралардың және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың құқықтарын уақытша шектеулердiң, сондай-ақ оларға қосымша жүктелетiн мiндеттердiң тiзбесi;
6) төтенше жағдайды енгiзу кезеңiнде құрылатын мемлекеттiк басқарудың арнайы органдары және олардың өкiлеттiгi;
7) төтенше жағдай режимi кезiнде қолданылатын iс-шараларды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттiк органдар (лауазымды адамдар);
8) төтенше жағдайды енгiзу уақыты және оның қолданылу мерзiмi қамтылады.
Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қауiп төнген және мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған жағдайда енгiзiледi.
Төтенше жағдайды енгiзу негiздерi болатын мән-жайларға, жоғарыда аталған талаптары сақталған жағдайда:
1) шекаралас мемлекеттер аумақтарынан Мемлекеттiк шекара арқылы жаппай өту; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге ұмтылу; террористтiк актiлер; Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билiктi күштеп басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған iс-әрекеттер; қарулы қақтығыстарға тарту мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болатын арандатушылық iс-әрекеттер; Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзу; жаппай тәртiпсiздiктер, ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстар; экстремистiк топтардың жекелеген жерлердi, аса маңызды объектiлердi қоршап алуы немесе басып алуы; заңсыз әскери құралымдар құру және олардың қызметi;
2) дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлар, табиғи өрттер, эпидемиялар мен iндеттер, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен ормандардың аурулармен және зиянкестермен зақымдалуы, өнеркәсiптiк, көлiктiк және басқа авариялар, өрттер (жарылыстар), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық қауiптi заттар ауаға жайылатын (жайылу қаупi бар) авариялар, үйлер мен ғимараттардың кенеттен құлауы, су бөгеттерiнiң бұзылуы, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электрэнергетикалық және коммуникациялық жүйелердегi, тазарту құрылғыларындағы авариялар себеп болған және жағдайды дереу тұрақтандыруды, құқық тәртiбiн қамтамасыз етудi, қажеттi құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жағдай жасауды талап ететiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар жатады.
Дүлей зiлзаланың немесе кең көлемдi аварияның (апаттың) нақты қаупi де төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның ұсынуы негiзiнде төтенше жағдай енгiзуге негiз болуы мүмкiн.
Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету мақсатында қабылданған және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарын уақытша шектеуге байланысты нормативтiк құқықтық актiлер төтенше жағдай енгiзiлген мерзiм iшiнде ғана қолданылады және төтенше жағдайдың тоқтатылуымен бiр мезгiлде ол туралы арнайы хабарландырусыз-ақ күшiн жояды.
Төтенше жағдайдың күшiнде болуын тоқтату төтенше жағдай режимiн бұзу туралы iстер бойынша әкiмшiлiк iс жүргiзудiң тоқтатылуына негiз болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi төтенше жағдайды енгiзудiң құқықтық негiзi болып табылады.
Төтенше жағдайларды енгізудің мақсаты оны енгізуге себеп болған мән-жайларды жою, адам және азаматтардың қауіпсіздігін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды ҚР-ның конституциялық құрылысын қорғауды қамтамасыз ету.
Президент мемлекеттік басқарудың төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы органдарын құруы мүмкін, оларға:
Президент жанындағы төтенше жағдайлары қмтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия; жергілікті жерлердің комендатурасы жатады.
Мемлекеттік коммисия төтенше жағдайларды енгізу үшін негіз болған мән-жайларды жою туралы шаралар әзірлейді, олардың жүзеге асуын қйымдастырады және оларға бақылау жасайды. Төтенше жағдай режимін қамьамасыз ету үшін Ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік орландарының, ҚР-ның төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқару органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары пайдаланылады.
Төтенше жағдайлар табиғи және техногендік сипаттағы құбылыстармен байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайлардың алдын-алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынастар «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 ж.5 шілдедегі заңымен реттеледі.
Төтенше жағдайдың режимін және авариялық құтқару қызметінің негізгі талаптарын бұзушылардың талаптары заңдарда, ӘҚБтК-те және басқа да қолданылып жүрген заңдарда белгіленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет