Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»



бет93/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

Прокурорда бар ақпараттың мазмұны мен сипатына байланысты тексеру жүргізудің нысандары мен әдістері әр түрлі болуы мүмкін. Тексеру алдын - ала жоспарлануы мүмкін, бірақ негізінен - бұл ағымдағы сипаты бар тексерулер. Меншік, жекешелендіру, кәсіпкерлік, жер реформасы, қоршаған ортаны қорғау, халықты жұмыспен қамту туралы, ал соңғы кезде - сыбайлас жемқорлық, қаржы, салық, мемлекеттік мүлікті сату, тұрғын үй туралы заңдарды сақтауға қадағалаудың маңызы арта түсуде.

Прокурорлар қадағалауларындағы органдар мен лауазымды адамдардың шығаратын актілерінің заңдарға сәйкес болуын қадағалауға барынша жауаптылықпен және біліктілікпен қараулары керек. Бұл актілердің заңға тәуелді сипаты бар және олар заңдарды, оларда қаралған ережелерді жүзеге асыру үшін шығарылады.

Қадағалаудағы органдар мен лауазымды адамдардың актілері заңға сәйкес келмейді деп: тиісті заңға тәуелді актілерді шығару үшін негіз болып табылатын заңда қаралған мән жайлардың болмауы; заңға тәуелді актіні күші жойылған немесе күшін жоғалтқан заңды орындау үшін шығару; заңның ережелеріне қалай болса солай түсінік беру немесе қасақана бұрмалау арқылы оған қайшы келетін заңға тәуелді акт қабылдау; нормативтік актілерді шығарудың тәртібін, мерзімдерін, нысандары мен рәсімдерін сақтамау саналады.

Прокурорлық қадағалаудың үшінші тақырыбы - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынының сақталуына қадағалау жасау. Оның ерекшелігі сол, қадағалау бұл мәселе бойынша тек министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, әскери басқару, бақылау органдарының, олардың лауазымды адамдарының қызметіне ғана емес, сондай - ақ коммерциялық емес ұйымдардың басқару органдары мен басшыларына да жүргізіледі.

Прокурор өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асырған кезде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылғандығы туралы арыздарын, шағымдары мен өзге де хабарламаларын тексереді; жәбірленушілерге өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тәртібін түсіндіреді; адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзудың алдын алу мен жолын кесу, заңды бұзған адамдарды жауапқа тарту және келтірілген зиянның орнын толтыру туралы шаралар қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет