Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бекітілген



бет9/10
Дата19.02.2017
өлшемі2,31 Mb.
#10539
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бейнелеу өнері

1 сынып

Авторлары:Қ.О.Жеделов.С.К.Шапкина

(Алматыкітап)

І ТҮСІНІК ХАТ

Бұл бағдарлама мектептің бастауыш білім беру деңгейіндегі «Өнер» білім саласына енетін «Бейнелеу өнері» оқу пәні бойынша білім мазмұнының міндетті минимумына және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды рәсімдейтін Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты негізінде әзірленді.

Мектептің бастауыш білім беру деңгейінде оқытылатын «Бейнелеу өнері» оқу пәні Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердің типтік оқу жоспарының инвариантты бөлімінде аптасына 1 сағаттық оқу жүктемесі беріліп, «Өнер» білімдік аймағына кіреді.



Бастауыш білім беру деңгейінде бейнелеу өнері пәнін оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың қоршаған әлемді бейнелі қабылдау көркем-шығармашылық қабілеттері мен бейімділігін дамыту және сезімдік, эмоционалды-құндылықтәжірибелерін терендетіп, байыту болып табылады. Негізгі оқу – тәрбие міндеттері:

– оқушылардың көркем-шығармашылық қабілеттері мен бейімділігін, ой ұшқырлығы мен бейнелі көрермеңік зейінін, заттар мен қоршаған ортаға деген эстетикалық құндылық қатынасын дамыту, шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыру;

– композициялық зандылықтар, түстану, натураға қарап,еске түсіру және көз алдына елестету бойынша сурет салу негіздеріне үйрету;

– салынған суреттегі форма, тепе-теңдік, көлем, перспектива, жарық пен көлеңке, композицияға ерекше назар аударуға үйрету;



– кеңістік ұғымдарын, болмысты көркем-бейнелі қабылдауын қалыптастыру, оның әсемдігі мен түс байлығының үйлесімділігін түсіне отырып, түстүйсігін дамыту;

– отандық және әлемдік өнер және мәдени мұралар құндылықтарды бағалай білу біліктіліктеріне баулу.

Бағдарламаны құрудың негізгі ұстанымына пәндік интеграциялау ұстанымы, тәрбиелей отырып үйрету ұстанымы, оқытып, үйретудің көрнекілік әдістері мен тәсілдері және шығармашылық-әрекеттік ұстанымдар жатады.

Пәнаралық байланыс, кіріктіре оқыту ұстанымы – бейнелеу өнеріндегі сурет салу, еңбекке баулудағы құрастыру, безендіру элементтерін кіріктіру арқылы көркемдік білім мазмұны мен шығармашылық іс-әрекеттерді тұтастықта құруды қамтамасыз етеді. Бұл ұстанымның маңыздылығы – білім мазмұны жақын пәндердің ортақ пәнге қатысты элементтерін интеграциялау арқылы оқушылардың әлемді тұтас қабылдай алу қабілетін қалыптастыру болып табылады.

Тәрбиелей отырып үйрету (эстетикалық сезімін дамыту, еңбекке құрметпен қарауды дарыту, ұлттық мәдени мұраларды тиімді пайдалану) ұстанымы – бұл шығармашылық пен оқу міндеттерінің бірлігінде тұжырымдалады.

Үйретудің көрнекілік әдістері мен тәсілдері – шебер, суретші, сәулеткер және т.б өнер иелерінің шығармаларын, үлгілер және өзге көрнекі құралдарды оқушыларға көрсету; жекелеген заттарды, бұйымдарды зерделеп, қарап көру; бейнелеу, безендіру, құрастыру, тоқу, жапсырмалау және т.б. әдіс-тәсілдерді көрсету.

Шығармашылық іс-әрекеттер ұстанымы - оқушылардың көркемдік шығармашылық жұмыстарды орындаудың сан алуан техникасын (сурет салу, мүсіндеу, жапсырмалау, құрастыру және т.б.) білуі, әртүрлі бейнелеу шеберліктерін (қылқаламмен, бояумен, қайшымен, стекамен және т.б. жұмыс істеу) меңгеру барысында көркемдік әрекеттері бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты көркемдік әрекеттердің үш формасының негізінде іске асырылады.

Жас ерекшеліктерін ескеру ұстанымы. Бастауыш білім беру деңгейінің негізі сурет салу, бояумен жұмыс, аппликация, мүсіндеу, көлемді заттарды жапсырмалау және сәндік-безендіру іс-әрекеттері жатады. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес қабылдау, ойлау, қиялдау қабілеттерін ескеру – олармен жұмыс жүргізуді үйретудің мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін дұрыс құруға негіз болады.

Қоршаған орта болмысын зерделеу және бақылаумен байланысты затқа, натураға қарап сурет салу сабақтың маңызды формасы және бағдарламаны жақсы меңгерудің негізгі шарты болып табылады. «Бейнелеу өнері» оқу пәні өнердегі көркемдік мәнерлеу құралдарын (түс, сызық, дақ, силуэт, композиция, пішін мен тепе-теңдік, ырғақ, көлем, құрылым, кеңістіктік, жарық, сәуле, көлеңке) тану арқылы оқушыларды көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттерге баулиды.



«Бейнелеу өнері» оқу бағдарламасының білім берудің жаңа тұжырымдамасына бағытталғандығы – оқушылардың әртүрлі өнер түрлеріндегі көркемдік-шығармашылық әрекеттерін меңгеру, өнегелі, көркемдік-эстетикалық құндылықтарды ажырату, өнер туындылары мен мәдениет шығармаларының ерекшеліктерін бағалау біліктілігін қалыптастырады. Тұлғаның өзін-өзі білімдендіру, өзін-өзі айқындау, күнделікті өмірдегі кездейсоқ жағдайда жол табу қабілеттіліктерінің дамуын қалыптастыратын көркемдік-эстетикалық әрекеттерді дамыту бағытын ұстанады.

Бастауыш мектептің төменгі сынып оқушысында көркемдік әрекеттердің бір түрі екінші түрінен ажырамастай, тұтас қабылданады, себебі бала ойын түрінде өнер түрлеріндегі бейнелеу, безендіру, құрастыру әрекеттерімен жүйелі түрде айналысады.

Бағдарлама пән бойынша базалық білім мазмұнын сипаттаудан, сыныптар бойынша жіктелген оқу жүктемесінен, бастауыш білім беру деңгейіндегі оқушылардың дайындық деңгейіне оқу үрдісінің межелік кезеңінде (4 сынып) қойылатын талаптардан тұрады.



Сабақ түрлеріне қарай уақытты бөлу төмендегідей қарастырылады және мұғалімнің қойылған міндеттерді шешудегі шығармашылық шешімін шектемейді.

«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу материалының тақырыптық бөлінуі

Бастауыш білім беру деңгейі

( Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)



Оқу материалы




1сынып

Кесіндеме

12

Графика

6

Сәндік қолданбалы өнер

12

Мүсін өнері

4

Сәулет өнері

-

Барлығы

34

1 сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына – 34 сағат;

Бағдарлама өзара бір-бірімен байланысты екі бөлімді зерделеуді ескереді: біріншіден, отандық және шетел өнер шеберлерінің (әр түрлі техникада орындалған) бейнелеу өнері; екіншіден, өзіндік көркем шығармашылық іс-әрекеттер.



Оқу бағдарламасында:

  • бейнелеу өнері түрлері: графика, кескіндеме, мүсін, сәндік қол өнер, сәулет өнері.

  • әр түрлі жанрлар: портрет, табиғат, натюрморт, тарихи, анималистік; бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдары: сурет, түс, композиция, перспектива;

  • бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдары: сурет, түс, жарық, композиция, перспектива және т.б. қарастырылған.

Типтік оқу жоспарында бағдарламаның өзегі ретінде оқушының ата-анасының белсенді қатысуымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны мектеп қабырғасында, мектептен тыс іске асыруға септігін тигізетін практикалық жұмыстар, сұхбат, саяхат, көрмелік есеп беру, пленэр (фр. сөзінен en plein air «ашық ауада» деген мағынаны береді) және т.б. мәдени іс-шаралар қолданылады.

ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

«Бейнелеу өнері» оқу пәні жайлы ұғым. Көркемдік сауаттылық негіздері. Бейнелеу, сәндеу және құрылымдық формадағы іс-әрекеттер жайлы ұғым негіздері. Бейнелеу өнері түрлерінің негіздерімен, суретшілер мен халық шеберлерінің шығарма туындыларымен таныстыру. Адам өміріндегі пластикалық өнер түрлерінің алатын орны жайлы түсініктер негізі.

Көркемдік мәнерлеу құралдары (жарық пен көлеңке, түс, тон, көлем, пропорция, кеңістік, ырғақ, силуэт, фактура, контур, дақ, сызық, штрих, симметрия, симметрия, контраст, нюанс, тепе-теңдік) бейнелеу, безендіру, сәндеу, құрылымдау өнеріндегі композициялық шешім ретінде.

Қазақстаннның алдыңғы қатарлы көркемдік мұражайлары (Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы, Қазақстан республикасының президенттік мәдениет орталығы, Мемлекеттік Третьяков галереясы, Орыс мұражайы, Эрмитаж, Пушкин атындағы бейнелеу өнері мұражайы, Лувр, Дрезден, Прадо галереясы және т.б.)

Кескіндеме.

Жанрлар: табиғат, натюрморт, портрет, анималистік, тұрмыстық және тарихи жанрлар. Көркемдік материалдар: акварель, гуашь, майлы бояулы борлар, түсті қарындаштар, гель массасымен толтырылған қаламсаптар және т.б.



Графика. Графика бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде. Сурет және бейнені баспа графикалаудың әртүрлі түрлері (сурет, акварель, гравюра, литография, монотипия, аппликация және т.б.). Тушьпен және қаламмен салынған суреттер. Натураға қарап сурет салу. Қоршаған орта құбылыстарын салу. Еске түсіре отырып сурет салу. Графика өнері жайлы әңгіме сабақ. Графикалық суреттер салуға қажетті көркемдік материалдар. «Графика» курсы әр түрлі формадағы бұйымдар мен қоршаған орта құбылыстарын натураға қарап, еске түсіре отырып және көз алдына елестету арқылы сурет салуға бағыттайды; бейнелеу өнері жайлы әңгіме, пікір алысулар мен көркем шығарма туындыларын талдау.

Әр түрлі көркем графикалық материалдармен таныстыру. Олармен жұмыс жасау техникасы. Графикаға қатысты көркемдік мәнерлеу құралдары (сызық, нүкте, өң, штрих және т.б.).

Түстану. Негізгі, қосымша және аралас түстер. Реңк түрлері. Колорит. Өң (тон). Перспектива. Жарық пен көлеңке. Сызықтық бейнелеу. Композицияның негізгі заңцары.

Кескіндеме бойынша жұмысты жоспарлауда мұғалім көркем білімнің негізін құрайтын басты үш құрушының үйлесімділігіне көңіл бөлгені лазым: бейнелеу өнері шығармалары мен нақты объектілерді эмоционалды-эстетикалық қабылдау; кескіндеме сауаты теориясы бойынша білімді меңгеру; реалистік кескіндеме саласындағы көркем практикалық әрекеттер (білім, білік, дағдылар).

Оқу бағдарламасында табиғат аясына шығып сурет салу (пленэр), табиғат бояуларының өзгеруіне көңіл бөлу, әр түрлі көркем материалдарды техникалық орындау тәсілдерін меңгеру қарастырылады.

Бейнелеу өнерінде композиция ерекше орын алады. Композиция зандылықтарымен танысу және оларды қолдану бейнелеу өнерінің барлық түрінде болуы тиіс.

Сәндік қолданбалы өнер

Халықтық сәндік қолданбалы өнер. Ою-өрнектер. Киім-кешек. Сәндік натюрморт, сәндік суреттер. Дизайн. Материалдар: гуашь, түрлі-түсті қағаздар, мата, тері, ағашқа өрнектер салу және т.б. Майда пластика. Рельеф. Барельеф. Материалдар: мата қалдықтары, түрлі түсті пластик (косметикалық және с.с. босаған ыдыстар, қорапшалар) ермексаз, сазбалшық және т.б.

Оқушының тұлға ретіңде дамып, ұлттық рухта кемелденуі үшін дәстүрлі халық өнері негізімен, оның бай мұраларымен, құндылығымен таныстыру. Сәулет өнері.

Сәулет өнерінің түрлері, материалдары, бейнелеу-мәнерлеу құралдары. Әлемдік сәулет ескерткіштері. Қазақстан сәулет өнері ескерткіштері. Қазіргі заман сәулет өнері.

Суретші мамандығы

Отандық және шетел суретшілерінің шығармалары. Дизайн. Көркем онер туындыларының мұражайларына, кормелеріне бару, суретшілермен кездесулер, оқушылар жұмысының байқауын өткізу, белгілі қазақстандық және шетелдік суретшілер мен халықтық өнер шеберлерінің шығармашылық мұраларына арналған викторина, кештер ұйымдастыру.

Қазақстанның тарихи-мәдени мұралары. Тарихта ізі қалған көне ескерткіштер: археологиялық қазба жұмыстарынан табылған заттар. Монументалды өнер және сәулет өнері. Мәдени құндылықтар: өнегелі және эстетикалық мұраттар, мінез-құлық нормалары мен үлгілері. Өнегелі құндылықтар.

Табиғат аясында сурет салу (пленэр). Әртүрлі көркемдік материалдармен орындау техникасы.

Композиция, композициялық шешімнің бейнелеу өнерінде алатын орны. Композиция заңдылықтарымен танысу. Бейнелеу өнерінің әртүрлі түрінде кмпозициялық шешімді қолдану тәсілдері.

1сынып (аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат)

«Бейнелеу өнері» пәні туралы ұғым. Қоршаған орта, табиғат құбылыстары жөне қоғам оқиғаларын эстетикалық-эмоционалды жағынан әсерлі қабылдау. Бейнелеу өнерінің негізгі түрлерімен, суретшілер мен халық шеберлерінің өнер шығармаларымен танысу.



Кескіндеме (12 сағат)

Түстану (4 сагат). Негізгі түстер. Қосымша түстер. Аралас түстерді өз бетімен құрастыру. Колорит. Горизонт сызығы. Натураға қарап, есте сақтау және көз алдына елестету бойынша кескіндемелік бейнелеу. Тақырыптық кескіндеме. Кескіндеме жайлы әңгіме-сабақ.

Көркемдеуші материалдар гуашь (4 сагат). Ылғал қағаз бетіңде сурет салудың орыңдалу техникасы. «Менің кішкентай мысығым» және т.б. тақырыптар. Лиссеровка техникасымен сурет салу. «Күзгі жапырақтар» және т.б. тақырыптар. Композициялық орталықпен таныс болу. «Колорит» тақырыбын қайталау.

Көркемдеуші материал темпера немесе майлы бояу (4 сагат). Кескіндеме (пастозды) орындалу техникасымен таныстыру. Композициялық орталық. Табиғат жанрымен танысу. Колорит.

Көкжиек сызығы. Тәуліктің әр түрлі уақтысындағы табиғат көрінісін бейнелеу. («Қысқы таң, «Күн батарда» және т.б. тақырыптары.). Суретші-кескіндемешілер Қ.Телжанов, Қ. Қожықов, Ә. Қастеев және т.б. шығармаларымен танысу.



Графика (6 сағат)

Графикалық көркем материалдармен танысу (түрлі түсті қарындаштар, гель сиялы қаламсаптар, фломастерлер).

Көркемдеуші материалдар - турлі-тусті қарындаштар (2 сагат). Тушьпен жұмыс жасау тәсілі. Көкжиек сызығы. Қозғалыс қалпы. Композициядағы басты нәрсе. Түстерді жағу. Аспан түсті фонға сюжет элементтерін орналастыру. («Ауа шарымен саяхат жасау» және т.б. тақырыптар).

Көркемдеуші материалдар - пастель майлы борлары (2 сагат) бейнелеу-мәнерлеу ортасын туштау тәсілімен (тушевка) орындау. Аралас түстерді алу. Композициялық орта-лық. Колорит. Типизациялау заңдары. Қыс тақырыбына («Ақ қала орнатамыз» және т.б. тақырыптар) композициялар.

Көркемдеуші материалдар – гелъ, сиялы немесе қара пасталы қаламсап (1 сагат). Бейнелеу-мәнерлеу ортасының орындалуы: сызық, дақ. Композициялық орталық. Типтік жобаға келтіру. Табиғат жанрындағы композиция. Әр түрлі тұқымды ағаштар фактурасы. Композициядағы басты кейіпкерлерді ағаштар жанында немесе т.б. көріністерде көрсету. («Ағаш бұтағында қонып отырған құс» және т.б. тақырыптар).

Көркемдеуші материалы - фломастер (1 сагат). Сызықтық суретті орындау техникасы. Портрет жанрымен танысу. Композициялық орталық. Типтік жобаға келтіру. Кейіпкер көңіл-күйін жеткізу тәсілдері. («Жайдары адам» және т.б. тақырыптар). Суретші кескіндемеші шығармаларымен (Е.Сидоркин және т.б.) танысу.

Сәндік қолданбалы өнер (12 сағат)

Ұлттық қол өнер шеберлері, олардың шығармалары. Ою-өрнектер, олардың түрлері. Сәндік сурет, табиғат көрінісі, майда қағаз пластикасы.

Түрлі-түсті қарындаштар – көркемдеуші материалдар (3 сағат). Бейнелеу-мәнерлеу ортасы - туштау тәсілі. Стилизациялау. Стиль. Мотив. Өрнек композициясы. Пішін мен түс гаммасы. Ритм. Сызықтық симметрия. Өрнектер, оны пайдалану. Өрнектер түрі. Геометриялық өрнектер. Ұлттық өрнектер. Әр түрлі халықтардың ұлттық киім-кешектері. Қазақ халқының ұлттық киімдері.

Көркемдеуші материалдар түрлі-түсті қағаздар. Техникалық өрнектер (3 сағат). Орындау техникасы - аппликация. Пішіндерді өзгерту. Мотив. Композициялық орталық. Түс пен пішіннің үйлесімділігі. Стиль. Жеміс-жидекгерді, гүлдердің әр түрлі түрін көрсететін композиция. («Күз тартуы» және т.б.тақырыптар). Стильдік жобаға келтіру. Ассоциация. Бейне. Мерекелік киімдер. Дизайн. Конфет қағаздарының эскизін жасау, аттарын тандау.

Көркемдеуші материалдар - гуашь, жуан, жіңішке қылқалам, паралон және т.б. (2 сагат). Орындалу техникасы-пастозды кескіндеме. Техникалық өрнектермен танысу. Түсті қағаздар дайындау. Фактура. Бояуларды араластыру. Колер. Материалмен тәжірибе жүргізу, оның ерекшеліктерін анықтау (Әр түрлі фактураларды: ағаш, үлпілдек, су, аспан, құрылыс материалдары, асфальт және т.б.). Пішін мен түстің үйлесімділігі. Стиль. Симметрия. Оттиск жасаудың қарапайым тәсілімен симметрия осі арқылы бейнені екінші таза бетке түсіру (хеппинг). Көбелектердің түрлі түсті бай бояуларын, инеліктің мөлдір түсті нәзік қанаттарын бейнелеу («Сиқырлы көбелек», «Жұмақ құсы» және т.б. тақырыптар).

Көркемдеуші материалдары - оқушылардың өздері дайындаган турлі-тусті қағаздар (2 сагат). Орындау техникасы - аппликация. Сәндік композиция. Заттық әлем мен табиғат мотивтері және оған деген көркем-эстетикалық қаты-нас. Фантазия. Типтік жобаға келтіру заңдылықтары. Композициялық орталықты ажырату. Колорит. Сәңдік сурет ретіңде орын-даған табиғат көрінісі. (Үлкен қалалардың мазмұнды бейнесін ашу. «Сиқырлы қала», «Шырынды жақсы көретіндер қалашық»).

Көркемдеуші материалдары - ватман қагазы немесе тусті барқыт қагаз (2 сагат).

Орындау техникасы - қағаз пластикасы. Құрастыру. Дизайн. Бұйым эскизі. Орау. Мерекелік ойыншықтар жасау. Халық шеберлерінің және кәсіби маман шеберлердің жұмыстарымен танысу.



Мүсіндеу (4 сағат)

Мүсін өнері жайлы мағлұматтар. Мүсіндеудің дәстүрлі тәсілдерімен танысу. Сазбалшықпен жұмыс. Жеке бөлшектерді біріктіру тәсілдері. Жұмыр және рельефті мүсін түрлерімен (майда пластика) танысу.



Көркемдеуші материалдары (2 сагат). Рельеф. Плинт. Өрнектер. Қазақтың ұлттық ою-өрнегіндегі рельефті өрнекті композиция элементтерін орыңдау. Жұмыр мүсін (майда пластика). Қиял. Топтық шығармашылық жұмыс. Қиял ғажайып ертегі, аңыздағы және хайуанаттар паркіндегі әр түрлі жануарлар мен құстар бейнесі.

Көркемдеуші материалдары - сазбалшық, немесе ермексаз (2 сагат). Іші қуыс майда пластикалар - иірілген немесе есілген жіпшелерді немесе сазбалшықтан жасалған пластинкаларды орындау техникасы. Стилизациялау. Форма жарасымдылығы. Дизайн. Қазақ киіз үйінің макетін жасау. Суретші-мүсіншілер шығармаларымен танысу. Е.Мергенов, Б.Төлекеев жөне т.б.

Бейнелеу өнері



Барлығы 34 сағат

Аптасына 1 сағат

Кескіндеме 12 сағат

Тарау стандарты

Оқушы білуі тиіс

Оқушы қолдана алуы тиіс

  • негізгі түстер.;

  • қосымша түстер;

-ылғал қағаз бетінде сурет салу техникасы, а ля прима

-орындау техникасының бейнелеу, мәнерлеу құралдары - сызық, штрих, дақ.



- аралас түстерді өз бетімен құрастыру.

- ассоциативті ойлауға композиция құрастыру;

-колорит; көкжиек сызығы;

- композициялық орталық.

-типтік жобаға келтіру; фактура;

- үй жануарларын бейнелейтін көп фигуралы композиция құрастыру



Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет