Зерттеудің методологиялық негізі. Бастауыш математика курсындағы шамалар және олардың өлшем бірліктерін оқытудың әдістемесінің жылдар бойы жинақталған тәжірибесін жинақтап, талдаудан, қазіргі отандық және әдістемелік, педагогикалық ілімдердің жетістіктерін ұтымды пайдаланудан, қалыптасу және даму барысы туралы жағдаяттарды ой елегінен өткізу.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Мазмұны
Кіріспе..............................................................................................................
|
4
|
1 Шама ұғымына жалпы сипаттама ...............................................................
|
5
|
1.1 Шамалардың қатынасы, сандардың қатынасы.........................................
|
5
|
1.2 Қатынас мүшелерінің қасиеттері, кері қатынастар..................................
|
8
|
2 Бастауыш математикасындағы шамалар және оны оқыту әдістемесі......
|
16
|
2.1 Бастауыш математикасындағы шамалар және оны оқыту әдістемесінің теориялық негізі.................................................................................................
|
16
|
Қорытынды..........................................................................................................
|
26
|
Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................
|
27
|
Кіріспе
Бастауыш сыныптарда оқытылатын математиканың бастауыш курсы орта буын математикасының ажырамас табиғи бөлігі болып табылады. Олай болса, математикалық білім негізі бастауыш курсындағы тығыз сабақтастықты жалғастырып, оны ғылыми жаңа биікке көтеру күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып тұр. Бұл мектеп ісіне комплексті қарап, білім беру мен тәрбиелеудің біртұтастық принципіне әдістемелік жағынан жаңаша жұмыс жасауды талап етеді.
Математиканың бастауыш курсынының мазмұнын негізгі материал ретінде де әр түрлі шамалар және оларды өлшеуді оқытуды санаудың сандық жүйесі арасындағы байланысқа негізделген ортақ әдістемеге сүйеніп қарастыру негізделген.Ұзындық, масса, баға, сыйымдылық, аудан, күш, мөлшер, арақашықтық, уақыт, жылдамдық шамалармен, олардың өлшеу бірліктерімен және шамаларды өлшеумен таныстыру практика жүзінде орындалады.
Жұмысты зерттеудің міндеттері:
оқу процесіндегі жүріп жатқан оқыту әдістерін оқушыларға ұғынықты, әрі олар бағдарламаны одан әрі алып кететінде деңгейде жүруі
оқытушының барлық оқу бағдарламасын игеруде оқыту әдістемесіне сүйене отырып, алған білімдерін одан әрі қарай жетілдіру
білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Зерттеу нысаны-математиканы сапалы оқытып үйрету бағытына негізделген шамаларды және олардың өлшем бірліктерін оқыту әдістемелік жүйесі мен оның негізгі қағидаларын, ғылыми негіздері мен теориялық тұжырымдарын зерттеу.
Зерттеудің практикалық маңызы- математиканы оқытудың сапасын арттыру, әдіс-тәсілдерін жетілдіру, оқытуыдың негізгі қағидалары мен бағыт-бағдарларын түсіндіру үшін, еліміздің мемлекеттік білім беру жүйесін және математиканы оқыту әдістемесін дамыту үшін барлық оқу орындарында пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |