Мектепалды сыныптарының журналын жүргізуге арналған
НҰСҚАУ
1. Мектепалды сыныптарының журналы мектепалды сыныптары бар барлық мектептерде жүргізіледі.
2. Мектеп директоры және оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары мектепалды сыныптары журналының сақталуын қамтамасыз етуді және олардың дұрыс жүргізілуіне жүйелі түрде бақылау жасауға міндетті.
3. Мектепалды сыныптарының журналы бір оқу жылына есептелген. Мектепалды сыныптарының әрбір тәрбиешісі аталған журналға тиісті жазбалар жүргізуге міндетті.
Тәрбиеші журналдың ашылған бетінің сол жағына сабақтың өткізілген күнін жазуға, қатыспағандарды «ж» әрпімен белгілеуге міндетті.
Тәрбиеші журналдың ашылған бетінің оң жағына өтілген сабақтың тақырыбын жазуға міндетті.
Журналда инвариативтік бөлікке кіретін пәндермен бірге вариативтік бөліктің пәндері де жазылған.
4. Мектепалды сынып журналына топқа жазылу тек қана мектеп директорының бұйрығымен ресімделген тәрбиеленушілердің тектерін енгізуге рұқсат етіледі. Егер тәрбиеленуші мектепалды сыныбына баруды тоқтатса және оның шығарылуы мектеп директорының бұйрығымен ресімделсе, «Шығарылған күні» бағанына оның сыныптан шығарылған күні мен айы жазылуы тиіс. Егер тәрбиеленуші сыныпқа жыл ортасында келсе, оның тегі тізімнің соңына енгізіледі.
5. Мектепалды сыныбының тәрбиешісі тәрбиеленушілердің тегін журналға алфавит тәртібімен жазады, «Тәрбиеленушілер туралы жалпы мағлұматтарды» толтырады, «Тәрбиеленушілердің сабаққа қатысуын есепке алу» тарауына тоқсан және жыл бойғы әрбір тәрбиеленушілер мен сыныптың қатыспаған күндері мен сабақтарының санын ай сайын жазып отырады.
6. «Сынып журналын жүргізу бойынша ескертулер» бетін мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары немесе мектеп директоры толтырады.
7. Мектепалды сыныбының журналындағы барлық жазбалар анық, мұқият сиямен немесе пастамен (мектеп әкімшілігінің шешіміне сәйкес) толтырылуы тиіс.