Байланысты: азастан республикасы білім ж не ылым министрлігі
Дәрістің түрі: ақпараттық
Дәрістің мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқыту мен білім беруді жетілдірудің үздік тәсілдер мен нклюзивті процестердің тиімділігін талдау құралы ретінде мониторинг технологиясымен таныстыру
Инклюзивті білім беру бағдарламасын тиімді басқару мақсатында ұйымдастырушылық-функционалдық құрылым жасалды:
1. Білім беру мекемесінде инклюзивті білім беруді ұйымдастырып енгізу бойынша шығармашылық проблемалық топ құрылды.
2. Мұғалімдер үшін даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары жоспарланды.
3. Эксперименталдық топ жинақтау бойынша жұмыс ұйымдастырылды.
4. Жаңа әдістемелік және оқу әдебиеттерін сатып алу жоспарланды.
Модельді жүзеге асыруға қатысатын барлық тарап іс-әрекеттерін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында проблемалық топ құрылды, бұның құрамына: мектеп директоры, мектептегі инклюзивті білім беруді үйлестіретін директор орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-психолог, медбике кіреді.
Кеңес жұмысының ұйымдастырушылық және аналитикалық қамтамасыз етілуін инклюзивті білім беруді үйлестіретін мектеп директорының орынбасары жүзеге асырады. Проблемалық топ құрамын мектеп директоры бекітеді.