Дамуында бұзылысы бар балалардың есте сақтау ерекшеліктері
Ақыл-ойы кем балалардың есте сақтауы. Олар оқыту негізінен есте сақтау процестеріне сүйенеді.Есте сақтау қабілетінің көмегімен мәліметтер мен мағлұматтар жинақтау, білімнің түрлі салаларын меңгеру іс жүзеге асады.Жады адамның басынан кешіргенін, алған тәжірибесін ойда сақтаумен және келесі тәжірибеде оны танумен және қайта жаңғыртумен іске асады.Әдетте вербальды және көру, моторлық ес түрлерін ажыратады.Оларда ырықсыз есте сақтау мүмкіндігін пайдаланады.Олар өздерінің назарын аударатын,қызықты болып көрінетін затты ғана есте сақтайды.Оқу материалын есте сақтау негізінен оның құрылымдық жағына байланысты, әрі қандай жолмен қабылдағандығына және оқушының жас шамасына байланысты.Олар қара сөзді мәтіннен гөрі өлеңдерді жылдам жаттап алады.
|
ПДТ балалардың есте сақтауы. Есте сақтаудың бұл түрінде танымдық белсенділіктің төмендігімен байланысты белгілі бір кемшіліктер болады.Сөздік материалдан гөрі көрнекі материал анағұрлым жақсы есте сақталады.ПДТ балалардың механикалық есінің кемшілігі қысқа уақытты есте сақтау түрін тексеруден анықталған:есте сақтауға тырысудың алғашқы қадамындағы нәтиже өте төмен, есте сақтау көлемінің аздығы,есте сақтауға берілетін уақыттың ұзартылуын қажет етуі.
|
Есту қабілеті зақымдалған балалардың есте сақтауы. Бейнелі есте сақтау процесі естімейтін балалардың қабылдаған обьектілерді талдау әрекетімен және оны жаңадан қабылданған ақпаратты бұрынғы қабылданған мағлұматпен сәйкестендіру жолымен жүзеге асады.Сөздік есте сақтау қабілеті саналылығымен ерекшеленеді.И.И.Соловьев есте сақтау қабілетін бірнеше кезеңге бөлген: бірінші кезеңде, қабылдайтын материалдың қайталаудан қайталауғабайланысты ұлғаюы, екінші кезеңге бала мәтіннің жалпы мазмұны мен тірек сөздерін есте сақтайды, үшінші кезеңде, мәтінді толық түсіну мен есте сақтау сипаты тән.
|
Көру қабілеті зақымдалған балалардың есте сақтауы. А.А.Крогиустың көрмейтін балалардың есте сақтау қабілетін тексеру мақсатында Эббингауз әдістемесімен жүргізген зерттеуі оған мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік берді: көрмейтін балалар көретін балаларға қарағанда өлеңдерді, сөздерді, өзара байланысы жоқ, мағынасыз сөздер жиынтығын жылдамырақ жаттап алады.Бұл олардың орындалатын іс-әрекетке зейіндерін шоғырландыра білетіндіктерімен және қабылданған материалды практикалық тәжірибемен сәйкестендіре білетіндіктеріне дәлел.Көрмейтін және нашар көретін балалардың сипап сезу арқылы қысқа уақыттық және ұзақ уақыттық есте сақтауы есту жады тәрізді жоғары көрсеткішке ие.
|
ТҚАЗ балалардың есте сақтауы. Қимыл-қозғалыс жады,яғни қимыл-қозғалыстың орындалуын есте сақтау БЦП бар балаларда едәуір кешігіп,әрі өзінше қалыптасады.Бұл БЦП-дағы қимыл-қозғалыс патологиясының ауырлық дәрежесімен байланысты.БЦП бар балалардың жады қабілеттерін зерттеуге Н.В.Симонова өз жұмыстарын арнайды.Мысалы,гиперкинетикалық синдромы бар және зияты анағұрлым сау сақталған балалардың көрсетілген таныс емес заттарды бірден тануы мен есте сақтауы,дыбыстық белгімен немесе мимикамен білдіруі БЦП-ң басқа формалары бар балаларға қарағанда айтарлықтай жақсырақ.Затты тану жағымды эмоциямен білдіріледі.
|
Аутизмі бар балалардың есте сақтауы. Ерте жастан-ақ ЕЖБА бар балалардың механикалық есте сақтау қабілеті жақсы дамиды,бұл өз кезегінде эмоциялық қапаланулардың ізін көпке дейін суытпауға мүмкіндік береді.Олар сыртқы дүниеден алған ақпараттарды тұтас блоктармен қабылдайды және қорыта алмайды,әрі сол күйінде сақтайды.Бұл категориядағы балалар жақсы есте сақтайды,кейін естіген әңгімелерін,дыбыстарды,ойын әрекеттерін,тұтас қайталап,барлық сенсорлық арналар арқылы келетін үйреншікті сезімді түйсінуге тырысады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |