«Кәсіпкерлік мәртебесі: кәсіби бағдар беру мен кәсіпкерлікке бейімдеудің механизмі» Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кенті №177 орта мектебі «Кәсіпкерлік және бизнес негіздер»
«Кәсіпкерлік мәртебесі: кәсіби бағдар беру мен кәсіпкерлікке бейімдеудің механизмі» Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кенті №177 орта мектебі «Кәсіпкерлік және бизнес негіздер» пәні мұғалімі Тулеуова Гулсара Жеткергеновна Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады. Жалпы білімнің басты үш міндеті бар олар: баланың өзіндік жалпы дамуын, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету, және оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенгенсайын баланы жастай алдағы кәсіпке бағдарлай әзірлеу – ең көкейкесті мәселеге айналып отырғаны дәлелденді.Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу. Кәсіпке баулу – бұл әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін және халық шаруашылығына, жеке салаларға қажетті сұранысы бар мамандықтарды ескере отырып жастарды еркін және өзіндік мамандық таңдауға дайындаудың ғылыми негізделген жүйесі.
Әр заманның өз уақытында белгілі бір талаптары мен сұраныстарына сай көкейкесті мәселелер туындап,олардың дер кезінде шешуін табуы келешекте нақты да батыл қадам жасауға негіз болатыны айқын.
Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б. Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады.Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмысорнын жиі өзгертуге себепші болады. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:
— оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;
— кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында
оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;
— мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;
— оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
Бүгінгі күні мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары қайтадан жандана бастады. Біз жоғарыда атап өтілген кезеңдерді талдай отырып, кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңызын үлкен сұранысқа ие болуда деп білеміз
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Болашақ кәсібін саналы түрде таңдауы үшін балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу; «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»пәнін оқыту нәтижесінде оқушылар өз бизнесін ашу үшін қажетті базалық білім алуын, идеяны қалыптастырудан бастап бизнесті ашу,жылжыту,бизнес аясын кеңейту,операциялық және қаржылық іс-әрекетті жоспарлау түсініктері қалыптасуы тиіс деп атап көрсетті.Қазіргі таңда Үкімет айналысуда.
-кәсіпке баулу,қызықтыру,алғашқы қадам бастауға мүмкіндік беру.Бизнес деген не,экономиканың мәні мен маңызын сезіне алатындай оқушыларға ерік беру.Іскерлікті,қолдан келгенді жасап ұсынуға бейімделудің жолын көрсету.Өтпелі кезеңнің экономикалық көрінісі ,экономикалық білімнің қажеттілігі,шағын және орта бизнес,сауда тағы басқа кәсіпкерлікті жете түсіндіру.Экономиканың негізін оқып білмей.кәсіпке бейімделу мүмкін емес екенін оқытып үйрету.
Экономиканың басты бейнесі –адам болып табылады.Экономика мен қаржылық сауаттылықты білу арқылы адамның жеке тұлғасы дамиды, Сондай-ақ,экономикалық білім саласында адам өмірден өз орнын табуға,шешім қабылдауға,әл-ауқатын жақсартуға жағдай жасауға бағытталып отырады. Кәсіби бағдар мен экономикалық мәдениетті қалыптастыруда адам белгілі бір еңбек, іс-әрекетті санасына ендіруге ұмтылу болып табылады.
Экономикалық дайындық—адамның кез-келген қызметінің қажетті шарты.Өмір талабы бойынша әр адам саналы түрде таңдау жасай білуі; отбасы бюджетінің қайдан туындайтынын
Нәтижесінде-оқушылар өз қабілеттерін бағалау арқылы түрлі кәсіби мамандықтарға қызығушылықтарын қалыптастыру: Адам еңбекпен материалдық және рухани құндыдықтарды жасайды, сонымен бірге өзі де жетіледі: көздеген мақсатқа жетудегі тұрақтылық,шыдамдылықты дамыту : экономикалық білім негіздеріне жетудегі ұмтылысты дамыту.
Пән арқылы мектеп оқушылары арасында отансүйгіштік сезімдерін оятып, өмірлік қажетті және тәжірибелік маӊызы бар білімді тиімді жеткізуге болады. Бұл мақсатта осы пәнде "геймификация" тәсілі қолданылады.
Геймификация -дегеніміз ақпаратты ойын арқылы жеткізу әдісі.
" Халықаралық бағдарламалардыӊ тәжірибесін зерттей отыра, нәтижесінде бұл бағдарлама интерактивті болып шықты және геймификация қағидалары мен бизнес-кейстерді зерделеуге негізделген: 40% - теория, 15% - бизнестен нақты мысалдар, 45% - ойын түріндегі тәжірибелік тапсырмалар. Неліктен геймификацияны алып отыр:
Себебі кәсіпкерлік дегеніміз тарих немесе математика емес, кәсіпкерлік – бұл әрекет, тәжірибе арқылы оқып, түсіну. Алдыӊға қатарлы елдердіӊ тәжірибесіне сүйенсек, бұл пән арқылы жастар арасында бәсекелестіктіӊ дамуын алға қою мүмкіндігі мол.
Аталған пән оқушыларға не береді? Оның пайдалы тұсы қандай?
"Бұл пәнде тек қана экономика негіздері ғана емес, менеджмент, маркетинг, бизнес, кәсіпкерлік пәндері терең оқытылады. Қоғамды зерттейтін болсақ, қоғамның тек 5 пайызы ғана кәсіпкерлік қабілеті бар азаматтар. Ал қалған азаматтарға кәсіби ойлау қабілетін дамыту керек", — деп атап өтті , экономика ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Кәрімова.
Сондықтан негізгі мақсат – жастарды қаршадайынан бизнеске баулып, оларға кәсіпкерлік, экономика негіздері туралы базалық білім беру. Оқулық жаңа мазмұнда дайындалған.
Әрбір сабақтың тиімді формалары мен әсерлі тәсілдерін табу біздің негізгі міндетіміз. Оқушы әр сабақ сайын есейіп, жаңа білім үйренуі керек. Әр оқушының көздейтін мақсаты оқу барысында өзінің белсенділігін арттырып,алған білімдерін өмірде,күнделікті тұрмыста пайдалана білуге үйрену.
Оқушыларға тек теориялық білім беріп қана қоймай, оқушыларды бизнес жоспар құруға да үйретеді.
"Бизнес және кәсіпкерлік негіздері" кітабы өте қызықты. Өйткені мұнда көптеген мәліметтер бар. Және ол жоғары деңгейде дайындалған. Өйткені болашақта экономика саласымен жұмыс істеу үшін ол оқушыларға өте керекті және қажетті негізді береді", .
Жаңа сабақ негізінен іскерлік ойын және бизнес-тапсырма түрінде өткізіледі. Пәнге деген қызығушылықты арттыру үшін тәжірибелі бизнесмендерді оқу барысына тарту жоспары бар.
Бүгінгі дәуірде оқушы қиялына қозғау салып,қанат бітіру, ой-өрісін дамыту білім берудің алғышарттары болып отыр.Өйткені қиялы қарыштамаған адамның білімді еркін меңгеруі мүмкін емес.
Осы орайда,