Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі



бет3/61
Дата15.01.2023
өлшемі7,97 Mb.
#165539
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
монтаж

КІРІСПЕ


«Тарату құрылғылары жəне екінші реттік тізбектерді монтаждау» 0902000 –«Электрмен жабдықтау (салалар бойынша)» мамандығы бойынша техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне арналған өзектілендірілген үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша оқу құралы ретінде «Кəсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен жəне арнайы пəндер оқытушыларымен, «Электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шеберлерінің көмегімен əзірленген.


Оқу құралы орта буын мамандарына қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, құзыреттілік тəсіл негізінде əзірленген.
Құзыреттілікке негізделген оқу құралы – өмір бойы оқыту концепциясының арнасында, себебі, бір жағынан еңбек саласындағы өзгеріп жатқан жағдайға бейімделуге қабілетті жоғары білікті мамандарды қалыптастыру жəне екінші жағынан кəсіби өсу мен білімді жалғастыру мақсаты бар. Бұл оқыту тəсілі əрбір білім алушының табысты екенін сезінуіне мүмкіндік береді, бұл оны өзінің оқуы үшін, ал одан əрі өзінің кəсіби өсуі мен мансабы үшін жауапкершілік алуға үйретеді.
Бұл оқу құралы колледж студенттеріне таратқыш құрылғылар мен екінші реттік тізбектердің электр монтаждау жұмыстарының негіздерін толық меңгеруге арналған. Сонымен қатар, оқу құралы кəсіби-техникалық білім алуға жəне кеңейтуге мүмкіндік береді.
Оқу құралы КМ 06 «Тарату құрылғылары мен екінші реттік тізбектерді монтаждау» кəсіби модулінен құралады. Бұл модуль жұмыстың нəтижелілігін сипаттайды жəне тарату құрылғылары мен екінші реттік тізбектерді монтаждау үшін қажетті дағдылар мен білімді алуға мүмкіндік береді.
«Тарату құрылғылары мен екінші реттік тізбектерді монтаждау» оқу құралы оқытудың 7 нəтижесіне негізделеді:
Ашық жəне жабық тарату құрылғыларының электр жабдықтарын монтаждауды орындау.
Күштік трансформаторлар мен автотрансформаторларды, ток жəне кернеу трансформаторларын монтаждауды орындау.
Кернеуі 1000 В дейінгі меншікті мұқтаждықтағы тарату құрылғыларының монтажын орындау.
Екінші реттік құрылғылар мен олардың тізбектерін монтаждауды орындау.
Кабель желілерін монтаждауды орындау. Электрлік жарықтандыру монтажын орындау. Жерге қосу құрылғыларын монтаждауды орындау.
Оқу құралы студенттерге оқу нəтижелерін бағалау критерийлеріне шыға отырып, кəсіби дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Алынған теориялық білімді бекіту үшін келесі оқу құралын пайдалану ұсынылады: "Тарату құрылғылары жəне екінші реттік тізбектерді монтаждау
бойынша практикум" авторы З. Т. Каиркулова, С. З. Магавьянов С. Ж. Ибраева, Р. А. Құсайынов.
Электр энергетикасы қазіргі уақытта өндірілетін өнім деңгейін арттыру, сондай-ақ, өнеркəсіптің жаңа салаларын игеру есебінен республика экономикасының өсу қарқынының артуы тəуелді ел өнеркəсібінің басты салаларының бірі болып табылады.
Электр энергиясы – энергияның ең ыңғайлы жəне арзан түрі. Электр энергиясының кең таралуы оны алудың, түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігіне жəне оны үлкен қашықтыққа беру мүмкіндігіне байланысты.
Тарату құрылғыларының сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, электр жабдығының жоғары сапасынан басқа, электр монтаждау жұмыстарының жоғары сапасы талап етіледі.
Қазіргі кəсіпорынның электржабдығын монтаждау ашық жəне жабық тарату құрылғыларының электржабдығын, күштік трансформаторлар мен автотрансформаторларды, ток пен кернеу трансформаторларын, кабель желілерін, электр жарығын жəне жерге қосу құрылғыларын монтаждау сияқты күрделі жұмыстар кешені болып табылады.
Мұндай күрделі жұмыс кешенін орындау тек қана жақсы ұйымдастыру, электр монтаждау жұмыстарын жоспарлау кезінде ғана қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып мүмкін болады. Сондықтан қазіргі заманғы электр монтаждаушының жеткілікті теориялық жəне практикалық кəсіби дайындығы ғана емес, заңнамалық актілерді, электр монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру жəне орындау əдістерін білуі, олардың экономикасы мен жоспарлау мəселелерінде дұрыс түсінілуі тиіс. Электр монтаждау жұмыстарының біліміне электр монтаждау жұмыстарының сапасы, монтаждау жəне орнату материалдары мен бұйымдарын үнемдеу, қолда бар монтаждық механизмдер мен айлабұйымдарды тиімді пайдалану жəне олардың рентабельділігі байланысты.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет