Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет12/42
Дата02.03.2023
өлшемі5,09 Mb.
#170810
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Байланысты:
БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНСИЛИУМ ЕРЕЖЕСІ

 


22 
ЖОБА 
 
Білім беру ұйымындағы психологиялық-педагогикалық консилиум 
туралы Ереже
1. 
Жалпы ережелер 
 
1.1. 
Психологиялық-педагогикалық консилиум (бұдан әрі - Консилиум) 
білім беру ұйымындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды дамыту 
мен оқытудағы мәселелерді шешу және ерекшеліктерін зерттеуге кешенді 
ықпалды қамтамасыз ету үшін психологиялық-педагогикалық қолдау 
қызметінің мамандары мен білім беру процесінің қатысушыларының өзара 
әрекеттесуінің тұрақты қызмет ететін формасы болып табылады.
1.2. Консилиум өз әрекетін білім беру ұйымының ішінде ғана жүзеге 
асырады.
1.3. 
Консилиум білім беру ұйымы жетекшісінің бұйрығымен құрылады 
және Консилиумның төрағасымен үйлестіріледі.
1.4
. Консилиум өз әрекетінде БҰҰ бала құқықтары туралы Конвенция, 
Қазақстан Республикасының әрекеттегі «Білім туралы», «Кемтар балаларды 
әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», 
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарды және осы Ережені 
басшылыққа алады. 
 
2. 
Консилиум мақсаты мен міндеттері
 
2.
1. Консилиум әрекетінің мақсаты ерекше білім беруге қажеттілігі бар 
балалар, әлеуметтік және педагогикалық қауіп тобындағы балалар мен 
жасөспірімдер, оқыту мен мінез-құлығында қиындықтары бар балаларға 
олардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім беру мен дамыту үшін 
қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін білім беру жүйесін қолдау болып 
табылады. 
2.2. 
Консилиум міндеттері:
2.2.1. 
диагностикалық-консультациялық және түзете-дамыту жұмысының 
нәтижелерін талдау барысында іске асырылатын әдістемелік қолдау; 
2.2.2. 
балалардың оқуы мен тәртібіндегі қиындықтардың сипаты мен 
себептерін анықтау; 
2.2.3. 
баланың әлеуетті мүмкіндіктері мен шығармашылық қабілеттерін 
анықтау, оқыту мен тәрбиелеу процесінде жеке ықпалды қамтамасыз ету үшін 
тәрбиешіге/мұғалімге ұсыныстарды әзірлеу; 
2.2.4. 
ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды сәйкес 
топтар/сыныптарға қосу жолдарын анықтау; 
2.2.5. 
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға ұсыну 
үшін оқушының дамуы, денсаулығы мен білім алу ерекшеліктері туралы 
қорытынды жасау; 


23 
2.2.6. 
балаларды кешенді психологиялық-педагогикалық қолдауда 
мамандар әрекетін ішкі үйлестіруді қамтамасыз ету; 
2.2.7.
ата-аналар, қорғаншы мен қамқоршыларға консультациялық көмек 
көрсету; 
2.2.8. 
білім беру ұйымының оқытуда, дамуында және тәртібінде 
қиындықтары бар балалар мен жасөспірімдер туралы деректер қорын 
қалыптастыру және декреттелген қолжетімділікпен, құпиялықты сақтай 
отырып кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, олардың қараусыздығы 
мен құқық бұзушылығының алдын алу мемлекеттік жүйесінің сәйкес 
органдардың сұранысы бойынша ақпаратты беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет