Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидалары



Дата25.01.2017
өлшемі220,26 Kb.
#7754


Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы «__»_______№ ____ бұйрығымен бекітілген

Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды

арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау

қағидалары



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі – Шекара қызметі) лауазымды тұлғалары әкімшілік ұстауға тартқан адамдарды ұстау тәртібін анықтайды.

2. Осы қағидада келесі түсінктер қолданылсын:

1) әкімшілік ұстауға тартылған адамдар үшін арнайы жабдықталған үй-жай (бұдан әрі – арнайы үй-жай) – әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды (бұдан әрі – ұсталған адамдар) тәулік бойы ұстауға арналған санитарлық, өртке қарсы талаптарға жауап беретін және оларды өз еркімен тастап кету мүмкіндігін болдырмайтын модульдік үлгіде жабдықталған бөлмелер мен үй-жайлар кешені;

2) әкімшілік ұстау – жеке тұлғаны уақытша жеке бостандығынан, атап айтқанда, арнайы үй-жайларда белгілі бір уақытқа мәжбүрлі түрде ұстай отырып, іс-қимыл және қозғалу бостандығынан айыру.



  1. Ұсталған адамдар арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау тәртібі

3. Шекара қызметінің лауазымды тұлғалары әкімшілік ұстауды 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 620-бабында (бұдан әрі – КР ӘҚБтК) атап көрсетілген жағдайларда, тек әкімшілік құқық бұзушылық жасауға күдікті адамның құқыққа қарсы іс-әрекетінің жолын кесу мақсатында қолданады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау, құжаттарды тексеру, жеке басын анықтау және әкімшілік ұстауға байланысты өзге де іс-қимылдар жасау мақсатында аталған қамтамасыз ету шараларын қолдануға жол берілмейді.

4. Арнайы үй-жайларда ұстау заңдылық, кінәсіздік презумпциясы, азаматтардың заң алдындағы теңдігіне, ізгілік, тұлғаның ар-намыс және қадір-қасиетін құрметтеу қағидаларына, халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады және ұсталған адамдарға дене немесе адамгершілік жапа шектіру мақсатындағы іс-әрекеттермен сүйемелденбеуі тиіс.

5. Шекара қызметі уәкілетті лауазымды тұлғасының КР ӘҚБтК 621-бабында көзделген тәртіппен жасалған әкімшілік ұстау хаттамасы, сондай-ақ 1997 жылы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-ісжүргізу кодексінің 134 бабында реттік құрастырылып көзделген уақытша ұстау изоляторына жеткізу жүзеге асырылғанға дейін мемлекеттік шекараны бұзуға байланысты қылмыстарды жасауға күдіктілер мен айыпталушыларға қатысты ұстау хаттамасы адамды арнайы үй-жайға белгілеу үшін негіз болып табылады.

6. Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау мерзімі және оны санау тәртібі КР ӘҚБтК 622 және 623-баптарына сәйкес анықталады.

7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекараны бұзумен байланысты қылмыс жасауға күдіктілер немесе айыпталушылар уақытша ұстау изоляторына жеткізу жүзеге асырылғанға дейін әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларда ұсталуы мүмкін.

8. Әкімшілік ұстау қолданылған кәмелеттік жасқа толмағандар ересек адамдардан бөлек ұсталады.

9. КР ӘҚБтК 621-бабының 2-тармағына сәйкес Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұсталған адамның өтiнiшi бойынша оның қайда екендiгi туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкiмшiлiгi, сондай-ақ қорғаушысы хабардар етiледi. Кәмелетке толмаған адамның ұсталуы туралы оның ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға мiндеттi түрде хабарланады.

10. Ұсталған адамдар КР ӘҚБтК 633-бабында көзделген тәртіппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдануға шағым беруге құқылы.

11. Арнайы үй-жайларда ұсталған тұлғалардың өз еріктерімен кетіп қалмауын қамтамасыз ететін тәуліктік кезекшілік режимі орнатылады.

Режимнің сақталуына бақылауды ұйымдастыру арнайы үй-жай орналасқан аумақтағы бөлімше командиріне жүктеледі.

12. Арнайы үй-жайдың күнделікті қызметін ұйымдастыру үшін әскери бөлімнің штатында арнайы үй-жайлар бойынша жауапты лауазымы қарастырылады. Арнайы үй-жайлар бойынша жауапты қызметтік мәселелер бойынша әскери бөлімнің анықтау және әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімшесінің бастығына бағынады.

13. Анықтау және әкімшілік құқықтық жұмыстар арнайы үй-жайлар бойынша жауапты:

1) арнайы үй-жайдағы режимді қамтамасыз ету мәселелері бойынша кезекшілік қызметті күнделікті бақылайды, белгіленген нормаларға сәйкес ұсталған адамдардың тамақтануын ұйымдастырады;

2) арнайы үй-жайдағы санитарлық жағдайға, үй-жайға уақытында санитарлық өңдеу жүргізуге және төсек жабдықтарының ауыстырылуына бақылауды жүзеге асырады;

3) материалдық құндылықтардың сақталуына және арнайы үй-жайдағы іс жүргізуге жауап береді;

4) заттай айғақтар мен оларды сақтауға арналған бөлмеде орналасқан ұсталған адамдардың жеке заттарын жауапты сақтауға алады;

5) ұсталған адамдармен профилактикалық әңгіме жүргізеді, ол уақытта әкімшілік ұстауды қолданудың негіздемесі және әкімшілік құқық бұзушылықтың жіктелуі, ұсталған адамның құқығы түсіндіріледі.

Арнайы үй-жайларда тәулік бойы кезекшілікті қамтамасыз ететін және ұсталған адамдарды оларды өз еріктерімен тастап кету мүмкіндігін болдырмайтын режим орнатылады.

14. Арнайы үй-жайда режимді, ұсталған адамдарды, заттай айғақтар мен ұсталған адамдардың жеке заттарын күзету және ұстауды қамтамасыз ету үшін әскери бөлімнің әскери қызметшілерінің қатарынан кезекшілік қызмет тағайындалады.

15. Кезекшілік қызметтің құрамын аумағында арнайы үй-жай орналасқан бөлімшенің командирі анықтайды.

16. Арнайы үй-жай жанындағы кезекшілік қызметтің құрамына арнайы үй-жай бойынша кезекші, арнайы үй-жай бойынша кезекшінің көмекшісі және сыртқа шығарушы (бес ұсталған адамға бір сыртқа шығарушы есебінен) тағайындалады.

17. Ұсталған адамдар немесе заттай айғақтар болмаған жағдайда аумағында арнайы үй-жай орналасқан бөлімше командирінің шешімі бойынша кезекшілік тағайындалмайды.

18. Арнайы үй-жай бойынша кезекші, арнайы үй-жай бойынша кезекшінің көмекшісі және сыртқа шығарушы кезекшілік кезеңінде арнайы құралдармен қамтамасыз етіледі, (жанында тұтқасы бар резеңке таяқпен).

19. Арнайы үй-жай бойынша кезекшісі өзінің қызметін атқару кезеңінде әскери бөлімнің анықтау және әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің бастығына, арнайы үй-жайлар бойынша жауапты, әскери бөлім бойынша кезекші (арнайы үй-жай орналасқан бөлімше бойынша) бағынады.

20. Арнайы үй-жай бойынша кезекші:

1) арнайы үй-жайға жеткізілетін және ол жерден босатылатын ұсталған адамдарды тіркеуді және есепке алуды жүргізеді;

2) келесі есепке алу құжаттарында тиісті жазбалар жүргізіледі;

арнайы үй-жайда ұсталатын адамдарды есепке алу журналы


(осы Қағидаға 1-қосымша);

арнайы үй-жайлар бойынша кезекшілікті қабылдау және өткізу кітабы (осы Қағидаға 2-қосымша);

шағымдар мен ұсыныстар кітабы (осы Қағидаға 3-қосымша);

арнайы үй-жайда ұстауға түскен ұсталған адамдардан бастапқы сұрақ – жауап алу және медициналық көмек көрсетуді тіркеу журналы (осы Қағидаға 4-қосымша);

заттай айғақты сақтауға арналған бөлмедегі құжаттар және заттай айғақтарды есепке алу журналы (осы Қағидаға 5-қосымша);

3) ұсталған адамдар арнайы үй-жайға жеткізілген кезде, сондай-ақ кезекшілікті қабылдау-өткізу кезінде оларға сыртқы тексеру жүргізеді.

4) ұсталған адамдарды бөлмелерге орналастырады;

5) ұсталған адамдарға тиесілі, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық құралы болып табылмайтын заттарды, құжаттарды, ақшалар мен құнды заттарды күзетуге қабылдайды және сақталуын қамтамасыз етеді және оларға босатылған кезде қайтарып береді.

6) барлық жеткізілген, орналастырылған және босатылған адамдар туралы анықтау және әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің бастығына, сондай-ақ арнайы үй-жайлар бойынша жауапты және бөлім бойынша кезекшіге (арнайы үй-жай орналасқан бөлімше бойынша) баяндайды;

7) ішкі тәртіп қағидаларында бекітілген уақыт бойынша ұсталған адамдардың серуендеуін ұйымдастырады;

8) ұсталған адамдардың барлық шағымдары мен арыздары туралы анықтау және әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің бастығына, сондай-ақ арнайы үй-жайлар бойынша жауаптыға уақытылы баяндайды;

9) ұсталған адамдардың денсаулығы нашарлаған жағдайда дереу медицина қызметкерін, ал ол жоқ болған жағдайда жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырады. Болған жағдай туралы анықтау және әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің бастығына, арнайы үй-жайлар бойынша жауапты және әскери бөлім бойынша әскери бөлімнің кезекшісіне (арнайы үй-жай орналасқан бөлімше бойынша) тез арада хабарлайды;

10) заттай айғақтарды сақтауға арналған, арнайы үй-жайлар бойынша жауапты және анықтау және әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі қызметкерінің мөрлерімен мөрленген бөлмені күзетке қабылдайды;

11) адамдарды ұстау мерзімі бойынша есеп жүргізеді. Ұстау мерзімінің аяқталуына дейін бір сағат бұрын анықтау және әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің бастығына, ал ол жоқ болған жағдайда оны алмастыратын ададмға хабарлайды.

21. Арнайы үй-жай бойынша кезекшінің көмекшісі қызмет атқару кезеңінде арнайы үй-жай бойынша кезекшіге бағынады. Арнайы үй-жайдың кезекшісі және сыртқа шығарушы жоқ болған жағдайда олардың міндеттерін атқарады.

22. Арнайы үй-жай бойынша кезекшінің көмекшісі:

1) байланыс құралдарының және арнайы үй-жайға орнатылған сигнализацияның істен шығып қалмауын қадағалайды;

2) арнайы үй-жайға өткізу режимін жүзеге асырады, ұсталған адамдардың бөлімшенің аумағынан өз еріктерімен шығып кетулеріне және бөгде адамдардың кіруіне жол бермейді;

3) ұсталған адамдардың іс-әрекеттеріне үнемі бақылау жасайды, өз өзіне қол жұмсауды немесе дене жарақаттарын болдырмаудың алдын алу бойынша алдын алу шараларын қабылдайды;

4) үй-жайда тәртіптің сақталуына қадағалау жүргізеді;

5) бөлмелердің жай-күйін, олардың жарамдылығын тексереді және анықталған кемшіліктер туралы арнайы үй-жай бойынша кезекшіге баяндайды;

