Дағдыларды меңгеруі тиіс: «Әкімшілік құқықбұзушылық» пәні студенттерге «Әкімшілік құқықбұзушылық» түсінігін, әкімшілік құқығының жүйесін, дауларды шешу механизміне және көпжақты сауда келіссөздерін жүргізуге байланысты мәселелерді терең оқуға, ғылыми-техникалық, сауда-экономикалық, кеден қызметінің негіздерін жан-жақты меңгеруге көмектесу үшін бағытталған.
1 тақырып. Әкімшілік құқықтың және құқықбұзушылықтың пәні мен әдістері. Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар тобы. Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері. Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарды жіктеудегі жаңаша көзқарастар.
Әкімшілік құқықтың әдісі. Құқықтық реттеу әдісінің жалпы сипаттамасы. Мемлекеттік басқару аясында қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеудің ерекшеліктері.
Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы. Әкімшілік-құқықтық нормалар құрылымының ерекшеліктері. Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері. Әкімшілік-құқықтық нормаларды жүзеге асыру. Әкімшілік құқықтың нормаларды қолданудың түсінігі.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері. Әкімшілік құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және жүйесі. Әкімшілік құқықтың нормаларын жүйелендіру, жүйелендірудің мәселелері.
Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны. Әкімшілік құқықтық қатынастардың пайда болуының, өзгертілуінің және тоқтатылуының негіздері. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түрлері. Көлденең және тігінен жүретін әкімшілік құқықтық қатынастар.
Әкімшілік құқықтың жүйесі. Жүйе түсінігі. Әкімшілік құқықтың жалпы бөліміне қатысты нормалары мен институттары. Ерекше бөлімнің түсінігі.
Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері және оның элементтері. Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі. Мемлекеттік басқару аясында азамат мәртебесінің нормативтік-құқықтық реттеу негіздерінің сипаттамасы. Әкімшілік құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік.
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері. Мемлекетті басқару аясында азаматтардың өзге де құқықтары мен міндеттері. Азаматтардың жалпы және арнайы әкімшілік құқықтық мәртебесі.
Азаматтардың құқықтарының әкімшілік-құқықтық мәртебелерінің кепілдіктері мен олардың түрлері. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қамтамасыз ету, қорғаудағы атқарушы органдардың рөлі мен маңызы.
Азаматтардың жолдамалары. Жолдамалардың түрлері. Азаматтардың жолдамаларын жүзеге асыру үрдесі. Әкімшілік және соттық шағым. Жалпы және арнайы шағымдар.