Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі


Электр монтаждау жұмыстарды индустрияландыру жəне



бет9/61
Дата15.01.2023
өлшемі7,97 Mb.
#165539
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61
Байланысты:
монтаж

Электр монтаждау жұмыстарды индустрияландыру жəне


механизациялау

Пайдалануға нысандарды қабылдау мерзімдерін қысқарту жəне электрмонтаждау жұмыстарын орындау сапасын арттыру мақсатында осы жұмыстарды барынша индустрияландыруға жəне механикаландыруға, сонымен қатар дайындаушы-кəсіпорынның жоғары білікті персоналын электрмен жабдықтауды монтаждау үшін тартуға ынталанады.


Индустрияландырумен алдын ала толықтыру жəне оның монтаждау дайындығын арттыру мақсатында электрмен жабдықтауды жинау түсіндіріледі. Бұл өнімділігі жоғары механизмдермен жабдықталған монтаждау жəне шебер зауыттарына монтаждау аумағы бар электр қондырғыларының элементтерін монтаждау бойынша операциялардың ықтимал сандарын ауыстыру арқылы қол жеткізіледі. [16]
Жұмыстарды индустрияландыру деңгейін арттыру үшін ірі монтаждау ұйымдары əдеттегідей өз құрамында өнеркəсіптілікті шығармайтын, бұйымдарды, құрылымдарды жəне механизмдерді дайындаумен айналысатын бөлімшелері бар.
Индустриалдық монтаждау екі сатыдан тұрады:
бірінші саты өзіне электрмен жабдықтауды алдын ала толықтыруды, толық монтаждау дайындығына дейін оларды жеткізумен іріленген түйіндерді жəне жиынтықты блокта жеткізілетін жеке-жеке құрылғыларды монтаждау шебер зауыттарында жинауды қамтиды;
құрылғының жинақтық блоктарын жəне іріленген түйіндерін орнату орындалады, қуатты жəне жарықтандыру желілері мен жерге қосу желілері салынады, монтаждау, іске қосу мен жөндеу жұмыстарының жəне электр жабдығын қабылдау-тапсыру сынауының дұрыстығын тексеру жүзеге асырылады.[13]
Индустрияландырудың өте жоғары деңгейінде таратқыш құрылғыларды монтаждау бойынша жұмыстары бар, яғни жиынтықты жəшіктер жəне блоктар түрінде дайындау отандық өнеркəсіп зауыттарында орындалады: КРУ-6/10, КРУБ-35, КРУБ-110, КРУЭ-110 кВ жəне одан жоғары.
Электрмонтаждау жұмыстарының индустриалдық əдістерінің дамуы олардың механикаландыру деңгейін арттырумен тығыз байланысты. Электрмонтаждау жұмыстарын механикаландыруда екі негізгі бағыты бар:

  • бейнетті үрдістерді механикаландыру үшін жан-жақты механизмдерді жəне көтермелі-көлік машиналарын пайдалану; бұл ішінара бұрғылау-кран машиналары, телоскопиялық мұнаралар, гидрокөтергіштер;

  • жалпы құрылыс құрал-саймандарын қолдану, жеке монтаждау операцияларын орындау кезінде түрлі құрылғыларды əзірлеу жəне қолдану; бұл ішінара электр құралы, құрылыс-монтаждау пистолеті, кабел сымдары мен желілерді ұштау жəне жалғау үшін ауыспалы сыққыштар.

Пайдалануға нысандарды қабылдау мерзімдерін орындау электрмонтаждау жұмыстарын материалдық-техникалық қамтамасыз етумен байланысты. Ірі монтаждау ұйымдарының құрылымында материалдық- техникалық қамтамасыз ету қызметтері арнайы бөлімшеге – өндірістік- техникалық жинақтау басқармасына (ӨТЖБ) (учаскелерге) жүктеледі.
Осы құрылымдық бөлімшелер өз күштерімен жəне құралдарымен монтаждау аумағына қажетті құрылғыларды, материалдар мен механизмдерді жеткізеді. Бөлімшенің сəтті жұмыс істеуі оларды монтаждау аумағына келесіде жеткізу үшін арнайы контейнерлерге материалдарды жəне бұйымдарды механикаландырылған құрылғымен жинақтауға мүмкіндік беретін қойма шаруашылығын механикаландыруды талап етеді. [13]
Күрделі жəне қымбат тұратын құрылғыны монтаждау (қуатты трансформаторлар, жоғары кернеулі жаңа сөндіргіштер, Сименс фирмасының электр жабдықтары, АББ жəне басқалары) жабдықты жеткізушінің шефмонтаж персоналын шақыруымен орындалады. Осы персонал жабдықты жеткізу шартына сəйкес жабдықты монтаждау жəне сынау басшылығын жүзеге асырады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет