Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет7/9
Дата05.11.2016
өлшемі2,69 Mb.
#790
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

  2. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

  3. Дербісәлин Ә. Ы., Ыбырай Алтынсарин. Өмірі мен қызметі туралы, А., 1965;

  4. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2

  5. Тажибаев Т. Развитие просвещения и педагогической мысли в Казахстане во второй половине ХІХ века, А.-А., 1958.

  6. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

  7. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

  8. Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы. ISBN 9965-34-816-2

  9. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

ДӘРІС № 11
14.Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы мектеп және педагогика. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан

А.Байтұрсыновтың Қоғамдық ұйымдастырушылық және ғылыми педагогикалың қызметі. М.Жұмабаевтің педагогикалық көзқарасы. Н.Құлжанова, С.Асфендияровтың педагогикалық қызметі мен ойлары.

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Ахмет Батұрсыновтың ағартушылық қызметі

(1873-1937)

Ахмет Байтұрсынов - қазақ мәдениетінің тарихында үлкен, бір дәуірді алаш жатқан алып тұлға. Оның тарихи тағылымы мол, тәрбие туралы өзіне тән прогрессивтік ой-пікірі бар ұлы - ғалым. Қазақ философиясының (тіл білімі және әдебиет тану) нетізін салушы педагог - ағартушы, мәдениет және қоғам қайраткері, А.Байтұрсынов - алғашқы қазақ тілінің авторы (1912). Сол кездің өзінде ол жүзеге асырған қазақ жазуы("Жаңа емле ережесі" айнала ортадан тиісті бағасын алды. Оған прогрессивтік зиялы қауым ерекше назар аударады. Ал, 1924 жылы, ол жаңа қазақ графикасы ретінде қабылданып, оған ғалымның құрметіне - Байтұрсынов аты берілді. Ол өз заманында барлық түркі тілдес халықтардың ең жақсы үлгісі ретінде қабылданды. Сондай-ақ, біздің шетелдік отандастар күні бүгінге дейін Байтұрсынов графикасын пайдаланады. Байтұрсыновтың әдістемелік еңбектері қазіргі кездің өзінде үлкен беделмен қолданылады. Оның қазақтың тіл білімі және қазақ тілін оқыту әдісі өзініп, сапалылығымеи және ана тіліміздің ерекшелігін жинақтайтын оқулық негізі ретінде үлкен табыспен мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытылып, қолданылмалы қазақ тілінің қамтума оқулығына айналып отыр. "Ол өмірінің алғашқы жылдарын бала оқытудан бастайды. Ол жөнінде былай деп жырлайды.

Адамдық диқаншысы - қырға шыктым,

Көлі жоқ, көғалы жоқ - құрға шықтым.

Тұқымын, адамдықтын шаштым, ектім.

Көңілін көтеруі бұл халықтың - деп бейқам жатқан халқын сауаттандырып, опер - біліміс, мәдениетке жетектеді.

Бұл тұста 1890 жылдар үстіндс Ахмет Байтұрсынов тәрізді оқыған, білім алған, мектеп бітірген, орысша сауат ашқан өзге де қазақ азаматтарының алғаш көріне бастаған кезі еді. 1896 жылы Байтұрсынов Омбыда жұмыс істеп отырып Ақмола, Семей оқу жүйесін басқарады. Сол жылдары ол Қазақ даласында бала оқыту жайы, оны қатты толғандырады.

Осы кезенде қазақтарды оқыту Ахметтің ой - түюінеше өзгелердің емес, өзі тектес оқығандардың халық алдындағы парызы - деп түсінеді. Байтүрсыновтың осындай мақсатарды көздеп, саяси-көзқарастарын шындай түсуі Қарқаралыда өмір сүрген 1896-1907 жылдар кезеңімен байланысты. Осы жылдары оның айналасына қазақ зиялылары топтала бастайды,.

Байтүрсынов 1907-1917 жылдары арсында Орынборға жер аударылып сонда түрған жылдарында ғылым, білімге бүрынғыдан да терең үңіліп, қазақ балаларын оқытудың әдістерін, қазақ тілі мен әдебиеті, өнері, тарихы, мэдениеті туралы өрсен ойлар айтып, бастауыш мектептерге арнап оқулықтар мен оқу құралдарын жаза бастайды. Халық мұраларын, ауыз әдебиетін - эпос, ертегі, жүмбақтар жинап бастыру ісімен айналысады, ғылыми-зерттеу жүмыстарымен шүғылданады.

Ахмет Байтүрсыновтың қазақ елінің жоғын жоқтап, санасына сәуле қүюға байланысты жасап жүрген еңбектері елге тарай бастайды. 1913-18 жылдар арасында бейресми газет "Қазақ" газетінің редакторы болып жұмыс істетен жылдарында - халықты оқуға, білімге, өнерге, бостандыққа, теңдікке шақырған ойларын газет бетіне ашық жариялады.

«.Қазақтарды надандық шырмауынан шығарудың бірден-бір жолы ғылым-білімге ұмтылу, оқу-ағарту жүмысымен айналысу деп түсінген Байтұрсынов бүл пікірін "Қазақ" газетін жариялауға ұдайы ұмтылыс жасаған. 1911 жылы Орынборда басылған "Маса" атты жинағы, халықты өз тағдыры үшін қүреске шақырып, жүртшылықты шырт үйқысынан оятқан дабылды еңбек топтама туынды болған. Ахмет қалғыған халқын ең болмаса маса болып шағып оятайын, ойландырайын - деген мақсат көздейді. Сары маса болып ызындаған өзі екенін, Ахмет Байтүрсынов, 1909 жылы Петербургте басылған «Қырық масыл» атты еңбегінде «Малшы мен Масыл» туындысында жасырмай ашық атайды.

"Айқан журналы" мен "Қазақ" газеті бетінде көптен көтеріп жүрген, елдің санасын көтеруден бүрын, сауат ашар "Әліп-би" тіл қүралын жазу үшіп графика және қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жасаумен Байтүрсынов 20 жылдар еркін айналысады. Ол эуелі басқа араб графикасына бейіл береді. Дәл осындай қуралдьң ересектер үшін де аса қажет екенін ескеріп "Әліпбиді" жазады, бұл оқулық 1924 жылы Орынборда, 1926 жылы Семейде басшылықпен, "Тіл құралы" 1914 жылдан бастап жариялана бастайды.

Ахмет Байтурсыновтың ағартушылық, ғалымдық, қайраткерлік, ақындық қасиеттерін сараласаңыз - өзінен бұрышы үш ғуламаның Абайдың ақындығын, Ыбырайдың ағартушылығын, Шоқанның ғалымдығын, оны бар өзі таңдап алғандай. Байтурсыновтың бойынан осы үні қасиет бірдей табылған. Олеңнің, ақындық шеберлігін Ахмет Абайша турлен, адам бойындағы надандықты кеңейді, саналыққа ел болып бірігуге шақырады.

Әдебиеттану ісіне Ахмет Байтұрсыновтың қосқан үлесі аса мол. Қазақ тілі мен коркем сөзі, сана-салты дүние танымы Ахмет Байтурсыновты семинарияда оқып жүрген кезінен бастап қатты қызықтырғанға уқсайды, өйтксні ол Орынбордағы мұғалімдер дайындайтын семинарияны бітірген 1895 жылдың өзінде тургайская газетаның 39-санында «Қазахские приметы и поеловицы» деген мақала жариялаған. Бұл оның баспа бетін корген алғашқы еңбегі. Оның үстіне мақаланың осы газет бетіне басылуының өзі көңіл аударарлық нәрсе.

Саналы өмірін қоғамдық ағартушылық қызметке іштей бастаған дайындалып бастаған Ахмет Байтурсыновтың халықтық коркем мұраның мән-маңызына, эстетикалық қадір-қасиеттерінс бойлап, оны жинап-бастыруға ұмтылысын байқату. Ол өзі де шығармалар жазып, басқа халықтар қазынасының үлгілерін туған халқына жеткізу мақсатында аудармалар жасады. Көп ұзамай "Қырық мысал", "Маса" жарияланды. Осы жылдары Ахмет Байтұрсынов әдебиет тарихын зерттеумен шуғылданды. Оның Қазақ газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан Қазақтың бас ақыны деген көлемді мақаласы әдебиеттану саласындағы алғашқы зерттеуі еді. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені өмірбаяны шығармаларының мазмун тереңдігі мен ақындық шеберлігі полэтикасы орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақын мұрасының эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған.

А. Байтұрсынов туралы Смағұл Садуақасов, Ғаббас Тоғжанов мақалалар "жариялады. А. Байтұрсыновтың 1929-1934 жылдары жер аударылғаны жоғарыда айтылды. Сол бір қиын кездердің өзінде ол туралы лебіздер айтқан адамның бірі жазушы жэне ғалым Сәбит Мұқанов еді. Ол 1932 жылы шыққан XX ғасырдың бас кезіндеті қазақ әдебиеті деген келемді еңбетіндебірсыныра ірі тұлғалар қатарында А Байтұрсыновты атады. Бұл екі еңбектің де А.Байтұрсыновтың қоғамдық, ғалымдық, әдебиешілік қызметінің нетізті бағыты мен көркемдік құндылығын мойындамай өте алмағаны байқалады. Қоғамдық- революциялық қызметін ол 1905 жылдан,қазақтыңұлтшылдық буржуазиялық-демократиялық интеллитенциясы революцишіық үйірмелерде, әсірссе реакция жылдары астыртын жұмыс жүртізтен кезде бастады. Байтұрсынов 1913 жылы Қазақ газетін бастырды, оның нетізті бағыты - қазақ халқының қоғамдық-мәдени оянуына ықпал ету болды.



М.Жұмабаевтің педагогикалық көзқарасы Қазақ әдебиетін жоғарғы деңгейге көтерген Мағжан Жұмабаев (1893-1938) шығармаларының қазақ халқы, қала берді бүкіл түркі тектес халықтар үшін маңызы зор. Өзіндік стилімен, өзіндік қолтаңбасымен әдебиетке келген Мағжан, сол замандағы ұлы проблемаларды алға тартып, еркін поэзияның тамаша үлгілерін жасаған. Мағжан өлеңдерінде жиі ұшырасатын өмір мен өлім, махаббат, жамандық пен жақсылық, ізгілік пен зұлымдық, т.б. мәңгілік тақырыптар проблемасын көтерген. Алайда өмірде ылғи да осылай бола бермейді. Қазақ әдебиетін жоғарғы деңгейге көтерген Мағжан Жұмабаев (1893-1938) шығармаларының қазақ халқы, қала берді бүкіл түркі тектес халықтар үшін маңызы зор. Өзіндік стилімен, өзіндік қолтаңбасымен әдебиетке келген Мағжан, сол замандағы ұлы проблемаларды алға тартып, еркін поэзияның тамаша үлгілерін жасаған.

Мағжан шығармалары ұлттық тақырыпқа арналған деп айтуға болады. Ол ұлт тағдыры дегенді иісі қазақ тағдыры деп түсінген. Ұлт ұғымы – кең ұғым. Халық деген ұғымнан зорырақ. Оны ұлтшыл ақын деп айту себебіміз Оның шығармашылығындағы басты тақырып осы ұлтым, қазағым деп жырлап келгені, өзге ақындардан ерекшелігі де осынысынан көрінеді. Біздің тарихымызда оның орны сол жаңалығымен белгіленсе керек.

Қазақ халқының ұлы кемеңгері Мағжан өлеңдерін сөз еткенде, ақынның өмірге көзқарасы, оны түсіну, қабылдауы қалай деген сұрақ туады. Мағжан поэзиясынан өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі деп қабылдайтын ақын келбетін, дүниетанымын байқаймыз.

Мағжан өлеңінен құр ғана үйлескен сөзді ғана көрмейсің, ақынның ішіндегісін әйгілейтін айнасын көресің. Мағжан Жұмабаев қазақ «өлең өлшемдеріне» жаңалық енгізді. Өлең техниксын жетілдірді. Ол жаңа форма, жаңа пішінді басқалардан ерекшеленейін деп іздемеген. Өмір сырын тереңірек түсіну мақсатында жазып келген. Мағжан өлеңдерінде араб, түрік, татар, қырғыз сарындары да естіледі. Бұл да қазақ тілін жаңалауға ақын тарапынан қосылған үлес деп бағалаймыз.

Қазақ халқының алға ұстар жазушыларының бірі Мағжан Жұмабаевтың ақындығының және бір қыры оның өлең өлшемдерін түрлендіруінен көрінеді. Қазақтың кең тынысты он бір буындық, Абайдың толғауы тоқсан сегіз аяқ өлшемдеріне Мағжан Жұмабаев екі буындық секіртпе өлшемді тауып қосады.

«Мағжан, - деп жазады Ж.Аймауытов, - тыңнан 8-9 өлшем туғызды, бәрін бірдей санаудың қажеті жоқ. Сап-сары бел, біраз «Фетше», мені де, Елім әлдиле».

М.Жұмабаев поэзиясындағы махаббат лирикасы ерекше мән иеленеді. Ақын осы бір сезімнің қырларын, тылсым сырларын ашады.

Мағжанның осы тақырыптағы шығармаларында, сан алуан психологиялық күй сезімдер мол. Адам жан – күйінің неше түрлі толғаныстары, табысу мен қоштасу, қуану мен қайғыру, т.б. ғажайып сезімдерді жырлаған ақын поэзиясы осы тақырыптағы әлемдік үлгілер – мен қатар тұрады.

Ғашықтық сезімге тән «ұнату, құлай сүю, сүйіспеншілік зарын кешу, лаззат рахатына бату, бір кездесу құмарту, жалт еткен ықылас, түңіле безу, махаббат жолында жан қию секілді алуан сезімдер, күйлер, мұң – қайғылар Мағжан өлеңдерінде жүректен қан, тілден «у» ағызған сырлар болып төгіледі.»

Ақын жырларында махаббаттың азапты жолы көрінеді. Ол:

Махаббат – бір тікенек,

Жүрекке барып қадалар.

Бақытсыз ғой бұл жүрек,

Тамшылап одан қан ағар.

Махаббат – бір тәтті у,

Шер жүрек төгер жас,



  • деп беріледі.

Мағжан өлеңдерінде жиі ұшырасатын өмір мен өлім, махаббат, жамандық пен жақсылық, ізгілік пен зұлымдық, т.б. мәңгілік тақырыптар проблемасын көтергенде, Фрейдтің Танатос инстинкті дейтінге байланысты пікірлерінің қатты әсер еткендігі байқалады.

Мағжанның махаббат тақырыбындағы шығармалары өз заманының рухани қажетсінуінен туындайды. Фрейдистік ілім бойынша – бейсаналық (бессознательность). Мағжан бұл сөздің мағынасын «ессіздік» деп қазақшалаған ба деп қаласың. «Жан сөзі» өлеңінде «ессіз жүрек» деген тіркесті жиі қолданады.

«Ессіз жүрек» аспанға қол сермеді,

«Ессіз жүрек» ақылға жол бермеді!

Мағжан «ессіз жүрегінің» әміріне бағынады. Жүрегі белгілі бір құбылыстардың, өмірлік әсерлердің дәнін аршуды қалайды.

«Бейсаналық күй адамның өзіне сезілмегенмен, сыртқа теппей тұрмайды, әр түрлі символдық сипат алады.» Яғни Мағжан өлеңдерінде кездесетін құмарлық, лаззаттану, т.б. ұғымдарды талдағанда осы тұжырымдар есте болу керек. Жалпы, интимдік лирика күрделі жанр. Ол үшқары сезім көрінісі емес, жанның терең тұңғиығына батқан терең сырлар. Абайдың

«Ғашықтық, құүмарлықпен – ол екі жол,

Құмарлық бір нәпсі үшін болады жол» , -

деген жолдарында «құмарлық» сезіміне қарсы емес, нәпсіқұмарлыққа (прелюбодение) қарсы екенін айыруымз керек. Құмарлық пен құштарлық мөлдір махаббатқа қарсы қойылмайтын ұғымдар. Ол адамның табиғаттан берілген, биологиялық заңдылығы. Ғылыми түсініктерде құмарлықтың мәні былайша беріледі: «Құмарлық – адамның іс - әрекетіне, көңіл – күйіне із қалдыратын тұрақты, әсерлі сезім.» Адам өмір сүрген қоғамы, оның қоғамдық орны, нақтылы іс - әрекеті құмарлықтың мазмұнына зор әсерін тигізеді. Құштарлық ұнамды және ұнамсыз болып бөлінеді. Егерде адам білім алуға, өнерге, еңбекке ұмтылса, оны ұнамды құштарлық дейді, ал дүние құмарлыққа, шен құмарлыққа, мансапқорлыққа әуестенсе ұнамсыз құмарлық дейді. Құмарлық асқақ сезім болса, құштарлық инстинктіге негізделген. Абай адамға қажетті құмарлықтың табиғатын былай ашады: «Құмарлық кісіге жүк артады, міндеттілік туғызады, міндет борышты етеді, бұлар еңбекке жүктейді, еңбек ғылым мен өнерге ашылған жол».

Мағжан өлеңдерін талдағанда да осы мәселе ерекше ескерілуі керек. Бір есте болатын жәйт, ақын өлеңдеріндегі интимдік суреттер анайылықты дәріптемейді, қайта адамдық сезімге қарай жол ашады. «Күміс нұрлы Ай.» «Жұлдыздар – алмас, жібек жел, Сыбырласып жас қайыңдар бұраң бел.» «Қан қайнады, Жас жүрегім ойнады.» «Бір сүйенейін жақында, жаным бері кел» дейтін тіркестерді талдап көрейік.

Ал Мағжан өлеңдеріндегі кейбір эротикалық жолдар, адам мінезіндегі шынайы махаббатты бір сәттік ләззатпен шатастыратын жағымсыз жайларды мінеуге арналғанын байқау қиын емес.

Қаламгер шығармашылығында махаббат тақырыбының ауқымы кең. Махаббатқа соқпай кететін өлең жоқтың қасы. Анаға сүйіспеншілік, жарға құштарлық, Отанға перзенттік, туған топыраққа борыштық сезімдердің бәрі махаббатпен байланысты. Адам бойындағы ең асыл сезімдердің бірі – адамгершілік сезімі де сайып келгенде махаббатпен өзектес. Өйткені махаббат қадірін білмейтін адамда адамгершілік сезімі болмайды, ал адамгершілігі жоқ кісінің жүргіне асыл махаббат ешқашан да ұя салмайды дейтін тұжырым Мағжан өлеңдерінен жақсы байқалады.

Сүйіспеншілік, махаббаттың осындай ізгі сипаттарын бойына жинақтаған адамды Мағжан толық тұлға дейді. Адамның өзін - өзі сүюі, туысқандарын сүюі ғана жеткіліксіз, ол адамның құлық сезімінің төмен тұрғандығы, кісі бүкіл адамзатты сүюі қажет дейтін ұлы Абайдың «өзін ғана сүйген адам, өзі үшін оттаған хайуанмен тең» деген пікірмен үндесіп жатыр. «Педагогика» кітабында ол «өзін-өзі соқыр сезіммен мал да сүйеді, мысалы, бие құлынын қорғайды. Адамның шын мағынасымен «адам» болу үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт», - дейді. Жоғарыда аталған ұлттық рух мәселелері Мағжанның елге, жерге деген махаббатының да негізі. Өз елін сүю дегеннен адам өз халқынан басқаларды жек көрсін деген ұғым шықпайды, адам өз халқының адамдарың сүю үстінде басқа халықтың да адамдарын сүюге міндетті. Міндетті ғана емес,еріксіз сүймек. бұл адамның жаратылысындағы негізгі қасиет,осындай жаратылыс ақын тұлғасының өзіне тән.

Мағжан аса мән берген эстетикалық сезімнің түрі - әсемдік, сұлулық сезіміне қатысты. Бұл жөнінде ол: «Сұлулық сезімдері – адамның дұрыс ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тиылуына, көмек көрсетеді», - дейді. Ал нағыз махаббат – бұл аса сұлу сезім. Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Мағжан Жұмабаевтың қазақ тілінде «Пидагогика» атты тұңғыш іргелі ғылыми еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде ол тек педагогика тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы мен психологиялық процесстердің дамуын, яғни таным процестері, оның ішінде сезім көріністерін де кеңінен қарастырған. Сезім көріністері жайында бұл еңбекте бөлім былай басталған еді: «Біз жан тәрбиесін қарастырғанда, жан көріністерін үшке бөліп едік: ақыл көріністері, ішкі сезім көріністері, яки көңіл көріністері һәм қайрат көріністер деп. Ақыл көріністерінің қандай түрлерге бөлінуін һәм оларды қалай тәрбие қылу керек екендігін біз жазып өттік. Енді ішкі сезімдерге көшеміз». Ары қарай ұлы ақын М.Жұмабаев сезім жайлы өзінің көзқарасын көрсетеді, осыған кеңінен тоқталып өтсем.

Мағжан Жұмабаев өз еңбегінде сезімге қатысты мынадай анықтама берген, «адам бір нәрседен әсерлену алып, сол нәрсемен таныс болып тұрғанда, адамның жанында не жағымды, не жағымсыз бір күй болмай қоймайды. Мысалы, жағымды дыбыстан әсерлену алғанда, жап-жағымды күйде болады. Жағымсыздан – жағымсыз күйде. Және болып озған бір әсерленуді суреттеу жасағанда да жанда не дағымды, не жағымсыз күй болады. Әсерлену уақытында, яки суреттеу уақытында жанымызды не жағымды, не жағымсыз бір толқын болмай қоймайды. Міне, осы әсерлену һәм суреттеу уақытында жанда болатын толқын ішкі сезім деп аталады». Бұл жерде әсерлену, деп ақын эмоцияны қарастырғаны анық. Сонда эмоция мен сезім арасындағы байланысы жайлы Мағжан төмендегідей қарастырған: «Әсерлену мен ішкі сезім арасында көп айырма бар. Әсерлену дене мен жанның қатысуымен болатын көрініс, ішкі сезім – таза жан көрінісі. Бұл – бір. Екіншіден, әсерлену арқылы біз сыртқы заттармен, көріністерге баға береміз. Егер қадірлі деп тапсақ, жанымыз жағымды күйде болады, қадірсіз деп тапсақ, жанымыз жағымсыз күйде болады,» деген.

Сондай-ақ Жұмабаев бойынша ішкі сезімдердің жасалуын қарастырайық. «Адамда ішкі сезім болу үшін біздің жанымызда бұрын бірнеше әсерленулер һәм суреттенулер шарт. Себебі ішкі сезімбір тұқымдас бірнеше әсерленулерді һәм суреттеулерді бір-бірімен салыстырумен болады. Мысалы, біз «мына сурет әдемі екен» десек, сонда біз сол суретті оймен басқа суреттермен салыстырып айтып отырмыз. Салыстырылатын бұрынғы мен жаңа екі суреттеулердің бұрынғысы – ішкі сезімнің негізі деп, соңғысы ішкі сезімді оятушы деп аталады. Негізгі суреттеу әр адамда әр түрлі болады. Әр адамның ішкі сезімі сол адамның қандай күйде тұруына, оның біліміне һәм денесінің қандай күйде тұруына байлаулы болады. Мысалы, бір әннен бір уақытта жағымды әсерлену, екінші уақытта жағымсыз әсерлену алуға мүмкін. Яки білімді, оқыған адам бір нәрседен жағымсыз әсерлену алғанда сол нәрседен оқымаған, надан адамның алған әсерленуі жағымды болуы мүмкін. Яки сау адамның бір нәрседен алған әсерленуі жағымды болғанда, сол нәрседен ауру адамның алған әсерленуі жағымсыз болуға мүмкін», мұнда қазіргі психологиядан айырмашылығын қарастыратын болсақ, алдымен терминалогияның жоқтығын байқаймыз, одан кейін әр бір түсініктеме белгілі бір мысал көмегімен көрсетілген, бірақ теориялық жағынан әрине дұрыс деп қарастырамыз.

Сезімдердің сыртқы көрінісі жайлы Мағжан Жұмабаев келесідей қарастырған, «жанда болған ішкі сезім сыртқа шықпай, яғни денеге әсер бермей қоймайды. Не бет өзгереді, не дауыс өзгереді, не жай денеде бір әсер болады. Мысалы, ұялғанда бет қызарады, қорыққанда дауыс, дене дірілдейді. Халық ішкі сезімдердің орны жүрек деп біледі. Бұл пікірде әжептәуір дұрыстық бар. Яғни ішкі сезім уақытында жүректің қызметі күшейеді. Шынына келгенде, әрбір ішкі сезімнің болуына себепші, бірақ ішкі сезімнен әсерленетін жүрек. Мысалы, қуаныш уақытында жұмысын жылдам атқарады, «ойнайды». Ал реніш уақытында жұмысын шабан атқарады, «қысылады». Бұл анықтамалардан біз, сол күндердегі адамның психологияны дұрыс түсініп, нақты көрсете білгені жайлы бөліп айта кеткен жөн. М. Жұмабаевтың адам жанын терең түсіне білгенін, сондай-ақ ұлы сезім – махаббатты да өз шығармаларында анық көрсете алғанына таң қалуға болады. Өйткені адамның жаны, оның психологиялық тұрғыдан терең түсіне алу өте күрделі процесс, бұл бір табиғаттың сыны тәріздес, сол сыннан Жұмабаев өте жақсы өтті деп ойлаймын. Адам өмірінде сезімнің алатын орны ерекше, оны Мағжан былай түсіндіреді. «Ішкі сезімдердің адам өмірінде ұстаған орны зор. Әсіресе баланың ішкі сезім көп рөл ойнайды. Біздің ісімізге белгілі бет алдыратын көбінесе осы ішкі сезімдер: біз жағымды нәрсені істейміз, жағымсызды істемейміз. Бізде жағымсыз сезімді оятпайтын істі біз шабаш, көңілсіз істейміз, ал жағымды сезімді оятатын істі шаттықпен, шын ынтамен істейміз. Адамның бақытты, бақытсыз болуы да осы ішкі сезімдерден: жөпшеңді нәрселерден жағымсыз ішкі сезім алмайтын адам бақытты, тым сезімпаз адам бақытсыз. Сондықтан ішкі сезімдерді дұрыс тәрбелеу керек,» - деген.

Ұлы ақын Мағжан Жұмабаев ішкі сезімдердің сан алуан түрлерін өз еңбегінде кең көлемде қарастырған, оның ішінде өзімшілдік, зерігу, қорқу, аяу, ұялу, көпшілдік және тағы да сол сияқты адам баласына тән, күнделікті өмірде күнде кездесетін сезімдерді қарастырған. Адам дұрыс тәрбелену үшін қандай сезімдерді қолданған жөн екенінде ашық көрсетеді, оның ішінде сұлулық сезімінен кеңінен тоқталып өтеді.

Мазмұны жағынан бұл еңбекті қазіргі таңда таза педагогикалық еңбекке жатқызады. Ал, шынында, онда бір-бірімен тығыз байланысты екі пән – педагогика мен психология қарастыратын мәселелер ұштастырыла баяндалған. Аталмыш еңбектің өн бойына тән махаббат сезімінің де түрлері көрсетілген, ол қыз бен жігіт арасындағы махаббат емес, анаға деген, отанға деген махаббат сезімінің көмегімен тәрбиелеу жайлы, осы сипатты танытатын, даналық нақылдар кітабына лайық бір мысалды келтіре кетелік. «Мысалы, балада, - дейді ақын және ғалым-психолог Мағжан, - біраздан анасын сүюсезімі оянады. Ананы сүю – анаға жауыздық тілемей, ізгілік тілеу деген сөз.

ДУЛАТОВ МІРЖАҚЫП АҒАРТУШЫ, АҚЫН, СЫНШЫ

Дулатов Міржақып - ағартушы, ақын, сыншы 1885 жылы 25-қарашада Торғай уезіндеті Майқара болысының 3-інші ауылында туған. 1935-жылы 5-қазанда айдауда, лагерьде жүрген кезінде ауырып қайтыс болады. Әкесі Дулат қарапайым іскер, қол шебері етікші болған.

Міржақып 8 жасқа толған кезінен бастап екі жылдай ауыл молдасынан сабақ

алады. Одан соң ауылдағы орыс мектебінде, ал 1897 жылы Торғайдағы орыс-

қазақ мектебінде оқиды.

1907 жылдан бастап оның бірлі-жарым, өлең, мақаласы да –жариялана бастайды.

М. Дулатов бірден-ақ қазақ халқының арман мүддесін терең түсіне білетін

қазақ қоғамында жаңадап өріс алып келе жатқан демократ идеялардъң

жаршысы екенін айқьн танытады.

Міржақыптың Серке газетінің 1907 жылы 2 нөмірінде басылған Біздің мақсатымыз атты мақаласы кешірім жасауға болмайтын саяси үгітдеп саналып, бүл газет конфискеленсін деген шешім қабылданады. Оның осы мақаладағы пікірлері Оян қазақ! Кітабында эсіресе айқын, эсерлі айтылады.

Оян, қазақ! 1909 жылы түңғыш рет жарық көріп, кітап 1911 жылы екінші рет жарияланады. Осы жылы патша үкіметінің бақылау орны Оян, Қазақ! Елді бүзатын революция үндейтін кітап деп тауып М Дулатовты қамауға алады, кітапты таратуға, оқуға үзілді-кесілді тыйым салынсын деген сот шешімін шама данасын таптырып, жиғызып, жойып жіберуді қатты қадағалайды.

Оян, қазақ! Кітабын оқығанда Міржақыптың халықтың мұң-мүқтажын өз мүңындай көретіні эр сөзінен айқын сезіліп түрады. Ақын өзінің халық алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді. Ол өз замандастарына, көзі ашық зиялыларға тарих, қоғам, қандай міндет жүктеп отырғанын анық аңғартады, халықты ескіліктен, мешеуліктен, зорлық-зомбылықтан, қанау-езушіліктен қүтқаратын күшті құрал оқу білім, өнер, ғылым, адал, еңбек, әділдік, адамгершілік үшін қүресу екенін ұға білді.

М Дудатов патша үкіметінің қазақ даласын билеу ісін жүргізудеті саясатының кемшіліктерін, кертартпа сипатын айқын аңғарды. 1916 жылғы оқиғаны, 1917жылғы ақпан көтерілісі мен Қазан төңкерісі азамат сотысы кезіндегі саяси-әлеуметтік жағдайды көзімен көріп, дүрыс бағалай алды. Осыпдай үлкен тарихи окиғалар болып жатқап кезеңдерде алдыңғы қатарлы қазақ зиялыларының қоғам қайраткерлерінің күресі елдің азаттығын сақтап қалуға бағытталды.

1913 жылы Міржақыптың "Азамат", 1915 жылы "Терме" атты өлең жинақтары жарық көрді. "Азамат" жинағындағы: Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш, Емеспін жемісі көп тамаша ағаш. Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі. Пайдалан шаруаңа жараса, алаш, — деген сөздер азамат ақынның алдына қойғам қоғамдық мақсатын қалай түсінетінін айқындай түседі, оның алған бетінен, күрес-керлік жолынан таймай, қажымай, талмай туған халқы үшін еңбек етуге белін буғанын аңдатады. Ақын өлеңдерінің. басты харындары надандық пен топастықты, әділетсіздікті сынап, әшкерелеу, халықты мәдениетке, өнер-білімге, прогреске шақырып, адамгершілік азаматтық идеяларды уағыздау болып келеді. Міржақыптың азаматтық, әлеуметтік лирика тақырыбы, идеясы түрғысынан да, құрылыс-қалпы, айтылу ерекшелігі, жанрлық өзгешелігі жағынан да, түрлі-түрлі. Бірде қазақ халқының тағдырын, күн көрісі, келешеті туралы толғаныстар болып келсе, бірде жастарды өнер-білімге, талапты, адал, өнегелі болуға шақыратын насихат өлеңдер, бірде омірдегі нақтылы, күнделікті жай-жағдайға, көпшілікке тікелей қатысты мэселелерді тілге тиек етіп, адамгершілік "мәселелерді сез қылатын әңгіме-сұхбат түріндегі өлеңдер, кейде патша үкіметінің озбырлығын, жүрт билеушілердің әділетсіздітін әшкерелейтін өткір сынақ өлеңдер түрленіп келе береді. Таға бір назар аударарлық бір нәрсе — қоғамдық, саяси-әлеуметтік мәселелерді қозғайтын туындылары ақынның өз сөзімен ішкі жан дүниесін танытатын кәңіл-күйі лирикасы алатын тұстары да аз емес.

"Сырым", "Мұң", "Қиял", "Көңіліме", "Арманым", "Қажыған көңіл" секілді өлендерді осы топқа жатқызуға болады.

Міржақыптың ақындық шеберлігінің бір қыры деп өлең өрнетін түрлендіріп келтіретінін айтуға болалы. Бұл орайда оның өлшемдерін, ұйқас түрлерін қолдануына қатысты бір-екі ерекшелікке ғана тоқтанамыз. 1910 жылы "Бақытсыз Жамал" атты романы басылып шығады. Бүл шығарма жазушының өз шығармашылығында ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінде елеулі орын алған көркемдік туынды болды. Өйткені ол аса зор әлеуметтік маңызы бар мәселе қозғаған, қазақ әйелінің ауыр жағдайын шынайы бейнелеген, қазақ әдебиетіндеті роман деп аталған тұңғыш. прозалық щығарма болатын. Қазақ эйелінің тағдырын толғайтын алғашқы прозалық туындылар саналатын Т. Жомартбасвтың "Қыз көрелік", С. Көбеевтің "Қалың мал", С. Тәрайғыровтың "Қамар сүлу" атты романдары бір-біріне ілесе жазылып, 1912—1914 жылдарда жарық көргенін, "Бақытсыз Жамал" осы үлкен арнағынға жол ашқан бастау екені айқын болды. "Бақытсыз Жамал" көп үзамай орыс тілінде де жарық көрді. Мұның өзі сол кездің өзінде-ақ М. Дулатовты орыс әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің танып-білуіне, жоғары бағалауына мүмкіндік берді. Міржақып поэзияның шығармаларында да арнайы тақырып етіп, қыздарды малға сатуды, жесір әйелді ерекше айыратып өткір сыншың нысанасыпа алып, махаббат сезімін, адамгершілікті қастерлеуді уағыздаған. Сүйгеніне қосыла алмай, еріксіз мал бертен адамға қосақталған бақытсыз Жамалдың трегедиялық өмірі — жүздеген, қазақ қыздарының, әйелдерінің басындағы жағдай болатын. Сондықтан әйелдің бас бостандығы, еркіндігі, өз сүйгеніне "қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы қазақ өміріндегі ең бір түйінін шешуші қажет мәселе болды. Міржақып әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады. Жамал бейнесін суреттеудегі жаңалығы да осы түпкі идеясына, озат ой-пікірінс нетізделтен. Міржақып ақындық, жазушылық еңбстін журналистік қызметімен үштастыра білді. 1911жылы "Айқап" журншіында, 1913-1918 жылдарда "Қазақ" газетінде қызмет етті.

Әдебиет пен мәдениет жайын баяндағанда Міржақып Ш. Уәлиханов пен А. Байтұрсыновтың жэне шығыстанушы Ғ. Потанин мен атақты татар акыны Ғ. Тоқайдың еңбетін ауыз толтырып айтады. Оның Шоқанның өмір жолын жақсы білтенін, ғылыми зерттеу еңбектерінің мәнін терең түсінтенін кейбір ағаш, орынсыз айтылған пікірлердің теріс.

Міржақыптың қазақ білімпаздарына қоса, түркі тілдес халықтардың, шығыс елдері ғұламаларының, орыс, европа шығыстанушыларының еңбектерін еркін меңгертені оның қазақ пен қырғыздың шыққан тегі туралы жазған тарихи шолуы секілді жазбаларынан анық байқалады. М. Дулатовтың әдеби шығармалары ерте кезде-ақ сыншы, зерттеушілердің назарына ілікті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет