Байланысты: азастан республикасы білім ж не ылым министрлігі
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау жағдайлары Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі талаптары:
білім беру ұйымында балалардың толыққанды жеке тұлға болып дамуын қамтамасыз етуге және жалпы білім беру және арнайы білім беру бағдарламаларын толық меңгеруге мүмкіндік беретін бейімдеу және түзете дамыту ортасын құру;
мүмкіншіліктері шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге және оқу-әдістемемен және материалдық-техникалық жабдықтауға қойылатын нормативтік талаптарға сәйкес даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға қажетті және олар үшін қолжетімді материалдық-техникалық жағдайларды жасау (арнайы құралдар, құрылғылар, көмекші және техникалық құралдар, қазіргі заманғы көрнекі дидактикалық материалдар);
балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау жұмысын жүргізетін дефектолог мұғалім, педагог-психолог, логопед мұғалім және басқа да мамандардың кабинеттерін түзете дамыту құралдарымен, оқыту құралдарымен (соның ішінде техникалық), арнайы оқу-әдістемелік және дидактикалық әдебиеттермен жабдықтау;
білім беру ұйымының кітапханасын арнайы білім беру және түзете дамыту бағдарламаларымен, арнайы әдістемелік және оқу әдебиеттерімен қамту.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігі психологиялық, педагогикалық, медициналық диагностиканың және жалпы көрсеткіштердің мәліметтері бойынша анықталады:
баланың сенімділігі (позитивті, тең Мен тұжырымдамасын қалыптастыру үрдісі);
баланың өзге балалармен ынтымақтастыққа бейімділігі (топтардың, сыныптардың, балабақшаның, мектептің), ересектермен;
тиісті жас кезеңін меңгеру жетістігі және баланың қызмет түрлеріне қарай ерекшеліктері.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігін анықтау үшін катамнеза әдісін қолдануға болады. Мәліметтерді жинау баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудан кейін жарты жылдан соң, одан кейін жылына бір рет ұйымдастырылады.
Катамнез жинаудың үлгі кестесі:
баланың аты, жөні;
жасы;
соматикалық деңгейі;
психикалық деңгейі;
қызметтің әрбір түріне қатысты басымдық қызығушылықтары;
ата-аналардың пікірі бойынша баланың бейімделу мінезі;
Даму мүмкіндігі шектеулі балалар түзету сабақтарындағы уақытты есептемегенде, үнемі күні бойы дамуы қалыпты балалармен бірге болады. Олар кемшіліктерінің деңгейіне қарамастан даму қалыпты балалармен бірге тәрбие, мәдени-ойын сауық, спорттық-сауықтыру және өзге де бос уақытты тиімді ұйымдастыру шараларына қатысады.