Заңдардың, Президент жарлықтарының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі біріңғай қолданылуына жоғары қадағалау тексерістер жүргізу арқылы жүзеге асады
Заңдардың, Президент жарлықтарының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі біріңғай қолданылуына жоғары қадағалау тексерістер жүргізу арқылы жүзеге асады.
Заңдардың қолданылуына тексерісті прокурор өз өкілеттілігі шегінде тексеріс жүргізу туралы қаулы шығарғаннан кейін: Президенттің тапсыруына; заңды бұзушылық туралы өтініштерге, шағымдарға, хабарларға және басқа мәліметтерге; заң бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына; жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты жүргізеді.
Прокуратура органдары экономикалық механизмді нарықтық эконмика негізінде бейімдеудің, мемлекеттік меншікті қорғау, мелекеттік және еңбек тәртібін сақтау туралы қатал құқықтық режимді қамтамасыз ету жөніндегі аса күрделі міндеттерді шешуге міндетті. Прокуратура органдары негізгі назарын министрліктер, жергілікті атқарушы органдар және басқа басқару органдары басшыларының, лауазымды адамдардың заңды сақтау жөніндегі міндеттерін қалай орындайтындарына ықпалды қадағалау жасауға жұмылдырады, бұл істе оларға қажетті көмек көрсетеді, заңдардың бұзылуын дер кезінде тауып, тоқтатуға тиіс.
Прокурорлардың тексеру жүргізген кездегі өкілеттіктері аталған заңмен белгіленген. Прокурор жүргізілетін тексеріс мәселелері жөнінде азаматтар мен лауазымды адамдардан жауап алуға; қызметтік куәлігін көрсетіп,мемлекеттік органдардың, сондай ақ меншіктің барлық нысанындағы ұйымдардың аумағы мен үй - жайларына кедергісіз кіруге, олардың құжаттары мен материалдарын қарауға; заң бұзушылық фактісі, туралы прокуратура органдарына келіп түскен ақпараттарға байланысты заңдардың орындалуын тексеруге құқылы. Ол басшылардан және басқа лауазымды адамдардан заңдылықты жағдайы және оны қамтамасыз ету жөніндегі қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық деректерді алуға; тексеруге қатысты және қорытынды беруі үшін мамандарды тартуға; прокуратура органдарына келіп түскен материалдар, ақпараттар мен өтініштер бойынша тексеру, өздерінің бақылауындағы немесе ведомствоволық қарастылығындағы ұйымдар қызметіне ревизиялар жүргізуге құқылы.