23. Арнайы үй-жай бойынша сыртқа шығарушы қызмет атқару кезеңінде арнайы үй-жай бойынша кезекшіге (кезекшінің көмекшісіне) бағынады;

24. Арнайы үй-жай бойынша сыртқа шығарушы:

1) ұсталған адамдардың арнайы үй-жайда болған кезде, сондай-ақ оларға еріп-жүру кезінде күзетілулеріне жауап береді;

2) ұсталған адамдарды таңертеңгілік және кешкілік жуынулары, табиғи қажеттіліктеріне барулары кезінде және серуендеулері кезінде күзетеді.

25. Сыртқа шығарушының ұсталған адамдарды күзету кезінде олармен сөйлесуіне, олардан әлде бір нәрсе алуға немесе беруге, сондай-ақ өз міндеттерін орындауға кедергі жасайтын өзге де әрекеттер жасауға тыйым салынады.

26. Сыртқа шығарушы ұсталған адамдармен еріп-жүру үшін оларды сапқа тұрғызады және ұсталғандардың арттарынан екі-үш қадам және сол жақтарына (оң жақтарына) еріп жүріп оларды басқарады.

27. Арнайы үй-жайда:

ұсталған адамдарды ұстауға арналған кемінде екі бөлме;

заттай айғақтарды сақтауға арналған бөлме;

ұсталған адамнан сұрақ-жауап алуға, жеке тексеріс және заттарына тексеріс жасауға арналған бөлме;

арнайы үй-жайлар бойынша жауаптының бөлмесі;

арнайы үй-жай бойынша кезекшілік қызметінің бөлмесі;

жуынатын бөлме және дәретхана;

серуендету алаңы жабдықталады.

28. Ұсталған адамдарды ұстауға арналған арнайы үй-жайдың бөлмелері егер олар дәліздің екі жағында да болғанда, қарама-қарсы орналасқан бөлмелердің есіктері бір-біріне қарама-қарсы орналаспайды. Бөлмелердің есіктері сыртқа қарай ашылуы тиіс. Әрбір бөлменің барлық аумағы есікке орналастырылған қарайтын көзек арқылы қаралуы тиіс. Бөлмелерде өткір бұрыштардың болуына жол берілмейді. Бөлмелерде жуыну құрылғыларымен дәретханалар орнатылады. Су жіберетін шағын бак, құбырлар мен басқа да санитарлық-техникалық құрылғылар қауысқа жасалады және қапталады, ал жылыту құралдары металл торлармен немесе берік ағаш қалқандармен сенімді түрде қоршалады.

29. Бөлменің терезелері еденнен 1,6 метр аспайтын биіктікте орналасады. Терезелердің ені – 0,9 метр, ұзындығы – 0,5 метр, терезе алдының орнына дөңгелектенген еңіс жасалады. Терезе кәсектеріне қайырмалы фрамугалар қойылады. Бөлме, дәретхана терезелерінің ішкі кәсектері органикалық мөлдір әйнектермен әйнектелуі, сыртқы жағы арматурлануы немесе бұдырлы болуы тиіс. Бөлмелердің барлық терезелеріне бір тор көзі 10 х 10 сантиметр және темір шыбықтарының қимасы 10 милиметр кем емес металл торлар орналастырылады. Бөлмелердің терезелеріне жалюздер орналастырылады.

30. Бөлмелердің есіктері ішкі жағынан темір қаптамамен қапталады (темір есіктер қолданылуы мүмкін). Бөлмелердің есіктерінің ортасында еденнен 1,5 метр биіктікте қарау бағыты бойынша диаметрі 140 милиметр және қарама-қарсы жағына 40 милиметр қарайтын көзектер орналастырылады. Қарайтын көзектер органикалық мөлдір әйнекпен әйнектелуі және шусыз жабылатын айналмалы резеңке қақпақпен жабылуы тиіс.

Бөлме есіктерінің ортасында еденнен 1,1,-1,15 метр биіктікте 25 х 22 сантиметр көлемінде сырт жағына қарай ашылатын желкөз жабдықталады; желкөз ұсталып тұруы үшін енінен орналастырылған жанама тіреуіш жасалуы тиіс.

Бөлме есіктері арнайы құлыптармен жабдықталады, құлыптардың кілттері арнайы үй-жайлар бойынша жауаптыда және кезекшісінде сақталады.

31. Бөлмелер арнайы электрлі жарықпен жабдықталады, электрлі шамдар бөлменің төбесінде орналастырылып, органикалық әйнекпен немесе берік сынбайтын материалмен қоршалады. Жарықты жағып-өшіру құрылғысы әр бөлменің дәліз жағында орналастырылады. Дәретхана есігінің жанында ашалы розеткалар орналастырылады.

32. Бөлмелер ұсталған адамдардың санына қарай төсектермен, орындықтармен, үстелдермен, су ішуге арналған ыдыспен, киім-кешекке арналған шкафпен, жуынуға арналған заттарды қоятын сөрелермен және қоқысқа арналған шелекпен жабдықталады.

33. Әр бөлмеде күн тәртібі мен күнтізбе ілініп тұрады. Барлық бөлмелер кезекшілік қызметінің қызметкерін шақыруға арналған шақырту құралымен жабдықталады.

34. Арнайы үй-жай медициналық керек-жарақтардың қажетті жинағы бар бірінші жедел жәрдем көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасымен қамтамасыз етіледі. Дәрі-дәрмек қобдишасы кезекшілік қызметінің бөлмесінде сақталады.

Дәрі-дәрмек қобдишасының ішінде болуы тиіс заттарға және ол заттардың жарамдылық мерзіміне арнайы үй-жайлар бойынша жауапты жауап береді. Кез келген дәрілік заттар қолданылғаннан кейін дәрі-дәрмек қобдишасы қайтадан толықтырылуы тиіс.

35 Арнайы үй-жайда серуендету алаңы жабдықтандырылады, жалпы ол алаңның көлемі 16 шаршы метрден кем болуы тиіс. Серуендету алаңына асфальт салынады немесе ештеңе қосылмаған тапталған топырақ болуы керек. Серуендету алаңының ортасында отыратын орындық орналастырылады, бұрыштарының бірінде қоқысқа арналған шелек орналастырылады. Серуендету алаңына шығару есігі қарау көзегімен жабдықталады.

36. Арнайы үй-жайда дәретхана орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, арнайы үй-жайдың сыртында дәретхана немесе биодәретхана орналастырылады.

Сыртта орналасқан дәретхана су кірмейтін шұңқырларға орналастырылады. Шұңқырға орналастырылған дәретханалар уақытылы тазаланады және залалсыздандыралады.

37. Жылыту мерзімінде арнайы үй-жайдың температурасы +18°С төмен түспеуі керек. Арнайы үй-жай кеш батқаннан таң атқанша жарықпен қамтамасыз етіледі.

38. Арнайы үй-жайлар бойынша жауапты арнайы үй-жайда және маңындағы тиісілі аумақта тазалық тәртібін сақталын қамтамасыз ету қажет.

__________________________________________

Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды

арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларына

1-қосымша



Арнайы үй-жайда ұсталатын адамдарды есепке алу

ЖУРНАЛЫ

Басталды: 20 ж. " "______ _

Аяқталды: 20 ж." "______ __

Келесі беті




р/н




Ұсталған адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, азаматты-ғы


Ұстауға негіз, ұстау хаттамасы-ның нөмірі, күні, уақыты және ұстау аяқталған уақыт


Құқық бұзушы-ны ұстаған лауазым-ды тұлға


Ұстауға алған арнайы үй-жай бойынша кезекшінің тегі, аты, әкесінің аты, атағы (күні, уақыты, қолы)


Шығуға негіз:

босату, әкімшілік ұстау мерзімінің аяқталуы, қабылдау – орналастыруға ауыстыру .




Ұсталған адамды арнайы үй-жайдан босатқан (жіберген) лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (күні, уақыты, қолы)



1

2

4

5

6

7

8





















Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды

арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау

қағидаларына

2-қосымша


Арнайы үй-жай бойынша кезекшілікті қабылдау және өткізу

КІТАБЫ

Басталды: 20 ж. " "______ _

                    Аяқталды: 20 ж." "______ __

Кері беті

Арнайы үй-жай бойынша кезекшілік қызметті өткізу баянаты еркін түрде жазылады және мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:

1) кезекшілікті қабылдау және өткізу туралы;

2) ұсталған адамдарды қабылдау-тапсыру туралы;

3) арнайы құралдарды, кілттерді қабылдау-өткізу туралы;

4) кезекшілік уақытында арнайы үй-жайда орын алған оқиғалар туралы;

5) кезекшілік кезінде арнайы үй-жайда жабдықтарындағы (сигнализация, байланыс, жарық беру, торлар, құлыптар және тағы басқалар) табылған олқылықтар туралы;

6) инженерлік қызметтің арнайы үй-жайға техникалық тексеріс жүргізгені туралы;

7) бөлімше бастығының немесе басқа да текесеруші адамдардың кезекшілік қызметтің қызмет атқаруын тексергендігі туралы;

8) жаңадан келіп түскен ұсталған адамдардың және одан шыққандардың саны туралы.

Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды

арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау

қағидаларына

3-қосымша

Шағымдар мен ұсыныстар кітабы

Басталды: 20 ж. " "______ _

Аяқталды: 20 ж." "______ __

Келесі беті




р/н




өтініштің келіп түскен күні, айы, жылы, уақыты


Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты

шағым немесе ұсыныс мазмұны


өтінішпен танысқан адамның тегі, аты, әкесінің аты


қабылданған шаралар


1

2

3

4

5

6


















Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды

арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау

қағидаларына

4-қосымша

Арнайы үй-жайда ұстауға түскен ұсталған адамдардан бастапқы сұрақ – жауап алу және медициналық көмек көрсетуді тіркеу

ЖУРНАЛЫ

Басталды: 20 ж. " "______

Аяқталды: 20 ж." "______

Келесі беті




р/н




Тегі, аты, әкесі-нің аты


Жа-сы

Келіп түс-кен күні

Ша-ғым-дары

Келіп түскен-де анық-талды


Қабылданған шаралар

Арнайы үй-жай боынша кезекші-нің ескертпе-сі




медици-на қызмет-керін шақырту және келу уақыты


медициналық көмек көрсетудің сипаты


ауруханаға жатқызу,

емдеу мекеме-сінің атауы




арнайы үй-жайдың кезекші-лік қызметіне ұсыным


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

































Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды

арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау

қағидаларына

5-қосымша

Заттай айғақты сақтауға арналған бөлмедегі құжаттар

және заттай айғақтарды есепке алу журналы

ЖУРНАЛЫ

Басталды: 20 ж. " "______ _

Аяқталды: 20 ж." "______ __

Келесі беті





р/н




заттай айғақтың атауы


Саны


Істің №

айыпта-лушы-ның, күдікті-нің, сотталу-шының, құқық бұзушының тегі, аты, әкесінің аты




жауапты адам-ның аты-жөнін көрсете отырып,

нақты сақтал-ған жері



кімге және қашан сақтау-ға, қарауғаберілді


заттай айғаққа қатыс-ты соттың шешімі


заттай айғақ-тар кімге, қашан беріл-ді, күні, айы, жылы, уақыты



орын-дал-ғаны туралы белгі, күні


лауазымды тұлғалардың қол-дары, күні және уақыты


Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11



































Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет