Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»


Ұлттық қауіпсіздік түсінігі екі басқа түсінікпен тығыз байланысты, атап айтқанда: мемлекеттік қауіпсіздікпен және қоғамдық қауіпсіздікпен



бет115/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

Ұлттық қауіпсіздік түсінігі екі басқа түсінікпен тығыз байланысты, атап айтқанда: мемлекеттік қауіпсіздікпен және қоғамдық қауіпсіздікпен.


Сонымен ұлттық қауіпсіздік – бұл қоғамдық және мемлекеттік институттардың әлеуметтік, табиғи және техногенді сипаттағы қауіптерден қорғалу жағдайы.
Ұлттық қауіпсіздік элементтері – бұл онымен қорғалатын объектілер. Оларға жеке тұлға, оның құқықтары мен бостандықтары, қоғамның саяси жүйесі, мемлекеттің егемендігі, аумақтық біртұтастық, елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс потенциалы. Ұлттық қауіпсіздік элементтеріне келесі аса қауіпті қылмыстар қол сұғады:

  • терроризм;

  • ұлтаралық даулар (конфликттер);

  • санкцияландырылмаған шерулер мен демонстрациялар;

  • әр түрлі қоғамдық бірлестіктердің заңсыз қызметтері;

  • шет мемлекеттердің агрессорлық саясаты;

  • үлкен табиғи апаттар;

  • экологиялық проблемалардың ушығуы.

«ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығына сәйкес ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының біртұтас жүйесін республика Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрылымдық бөлімшелері (облыстық басқармалары және т.б.), әскери қарсы барлау органдары, арнаулы бөлімшелер, оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелері құрады.
Берілген жүйенің басты органы болып Президентпен құрылатын және орталық атқарушы органдардың құрылымына кірмейтін Ұлттық қауіпсіздік комитеті табылады. Комитет Парламент Сенатының келісімімен Президент тағайындайтын төрағамен басқарылады.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттері болып:

  • тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

  • барлаулық ақпаратты алу;

  • шер мемлекеттердің барлау қызметінің алдын алу;

  • террористік және т.б. Конституцияға қарсы қызметті болдырмау;

  • қылмыстардың бөлек категорияларын ашу және тергеу;

  • мемлекеттік органдарды арнайы байланыспен қамтамасыз ету табылады.

«ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығына сәйкес ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының біртұтас жүйесін республика Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрылымдық бөлімшелері (облыстық басқармалары және т.б.), әскери қарсы барлау органдары, арнаулы бөлімшелер, оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелері құрады.
Берілген жүйенің басты органы болып Президентпен құрылатын және орталық атқарушы органдардың құрылымына кірмейтін Ұлттық қауіпсіздік комитеті табылады. Комитет Парламент Сенатының келісімімен Президент тағайындайтын төрағамен басқарылады.
Ұлттық қауіпсіздік органдары өз қызметін жүзеге асырған кезде мемлекет, адамның құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңда тікелей көзделген ерекше жағдайларда және тәртіппен ғана шектелуі мүмкін. Ұлттық қауіпсіздік органдары мен олардың қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне Ұлттық қауіпсіздік органдарының жоғары тұрған органдарына, прокуратураға немесе сотқа шағым жасауға болады. Ұлттық қауіпсіздік органдары заңмен белгіленген шектерде әрбір азаматқа оның құқықтары мен мүдделерін қорғайтын құжаттармен, шешімдермен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Ұлттық қауіпсіздікті құрайтын әрбір элементке мемлекеттің құзыретті органдары қызметтің белгіленген бағыты сәйкес келеді. Қарастырылған бағыттардан бөлек келесілерді атап көрсетуге болады.
Шет мемлекеттердің арнайы қызметтері мен мекемелерінің барлаулық қызметін болдырмау. Берілген міндет тек қана мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша шаралармен шектелмейді, себебі шетелдік арнайы қызметтердің агенттерін белсенді және мақсатты ашуды талап етеді. Аталған қылмыстарды тергеу Ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу аппаратымен жүзеге асырылады.
ҚР мүдделері үшін барлау қызметі. Оны жүргізудің қажеттілігі әртүрлі мемлекеттердің мүдделерінің арасындағы қайшылықтарға байланысты. Халықаралық аренада мемлекеттің беделін және қауіпсіздігін нығайту мәселесі түрлі тәсілдермен шешіледі. Барлау қызметі халықаралық процестердің дамуын болжауға, ғылыми, экономикалық және т.б. салалардағы негізгі жетістіктерді білуге мүмүкіндік береді.
Мемлекеттік шекараны қорғау. Қазіргі заңнама мемлекеттік шекараны қорғауды бұрынғы КСРО –дай Ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттеріне жатқызбайды. Қазір шекара әскерлері арнайы комитеттің құрамына кіред, бірақ соңғысы ақпараттық және болжаулық көмек алу жолымен Ұлттық қауіпсіздік органдарымен қатынаста болады.
Терроризммен күрес. Терроризм тұлға мен қоғамға қауіп төндіретін ең ауыр қылмыс болып табылады.сондықтан террористік актілердің алдын алу Ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген. Бұл міндетті орындау үшін органдар құрылымында арнаулы бөлімшелер құрылады.
Ел ішіндегі Конституцияға қарсы құрылымдармен күрес. Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп тек қана сыртқы емес, сонымен қатар ішкі сипатта болуы мүмкін. Соңғы жағдайда қоғам мекемелермен және тұлғалармен істі болады. Аталғандардың қызметі ҚР конституциялық құрылысын өзгертуге бағытталады. Саяси процестің қатысушыларының қызметіне тек қана олар Конституцияны және республика заңдарын бұзған кезде құзыретті органдар жедел түрде араласады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет