Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ДӘРІС № 5 Дәріс Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы



бет3/9
Дата05.11.2016
өлшемі2,69 Mb.
#790
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ДӘРІС № 5

Дәріс Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы.

С.Т.Шацкий, П.П.Блонский, Н.К.Крупскаяның педагогикалық көзқарастары. А.С.Макаренконың тәрбие жүйесі. В.А.Сухомлинскийдің тәрбиеге гуманмстіқ тұрғыдан қарау ұстанымы.

НАДЕЖДА КОНСТАНТИНОВНА КРУПСКАЯ

Жоспар:

1. Н.К.Крупская өмірінен қысқаша мағлұмат.

1.2. Методикалық ескерткіштер туралы мақаласы.

1.3. Үйге сабақ беру методикасы.

1.4. Коллективті ұйымдастыру.

1869 жылы, сүреңсіз, тұманды күндердің бірі 14/26 ақпан күні Петербург қаласында, кадрлық офицер Константин Кондратьевич Крупскийдің әйелі босаныщ әйел бала тауып, атын Надежда қойды. Крупскийлердің семьясы радикалдық семья еді. Надежда Константинованың әкесі кадет корпусында прогрестік бағыт үстем болып түрған кезде, оқыту ісі едәуір жоғары дэрежеде түрған кезде оқиды. Константин Кондратьевич корпустың өзінде - ақ Герценнің шығармаларымен танысады, сонымен « Колокольды» оқиды, ғылымға қатты сенетін болады, дінге салқын көзбен қарайды, қоғамға сын көзбен қарайды. Надежда Константиновнаның шешесі де жабық оқу орнын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін біраз уақыт байлардың үйлерінде тәрбиеші болып істейді. Крупскийлердің үйінде ревалюционерлер жиі болып түрды, алғашқы кезде нигилистер, одан соң халықшылар, соңынан народная воляшылар болды. Олар революция жөніндегі сөйлеседі, оны кішкентай Надя да тыңдай отырады. Өз әкесінің мінез - қүлқының тамаша үлгісін көре отырып, Надежда Константиновна балалық шағының ерте кезінен бастап турашыл, табанды, бір сөзді болып өседі. Надя балалық шағының өзінде - ақ қанаушыларды жек көретін болып өсті.

Надя оқу оқуға қүмартады, мектепке түскісі келеді, сонымен эке -шешесі тілегін орындап 10 жасар Надя Мария атындағы гимназияға жіберілді. Екінші жарты жылдыққа Надя сырқаттанып қалып, жазға салым әке - шешесі «оңалсын» деп деревняға жібереді.

Ең алғаш жақын дос болған адамы - ауыл мүғалімі Александра Тимофеевна Явфскаяның жарқын бейнесін Надежда Константиновна өмір бойы есінде сақтады. Мария атындағы гимназияны ұнатпай жүргенін сезіп, Надяны әкесі А.А.Оболенскаяның министрлік гимназиясына орналастырды. Надежда Константиновна бұл гимназияның III класына түскенде 12 жаста еді. Оболенская гимназиясының маңызы әсіресе 1878 жылы Александр Яковлевич герд директор болып тағайындалғаннан кейін арта түсті. Надияның дос қыздарының бірі технологтардың үйірмесімен танысады, әлгі қыздың үйінде жастар бас қосатын болды. 1898 жылдың май айында Надежда Константиновна Шушенск селосына келді, сол уақыттан бастап В.И.Ленин қайтыс болғанға шекті, жұбын жазбастан бірге өтті. Олардың істері, өмірі толығымен жұмысшы табының ісіне бағытталды.

Тек социалистік қоғамда ғана, - дейді Надежда Константиновна, -қоғамдық тәрбие кең өріс алады, балалар бақшасынан мектепке көшіп отырады. Ал онда мектепте капиталистік қоғамдағыдан мүлдем басқаша болады. Социолистік қоғамдағы мектеп, әрине, қазіргі мектепке ұқсас болмайды, деп жазды Н.К.Крупская қорытындысында, - болашақ мектептен оқушылар білімді едэуір көп алатын болады, мүнымен қатар олар өндіріс еңбегіне жаттығады, ең негізгісі, мектеп тек оқытып қана қоймайды, мектеп олардың рух күші мен дене күшін дамытады, оларды пайдалы, жігерлі азамат етіп тәрбиелейді.

«Жалпы еңбек өмірі, - деп жазады Н.К. Крупская - оқушыларды бір -біріне жақындата түседі, бүл өте маңызды іс. Надежда

Константиновнаның «халық ағарту ісі жэне демократия» деп атаған бүл кітабы туралы Владимир Ильич 1916 жылы А.М.Горькийге былай деп жазды; «Автор педагогикамен көптен бері айналысып келеді, 20 жылдан асты», Совет мектебін қүру ісіндегі Н.К.Крупскаяны қүрметті академик етіп сайлады, ал 1936 жылы педагогикалық ғылымдардың докторы деген ғылыми дәреже атын алды. Н.К.Крупскаяның көптеген жолдамалары, еңбектері бар. Мысалы:

Сабаққа келмеушілікпен жэне келігушілікпен қалай күресу керек: Бірінші мэселе - сабаққа үдайы қатысып отыруды қалай жолға қою керек деген мәселе, 1932 жылы 4 көмірде «Жаңа мектеп жолында» деген журналда, «Методикалық ескерткіштер» деген мақаласы жарияланды.

Мектептің әрбір пэні - математика, биология, тарих тағы басқалардың мақаласы, - толып жатқан азды - көпті бірыңғағай қүбылыстарды зерттеп, үйрену болады. Бүлардың әрқайсысы жөнінен -таудай фактылар. Мәселе, сол материалдардың ішінен ең қажеттін, ең негізгісін таңдап алу. Материалды дүрыс таңдап алу және дұрыс орналастыру міндетін дүрыс шешу үшін диалектикалық методті басшылыққа алу қажет. Бүл дидактикалық методтың мэні де екенін В.И.Ленин былай деп анықтама берді: «Затты шын білу үшін, оны барлық жағында, барлық байланысын және тікелей анықтайтындығы зерттеу, қамту керек. Бүған ешқашан да біздің қолымыз жетпейді, бірақ әр жақтылықты талап ету бізді қатеден және сіресіп қалудан сақтандырады.

Екіншіден, дидактикалық логика, затты оның даму қалпында, «өзіндік қозғалысы» қалпында, өзгеруі қалпында алуды талап етеді.

Үшіншіден, бүкіл адам баласының практикасы, ақиқаттың белг ретінде де, заттың адамға не керек болса, сонымен байланысыш практикалық анықтаушысы ретінде де, заттық толық «анықтамасьш кіруге тиіс.

Төртіншіден, диалектикалық логика, «дерексіз ақиқат жоқ, ақиі қашан болсын нақтылы» деп үйретеді.

Біз мектеп үшін праграмма күрастырған кезде, яғни материалды сайлап алып және оны белгілі тэртіппен орналастырған кезде, біз диалектикаі методты басшылыққа алып, қолдануымыз керек. Айталық, математиканы үйленгенде, біз оның барлық жақтарын, байланыста]: жэне тікелей айқындайтын жағын да үйпенуіміз керек. Бала геометрия, архиметика, алгебра тарауларының арасындағы байланьк айқын болатын болсын.

Диалектикалық методикаға сүйене отырып, программаларымы құрудың қажеттігі туралы мэселеге байланысты систематика тур мәселеге де тоқтала кеткім келеді. Жүйелеудің негізін ғылымның саласының даму тарихынан іздеу керек.

Оқыту методикасы сол оқытылатын пәннің мәнімен өте тығыз байланысып, біте қайнасып жатады. Математиканы бір түрлі оқыту керек, мұнда бірінші орынға логикалық ойлау қойылады; жаратылыстануды екінші түрде оқыту керек, мүнда ең маңызды мэселе былай білетін, көре білетін, бақылағаннан қорыта білетін етіп үйренеді;

Методика мектептің алдында түрған мақсаттармен өте тығыз байланысты. Балаларға ықпал жүргізу, эсер ету методы көп жылдар бойына, бір жағынан эмперикке, екінші жағынан идеалистік психологияға сүйеніп келеді.

Методиканың тағы бір түрі «Үйге сабақ беру» методикасы. Үйге сабақ берудің маңызы өте зор. Дұрыс үйымдастырылса, олар өздігінен жүмыс істеп үйренуге баулиды, жауаптылық сезімін тэрбиелейді, білімді игеріп алуға, эдеттенуге көмектеседі. Балаларды өздігінен жүмыс істеуге үйрету өте қажет, тамаша жақсы деген мектептің өзі салыстыра келгенде онша үлкен көлемді білім бере алмайды. Үйге сабақ беру дағдыланып үйренуге көмектесу керек, дағдылану жөніндегі өздігінен істеген жүмыс кластағы оқудын мәнін арттыра түседі. Үйге тапсырма беру балалардың білімі мен дағдыланудың денгейін теңестіруге тиіс жэне теңестірі алады да, және сол арқылы мектеп жүмысының эффектілігі арта түседі. Ал үйге сабақ берудың тағы бір маңызы, ол саналы тэртіпті тәрбиелеудің де күралы болуға тиіс және солай бола алады да, жауаптылық сезімін тэрбиелеуге тиіс жэне тәрбиелеп алады да. Алайда игі сабақ тапсыу - екі жақты нэрсе, егерде методикалық жағынан дүрыс ойланып білмесе, мұның керсінше нэтиже беруі де мүмкін: қалтура жасауға үйретуге, өзінің міндеттерін орындауға адал қанаушылыққа оқуға кедергі келтіретін жаман эдетке -алдаушылыққа салынуға үйретілуі мүмкін.

