4сұрақ.Қаржылық бақылау стандарттары. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттары:
Жалпы ережелер:
- Мемлекеттік қаржылық бақылаудың осы стандарттары (бұдан әрі - Стандарттар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген және мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге бірыңғай талаптарды белгілейді.
- Стандарттардың мақсаты мемлекеттік қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі - бақылау органдары) мен олардың қызметкерлерінің бақылауды жүзеге асыруына негіз болатын бірыңғай талаптарды белгілеу болып табылады.
- Стандарттар бақылаудың тиімділігін, тұтастығын, өзара байланыстылығын, дәйектілігін, сабақтастығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін әзірленді.
- Стандарттарға жалпы стандарттар, жұмыс стандарттары, басқару және сапаны бақылау стандарттары жатады.
- Стандарттарды іске асыру олардан шығатын бақылауды жүзеге асырудың әдістері мен рәсімдерін реттейтін ережелерді, әдістемелік және басқа құжаттарды мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органының әзірлеп, бекітуі арқылы қамтамасыз етіледі.
- Стандарттардың сақталуын бақылауды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі Есеп комитеті) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау
жөніндегі орган ішкі бақылау қызметтерінің Стандарттарды сақтауын
бақылауды жүзеге асырады.
Стандарттардың әрекет ету аясы және қолданылуы:
- Стандарттарды барлық бақылау органдары мен олардың қызметкерлері сақтауға міндетті.
- Стандарттарды мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандары мен бақылау органдары тартқан сарапшылар сақтауға міндетті.
Жалпы Стандарттар:
Жалпы Стандарттар бақылау органдары мен олардың қызметкерлеріне бірыңғай талаптар белгілейді. Жалпы стандарттарға мынадай: «Тәуелсіздік», «Әдептілік», «Құзыреттілік (біліктілік)», «Жариялылық» және «Құпиялылық» Стандарттар жатады.
«Тәуелсіздік» стандартының мақсаты бақылау органдарының және олардың қызметкерлерінің бағалауы мен ұсынымдарының турашылдығын, әділдігін, шынайылығын қамтамасыз ету болып табылады.
«Тәуелсіздік» стандарты бақылау органдарының, олардың қызметкерлерінің қызметті жүзеге асыруы кезінде олардың тәуелсіздігіне қол сұғатын кез келген араласуға жол бермеуді білдіреді.
Бақылау органдары өздеріне жүктелген міндеттерді атқару кезінде функционалдық және ұйымдық тұрғыдан тәуелсіз және өздерінің тәуелсіздігі мен әділдігін шектейтін кез келген іс-әрекеттерге жол бермейді.
Бақылау органдарының қызметі бекітілген жоспарларға, бағдарламаларға және бақылаудың заңнамада айқындалған түрлері мен үлгілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылаудың тақырыбын, объектісін таңдау, қолданылатын рәсімдер, дәлелдердің сипаты мен көлемі бойынша бақылау органдарының қызметіне араласуға, бақылаудың ауқымын шектеуге, сондай-ақ бақылау органдары қызметкерлерінің саяси, идеологиялық, діни және басқа да себептер бойынша тәуелсіздігі мен әділдігіне әсерін тигізетін кез келген іс-әрекетке жол берілмейді.
Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда бақылау органдарының қызметкерлеріне бақылау жүргізуге тыйым салынады.
Бақылау органы қызметкерінің тәуелсіздігі нақты күдік туғызған жағдайда, ол басқа бақылау объектісіне ауыстырылуға жатады.
Бақылау қызметін жүзеге асыратын бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі мен әділдігін сақтау мақсатында осы қызметкердің бақылау жүргізген бақылау объектісін бір жыл өткеннен кейін ауыстырып отыру қажет.
Бақылау органдарына және олардың қызметкерлеріне аталған қатынастар олардың тәуелсіздігін шектемейтін жағдайда ғылыми және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықта болуға рұқсат етіледі.
«Әдептілік» стандартының мақсаты бақылау органдары қызметкерлерінің этикалық талаптарды және кәсіби мінез-құлық принциптерін толық сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
Бақылау органдары мен олардың қызметкерлерінің тәуелсіздігі бақылау объектісімен ізгі ниетті қатынаста болуға кедергі келтірмейді.
Бақылау органдарының жариялылығын қамтамасыз етудің негізгі нысаны өзінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдардың басшыларына, мәслихаттарға және әкімдерге өз қызметі туралы ақпаратты ұсыну болып табылады.
Жариялылық жеке адамның құқықтары мен бостандығын қорғау туралы, мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де мәліметтер туралы заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
«Құпиялылық» стандартының мақсаты бақылауды жүзеге асырған кезде алынған ақпараттың сақталуын және жария етілмеуін қамтамасыз ету болып табылады.
Бақылау органдары мен олардың қызметкерлері бақылауды жүзеге асырған кезде алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.
Бақылау органдары мен олардың қызметкерлері сұраған ақпарат бақылау мақсатында ғана пайдаланылады
Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары
Қазақстан Республикасында макро - және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.
Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:
мемлекеттің бюджет жүйесі;
арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
мемлекеттік несие;
жергілікті қаржы;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
халықтың қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни
орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі
экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырыл-
маған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен
әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы
болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы
мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функция-
лардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-
аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылы-
ғымен анықталады.