Бақылау сұрақтары
Трансформатордың магнит өткізгіші қандай материалдан жасалады?
Күштік трансформаторларының жіктелуін сипаттаңыз.
Трансформаторларды монтаждау орнына қалай жеткізеді?
Трансформаторларды монтаждау үшін қандай құрылғылар мен жүк көтергіш механизмдер қолданылады?
Күштік трансформаторларды монтаждау бойынша жұмыстардың
(операциялардың) тізбегін құрыңыз.
Ток жəне кернеу трансформаторлары не үшін қызмет етеді?
Кернеу трансформаторларын монтаждау процесін сипаттаныз.
4. 1000 В дейінгі меншікті мұқтаждық қосалқы құрылғыларды монтаждау
1000 В дейінгі тарату құрылғылардың сипаттамалары
Төмен вольтті жинақталған тарату құрылғысы (ТҚ) былай бөлінеді:
конструктивтік орындалуы жəне мөшері бойынша: қалқандар (панельдер немесе шкафтардан жиналатын), шкафтар, қалқаншалар, жəшіктер;
коммутациялық аппараттарды орнату тəсілі бойынша: аунату аппараттарымен, аппараттарды стационарлық орнатумен;
шегіну сызықтарындағы аппараттар типтері бойынша: сақтандырғыштармен, автоматтармен, сақтандырғыш-сөндіргіш блоктармен жəне басқ.;
электрлік қосылыстар сұлбаларымен: кіріктірме немесе кіріктірмесіз аппараттармен, төрт, үш немесе екі өткізгішті шегіну сызықтары үшін, үш жəне екі полюсті аппараттармен;
орнату тəсілі бойынша: еденде, аспалы, батырылған (тауашаларға орнату үшін);
қоршаған орта əсерінен қорғау дəрежесі бойынша: ашық, қорғалған, тығыздауышпен қорғалған жəне басқ.;
қуатталатын электр қабылдағыштар сипаты бойынша: күштік, жарықтандырғыш.
Сонымен қатар, ТҚ орындайтын функциясына жəне өнеркəсіптік кəсіпорындар цех ішілік электрмен жабдықтау сұлбасындағы орнына қарай жіктелуі мүмкін [18].
ТП 6-10/0,4-0,69 кВ (ЖТҚС ТК ТҚ) цехтық жинақталған екіншілікті кернеу ТҚ, ережеге сай, тарату қалқаны (ТҚ) түрінде жасалады жəне қатарға орнатылған жəне ортақ құрама шиналармен жалғастырылған металл шкафтар жинағынан тұрады.
ЖТҚС екіншілікті кернеу ТҚ-да коммутациялық жəне қорғаныс аппараттары ретінде жабық шкафтарда орналастырылған суырмалы орындаудағы автоматты ажыратқыштар пайдаланылады. Автоматты ажыратқыштарды басқару шкафтар есіктеріне орнатылған тұтқалар немесе кілттер көмегімен жүргізіледі. Шкафтың жекелеген ұяшықтарында орналасатын суырмалы автоматты ажыратқыштарды пайдалану қалған қосылулар жұмысын бұзбай əрбір ажыратқышқа ыңғайлы жəне қауіпсіз қызмет көрсетуді жəне оны жылдам айырбастау мүмкіндігін қамтамасыз етеді [18].
ҚР құрама шиналарына кернеуді енгізуді жүзеге асыруға көмектесетін панель кіріктірме деп аталады (сəйкесінше, шкаф – кіріктірме). Шегіну сызықтары жалғанатын панельдер (шкафтар) сызықтық деген атау алған. Сонымен қатар, ЖТҚС ТК ТҚ құрамына секциялық (екі шаппа бар болған кезде құрама шиналарды секциялау үшін), резервті автоматты қосу (РАҚ)
аппаратурасы бар жəне басқа да панельдер мен шкафтар кіруі мүмкін. Коммутациялық-қорғаныш аппараттарымен қатар ЖТҚС ТК ТҚ амперметрлермен, вольтметрлермен, қажет болғанда есептегіштермен жинақталады.
Цехтың басты тарату қалқаны (БТҚ), ережеге сай, аппараттарды стационарлық орнатумен ЩО-70 м типтік панельдерден құралған ТҚ түрінде орындалады.
Кіріктірме, сызықтық, секциялық, кіріктірме-сызықтық жəне секциялық-сызықтық панельдерсақтандырғыштары бар айырғылармен, айырғыш ретімен қосылған автоматтармен, сақтандырғыш- ажыратқыштармен, тоқ трансформаторларымен, өлшегіш құралдармен жинақталады. Кіріктірме панельге қуаттаушы желіден енгізу үстінен шиналармен немесе төменнен шоғырсымдармен жүзеге асырылады. Корпустың төменгі бөлігінде тұтынушыларға нөлдік өткізгіштерді жалғау үшін нөлдік шина орнатылған. Электр үй-жайларда панельдерді орнату кезінде, ережеге сай, ашық орындау қабылданады (үстінен жəне артынан), электр үй-жайлардан тыс – қорғалған орындау [8].
Күштік пункттері (КП) конструктивті түрде, ережеге сай, шкафтар түрінде орындалады. Айырғылары бар шегіну сызықтарынан қорғау үшін ерігіш сақтандырғыштардың үш фазалы топтарымен немесе енгізуде айырғылармен жəне сақтандырғыштармен тарату шкафтары біршама кең қолданылады. Мұндай шкафтардың негізгі сериясы – ШР 11. Олар 5-8 жалғануға есептелген, орындалу – еденде.
Электрмен жабдықтаудың сенімділігіне қойылатын талаптар жоғары болғанда КП ретінде автоматтары бар тарату пункттері қолданылады (пункттердің негізгі сериялары – ПР 11, ПР 22, ПР 24), олар шкаф түрінде еденде, сондай-ақ қалқаншалар түрінде – аспалы жəне тығыздалған орындауда шығарылады. Көрсетілген тарату пункттері кіріктірме үш полюсті автоматтармен жəне кіріктірме автоматсыз орындалады. Шегіну сызықтарының автоматтары – үш полюсті жəне (немесе) бір полюсті.
Тарату шкафтарының жаңа сериясы ПР8501 жəне ПР8701 ПР 11, ПР 22, ПР 22Д, ПР 24, ПР 24Д, ПР 24Н, ПР 24Г сериялы тарату пункттерін айырбастау үшін арналған.
ПР8501 сериялы шкафтарды 50 жəне 60 Гц айнымалы тоқтың 660 В дейінгі кернеудегі электр энергиясын тарату үшін пайдаланады, ал ПР8701 сериялы шкафтар – айнымалы тоқтың 230 В дейін жəне қайта жүктеу əрі қысқа тұйықталу кезінде қорғанышты қамтамасыз ету үшін. Шкафтарды орнату себебінен мынадай орындаулардан əзірлейді: батырылған – тауашаларда орнату үшін; аспалы – қабырғаларда, бағандарда жəне басқа да ұқсас конструкцияларда орнату үшін; едендік – еденде орнату үшін. ПР8501 жəне ПР8701 шкафтар 6,3-100 А тоқтарына ағытқыштармен ВА51-31-1 тоқты шектемейтін бір полюсті сызықтық ажыратқыштарменжəне үші полюсті ВА 51-31 жəне ВА 51-35 – сəйкесінше 6,3 – 100 А жəне 100 – 250 А тоқтарға ағытқыштармен жинақталған.
Шкафтар кіріктірме ажыратқыштарынсыз (кіріктірме қысқыштармен)
жəне кіріктіруді ағытқыштармен əзірленеді. Мынадай кіріктірмені ажыратқыштар қолданылады: ВА-51-33, ВА-51-35, ВА-51-37, ВА-51-39 – тоқты шектемейтін жылулық жəне тоқты электр магниттік ағытқыштармен; ВА-55-37 жəне ВА-55-39 – жартылай өткізгішті тоқты максималды ағытқыштармен селективті; ВА-56-37, ВА-56-39 – тоқты максималды ағытқыштарсыз. Шкафтарға кіріктірілетін ажыратқыштар шегіну сызықтарында кез-келген үйлесімде ағытқыштың норминалды тоғы бойынша орнатылады. Бұл ретте ажыратқыштардың бір уақыттық жиынтық жүктемесі шкафтың атаулы жұмыс тоғынан аспауы тиіс. Шкафтар айнымалы тоқтың
157 сұлбасынан жəне тұрақты тоқ үшін 65 сұлбадан тұрады. Шкафтар кіріктірме ажыратқыштың немесе кіріктірме қысқыштардың (кіріктірме ажыратқышсыз шкафтар үшін) мынадай орналасуымен əзірленеді: қуаттаушы өткізгіштерді үстінен енгізу кезінде шкафтың үстіңгі бөлігінде; қуаттаушы өткізгіштерді астынан енгізу кезінде шкафтың төменгі бөлігінде.
Кіріктірме ажыратқыштары бар немесе ондайы жоқ шкафтар мыс немесе алюминий өткізгіштерді қадағыш жалғасуды (дəнекерлеусіз жəне шоғырсымдық ұштықтарсыз) қамтамасыз ететін қысқыштармен жабдықталған.
Шкаф ішінде шкаф корпусымен электрлік жалғасуы бар оқшауланбаған нөлдік шина орнатылған. Ол атаулыға тең тоқты өткізеді. Нөлдік шина қысқыштары фазалық өткізгіштің қимасынан 25 бастап 100% дейінгі қимасы бар өткізгіштердің жалғасуына жол береді, бірақ кем
2
дегенде 1,5 мм .
Басқару қалқандары (шкафтар) (БҚ, БШ) қорғаныштық жəне коммутациялық аппараттармен басару блоктарынан (панельдерінен) жинақталады. БҚ, негізінде, электр жетектерді қашықтықтан жəне автоматты түрде басқаруға арналған. Сонымен қатар басқару қалқандары электр энергиясын таратуды жүзеге асырады. Орнату орнына қарай БҚ ашық немесе қорғалған түрде орындалады.
Қазіргі уақытта ұзақ уақыттық, қысқа уақыттық жəне қайталама-қысқа уақыттық жұмыс режімдерінде қысқа тұйықталған роторы бар асинхронды электр қозғалтқыштарды басқару үшін Б5030, П5030 сериялы блоктар, сондай-ақ Я5000 сериялы басқару жəшіктері қолданылады.
Блоктар мен панельдер реверсивтік еместер үшін 0,6-630 А, реверсивтік электр қозғалтқыштар үшін 0,6 – 400 А жəне жылу қорғанышы жоқ электр қозғалтқыштар үшін 0,6 – 16 А статордың атаулы тоғымен электр қозғалтқыштарды басқаруға есептелген. Күштік тізбектің атаулы кернеуі: 50 Гц жиілікпен 380, 400, 415 В жəне 3 Гц жиілікпен 80, 440 В.
Магистральдық жарықтандырғыш қалқаншалар (МЖҚ) топтық жарықтандырғыш қалқаншалар арасында электр энергиясын таратуды жүзеге асырады. МЖҚ ретінде сақтандырғыштары бар ШР11 тарату шкафтары жəне үш полюсті сызықтық автоматтармен ПР22, ПР24, ПР8501, ПР8701, ПР9000, СУ9500 жəне басқа сериялы тарату пункттері пайдаланылады.
Топтық жарықтандырғыш қалқаншалары (ЖҚ) бір полюстік жəне үш полюстік сызықтық автоматтармен, кіріктірме үш полюсті автоматтармен
жинақталады. Кіріктірме автоматы жоқ ЖҚ кеңінен қолданылады.
Топтық қалқаншалардың негізгі сериялары – ЩО31, ЩО41, ЩО33, ПР41, ПР9000, ОП, ОЩ, УОЩВ жəне басқалары. Орындалуы – аспалы жəне батырылған.
Күштік жəшіктер (Я) тарату шина өткізгіштер кіріктірмелерінде магистральдық шина өткізгіштерден тарамдарда орнатылады жəне айырғылармен əрі сақтандырғышпен немесе сақтандырғыш-ажыратқыш блогымен, автоматпен, айырғымен шығарылады.
Жəшіктердің негізгі сериялары мынадай таңбалауға ие: ЯРВМ, ЯБПВУ, ЯЗ700, ЯПП [8].
Достарыңызбен бөлісу: |