Үйге сабақ тапсыруды система ретінде кіргізіп отырғанда, бүл істің методикасын барлық жағынан талдап шешуге тиіс.

Алдымен сабақтың орындалу мүмкінділігі қамтамассыз етілуі керек, яғни оқушының сабаққа деген дэптері, қаламы, қажетті оқу кітабы немесе оқу қүралы, қажетті уақытты сабақты орындай алатын орны болуы керек жэне берілген сабақты орындауға балалардың күші жететін болуы керек. Балаларға тапсырманы қалай орындаулары қажет екендігі жөнінен мүқят нүсқау беру керек. Баланың жасы неғүлым кіші болса , берілетін тапсырма соғүрлым қызықты болуы керек. Қызық жүмыстың орындалуы да жеңіл болады, жүмысты жақсы істеуге үйретеді, еңбекке саналы түрде қарайтын етіп тәбиелейді.

Кәдімгідей жэй тапсырманы қызықты ете білу - мүғалімнің өнеріне байланыс нәрсе. Үйге тапсырма беру барысында теңгермелікті қолданбау керек. Оқушының алдында түрған мәселелерді білімі мен дағдылануының шарасына еске ала отырып, тапсырманы даралап беру керек - күштірек ілгері аттатып жібермейтін, бірақ білімнің сапасы тереңдете түсетін, білімнің сапасын жақсарта түсетіндей тапсырма беру керек. Сол бір тапсырманы орындап шығу үшін эр оқушы уақытты әр-түрлі жүмсайтыны естен шығармау керек. Сапсырманың орындалуын ұдайы тексеріп отыру қажет.

Химия мен физика оқу құралы мақалласында физиканың маңызы өте зор екендігін айтқан. Бүкіл өнеркәсіп, бүкіл ауылшаруашылығы қазіргі заманғы химия мен физиканың негізінде қайта құрылмақшы.

Сонымен қатар «Комсомолская правда» газетінің 1936 жылы 26 маусымда жарияланған №146 номерінде «мамандық таңдау» деген мақаласы жарық көрген.

Мамандықты өз еркімен таңдай алуды маңызы өте зор. Адам өзінің істеп жүрген жұмысын жақсы көретін болса , ол көп иницотва тудырады, еңбектің өнімділігін қажымастан артыра түседі. Сол сияқты арнаулы қасиеттерді талап ететін мамандықта бар, ондай қасиеттер: есту, көру сезімдерінің күштілігі, тэн сезімінің ерекше дамуы т.б. Бұл мәселелермен шұғылданатыны психотехника деген ғылым бар. Бүл көмекші ғылым.

Кішкене балалармен жүмыс тану туралы. Кішкене балалар жақсылық жөніненде, жамандық жөніненде үлкен ағаларына еліктегіш келеді. Сондықтан үй-ішін , үлкендерді жалпы бірдей мәдениеттердіру өте қажет.

Біздің мектеп қүрлысы ісімізден Н.К.Крупскаяның алған ролі орасан зор. Оқу - ағарту ісі жөнінен Надежда Канстантиновна жазбаған. Сөз сөйлемді бірде-бір мәселе жоқ. Өзінің еңбектерінде Н Канстантиновна ұсынған бүкіл негізгі қағидаларды бір очеркте сипаттап өту мүмкін емес.

«Біз оқушылардың айналасында не істеліп жатқанын түсінетін етіп, бар құрлыстың механизімін түсіне білетін етіп, ол адам қоғамының дамуының заңын зерттеп үйренетін етіп, қүбылыстардың өзара байланысын түсініп, және ең бастысы, қоғамның қалай қарай дамып бара жатқанын түсінетін етіп тәрбиелеуге міндеттіміз».

Әрбір пәнді оқыту және мектеп жүмысының бүкіл стилі осы негізгі міндеттерге бағындырылуы керек. Сондықтан оқытушы сабақ үстінде қашан болсын, мысалы, маркизм деген сөзді қолдана беруі керек пе? Әрине, қолдана бермеуі керек. Баланы кітапқа қарап қана айтатындай етіп үйретпеу керек. Тәжірибелі педагог, - дейді Надежда Константиновна -балалардың жасын еске ала отырып, ешбір тұрпайысыз - ақ, балалардың көзқарасының қалыптасуы үшін негізгі қажетті нәрселердің бәрін де бере алады.

Көбінесе педагог класқа қалай қарайтынын, бытырап жүрген жеке адамдардың коллектив құру үшін кімдерге сүйенетінін біле алмай қалады. Бұлай болатын себебі, біз көбінесе педагогикалық практикада коллективті баланы жеке зерттеп білуге, балаға, жас өспірімдерге, жеке көзқараспен қарауға қарсы қоямыз.

Бұл қате бағыт. Мұғалім көбінесе кластың алдында коллектив туралы сөйлейді, коллектив болып жұмыс істеудің қажет екенін т.б. айтады, бірақ сол өзінің коллекетиві құрылатын бөлшектерді білмейді. Олардың бәрі мұғалім үшін бір адам сияқты. «Коллективті ұйымдастыру үшін, әр баланың не істей алатынын, кімнің күштірек екенін білу керек» деп кеңес береді. Н.К.Крупская, коллективтің мүшесі болып саналатын эр оқушы өз коллективін сүюі, мақтан етуі керек.

Жақсы мүғалім коллективтің қоғамдық пікіріне сүйене біледі жэне оқушының әрбір қылығын дүрыс бағалай алады.

Қорыта келген Н.К.Крупская айтпаған сөйлемеген педагогикалық ойлар жоқ. Н.К.Крупская балаларды еңбекке баулуға, жалпы еңбек тәрбиесіне үлкен мэн берді.

Үйге тапсырма беру мэселесіне Н.К.Крупская ерекше көңіл бөлді. Қандай жағдайда да тапсырманың шамадан тыс болмауын талап етті. Сонымен қатар Н.К.Крупская оқушыларда коллективизм сезімін тэрбиелеуге үлкен мэн берді. Әр қоғамның азаматы коллектив мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды.

Н.К.Крупская жеке пэндердің (тарих, география, математика, эдебиет, орыс тілі, ана тілі) оқытылуына арнайы көңіл бөлді. Әр пэңнің өзінің оқытылу ерекшеліктеріне көңіл бөлуді үсынады.

Надежда Константиновна Крупская ( 1869 - 1939)

1869 жылы - Коммунистік партияның ірі қайраткері, көрнекті совет педагогы Н.К.Крупская Петербург қаласында туды.

... - гимназияны бітірген соң Петербургтегі әйелдер жоғары курсының математика бөлімінде оқыды.

1891 жылы - ересектерге арналған кешкі жексенбілік мектепке мұғалім болып орналасады.

1895 жылы - В. И.Ленин құрған «Жұмысшы табын азат ету жолындагы керес одағына» кіреді.

1896 жылы - тұтқынға алынып, Енисей губерниясындагы Шушенское селосында В.И.Ленинмен бірге айдауда болады.

Кейінгі жылы - шетелдерде болып, жауапты партиялық қызметтер атқарды.

1917 жылы - «Халық ағарту ісі демократия» еңбегін жазады.

1899 жылы - «Әйел - жұмысшы» атты алғашқы еңбегі жарық көреді.

1915 жылы - «Халық ағарту ісі және демакратия» атты кітабы педагогика тарихында ірі маркистік еңбек болып есептеледі.

1929 жылыдан бастап - оқу - ағарту халық комиссарының орынбасары болды.

1939 жылы - қайтыс болды.

Еңбектері:

«Ұлттық интернационалдық мәдениет»,

«Ұлттық оқулық»

«Бастауыш мектептегі интернационалдық тәрбие»

« Әйел - жұмысшы»

«Халық ағарту ісі демократия».

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қ. Бержанов «Педагогика тарихы» А, Мектеп 1984.

2. Н.К.Крупская «Таңдамалы шығармалары» Алматы 1961.

3. Ж.Әбиев «Педагогика тарихы» Алматы 2006.

Дәріс 6АНТОН СЕМЕНОВИЧ МАКАРЕНКОНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ

Жоспар:


I. Кіріспе

II. Антон Семенович Макаренконың педагогикалық көзқарасы.

2.1. Тәрбие мәселесі туралы

2.2. Тәрбиенің негізгі принциптері

2.3. Еңбек тәрбиесі

III. Қорытынды Ұсыныс

Аса көрнекті педагог Антон Семенович Макаренко 1888 жылы 1 наурызда Харьков губерниясындағы Белопоное қаласында темір жол жұмысшысының жанұясында туған.

Қалалық училищені, содан кейін оқытушылар даярлайтын курстарды бітірген соң, Антон Семенович Макаренко Крюковадағы екі класты темір жол училищесіне оқытушы болып тағайындалған.

Макаренконың педагогикалық қызметі 1905 жылы, бүкіл Ресейге бірінші орыс ревалюциясының толқыны кеңінен жайылған кезеңде басталды, сондықтан оның көзқарасы да ревалюцияшыл пролетариаттың күшті күрес идеялары негізінде қалыптасқан. Жас, қажырлы оқытушы осы кезде темір жол училищесінде жұмысшылардан ата - аналар комитетін құрып, сол арқылы революцияшыл бағыттағы мектеп бастығына қарсы күрес жүргізген, оқушылармен адамгершілік қатынас орнатуды жақтаған. Бұл кезде жас оқытушы 17 жаста ғана болатын, бірақ ол өзінің алғашқы қадамынан бастап - ақ болашақ жаңашыл педагогқа тән қасиеттерді байқатты. Темір жол училищесінде оқытушылық қызметі кезінде Макаренко өзінің білім дәрежесін көтеру жолында көп жұмыс істеген, әсіресе ол кейіннен өзіне зор эсер еткен орыстьщ ұлы жазушысы А.М. Горький шығармаларын терең оқыған. А.С.Макаренко өзінің естеліктерінде: «Максим Горький мен үшін жазушы ғана емес, өмірлік ұстазым болды»,-дейді. 1914 жылдан 1917 жылға дейін Макаренко Полтаваның оқушылар институтында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады. 1917 жылдың қыркүйегінен бастап Крюковадагы жоғары бастауыш сынып мүғалімдері училищесінде инспектор қызметін атқарады. 1919 жылдан бастап біраз уақыт темір жол училищесінде оқытушы болады. 1920 жылдан бастап, Макаренко Полтава губерниялық халық ағарту бөлімінің тапсыруымен, Полтавадан 6 километр жердегі заң бұзушы жас балалар калониясын ұйымдастырған. Осы калонияны Макаренко 8 жыл басқарды. Бұл жылдар оның адамды тэрбиелеудің жаңа эдістерімен қажырлы еңбек ету, іздену және күрес жылдары болды. Міне, осыдан бастап Макаренконың педагогикалық қызметінің шақырту кезеңі басталды, ол тек тэжірибеде ғана емес, педагогикалық теорияда да тамаша табысқа ие болып іс - жүзінде педагогиканың бірнеше принципиальды мәселелерін шешті. Кейіннен А.М.Горький атымен аталған осы калонияда Макаренко бүкіл тәрбие процесін, оқуды ауыл шаруашылық еңбегімен байланыстыруға негіздей отыра құрған. Өзінің тәрбие жүйесін құру жолындағы күресін, сол калонияның эр қилы өмірін А.С.Макаренко терең мағынасы және әсерлі көркем шығармасы «Ұстаздық дастанында» баяндайды.

1928 - 1935 жылдарда Макаренко Харьковтағы Ф.Э.Дзержинский атындағы еңбек коммунасын басқарған. Горький атындағы калониядағы мол тэжірибемен қаруланған Макаренко мұнда жұмысқа бүрынғыдан да табанды түрде жэне зор сеніммен, жаңашыл педагог ретінде кіріскен. Коммунаның тэрбие жұмысы оқуды өндірістік еңбекпен байланыстыруға негізделген, еңбек эуелі оқу мастерскойларында жэне өндірістің цехтарында, сонан кейін техникамен жабдықталған заводтарда ұйымдастырылған.

Дзержинский атындағы коммунаның өмірін Макаренко өзінің «Мүнара үстіндегі тулар»деген еңбегінде баяндаған. Бүл шығармада педагогикалық көзқарастың ерекшеліктері мен ілгері дамуын айқын байқалады. Оның үстіне бүл «¥стаздық дастанның» дәстүрлі жалғасы тәрізді еңбек болатын.

Макаренканың тікелей өзі күрып, өзі басқарған бүл екі оқу-тәрбие орнынан үш мыңға жуық бүрынғы панасыздар мен заң бүзушылар шын жаңа совет азаматы болып қалыптасты.

Алексей Максимович Горький талантты жаңашыл педагогтың бүл зор еңбегін бағалай келе Макаренкоға жолдаған хатында былай дейді: «Маңызды орасан зор және мейлінше ойдағыдай болып шыққан сіздің педагогикалық эксперименттеріңіздің меніңше жер жүзілік маңызы бар». Ұлы жазушының бұл өте жоғарғы да орынды берілген бағасы болатын.

Антон Семенович Макаренко өз өмірінің соңғы жылдарында әдебиет және қоғамдық педагогикалық жұмыстарымен айналысады, әсіресе ол семьядағы тәрбие мәселелеріне көңіл бөлген.

«Ата - аналар үшін кітап» және «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар» деген шығармаларында Макаренко баланы жанүяда тәрбиелеу жөніндегі негізгі мәселелерді зерттеген.

1939 жылы 1 ақпанда Совет үкіметі Антон Семеновичтің балаларға коммунистік тәрбие беру саласындағы сіңірген ерекше еңбектері үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

1939 жылы 1 апрельде тамаша ізгі адам, педагогикалық ғылымның қайраткері жэне талантты жазушы А.С.Макаренко кенеттен қайтыс болды.

А.С.Макаренко өзінің артына өлмейтін бай педагогикалық мүра қалдырды, оның жүзге жуық жазылған педагогикалық шығармалары бар.

Макаренко балалар ұжымымен тәрбие жүмысын жүргізудің ғылыми негізгі теориясы мен методикасын қүрады. Оның педагогикалық көзқарастары, тамаша нәтиже берген педагогикалық тәжірибелері ұзақ уақыт теориялық жағынан қорытудың негізінде қалыптасты.

Макаренко теориясының негізгі маркстік - лениндік ілім болды, ал оның меодикасы да маркизм - ленинизмнің ғылыми әдістеріне негізделіп дамыды. Тәрбие процесінің заңдылықтарын анықтауда Макаренко қоғамдық дамудың заңдары жөніндегі жаңа, адамгершілік туралы, адамның қоғамдық табиғаты жөніндегі марксизм - ленинизм ілімін басшылыққа алып отырды.

16 жыл ішінде үш мыңға жуық жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесі Макаренкоға коммунистік партиямен совет үкіметі құрған тәрби жүйесінің күшті әсерін жоғары бағалауға негіз болды, ол тәрбиенің күшіне мықты сенген оптилист еді. Біздің елімізде адамның жетіліп, қатысуына кедергі болатындай ешбір жағдайдың болмайтындығын дәлелдеді. Сондықтан да Горкий атындағы өз жүмысының алғашқы күндерінде көпшілігі бұрын қылмысты болған панасыздар тобымен бетпе - бет кездесу кезінде Макаренко табансыздық, түрақсыздық жолына түспеді. Ол балалардың туысынан қылмысты, немесе бүзылған мінез қүлықты болып өмірге келмейтінін терең түсіне білді.

Ал оның кейінгі жүмысыңдағы тәжірибелері қылмыс жолына түскен жастарды қайта тәрбиелеу болатындығы жөніндегі өзінің оптимистік көзқарастарын толық дэлелдеді. Макаренко педагогикалық жұмыстың жемісті болуының ең қажетті шарттарының бірі – тәрбиенің міндет -мақсаттарының анық, айқын түрде белгіленуі деп есептеген. Ол педагогика арқылы ілгеріге көз жібере отыра, адамға керекті сапаларды алдын - ала жобалай білуі тиіс деген талап қойды.

«Тәрбие жүмысының мақсаты қайдан тууы тиіс? Әрине, ол біздің қоғамдық қажетімізден, халық талабынан, халық мақсаттары мен міндеттерімен, біздің күрестеріміздің мақсаттарынан туып отырады», -деген Макаренко.

Макаренконың ойынша, педагогика бүл мәселені саяси мақсаттарға сэйкес, яғни жаңа адам, қазіргі қоғамның адамы қандай болатындығына байланысты шешуі тиіс деген.

Макаренко тәрбиенің міндет - мақсатын адамды қалыптастырудың кең праграммасы ретінде қараған, бүл прогграмма Макаренкоға жастарды тәрбиелейтін жоғары сапалары анығырақ түсінуге мүмкіндік берді.

Тәрбиенің алдына Макаренко ұжымшыл, алғыр және ер адамдарды жан - жақты білім алған және еңбек сүйгіш халқының алдындағы өз борыштарын сезіне білетін жастарды тәрбиелеу міндетін үсынды. «Коммунизм үшін күрес үстінде, дейді Антон Семенович, - біз қазірдің өзінде өздерімізде коммунистік қоғам мүшелерінің сапаларын тәрбиелеуіміз керек. Макаренко тэрбиенің мүндай міндет - мақсаттарына жетудің тым қиын және күрделі іс екенін, бірақ біздің шындықтың жағдайында оған толық жетуге мүмкіндік барын ескертті. Өзінің «мүнара үстіндегі тулар» деген кітабында оптимистік түрғыдан: «Жаңа адамды тэрбиелеу - бақытты іс жэне оған педагогикалық шамасы да жетеді», - деген.

Тәрбиенің міндет - мақсаттарына байланысты Макаренко тәрбие жүйесінің мынадай негізгі принциптерін анықтаған: тэрбиелеушіге талап қоюды оны қүрметтеу жэне оғпн сенім білдірумен байланыстыру, ұжым ішінде, ұжым арқылы және еңбекке тәрбиелеу.

Макаренко адамға зор талап қоюды қүрметтеп сыйлаумен байланыстырып отыруды – тәрбие жүйесінің жетекші эдісі деп санады. Тәрбиеленушілерге сүйіспеншілік білдіруді оған талап қоюмен байланыстырып отырса, балалардағы жақсы сапаларды байқап, көруге, сол сапаларды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді дейді.

А.С.Макаренко творчествасында адам үшін оның намыс сезімі, оған сүйіспеншілік білдіру, адам баласын сыйлау, адамның жоғарғы санасына сенім білдіру мәселелері кең орын алған. Антон Семенович Макаренко педагогиканың маңызды заңы – тәрбиеленушіге айқын, анық, табанды талаптар қойып отыру. Адамға неғұрлым көбірек талап қойылса, ол адамгершілік жағынан көркейе беруге тиіс, сондықтан талап талағай болмай, белгілі мақсатқа жеткенше қойылуы тиіс деген.

А.С.Макаренконың барлық тәжірибесі оның осы өзі ұсынған негізгі принциптері адамды құрметтеп, сыйлауды оған талап қоюмен байланыстыру

принципін жемісті түрде іс - жүзіне асырудың толық сипаты болды. «Қашан болсын адамның жақсы жақтарын жобалау керек, педагог осылай етуге міндетті», - деп өсиет айтқан оптимист Макаренко, жоғарыдағы балаға қатаң талап пен сүйіспеншілік білдіру жөніндегі принципіне байланысты, тэрбиедегі «болашақ жолдар» деген принципті ұсынады.

Макаренконың ескеруінше адамды тэрбиелеу - бұл жастарымызда өздерінің болашақтары - ертеңгі қуаныштары көрінерліктей болашақ жолдар, бағыттар тэрбиелеу, оларға сол ертеңгі қуаныштарының жолдарын көрсету. «Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам, жарық дүниеде тіршілік етіп жүре алмайды. Адам өмірінің ең жақсы аты шулы қозғаушысы

- ертеңгі қуаныш», - деген А.С. Макаренко.

А.С.Макаренко тәрбие жұмысын жүргізуде балалар ұжымының ертеңгі күні бүгінгісімен өзінің мэні жэне шеңбері жағынан жоғарғы және кең тұратындай болып құрылуын талап еткен. Өзінің тэжірибелік тэрбие жұмыстарын да бірімен - бірі байланысты түрде құрылатын үш түрлі (жақын, орташа және қашық) болашақ жолдарды пайдаланылған.

Макаренко бастапқы, жақын болашаққа балалардың цирк, басқа ойын -сауық орындарына баруға рұқсат алуын, орташа балашаққа жастардың коллективтік оқиғаларға араласуын: Мерекелік демонстрацияларға, бүкіл халықтық мейрамдар мен науқандарға қатысу және тағы да басқаларды қосқан.

Мектеп бітіргеннен кейін іске асуға тиісті балалардың бүкіл ел өміріне араласуға ұмтылушылығын тэрбиелеуді Антон Семенович болашақтың жолдардың ең жоғарғы басқышы деп бағалаған. Ол болашақ жолдардың балалар ұжымының тек қана қуанышы мен жақсылықты сезуімен құрала бермейтіндігін ескертті, ұжымның мүшелері болашаққа жетуде өздерінің алдында кездесетін қиыншылықтарды меңгеріп, жеңе білуге тәрбиелеуі тиіс деді. Маркизм бізді - адамның жкек басын қоғамнан тыс, ұжымнан тыс алып қарауға болмайды деп үйретеді деген Макаренко.

Сондықтан ұжым ішінде, ұжым үшін, ұжым арқылы тәрбиелеу Макаренконың тәрбие жүйесінің негізгі және орталық идеясы болды. Өзінің шығармаларында ұжым ішінде тәрбиелеу мәселесі тәрбие жүйесінің негізгілерінің бірі ретінде, ол ұжымды тәрбиенің ең бастысы, тәрбиенің бірден - бір негізгі құралы деп бағалаған. Макаренконың көрсетуінше, ұжым

- адамдардың жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылардың тобы. Сондықтан оның ойынша, нағыз шын ұжым мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымы болсын олар қоғамның бір бөлшегі болып есептелінеді. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір ұясы болып саналатын оқушылар ұжымы да басқа ұжымдармен байланысты болуы тиіс, оның алдында да қағам мен ел алдында қойылған міндеттер тұрады. Макаренко жалпы, ірі тұтас ұжымдар оның бөлімдері болып есептелетін бастауыш ұжымдардан тұратындығы көрсетті. Жеке бала бастауыш ұжымның мүшесі, класс оқушысы бола отырып, ол ірі ұжым өмірімен, бүкіл мектеп мақсатымен бірге өмір сүруі тиіс деген.

Антон Семенович мектеп ұжымының маңызын барынша жоғары бағалай білген, оның рөлін көтере білген, бүл жөнінен ол: «Тэрбиенің барлық процесі... сонда ұйымдасқан, үйымшыл, тату бірден - бір ұжым мектеп болуы керек...», - деді. Макаренко үжымды сипаттайтын негізгі ерекшеліктерді анықтады, олар: айқын түрде мақсатқа талпынушылық, ұжымның барлық мүшелерінің іс - эрекет жасауы, бірлігі ұжым мүшелерінің өз арасында міндеттерін анықтауы, бүл міндеттері әрқайсысының үқыпты орындалуы, өз мүшелері үшін коллективтің жеке адамдардың бүкіл коллектив алдындағы жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, өзара бағына білу.

Макаренко өзінің өте мол тэжірибесіне сүйене отырып, үжым өмір сүруінің өте маңызды заңы бар екендігін анықтаған, ол - үжымның қозғалысы, өсуі, ілгері дамуы. Оның ойынша мүндай заңсыз үжымды біздің қоғамымыздың кішкене бөлшегі деп есептеуге болмайды деген, ал үжым өміріндегі осындай дамуды қамтамасыз етудің негізгі бір шарты - сол үжымның әрбір мүшесінің санасына сіңген айқын түрде анықталған болашағы болуы тиіс, белеілі мақсатқа жеткеннен кейін, келесі мақсат қойылуы қажет, міне осындай" қозғалыс, даму ұжымға өзінің ертеңгі қуанышын көруге, оған әуестене ілгері үмтылуға комектеседі деп үйреткен. Макаренко педагогтар үжымының оқушылар ұжымын қүруда шешуші роль атқаратындығын атап корсетті: ол: «Педагогтардың нағыз жауапты тэрбиеші болуы үшін бір - ақ жол бар, ол жол - педагогтарды үжым етіп үйымдастыру...», - дейді.

А.С.Макаренко біздің мемлекет еңбекшілер мемлекеті, бізде «Кімде -кім еңбек етпесе, ол ішіп - жейді» деген принцип іске асып жатқанда, еңбек тэрбие жалпы тәрбие процесінің ең қажетті факторларына айналуга тиіс деп есептеген.

Макаренконың үйнетуінше адам еңбек үстінде тек жүмысқа даярланып қана қоймай басқа адамдармен дүрыс қарым - қатынас жасауға үйренеді, еңбекке бірлесе күш жүмсау, үжымда еңбек ете білу, адамдардың бір -біріне еңбектік көмегі жэнеолардың бір - біріне еңбек ету жонінен байланысты болу сезімін тудырады. Атақты педагог еңбектің ең зор пайдасы - адамның психикалық, рухани дамуына эсер етуінде деп түсінді. Еңбек тәрбиесінің міндеттері: балаларды еңбекті өзінің азаматтық борышым деп сүйе білу үйрету, қоғамдық - онімді еңбекке қатынасуға даярлау. Бүл тәрбиенің негізгі жолы - балалардың өздерін тікелей еңбекке араластыру. Макаренко үсынған балаларға қатысты еңбектің негізгі түрлері, өзін-өзі күту, семьядағы үй жұмысы, оқу тапсырмаларын орындау, мектеп жэне балалар мен жастар үйымдастыратын қоғамдық пайдалы жұмыс. Макаренко балалар еңбегін үйымдастыру үстінде мынадай негізгі ережелерді сақтауды талап еткен, баланың күшіне сай еңбек тапсыру, еңбектің бір түрінде баланы көп ұстамай, оның өсіп дамуына сәйкес жаңа, бұрынғыдан күрделі жұмыстар жүктеу, тапсырылған жүмысты бақылау оның ұқыпты орындалуын талап ету, балалардың ауыр ыңғайсыз жағдайларда атқарған еңбегін мақтап отыру.

Макаренко тәрбиенің бүл түріне баланың әр нәрсе атқаруға икемдене бастаған шағынанақ баулуды талап еткен.

Сонымен қорытындылай келсек Макаренко көбінесе ұжымдық тәрбиеге көңіл бөліп, ұжымдық тәрбиені жақтаған. Шынында да егерде бір баланы жалғыз тэрбиелейтін болсақ, немесе ол жанұядағы жалғыз бала .болатын болса, оның кобінесе өзімшіл, қайрымсыз, ешкіммен араласып сөйлескісі келмейтін жақтары басым болады. Сондықтан мен ойлаймын баланы үжымда тәрбиелеу арқылы біз ол баланы дұрыс бағыттап, дұрыс жол көрсетеміз.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қ.Бержанов, С.Мусин «Педагогика тарихы» Алматы 1984.

2. Н.Г. Чернышевский. Шығармаларының толық жинағы. ІҮ том, 695 бет

ХҮ том, 89 бет

ҮІІ том, 97-98 беттер

II том, 311 - 312 беттер.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет