Байланысты: азастан республикасы білім ж не ылым министрлігі
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске асыру тетіктері 1. Әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету:
мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзивті және кіріктіріп оқытудың әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздерін әзірлеуді, ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру процесіне қосу аясында оларды әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыруды;
ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын бейімдеуді (білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды, базалық пәндер бойынша оқытудың пәндік нәтижелері мен дағдыларын, оқу процесін ұйымдастыру шарттарына қойылатын талаптарды);
ерекше оқытуды қажет ететін балаларды оқыту нәтижелерін мониторингілеу және бағалау жүйесін әзірлеуді, инклюзивті білім беру шарттарына баланың оқу жетістігін критериалды бағалауды бейімдеуді;
үйден оқыту сапасын бағалау жүйесін әзірлеуді;
ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды оқыту шарттарына типтік оқу жоспарлары мен техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын бейімдеуді көздейді.
Кадрлық қамтамасыз ету:
инклюзивті тәжірибені іске асырушы ұйымдардағы қызмет шарттарына педагогтардың дайындығын қамтамасыз ету;
педагогикалық мамандықтары бар жоғары, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу жоспарына «Инклюзивті білім беру» және «Арнайы педагогика негіздері» пәндерін қосуды;
инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарға арналған педагог кадрлардың, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың ерте жастағы балалары үшін дефектолог-мұғалімдер мен педагогтардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламасын жетілдіруді;
ЖОО-да мүгедектерге білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында штаттық қызметкерлерді: тьюторды, арнайы психологты, сурдоаудармашыны қосатын арнайы құрылымдық бөлім құруды көздейді.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету:
инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін метептердегі материалдық-техникалық базаны арнайы оқу-әдістемелік, техникалық көмекші компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету және қолжетімді «кедергісіз орта» құру есебінен нығайту механизмдерін игеруді;
білім беру ұйымдарын және жоғары оқу орындарын білім беру бағдарламаларын меңгеру тиімділігін көтеретін көмекші техникалық құралдармен (тифло-, сурдо-және т.б. техникалар) қамтамасыз етуге және мүгедектерге арналған оқу кабинеттері мен аудиториялардағы арнайы орындардың болуына қойылатын талаптарды әзірлеуді көздейді.
Инклюзивті білім беруді дамытуды ақпараттық қамтамасыз ету:
қоғамды, үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға қоғамның толеранттық қарым-қатынасын қалыптастыруды, сондай-ақ балалар құқығын қорғауға бағытталған бағдарламаларды жергілікті атқарушы органдармен әзірлеуді көздейді ;
әр білім алушының компенсаторлық техникалық және көмекші құралдарға ерекше білім алу, әлеуметтік, оңалту мұқтаждықтары, қажеттіліктері мен барлық білім беру деңгейлерінде көрсетілетін түзету-педагогикалық қолдау түрлері мен көлемі туралы мәліметтері көрсетілуі тиіс мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау жүйесін ақпараттандырудың техникалық-экономикалық негізін әзірлеуді көздейді;
Жүзеге асырудың негізгі шарттары:
нормативтік-құқықтық негіздерді жетілдіру;
ғылыми, оқу-әдістемелік, кадрлық, қаржылық-экономикалық және басқа да ресурстардың шоғырлануы;
ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуге және кәсіби бағдарлау мен өзін-өзі дамытуға жағдай жасау;
балалардың жеке мүмкіндіктері мен білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалануды қамтамасыз ететін интерактивті оқыту.