Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет9/10
Дата23.05.2020
өлшемі56,06 Kb.
#70890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
9 Рысбек Г.Ә.

Қорытынды
Шамаларды оқыту әдістемесін талдай отырып, мынадай жалпы қорытынды шығаруға болады. Кесінді, ұзындық, ара қашықтық, масса, сұйық, уақыт, жол, аудан, көлем шамаларға жатады. Барлығына ортақ негізгі қасиет, олардың әрқайсысының салыстыру қасиетімен анықталады. Ол қасиеттер түрлі жолмен және практикалық жолмен іске асырылады.

Шамаларды салыстыру, қосу, санға көбейту, үлестерге бөлу, оларды өлшеу арқылы жүргізіледі. Шыққан сандар салыстырылады немесе қосылады.Шамалардың негізгі ортақ қасиеттерін оқушылардың меңгеруіне көмектесетін практикалық тапсырмаларды үлестірмелі материалдар арқылы орындауға көмек беретін тізбектілікті тиімді қолдану қажет.

Математика әдістемесінің мазмұнында оқушыларға теориялық білімді игеру, яғни білімді әр түрлі практикалық мәселелерді шешу кезінде қолдана білуге бағыт береді. Сондай-ақ әдістеме математиканы оқыту барысында нәтижеге жетуге бағыт-бағдар береді.

Математиканы оқыту мектепке тән үш жалпы мақсатты көздейді:

1)Білім беру;  2)Тәрбиелеу;   3)Өмірлік практикалық білім дағды дарыту немесе дамытушылық;

Математиканы оқытудың білімдік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен және оларды толық сапалы да берік игеруге қажетті біліктіліктермен дағдылармен  қаруландыру болып табылады. Осындай білім алу нәтижесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды. Оқушыларға математикалық білім дағдылар жүйесін берумен қатар математика пәні мектепке басқа да білім беру міндетін атқарады. Олар:

1.Оқушылардың бізді қоршаған ақиқат болмысты танып білудің математикалық әдістерін игеруіне жәрдемдесу;

2.Оқушыларды ауызша және жазбаша математика тіліне үйрету (қарапайым, анықтық, қысқа да нұсқалық, толықтық);

3.Оқушыларды математика бойынша алған білім дағдыларын оқу және өз бетімен білім алу барысында белсенді түрде пайдалана білуге үйрету;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет