Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы



бет3/26
Дата05.06.2017
өлшемі2,81 Mb.
#17960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26



       8. Жастардың әлеуметтік құқықтары мен мемлекеттік кепілдіктерін толық іске асыру қамтамасыз етілмеген



      Жастар халықтың 1/3 бөлігін құрайды. Жастар жұмыссыздығы жұмыссыздықтың жалпы деңгейінен 2,1%-ға жоғары. Жастар арасындағы қылмыс, нашақорлық деңгейі ел бойынша орташа деңгейден 3,3 есеге жоғары. Жұмыспен қамтылған жастардың 21,5%-ның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен. Жастардың 41,5%-ы орташа номиналды табыстың деңгейінен айлық орташа табысы төмен.


      Жастар ұйымдары санының өсуі жалғасуда. 2005 жылмен салыстырғанда олардың саны 727 ұйымға жетті, жастардың жалпы саны 1 млн. 26 мың 100 адам.


      727 тіркелген жастар ұйымдарының 210-ы (29%) ғана тұрақты негізде қызмет етеді. Жастар ұйымдарының қызметіне 5,4 % қатысушы араласса, 23 % әлеуметтік ұйымдастырушы уақытша тартылады және 71% жастар ұйымдарының еріктілері болып табылады. Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына миллионнан артық жас адамдардың қатысуы олардың үлкен әлеуетін куәландырады.


      2006 жылдан бастап социологиялық зерттеу шеңберінде жастардың патриотизмнің деңгейін есептеу жүргізілуде. Зерттеудің нәтижесі бойынша патриотизм деңгейі 2007 жылы 15,8%-ға өсіп, 69,2%-ды құрады.


      Тиісінше, өздерін Қазақстанның патриоттары емес деп санайтын жастардың деңгейі төмендеуде (30,8 %). Бұл көрсеткішке әсер ететін негізгі фактор жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелерімен айналысатын жастар ұйымдары санының өсуі болып табылады.


      Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында тігінен басқару бұзылған. Орталық деңгейде жастар саясатының дамуын қалыптастырумен және іске асырумен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті деңгейде Министрліктің құрылымдық бөлімдері болып табылмайтын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі саясат департаменттері айналысады, бұл өңірлік деңгейде жастар саясатының іске асырылуын тиімді үйлестіруге мүмкіндік бермейді. Жастар саясатын іске асыруды кадрлық, ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету жеткіліксіз. Халықаралық жастар алмасуы дамымаған.




       9. Білім беру жүйесін басқарудың жетілмегендігі мен қаржыландырудың жетілмегендігі



      Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының сақталуына бірыңғай бақылаудың болмауы өңірлер бойынша білім сапасын айтарлықтай дифференциациялау алғышарттарын жасайды. Ол мемлекеттің интеллектуалды әлеуетін төмендетеді және елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді ("Ұлттық қауіпсіздік туралы" ҚР Заңының 5-бабы).


      Басқарудың тепе-теңсіздігі білім беруге қолжетімділік бойынша айтарлықтай өңірлік саралауға әкеп соқтырады. Мысалы, мектепке дейінгі білім берумен қамту Алматы облысында 8,7 %-дан Қостанай облысында 84,3%-ды құрайды. Техникалық және кәсіптік білім беруде қамту коэффициенті өңірлер бойынша үш еседен артық ерекшеленеді: Жамбыл облысында 2,9%-дан Павлодарда 8,7%-ға дейін. 1 оқушыға жұмсалатын шығыс 2 есеге дерлік ерекшеленеді (2007 жылы ОҚО 45,5 мың теңгеден СҚО 88,6 мың теңгеге дейін). Бұл ретте шығыстардың көптігі білім сапасына кепілдік бермейді, оған ҰБТ нәтижелері мен 1 оқушыға кеткен шығынды салыстыру дәлел. Облыстардың рейтингтік баллы 42 көрсеткіш бойынша 2,5 есеге ерекшеленеді.


      Қоғамның әл-ауқатының өсуіне байланысты білім беру жүйесіне деген талаптары да өсуде. ЮНЕСКО-ның ұсынымдарына сәйкес орнықты даму үшін білім беруге жұмсалатын шығыстар ЖІӨ-нің 6-7 %-ын құрауы тиіс. Қазақстанның шығыстары ЖІӨ-нің 3,6 %-ынан аспайды.


      Қазақстандағы бір оқушыға жұмсалатын шығыстар Қытай, Түркия, Ресей сияқты 3-топтағы елдердің (ЖІӨ жан басына шаққанда 10 мың АҚШ долларынан кем елдер) орташа шығысынан да төмен.


      Екінші топтағы елдердегі - Испания, Корея, Чехия, Израиль (ЖІӨ жан басына шаққанда 10-нан 20 мың АҚШ долларына дейін елдер) және бірінші топтағы елдердегі - АҚШ, Жапония, Люксембург, Австралия (ЖІӨ жан басына шаққанда 20 мың АҚШ долларынан артық елдер) шығыстардағы неғұрлым едәуір айырма.


      Білім беру жүйесіндегі орташа жалақының 2006 жылғы қазандағы 25 мың теңгеден 2007 жылғы қаңтардағы 29 мың теңгеге дейін ұлғаюына қарамастан, ол сол кезеңде республика бойынша орташа жалақының 64%-ын құраған болатын. Ал 2007 жылғы қарашада ол республика бойынша орташа жалақыдан 60,5%-ға дейін төмендеді.


      Қазақстандық мұғалімнің жалақысының жан басына шаққандағы ЖІӨ-ге арақатынасы ЭҚДҰ елдеріндегіден едәуір төмен және Ресеймен салыстырғанда аз қалпында қалуда.


      Жүргізілген талдау мен анықталған проблемалардың негізінде Білім және ғылым министрлігі қызметінің мынадай бағыттарын белгіледі:






       3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық бағыттары:



      1. Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету


      2. Экономика мен әлеуметтік саланың базалық салаларын ғылыми және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету


      3. Балалар мен жастардың дамуына жағдай жасау, оларды елді әлеуметтік-экономикалық дамытуға тарту


      4. Білім және ғылым жүйесін басқару мен қаржыландырудың тиімділігін арттыру


      
Ескерту. 3-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.19 N 746, 2010.02.08 № 79 Қаулыларымен.




1-стратегиялық бағыт. Сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету

1-мақсат

Нысаналы индикатор

Мектепке дейінгі білімге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету

Білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен балаларды қамту 2008 ж. - 35,6%, 2009 ж. - 39,4%, 2010 ж. - 43,3%, 2011 ж.- 47,6%.

Білім беру ұйымдарында мектеп алды даярлықпен балаларды қамту 2008 ж. - 79%, 2009 ж. - 86,9%, 2010 ж. - 95,5%, 2011 ж. - 100%.


1-міндет

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісін арттыру


Көрсеткіштер

Жалпы санының пайдалануға берілген мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі 2008 ж.- 19,1%, 2009 ж. - 10,5%, 2010 ж. - 10,4%, 2011 ж. - 10,4%.


Нысаналы индикаторларға қол жеткізу елдерді ранжирлеу әдістемесін және ЖБИ қатысушы елдердің тұрақты құрамы сақтаған кезде "Бастауыш біліммен қамту" ЖБИ индикаторының жақсаруына алып келеді

2-мақсат

Нысаналы индикатор

Мектептегі білімге және оның сапасын арттыруға қол жетімділікті қамтамасыз ету

ҰБТ орташа баллын ұлғайту (2008 ж. - тест сұрақтарының жалпы санының 60%, 2009 ж. - 61%, 2010 ж. - 62%, 2011 ж. - 63%)

4-сыныптарда МАБ орташа баллын ұлғайту (2008 ж. - тест сұрақтарының жалпы санының 80,1%, 2009 ж. - 82%, 2010 ж. - 84%, 2011 ж. - 86%)


9-сыныптарда мемлекеттік аралық бақылаудың орташа баллын ұлғайту (2008 ж. - тест сұрақтарының жалпы санының 62,6%, 2009 ж. - 64%, 2010 ж. - 66%, 2011 ж. - 68%)


Орта білімнің сапасы бойынша Қазақстан Республикасындағы мектептердің халықаралық рейтингі (ТІМSS - 2007 ж., РISА - 2009 ж., РІRLS - 2011 ж.)


Мектептің жалпы санының үш ауысымда сабақ жүргізетін мектептердің үлесі


(2008 ж. - 1,1%, 2009 ж. - 0,7%, 2010 ж. - 0,5%, 2011 ж. - 0%)


Оқушы орнының тапшылығы азаяды


(2008 ж. - 120 186, 2009 ж. - 78629, 2010 ж. - 74324, 2011 ж. - 70000)


Мектептердің жалпы санынан жөнделгендерінің үлесі (2009 ж. - 12 %)


1-міндет

Мектеп желілерін дамыту


Көрсеткіштер

Мектептердің жалпы санының авариялық мектептердің үлесі (2008 ж. - 2,6%, 2009 ж. - 2,5%, 2010 ж. - 2,4%, 2011 ж. - 2,3%)


Мектептердің жалпы санының көркейтілмеген мектептердің үлесі (2008 ж. - 51,5%, 2009 ж. - 50%, 2010 ж. - 48%, 2011 ж. - 47,5%)


Мектептердің жалпы санының дарынды балаларға арналған мектептер үлесі (2008 ж. - 1,5%, 2009 ж. - 1,7%, 2010 ж. - 1,95%, 2011 ж. - 2,2%).


2-міндет

Мектептерді лингафондық, мультимедиялық (ЛМК) және пәндік кабинеттермен және Интернетпен жабдықтау


Көрсеткіштер

Қамтамасыз етілген жалпы мектептер санынан:


ЛМК, физика, химия және биология кабинеттері (2008 ж. - 62%, 2009 ж. - 72%, 2010 ж. - 82%, 2011 ж. - 92%);


деректер берудің кепілдік берілген жылдамдығымен қажетті желілік ресурстар (Интернет, интерактивті оқыту, телевидение және тағы басқа) (2009 ж. - 38%, 2010 ж. - 52 %, 2011 ж. - 65%)


Интерактивті оқытуды пайдаланатын білім беру ұйымдарының саны (2008 ж. - 1000, 2009 ж. - 1721, 2010 ж. - 2721, 2011 ж. - 3318) 2009 жылдан бастап оқу телевидениесін құру.


3-міндет

Тендерлік аспектілерді ескере отырып, білім берудегі жалпы әлемдік үдерістерді ескере отырып, білім беру жүйесін әдіснамалық қамтамасыз ету


Көрсеткіштер

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орта білім бағдарламаларының, типтік оқу жоспарларының жаңартылған үлесі (2008 ж.- 30 %, 2009 ж. - 62 %, 2010 ж. - 35 %, 2011 ж. - 38 %)


4-міндет

Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру


Көрсеткіштер

Педагогтардың жалпы санының 12 жылдық білім беру технологиясы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткен педагог кадрлардың үлесі (2008 ж. - 50%, 2009 ж. - 70%, 2010 ж - 80%, 2011 ж. - 100%)


Педагогтардың жалпы санының бейіндік оқыту бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагог кадрлардың үлесі (2008 ж. - 5%, 2009 ж. - 10%, 2010 ж. - 15%, 2011 ж. - 30%)


5-міндет

Салауатты өмір салтына, оқушылардың денсаулығын нығайтуға, денсаулық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету


Көрсеткіштер

Спорт залдары бар мектептердің үлесі (2008 ж. - 71,8%, 2009 ж. - 72,3%, 2010 ж. - 73,3%, 2011 ж. - 74,3%)


Жалпы оқушылар санынан спорт секциялары және балалар-жасөспірімдер мектептерімен оқушыларды қамту (2008 ж. - 19,6%, 2009 ж. - 20,0%, 2010 ж. - 25,0%, 2011 ж. - 30,0%)


6-міндет

Қосымша білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету


Көрсеткіштер

Жалпы оқушылар санынан қосымша біліммен қамтылған балалар үлесі (2008 ж. - 21,9%, 2009 ж. - 22,4%, 2010 ж. - 22,8%, 2011 ж. - 23,8%)


7-міндет

Даму мүмкіндіктері шектелген балалардың білім алуға қол жетімдігін қамтамасыз ету


Көрсеткіштер

Түзету ұйымдарында, арнайы балабақшалар топтарында және жалпы білім беретін мектептердің арнайы сыныптарында қамтылған анықталған балалар үлесі (2008 ж. - 27%, 2009 ж. - 30%, 2010 ж. - 35%, 2011 ж.- 40%)


Мектеп жасындағы балаларға арналған арнайы түзету білім ұйымдарын қажеттілігіне қарай арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету үлесі (2008 ж. - 30%, 2009 ж. - 35%, 2010 ж. - 40%, 2011 ж. - 45%)


8-міндет

Сырттай бағалау жүйесін дамыту


Көрсеткіштер

ҰБТ-ға қатысушы мектеп бітірушілердің жалпы саннан үлесі (2008 ж. - 79,8%, 2009 ж. - 83,5%, 2010 ж. - 84%, 2011 ж. - 84,5%)


Мектепті "Алтын белгі" белгісімен аяқтаған бітірген үміткерлердің жалпы санының үлесі (2008 ж. - 35,8 %, 2009 ж. - 38%, 2010 ж.- 38,5 %, 2011 ж. - 39%)


ҚАЗТЕСТ-ке қатысушылардың саны (2008 ж. - 1000, 2009 ж. - 3000, 2010 ж. - 5000, 2011 ж. - 7000)


Дамытатын тест тапсырмаларының үлесі (2009 ж. - 20%, 2010 ж. - 25%, 2011 ж. - 25%)


Білім берудің жағдайы және дамуы туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама


Нысаналы индикаторға жету елдерді ранжирлеу әдістемесін және ЖБИ қатысушы елдердің тұрақты құрамын сақтаған кезде ЖБИ "Бастауыш білім беру сапасы", "Оқу жүйесінің сапасы", " Математикалық және ғылыми білімнің сапасы", "Мектептерде Интернетке кол жетімділік" индикаторларының жақсаруына ықпал ететін болады.

3-мақсат

Экономика салаларының білікті әрі бәсекеге қабілетті техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарына қажеттілігін қанағаттандыру


Мақсатты индикатор:

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы білім алушылардың саны 2011 жылға қарай 24%-ға артады (2008 ж. - 6%, 2009 ж. - 6%, 2010 ж. - 6%, 2011 ж. - 6%)


Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын бітірушілердің 1-ші аяқтаған жылы алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандардың үлесі (2008 ж. - 70%, 2009 ж. - 75%, 2010 ж. - 80%, 2011 ж. - 85%)


Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын бітірушілердің колледждерді (2008 ж. - 15%, 2009 ж. - 20%, 2010 ж. - 25%, 2011 ж. - 30%), кәсіптік лицейлерді (2008 ж. - 96%, 2009 ж. - 97%, 2010 ж. - 97,5%, 2011 ж. — 98%) бітірушілер санынан үлесі


1-міндет

Техникалық және кәсіптік білім беруге қолжетімділікті ұлғайту


Көрсеткіштер

Кәсіптік лицейлерде, колледждерде және техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау мен қайта даярлаудың өңіраралық орталықтарында енгізілген оқушы орындарының олардың жалпы санынан үлесі (2008 жылы - 16%, 2009 жылы - 45,7%, 2010 жылы - 34,3%, 2011 жылы - 66,2%)


Мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданған оқушылардың колледждерде (2008 ж. - 17,5%, 2009 ж. - 28,8 %, 2010 ж. - 26,6 %, 2011 ж. - 30%), кәсіптік лицейлерде (2008 ж. - 95,7%, 2009 ж. - 100 %, 2010 ж. - 100%, 2011 ж. - 100%) оқитын барлық білім алушылар санынан үлесі


2-міндет

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттыру


Көрсеткіштер

Жұмыс берушілердің пікірлері ескеріліп жетілдірілген МЖБС халықаралық стандарттарға сәйкес стандарттардың жалпы санының үлесі (2008 ж. - 13,5%, 2009 ж. - 27%, 2010 ж. - 42%, 2011 ж. - 55%)


Арнайы пәндер бойынша типтік Оқу бағдарламаларының, кіріктірілген оқу бағдарламаларының типтік оқу бағдарламаларының жалпы санының үлесі (2009 ж. - 50%, 2010 ж. - 63%, 2011 ж. - 88%)


Интерактивті құралдармен жабдықталған оқу орындарының жалпы оқу орындар санынан үлесі (2008 ж. - 13,9%, 2009 ж. - 25,1%, 2010 ж. - 35,7%, 2011 ж. - 43,5%)


СТБ-ға (Білім беру сапасын тәуелсіз бағалау) қатысушы бітірушілердің үлесі (2008 ж. - 3,8%, 2009 ж. - 4,1%, 2010 ж. - 4,2%, 2011 ж. - 4,5%)


3-міндет

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын білікті инженер-педагог кадрлармен қамтамасыз ету


Көрсеткіштер

Шетелден шақыртылған ағылшын тілінің, арнайы пәндер оқытушыларының үлесі (2009 ж. - 60 адам, 2010 ж. - 60 адам, 2011 ж. - 60 адам)


Біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудан өткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік-педагогикалық кадрларының үлесі (2008 ж. - 5,2%, 2009 ж. - 7,8%, 2010 ж. - 10,4%, 2011 ж. - 13%)


4-міндет

Мемлекеттік жеке меншік әріптестік жүйесінің дамуы


Көрсеткіштер

Техникалық және қызмет көрсетудің кадрлар даярлау саласында ынтымақтастық бойынша жасалған меморандумдар мен келісімдер саны (2008 ж. - 20, 2009 ж. - 25, 2010 ж. - 30, 2011 ж. - 35)


Білім алушылардың жалпы санының жұмыс берушілердің қаражаты есебінен білім алатын білім алушылардың үлесі (2008 ж. - 0,5%, 2009 ж. - 0,8%, 2010 ж. - 1,0%, 2011 ж. - 1,5%)


Нысаналы индикаторға жету елдерді ранжирлеу әдістемесін және ЖБИ қатысушы елдердің тұрақты құрамын, сұрау салынатын респонденттердің объективтілігін сақтаған кезде ЖБИ "Білім беру жүйесінің сапасы", "Орта білім беруді қамту", "Зерттеу және тренингтік қызметке жергілікті қол жетімділік", "Персоналдың тренингі" индикаторларының жақсаруына ықпал етеді

4-мақсат

Нысаналы индикаторы

Ішкі еңбек нарығының талаптарына жауап беретін жоғарғы білікті кәсіби және ғылыми мамандар даярлау

МАБ рұқсат етілген деңгейінен өткен студенттер үлесі (2008 ж. - 70%, 2009 ж. - 75%, 2010 ж. - 80%, 2011 ж. - 85%).

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін алғашқы жылы жұмысқа орналасқан бітірушілердің үлесі мемлекеттік тапсырыс бойынша даярланған барлық бітірушілердің жалпы санының 2011 жылы 70% құрайды.


Соңғы 3 жылда еңбек биржасында тіркелгендердің жалпы санының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бітірушілердің үлесі қысқарады.


1-міндет

Бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша көрсетілетін қызметтердің оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуін жақсарту


Көрсеткіштер

МЖМБС жалпы санына шаққандағы әлеуметтік серіктестердің қатысуымен әзірленетін МЖМБС-тың, кәсіби оқу бағдарламаларының, бакалавриат, магистратура, докторантура мамандықтарының бағдарламаларының үлесі (2008 ж - 31,9%, 2009 ж. - 29%, 2010 ж. - 34%, 2011 ж.- 42%)


2-міндет

Жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасының дамуы


Көрсеткіштер

Инженерлік бейіндегі зертханалары бар жоғары оқу орындарының саны (2009 ж.- 15, 2010 ж. - 5, 2011 ж. - 5)


3-міндет

Жоғары оқу орындарының кадр әлеуетін қайта даярлау және біліктілігін арттыру арқылы күшейту.


Көрсеткіштер

Елімізде мемлекеттік бюджет есебінен біліктілігін арттырған профессорлық оқытушылар құрамының (бұдан әрі - ПОҚ) үлесі жыл сайын ПОҚ-тың жалпы санының 6%-ын құрайды және шетелде 0,5%.


Жыл сайын әрбір ұлттық жоғары оқу орнына шақырылатын шетелдік оқытушылар мен консультанттардың үлесі 0,5% құрайды.


4-міндет

Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі шеңберінде білім беру қызметінің сапасын бақылау тетіктерін жасау


Көрсеткіштер

Аттестатталған және тексерістен өткен жоғары оқу орындарының жалпы санының үлесі (2008 ж. - 97%, 2009 ж. - 96%, 2010 ж. - 97%, 2011 ж. - 96%)


2009, 2010, 2011 ж.ж. 5 ұлттық ЖОО-да бюджет қаражаты 10 білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық аккредиттеуге қатысу рәсімі


Жоғары оқу орындарының бюджеттен тыс өз қаражаты есебінен халықаралық аккредиттеу агенттіктерінен аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының саны (2008 ж. - 2, 2009 ж. - 3, 2010 ж. - 5, 2011 ж. - 5)


Отандық аккредиттеу агенттіктерінде аккредиттелген жоғары оқу орындарының саны (2009 ж. - 5, 2010 ж. - 5, 2011 ж. - 5)


Ғылыми дәрежелері бекітілген ізденушілердің олардың жалпы санынан үлесі (2008 ж. - 99%, 2009 ж. - 98%, 2010 ж. - 98%)


Ғылыми атақтары бекітілген ізденушілердің олардың жалпы санынан үлесі (2008 ж. - 98%, 2009 ж. - 97%, 2010 ж. - 97%)


5-міндет

Жоғары білімді экспорттауды дамыту


Көрсеткіштер

Барлық студенттер санына шаққандағы шетелдік студенттер үлесі (2009 ж. - 1,6%, 2010 ж. - 1,7%, 2011 ж. - 2%)


6-міндет

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен қамтуды ұлғайту


Көрсеткіштер

Мемлекеттік тапсырыс негізінде бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға қабылданған студенттер санының артуы (2008 ж. — 26640, 2009 ж. - 27090, 2010 ж. - 27290, 2011 ж. - 27290)


РhD докторантураға мемлекеттік тапсырыс арқылы қабылдауды артуы (2008 ж. - 100, 2009 ж. - 200, 2010 ж. - 200, 2011 ж. - 200)


3000 қазақстандықтың жыл сайын "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде білім алуы


7-міндет

Мемлекеттік жеке меншік әріптестікті дамыту


Көрсеткіштер

Барлық студенттер санына шаққанда жұмысқа алушылардың, шетелдік инвесторлардың қаражаты есебінен, шартты негізде техникалық мамандықтарда оқитын студенттер санының үлесі (2009 ж. - 1%-ға, 2010 ж. - 3%-ға, 2011 ж. - 5%-ға) ұлғаяды.


Жұмысқа алушылармен өндіріс база практикасымен қамтамасыз етуге жасалған шарттар саны (2009 ж. - 10%-ға, 2010 ж. - 20%-ға, 2011 ж. - 30%-ға) ұлғаяды.


8-міндет

Ғылым мен білімнің интеграциясын жүзеге асыру


Көрсеткіштер

Инновациялық құрылымдар, ғылыми зертханалар, технопарктер, орталықтар құрылатын жоғары оку орындардың жалпы санының үлесі: (2008 ж. - 12,5%, 2009 ж. - 21,4%, 2010 ж. - 30%, 2011 ж. - 39%)


ПОҚ жалпы санының іргелі және қолданбалы бағдарламаларды қатысатын үлесі (2009 ж. - 10%, 2010 ж. - 15%, 2011 ж. - 20%)


Нысаналы индикаторға жету елдерді ранжирлеу әдістемесін және ЖБИ қатысушы елдердің тұрақты құрамын сақтаған кезде ЖБИ "Білім беру жүйесінің сапасы", "Жоғарғы білім беруді қамту", "Математикалық және ғылыми білімнің сапасы", "Мектептер менеджментінің сапасы", "Зерттеу және тренингтік қызметке жергілікті қол жетімділік", "Университеттердің өнеркәсіппен ғылыми ынтымақтастығы", "Персоналдың тренингі" индикаторларының жақсаруына ықпал етеді

2-стратегиялық бағыт. Экономика мен әлеуметтік саланың базалық салаларын ғылыми және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету

1-мақсат

Нысаналы индикатор

Елдің орнықты инновациялық дамуы үшін қажетті білім алуды, жинақтауды және білім беруді қамтамасыз ететін бәсекеге қабілеттілікке және ғылым жүйесін теңгеруге қол жеткізу

"Инновациялық даму" көрсеткіштері бойынша ЖБИ ұстанымын жақсарту (2009 ж. - 62 орын, 2010 ж. - 61 орын, 2011 ж. - 60 орын).

1-міндет

Қазіргі заманғы ғылыми инфрақұрылымды құру


Көрсеткіштер

Тиісті ғылыми GLP, GSР, СМР практикалар стандарттарын сақтау үшін халықаралық сарапшылар қатысатын сертификатталған жоғары оқу орындары мен ҒЗИ зертханаларының саны (2009 ж. - 3, 2010 ж. - 3, 2011 ж. - 2)


Құрылған консорциумдар саны (2009 ж. - 1, 2010 ж. — 1, 2011 ж. - 2)


2-міндет

Жоғары біліктілікті ғылыми және инженер кадрларды даярлау


Көрсеткіштер

Қазақстанның халықаралық басылымдарының жалпы әлемдік ағымдағы үлесі (2009 ж. - 0,025%, 2010 ж. - 0,027%, 2011 ж. - 0,03%)


3-міндет

Әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізу


Көрсеткіштер

Әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен бірлескен ғылыми зерттеулер саны (2009 ж. - 3%, 2010 ж. - 5%, 2011 ж. - 10%)


4-міндет

Шетелдік ғалымдарды тарту


Көрсеткіштер

Тартылған шетелдік ғалымдар мен сарапшылар саны (2009 ж. - 50, 2010 ж. - 55, 2011 ж. - 60).


5-міндет

Ғылыми зерттеулер сапасын арттыру


Көрсеткіштер

1000 ғалымға қолдау тапқан шетелдік және қазақстандық патенттер (патент алды) саны (2009 ж. - 2, 2010 ж. - 6, 2011 ж. - 8)


6-міндет

Көрнекті, сондай-ақ отандық ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан талантты жас ғалымдарды әлеуметтік қолдау; ғылыми-техникалық қызметін материалдық ынталандыру


Көрсеткіштер

Стипендиялар төлеу: академиктерге (2008 ж. - 49, 2009 ж. - 45, 2010 ж. - 49, 2011 ж. - 49)


Аса көрнекті ғалымдарға төленетін мемлекеттік стипендиялар саны (2009 ж. - 75, 2010 ж. - 75, 2011 ж. - 75), талантты жас ғалымдарға төленетін мемлекеттік стипендиялар саны (2009 ж. - 150, 2010 ж. - 150, 2011 ж. - 150)


7-міндет

Республика ғылыми жұртшылығының әлемдік және отандық ғылымның қазіргі жетістіктері туралы ақпаратқа деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін ғылыми-техникалық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету, оның жетістіктерін насихаттау


Көрсеткіштер

Кітапханалық қорды жаңа өзекті басылымдармен және әдебиеттермен толықтыру


Нысаналы индикаторға жету елдерді ранжирлеу әдістемесін және ЖБИ қатысушы елдердің тұрақты құрамын сақтаған кезде ЖБИ "Білімдарлардың елден кетуі", "Инновацияларға қабілеттілік", "Ғылыми-зерттеу институттарының сапасы", "Университеттердің өнеркәсіппен ғылыми ынтымақтастығы", "Ғалымдар мен инженерлерге қолжетімділік: "Патенттер" индикаторларының жақсаруына ықпал етеді

3-стратегиялық бағыт. Балалар мен жастарды дамытуға жағдай жасау, оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту

1-мақсат

Балалардың өмір сүру сапасын әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз ету


Нысаналы индикатор

Балалар үйлеріндегі жалпы балалар санының ішіндегі әлеуметтік жетімдер үлесін қысқарту 2011 жылға 3%-ды құрайды (2008 ж. - 16008, 2009 ж. - 16450, 2010 ж. - 15956, 2011 ж. - 15477)


1-міндет

Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және болдырмау


Көрсеткіштер

Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), ұл (қыз) асырап алуға беру арқылы балалар үйлерінде және интернаттық мекемелерде тәрбиеленетін жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың санын қысқарту (2008 ж. - 520, 2009 ж. - 510, 2010 ж. - 490, 2011 ж. - 470)


2-міндет

Жалпыға міндетті білімді және мектепте тамақтануды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру


Көрсеткіштер

Оқушылардың жалпы санының сапалы және теңгерімді ыстық тамақпен қамтылған мектеп оқушыларының үлесі (2008 ж. - 54,3 %, 2009 ж. - 58%, 2010 ж. - 60%, 2011 ж. - 62%)


Сапалы және теңгерімді ыстық тамақпен қамтамасыз етілген аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың жалпы санының, аз қамтылған отбасы балаларының үлесі (2008 ж. - 51%, 2009 ж. - 53 %, 2010 ж. - 55 %, 2011 ж. - 57 %)


Мектепке келмейтін балалардың санын (2008 ж. - 10%-ға, 2009 ж. - 20%-ға, ал 2010 ж. - 30%-ға, 2011 ж. - 40%-ға) азайту


3-міндет

Оқушыларды үйден мектепке және мектептен үйге жайлы және қауіпсіз тасып жеткізуді қамтамасыз ету


Көрсеткіштер

Көлікпен тасып жеткізуге мұқтаж оқушылардың жалпы санының үйден мектепке жайлы және қауіпсіз тасып жеткізумен қамтылған оқушылардың үлесі (2008 ж. - 51,5%, 2009 ж. - 54%, 2010 ж. - 57 %, 2011 ж. - 60%).


Мектептер сатып алған жаңа, өңірлік ерекшеліктерге арналған мектеп автобустарының саны (2008 ж. - 96 автобус, 2009 ж. - 126, 2010 ж. - 156, 2011 ж. - 186)


2-мақсат

Нысаналы индикатор

Жастардың әлеуметтік құқықтарын және мемлекеттік кепілдіктерін іске асыруды қамтамасыз ету

Жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар үлесі (2008 ж. - 20 %, 2009 ж. - 20 %, 2010 ж. - 32 %, 2011 ж. - 35%).

Мемлекеттік жастар саясатына жүзеге асыруға қатысатын республикалық жастар ұйымдарының үлесі (2008 ж. - 10 %, 2009 ж. - 12 %, 2010 ж. - 30 %, 2011 ж. - 35%).


Оқитын жастар арасында нашақорлық деңгейінің төмендеуі (2008 ж. - 2,3 %, 2009 ж. - 2,5 %, 2010 ж. - 2,7 %, 2011 ж. - 3 %).


Жастардың патриоттық деңгейі (социологиялық сұрау деректері бойынша) (2008 ж. - 68,2 %, 2009 ж. - 75 %, 2010 ж. - 80 %, 2011 ж. - 85 %)


1-міндет

Жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету


Көрсеткіштер

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызды жобаларды конкурстық негізде іске асыру (2008 ж. - 19, 2009 ж. - 19, 2010 ж.- 30, 2011 ж. - 35).


Жастар ұйымдарының дамуы және оған қолдау көрсету ресурстық орталықтар жүйесі (2008 ж. - 12, 2009 ж. - 12, 2010 ж. - 12, 2011 - 12).


Оқитын жастарды көгалдандыру қоғамдық жұмыстарына тарту (2008 ж. - 12000, 2009 ж. - 12000, 2010 ж. - 12000, 2011 ж. - 12000).


Жастарды, әлеуметтік қауіпті төмендету бойынша бос уақытта мәдени және алдын-алу шараларымен қамту (2008 ж. - 1200, 2009 ж. - 1200, 2010 ж. - 1200, 2011 ж. - 1 200).


Жастар саясаты мәселелері бойынша шетелдік тәжірибемен алмасу (2008 ж. - 75, 2009 ж. - 75, 2010 ж. - 75, 2011 ж. - 75)


2-міндет

Әлеуметтік-экономикалық саладағы жастардың қажеттіліктерінің қанағаттандыру деңгейін анықтау


Көрсеткіштер

Жастар саясаты бағдарламасын, патриоттық тәрбиені, ресурстық орталықтардың қызмет көрсету сапасын іске асыру тиімділігінің мониторингі (2008 ж. - 3, 2009 ж - 1, 2010 ж. - 3, 2011 ж. - 3).


Әлеуметтік-экономикалық салалардың түрлері бойынша жастардың қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейінің мониторингі (2009 ж - 1, 2010 ж. - 4, 2011 ж. - 4)


3-міндет

Азаматтарды патриоттық тәрбиелеу


Көрсеткіштер

Жастарды патриоттық іс-шаралармен қамту (2008 ж. - 560 адам, 2009 ж. - 560 адам, 2010 ж. - 560 адам, 2011 ж. - 560 адам).


Тәрбиелеу үрдісін жаңа оқу материалдарымен қамтамасыз ету (2008 ж. - 5, 2009 ж. - 5, 2010 ж. - 10, 2011 ж. - 10)


4-стратегиялық бағыт. Білім және ғылым жүйесін тиімді басқарудың және қаржыландырудың тиімділігін арттыру

1-мақсат

Нысаналы индикаторлар

Білім және ғылым жүйесін басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру

Қоғамдық бақылау жүйесімен (қамқоршылық кеңестер және басқалары) қамтылған білім беру ұйымдарының үлесі 2011 жылға дейін 100%-ды құрайды

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдерімен жасалған меморандумдар


Жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі


Білім беру ұйымдарының стратегиялық жоспарлары


1-міндет

Білім беру ұйымдары менеджментінің сапасын жақсарту


Көрсеткіштер

Аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары басшыларының үлесі (2008 ж. - 5,4 %, 2009 ж. - 20 %, 2010 ж. - 20 %, 2011 ж. - 20 %)


Тәуелсіз тестілеуден және аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің үлесі 2008 ж. - 5,4 %, 2009 ж. - 20 %, 2010 ж. - 20%, 2011 ж. - 20%)


2-міндет

Білім беру ұйымдары қызметінің демократиялық ұстанымдарын қамтамасыз ету


Көрсеткіштер

Қоғамдық бақылау жүйесімен қамтылған мектептердің үлесі (2008 ж. - 60 %, 2009 ж. - 80 %, 2010 ж. - 90 %, 2011 ж. - 100 %)


Қоғамдық бақылау жүйесімен қамтылған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы санының үлесі (2008 ж. - 25 %, 2009 ж. - 50 %, 2010 ж. - 75 %, 2011 ж. - 100 %)


Корпоративтік басқару ұстанымдарын енгізген жоғары оқу орындарының жалпы санының үлесі (2010 ж. - 12,5 %, 2011 ж. - 25 %)


Қаржы-шаруашылық қызметі жөніндегі аудит қорытындыларын жариялаушы жоғары оқу орындарының жалпы санының үлесі (2009 ж. - 10 %, 2010 ж. - 10 %, 2011 ж. - 10 %)


3-міндет

Білім мен ғылымды қаржыландыру жүйесін жетілдіру


Көрсеткіштер

2010 жылға орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін енгізу


4-міндет

Министрліктің әкімшілік ресурсын күшейту


Көрсеткіштер

Министрліктің біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлерінің саны (2008 ж. - 30 адам, 2009 ж. - 35 адам, 2010 ж. - 35 адам, 2011 ж. - 35 адам)


Министрліктің қазақ және ағылшын тілдері курстарынан өткен қызметкерлерінің саны (2008 ж. - 50/40, 2009 ж. - 45/50, 2010 ж. - 45/50, 2011 ж. - 45/50)


Нысаналы индикаторға жету ЖБИ "Білім беруге жұмсалатын шығыстар", "Басқару мектептерінің сапасы" индикаторларын жақсартуға ықпал етеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет