Диссертация жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады



Дата04.03.2023
өлшемі14,96 Kb.
#171083
түріДиссертация
Байланысты:
реферат


РЕФЕРАТ


Жұмыстың тақырыбы: Т.Шапай еңбектеріндегі поэтикалық мәселелер
Жұмыстың көлемі: 96 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 92
Жұмыстың құрылымы. Диссертация жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Т.Шапайдың сыни зерттеу еңбектерін бағдарлай отырып, оның қазақ әдебиеттануы мен сынында алар биік орнын айқындау, көркем-әдеби сындарындағы жаңаша ізденіс үлгілеріне бүгінгі көзқарас тұрғысынан талдау жүргізу – зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- Т.Шапай әдеби сындарында көтерілген тақырыптардың аясын қамту және сыни-пікірлерінің қазақ әдеби сынындағы маңыздылығына тоқталу.
-Т.Шапайдың әдеби-сын еңбектеріндегі көркемдік-стильдік ізденістерге талдаулар жүргізу;
-Т.Шапайдың әдеби-сын еңбектеріндегі сыни-теориялық тұжырымдарын ғылыми айналымға ендіру;
-Т.Шапайдың әдеби-сын еңбектеріндегі сыншылдық өткірлігіне, тіл шеберлігіне, бүгінгі көзқарас тұрғысынан баға беру;
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Сыншы Т.Шапайдың әдеби-сын еңбектеріндегі көркем ізденіс үлгілері мен қазақ әдеби сынына қосқан үлесі тұтастай зерттеу нысанасы ретінде алынып отыр. Бұл магистрлік жұмыста Т.Шапайдың әдеби-сын еңбектеріндегі шығармашылық шеберліктері мен стильдік ізденістерін таныту жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады.
Практикалық қолданысы: Зерттеу жұмысының нәтижелерін орта, кәсіби және жоғары мектептерге арналған оқулықтар, оқу құралдарын жазу барысында, сонымен бірге жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарында жүргізілетін «Әдебиеттануға кіріспе», «Қазақ әдеби сынының тарихы», «Қазіргі қазақ әдебиеті» сияқты пәндерді оқытуда пайдалануға болады.
Тірек сөздер: лирика, әдеби сын, лирикалық тұлға, лирикалық кейіпкер, лирикалық «мен», кетік ұйқас.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет