Байланысты: азастан республикасы білім ж не ылым министрлігі
Ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу үшін келесідей жағдайлар жасалатын болады: - ерекше оқытуды қажет ететін балаларды ерте айқындау жүйесін құру және оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру жүйесін, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін, оңалту орталықтарын және
басқа да білім беру ұйымдарын, әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтауды дамыту арқылы уақтылы кешенді қолдау мен көмек көрсету;
ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың дағдыларын, оқу жетістіктерін және жалпы білім беру жүйесіне дайындық дәрежесін бақылау құралдарын әзірлеу;
жеке оқу бағдарламасын дайындау әдістемесін әзірлеу;
ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға арналған жоғары білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
оқуды аяқтағаны туралы икемді деңгейлік құжат жасау (аттестат, диплом);
білім берудің барлық деңгейлерінде «кедергісіз» орта құру, білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтау және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды білім берудің көмекші техникалық құралдарымен қамтамасыз ету;
жалпы білім беретін оқу мекемелеріндегі ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды кешенді (әлеуметтік және медициналық-психологиялық-педагогикалық) қолдау қызметін ұйымдастыру;
арнайы білім беру ұйымдарының, басқа да мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың әлеуетін қолдану арқылы инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету бойынша түрлі деңгейдегі ресурстық орталықтар жүйесін құру;
жалпы білім беру жүйесінде ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды ерте кәсіби бағдарлауға, мамандық алды және мамандыққа даярлауға арналған жағдайларды қамтамасыз ету;
инклюзивті білім беру процесіне ата-аналарды, сарапшылар қауымдастығын және қоғамдық ұйымдарды тарту.
Кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру Инклюзивті білім беру жүйесіндегі педагог кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мыналарды қамтитын болады:
жоғары және кәсіби білім беретін барлық педагогикалық мамандықтардың оқу жоспарына арнайы пәндер қосу жолымен институттар мен колледждердегі барлық мұғалімдер мен тәрбиешілерді ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды оқытудың дағдылары мен тәсілдеріне даярлау және оқыту;
инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалармен жұмыс жүргізу мәселелері бойынша жалпы білім беру ұйымдарындағы барлық басқарушы қызметкерлерді, педагогтарды және мамандарды (педагог-психологтарды, педагог-дефектологтарды, әлеуметтік педагогтарды) кезең-кезеңмен қайта даярлау;
инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің біліктілігін, ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалармен жұмыс әдістерін, кемсітушілікті жою және жағымсыз жағдайларды шешу, адам құқығы негіздерін зерделеу дағдыларын арттыру.
Ғылыми және оқу-әдістемелік қолдау:
жалпы білім беру ортасына ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды
қосудың вариативті үлгілерін әзірлеу және эксперименттік түрде ендіру;
инклюзивті білім беруде инновациялық үлгілерді, оқыту әдістері мен технологияларды қолдану, халықаралық озық тәжірибені зерделеу және қолдану;
білім беру жүйесінде инклюзивтік процестердің тиімділік критерилерін әзірлеу;
оқушылар білімін бағалаудың икемді (бейімделген) критерилерін және инклюзивті білім беру жүйесінде қолданылатын икемді (бейімделген) жалпы білім беретін оқу бағдарламалар мен жалпы білім беру стандартын әзірлеу;
ерекше оқытуды қажет ететін білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жеке оқу бағдарламалар әзірлеу мен бағалаудың икемді критерилерін қолдану бойынша және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, әлеуметтік оңалту бойынша әдістемелік ұсынымдар, оқу-әдістемелік құралдар жасау.
Саламанка Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
Білім беру жүйесіне оң өзгерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды. Яғни ол мына принциптер:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ .