Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі


Жарықтандыру қондырғыларының тарату құрылғылары



бет51/61
Дата15.01.2023
өлшемі7,97 Mb.
#165539
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61
Байланысты:
монтаж

Жарықтандыру қондырғыларының тарату құрылғылары


Трансформаторлық қосалқы станциядан электр энергиясын қоректендіретін желі бойынша қабылдау жəне оны жеке тұтынушылар арасында бөлу үшін тарату қондырғылары қызмет етеді. Жарықтандырғыш электр қондырғылары қоректендіру үшін трансформаторлық қосалқы станциясынан тарату қалқандар мен топтық қалқаншаларды қоректендіретін


тарату желісін құрайтын көлденең қимасы төмен бірнеше желі шығатын кіріс немесе басты тарату құрылғыларына қоректендіретін желісі жүргізіледі.
Электр энергиясының жарық беретін электр қондырғыларында қабылдау жəне тарату арнайы электр техникалық құрылғылар – қалқаншалар, шкафтар жəне енгізу – тарату құрылғыларының көмегімен жүзеге асырылады. Бұл құрылғылар коммутациялауға жəне шығатын магистральдық жəне топтық желілерді қорғауға арналған аппараттармен жабдықталады. Сондай-ақ жұмсалатын электр энергиясын есепке алу үшін есептегіштермен қамтамасыз етіледі.
Қалқандар зауыттарда жасалады. Қалқандардың конструкциясы үш негізгі түрге бөлінуі мүмкін.

        1. Трансформаторлық қосалқы станцияларда қолданылатын екі жақты қызмет көрсететін ашық бос-еркінді орнатылған. Оларды тек қызмет көрсетуші персонал үшін қолжетімді арнайы ғимараттарда орнатады.

        2. Жабық қабат, əдетте тікелей цехтарда орнатылады.

        3. Жабық блокты, қалқандардың ең жетілдірілген түрі болып табылады. Кіріспе-тарату құрылғысы (КТҚ - ВРУ) — тұрғын жəне қоғамдық ғимараттарда, сондай-ақ өнеркəсіптік өндірістік үй-жайларда (цехтарда) орнатылатын қабылдауға, бөлуге арналған электр техникалық құрылымдар мен аппараттардың жиынтығы. КТҚ-дан (ВРУ) қорғаныс болат жəшікке жабық бір жақты панельден тұрады,оған бақылау — есептік жəне таратушы автоматты электр аспаптары орнатылады. КТҚ (ВРУ) бір, екі немесе көп панельді болуы мүмкін. Қажет болған жағдайда олар секцияларға жиналады. КТҚ-ны (ВРУ) жинау еденде немесе аспалы орындаумен жүзеге асырылуы мүмкін (95 сурет). Қолданыстағы стандарттар бойынша енгізу-тарату құрылғылары 1000 В дейін оқшаулауды номиналды қорғау кезінде 20 кА

дейін тұйықталу кезінде соққы тогының күшіне есептелген.

95 сурет. Енгізу-тарату құрылғысын құрастыру


КТҚ (ВРУ) өндірісі электр кернеуіндегі құрылғының бөліктеріне жанасудан қорғаудың халықаралық параметрлеріне сəйкестігін қарастырады. Объект орналасқан қоршаған ортаның нюанстарын ескере отырып, КТҚ (ВРУ) жинау əртүрлі климаттық нұсқаларда орындалуы мүмкін. Объект орналасқан қоршаған ортаның нюанстарын ескере отырып, кіріспе-тарату- құрылңысын жинау əртүрлі климаттық нұсқаларда орындалуы мүмкін. Тұрғын үйлер үшін (ВРС – 1, ВУД – 5, ВУД – 6, ВУД – 17, ВУШ – 10, ШВ –
61), өнеркəсіптік кəсіпорындар үшін (ОЩВ, ОПВ жəне т.б.) жарық беретін электр қондырғыларының кіріспе – тарату құрылғыларының көптеген конструктивтік орындаулары мен сұлбалары бар жəне үлкен номиналды токтарға жəне енгізуге есептелген конструктивтік аса күрделі енгізу – тарату құрылғылары. 96 суретте енгізу-тарату құрылғысы көрсетілген. ОЩВ сериялы қалқаншалары (97 сурет) алмалы-салмалы жоғарғы жəне төменгі қақпақтары бар металл аспалы жəшік болып табылады, олар арқылы қоректендіретін жəне кететін желілер енгізілуі жəне шығарылуы мүмкін. Қалқанша 6 жəне 12 бір фазалы топтарда дайындалады жəне 15,20 немесе 25 А жылу ажыратқыштары бар А3163 автоматты ажыратқыштармен жабдықталған, оларға шамдардың жеке топтарын қоректендіретін қалдық желілер қосылады.
ОЩВ сериялы қалқаншаларының кіріс қысқыштарына сымдарды қимасы 50 м2 дейін, ал шығатын желілердің қысқыштарына қимасы 10 мм2 дейін сымдарды қосуға болады.

96 сурет. Енгізу – тарату құрылғысы






  1. сурет. Қалқаншасы сериясы ОЩВ

ОПВ сериялы қалқандары (98 сурет) АБ – 25 автоматты ажыратқыштарымен жəне тұтқасы жəшіктің қасбеттік қабырғасына сыртқа шығарылған енгізудегі пакетті ажыратқышпен жинақталған металл жəшік болып табылады.


Қалқандардың кіріс қысқыштарына қимасы 50 м2 дейін сымдарды, ал кететін желілердің қысқыштарына қимасы 6 мм2 дейін сымдарды қосады. Қалқандар 6 жəне 12 бір фазалы топқа дайындалады.
Өнеркəсіптік кəсіпорындардың жарық беретін электр қондырғыларының енгізу – тарату құрылғылары ретінде құрамдастырылған қалқандар, тарату блоктық пункттер мен шкафтар қолданылады.



  1. сурет. ОПВ сериясы қалқаншасы

ЩК үлгідегі құрама қалқаны (99 сурет) əртүрлі мақсаттағы қалқандар мен аппараттар орнатылған дəнекерленген металл аспалы құрылғыны білдіреді. Құрама қалқандардың негізгі артықшылығы, олар істен шыққан немесе жарық беретін электр қондырғының электр қорегі сұлбасы өзгерген жағдайда, оған кіретін кез келген элементтерді жеңіл ауыстыру мүмкіндігінен тұрады.






  1. сурет. ЩК үлгідегі құрама қалқан

Блокты тарату пункті БПВ блоктарынан жинақталады ("сақтандырғыш



  • ажыратқыш" блогы), 100, 250, 400, 600 жəне 1000 А токқа шығарылады

(100 сурет).




  1. сурет. БПВ блогы

БПВ блогы ПН – 2 сақтандырғыштары коммутациялық жəне қорғаныс функцияларын орындайтын аппарат болып табылады. Дистрибутивтік блоктың нүктелері күрделі коммутациялық жəне қорғаныш құрылғылары болмағандықтан ыңғайлы жұмыс істейді, сондай-ақ, əр есік пен тұтқалардың арасындағы құлыптың болуына байланысты қауіпсіз болуы мүмкін, онда есігін тек ілмектің ажыратылған қалпында ғана ашуға болады [9].


Ірі өнеркəсіптік кəсіпорындардың қуатты жарық беретін электр қондырғыларында СП жəне СПУ сериялы жабық тарату шкафтары қолданылады (101 сурет).




  1. сурет. СП жəне СПУ сериялы тарату шкафтары

Шкафтар қалыңдығы 1,5 – 2 мм табақ болаттан жасалған. Шкаф ішінде алмалы-салмалы рама орналасқан, онда енгізу ажыратқышы, шығатын желілердің сақтандырғыштары, сондай-ақ тарату жəне қоректендіретін шиналары орнатылған. Тарату шиналары оқшаулағыштарда көлденең бір үстіне бірі жүргізілген жəне оларға бір фазадағы сақтандырғыштардың жоғары түйіспелі тіреулерін орнату үшін қызмет етеді.






      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет