Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college


Дамуында бұзылысы бар балалардың зейін ерекшеліктері



бет21/41
Дата19.03.2023
өлшемі0,5 Mb.
#172850
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Байланысты:
психология Байдильданова

Дамуында бұзылысы бар балалардың зейін ерекшеліктері

Ақыл-ойы зақымдалған балалардың зейіні. Зерттеуші ғалымдардың барлығы да дерлік зейіннің, оның ішінде ырықты зейіннің жеткіліксіздігі туралы айтады. Ақыл-ойы кем балалардың ырықты зейініне енжарлық тән, көңілдері бөлінгіш.Кейбір балаларда 10-15 минут жұмыс істегеннен кейін қимыл-қозғалыс, мазасыздық басталады.Ал енді біреулері селқос, енжар күйге ауысады. Ырықты зейін деңгейінің төмендігі ақыл-ойы кем балалардың ерік-жігер сапаларының жетілмеуімен де байланысты.Себебі бала шыдамсыз, әлсін-әлсін орнынан сабаққа қатысы жоқ сұрақтарды қояды, орнында отырып айғай салады т.б.

ПДТ балалардың зейіні. Олардың зейін қабілетін зерттеу саласында Л.И.Переслени, З.Тржесоглава, В.А.Пермякова, С.А.Домишкевич сияқты ғалымдар айналысқан.Зейіннің тұрақсыздығы баланың жұмыс өнімділігін төмендетеді.Бала 5-15 минуттан артық өнімді жұмыс істей алмайды.3-7 минут дем алып, келесі тапсырманы орындауға «күш жинайды» және осы уақытта оның зейіні мүлдем басқа нәрсеге ауысып кетеді.Зейін көлемінің аздығы баланың ақпаратты тұтас қабылдай алмауымен түсіндіріледі. Сондықтан ойындағы, оқудағы, тұрмыстағы мәселелерді тұтас және тиімді шешуде қиналады.

Есту қабілеті зақымдалған балалардың зейіні. Оларда ырықсыз зейін жақсы дамиды.Бұл балалардың зейінін әр түрлі құбылыстар мен қызықты заттар арқылы аударуға болады.Зейіннің тұрақсыздығы баланың жасына сай өзгереді.Естімейтін балада жыл басында 3 минуттан артық бір іспен айналыса алмаса, жыл соңында жұмысқа қабілеттілік уақыты 10-12 минутқа көбейеді.Тапсырманың түрі өзгерсе тұрақты зейін уақыты 30-40 минутқа дейін ұлғаяды.Ырықты зейіннің қалыптасуы сау құрбыларына қарағанда 3-4 жыл кейін қалыптасады.

Көру қабілеті зақымдалған балалардың зейіні. Сипап сезу арқылы немесе зақымданған көру анализаторы арқылы жүзеге асатын қабылдау процесінің баяулығы зейіннің ауысу қарқынына ықпал етеді және қабылданған бейнелердің үзік-үзік,жартылай күйде қалуына себеп болады.Балалардың зейіні оқу және ойын процесінде дамиды.Баланы бақылауға, байқауға, тыңдауға, әртүрлі заттардың сапаларын сипап сезуге үйрету қажет.Мдж балаларды ырықсыз зейін маңызды роль атқарады.

Сөйлеуі зақымдалған балалардың зейіні. Олардың зейіндері бірқатар өзіндік ерекшеліктермен сипатталды: зейіндері тұрақсыз, ырықты зейіндері төмен, өз іс-әрекеттерін жоспарлай алмайды.Мақсатты әрекеттерде, соның ішінде шешім қабылдауда зейіндерін шоғырландыра алмайды.Ырықты зейін ерекшеліктері бұл балаларда көңілдерінің бөлінуімен анықталады.

ТҚАЗ балалардың зейіні. БЦП-ға шалдыққан балалардың зейіндері патологиялық ерекшеліктер қатарымен сипатталады.Көпшілігінде жоғары психикалық сарқылғыштық пен шаршағыштық, жұмыс істеу қабілетінің төмендігі көзге түседі.Балалар тапсырмаға зейіндерін бірден шоғырландыра алмайды, тез арада селқостық, ашушаңдық күйіне түседі.Зейіннің зақымдануы тек цереброастениялық құбылыстармен ғана емес, көру анализаторының қызметіндегі ауытқулармен де байланысты:жанарды тіктей алмау, көзбен бағу мүмкіндігінің төмендігі, көру аумағының шектелуі, нистагм т.б.БЦП бар балалардың зейін қабілеттерін Н.В.Симонова зерттеді.

Аутизмі бар балалардың зейіні. Бұл балаларда тонустың, оның ішінде психикалық тонустың жеткіліксіздігі жоғары сенсорлық және эмоциянальдық сезімталдықпен ұласады да, белсенді зейін деңгейін қатты төмендетеді.Ерте сәбилік кезден бастап-ақ бұл балаларда қоршаған орта дүниесіне жағымсыз, кері реакциясы байқалады.Бұларда зейіннің мақсаттылық және ырықтылық қасиеттерінде дөрекі бұзылулар болуына қарай, олардың психикалық қызметтері дұрыс қалыптаспайды.Балалардың кейде жалығатыны соншалық, алдында ғана өзінің зейінің аударған затты жойып жіберуге бар күшін салады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет