Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1207 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 1207 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы және пайымдауы
2. Ағымдағы жай-күйді талдау
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің стратегиялық бағыттары, даму мақсаттары және түйінді нысаналы индикаторлары
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің функционалдық мүмкіндіктері
5. Ықтимал қатерлер
6. Сектораралық өзара іс-қимыл
7. Қосымша: Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжаттары мен нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
8. Бюджеттік бағдарламалар
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы: бәсекеге қабілеттілікті және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру
Пайымдауы: жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, интеллектуалды ұлт
2. Ағымдағы жай-күйді талдау
Қазақстанда 5 жастан 24 жасқа дейінгі халықтың 85% білім беру бағдарламаларымен қамтылған. 4,5 млн. дерлік адам білім алуда. Білім және ғылым саласында 500 мыңға жуық оқытушы мен ғалым жұмыс істейді. Білім және ғылым жүйесімен республика халқының 30%-ға жуығы қамтылған. Республика халқының 99,5%-ы сауатты, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 177 елдің ішінен 14-орынды алады.
Қазақстан соңғы 12 жылда адамның даму индексінің (АДИ) орнықты артуы нәтижесінде 20-тұғырға алға басты және 73-орын алады, сөйтіп Беларусь пен Ресейден басқа, бүкіл ТМД елдерінің алдына шықты. Бұл ретте өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында АДИ төмендеуінің тек 11%-ы ғана білім беру деңгейінің темендеуімен байланысты болды (52%-ы күтілген өмірдің сүру ұзақтығының кемуіне және 37 %-ы ЖІӨ-нің төмендеуіне негізделді).
Барлық білім беру деңгейлері тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, білім беру жүйесінің жай-күйіне Қазақстанда жүріп жатқан демографиялық процестер өзінің елеулі әсерін тигізуде.
Қазақстан Республикасындағы туылу үрдісі
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Орын алған бала-бақшалар санының төмендеу үрдісіне 2000 жылы түбегейлі өзгеріс жасалды. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны жыл сайын өсуде. Соңғы жылдары республикамызда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер санының өсуі байқалуда. 2008 жылы 1 қазанда ол 2000 жылғы 133,2 мың балаға қарағанда 324,3 мың баланы құрап отыр.
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
2008 - 2009 оқу жылында жалпы саны 2515,5 мың оқушыны қамтыған 7620 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеді. Олардың ішінде 4301 мектеп — шағын кешенді мектептер (40 оқушыға дейінгі контингентті құрайтын бастауыш мектеп, 100 оқушыға дейінгі контингентті құрайтын негізгі мектеп және 280 оқушыға дейінгі контингентті құрайтын орта мектеп).
Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептер желісі мен контингенті
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарының артық желісі 2007-2008 жылдары 176-дан 144-ке дейін қысқарды.
Білім және ғылымды дамыту үшін мынадай стратегиялық құжаттар қабылданды:
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың 2007 — 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
2007-2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасы;
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 шілдедегі N 680 қаулысымен "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Парламенті қарауына енгізілді.
Білім беру құрылымы ЮНЕСКО-97 халықаралық стандарттық жіктеуішіне сәйкес келтірілді. 12 жылдық мектепті енгізу үшін жағдай жасалынып жатыр. Техникалық және кәсіптік білім беру қайта құрылды. Мамандарды даярлаудың үш деңгейі енгізілді: бакалавр - магистр - РҺ.D докторы.
Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі құрылды. Оған тәуелсіз сырттан бағалаудың бүкіл элементтері кіреді (лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі - МАБ), талапкерлерді кешенді тестілеу және басқалары).
2008 жылы алғаш рет 2 университеттік білім беру бағдарламасын халықаралық мамандандырылған аккредиттеу жүргізілді, ол оларды халықаралық білім қоғамдастығында танымал етеді.
Ғылымның дамуы 6 басым бағытқа шоғырланған: нанотехнологиялар мен жаңа материалдар; биотехнологиялар; көмірсутекті және тау-кен-металлургиялық секторларға арналған технологиялар және олармен байланысты сервистік салалар; ядролық технологиялар және жаңарған энергетика технологиялары; ақпараттық және ғарыштық технологиялар; ұлттық идея тұрақты дамудың негізі ретінде.
Елдің ірі өңірлік ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындары қатарында қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етілетін ғылым дамуының басымдықтарына сәйкес келетін сындық технологиялар бойынша ұжымдық пайдаланымдағы 5 ұлттық ғылыми зертхана мен инженерлік бейінді 15 университеттік зертхана құрылды.
Қазақстан құс тұмауына қарсы меншікті вакцинасы бар 13 елдің бірі болды. 2008 жылы республикада мемлекеттік тапсырыс бойынша құс тұмауына қарсы Н5N1 вакцинасын 7,5 млн. дозада шығару басталды.
Ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша 2008 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми ұйымдары 5 патент, 17 патенталдылыққа ие болды, қорғаныс құжатын алу үшін 61 өтініш берді, 19 монография, 1766 жарияланым, оның ішінде халықаралық басылымдарда 271 мақала жарияланып, 31 кітап шығарды.
Республикамыздың барлық өңірлерінде балалардың құқықтарын қорғау органдары жұмыс істейді. Балалар үйлеріндегі балалар санын азайту, қадағалаусыз және қорғансыз қалған балалардың пайызын төмендету, жасөспірімдер үйлерінің желісін кеңейту жолымен балалар үйлері түлектерінің тұрғын үй проблемаларын шешу үшін жағдай жасалған.
Жастар саясаты белсенді іске асырылуда. Жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруды қамтамасыз етуге танылған мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылының қажетті құқықтық негізі қаланды. Жыл сайын қоғамдық іс-шаралар мен патриоттық акциялардың, студенттік құрылыс жасақтарының және "Жасыл ел" жасақтары сарбаздарының, іске асырылған әлеуметтік маңызды жобалардың саны артуда. Қазақстан студенттерінің альянсы 50 мың адамды біріктіреді. Жастар ұйымдарының саны 700-ден асады, олардың қызметіне елдің 1,2 млн. астам жасы қатысады.
2007 жылдың 3 қыркүйегінде Мемлекет басшысының қатысуымен бірінші рет интерактивтік сабақ өткізілді. Интерактивтік сабақ арнайы кесте бойынша 1000 мектепте апта сайын өткізіледі. Мектептерді компьютерлендіру аяқталды. 1 компьютерге 21 оқушыдан, ауыл мектептерінде 1 компьютерге 20 оқушыдан келетін арақатынасқа қол жеткізілді. Мектептердің 96 %-ы Интернет желісіне қосылды. Мектептердің 96%-ы, ауыл мектептердің - 97%-ы телефон желісіне тартылды. Қазақстандық білім беру порталы (www. eduport. kz) тәжірибелік пайдалануға берілді.
Халықаралық олимпиадаларда Қазақстанның оқушылары жеңіп алған медальдардың саны жыл сайын өсуде. Тек 2008 жылдың өзінде 72 алтын, 80 күміс және 100 қола медаль жеңіп алынды.
Қазақстан әлемнің 43 елімен бірге математика және жаратылыстану бойынша 4-сынып оқушыларының білімін бағалау бойынша ТІМSS-2007 (Third International Mathematics and Science Study) халықаралық салыстырмалы зерттеудің қатысушысы болды. Зерттеуге 141 мектептен 3,99 мың оқушы қатысты. Қазақстандық оқушылардың нәтижелері орташа халықаралық баллдан жоғары.
Студенттердің академиялық ұтқырлығы өсуде. Республиканың жоғары оқу орындарында 7 мыңға жуық шетел азаматтары оқиды, шетелдерде 20 мыңнан астам қазақстандық оқиды. 3000-ға жуық "Болашақ" стипендиясының иегері әлемнің 27 елінде оқиды.
Білім және ғылым саласында 130-дан астам халықаралық шарт жасалды. 150-ден астам білім беру және ғылым ұйымдары шетелдік әріптестерімен тікелей байланыстар орнатуда.
Білімді сипаттайтын жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (бұдан әрі - ЖБИ) 11 құрамдас бөлігінің тек бір "Жоғары оқу орындарына қабылданған студенттер саны" индикаторы бойынша ғана біз 50 үздік ел қатарына кіріп отырмыз.
Қазақстанның білімінің және ғылымының бәсекеге қабілеттілігін тежейтін бірқатар жүйелік проблемалар бар:
1. Мектепке дейінгі білімге тең қол жеткізу қамтамасыз етілмеген
Республикада балаларды мектепке дейінгі ұйымдардың қамтуы орта есеппен 35,6%-ды құрайды. Бұл бізге жақын көршілерден (Ресей - 64,5%) гөрі едәуір төмен.
Сонымен қатар тиімді экономикасы бар мемлекет барлық балаларға кемінде үш жылдың ішінде тегін, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен білім береді. Нидерландыда, Италияда, Англияда, Францияда 4-5 жастағы балалардың 100 % жуығы, Швецияда, Португалияда, АҚШ-та, Германияда - 80 %-ға жуық бес жастағы балалар қамтылған. Мектепке дейінгі білімге салынған 1 доллар 7 доллардан астам кірісті құрайды. Бұл мектептегі білімге салынған кірістен 2 есе және кәсіби білімнен 4 есе артық.
1-ден 6 жасқа дейінгі 900 мыңнан астам бала ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған.
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің, мектепалды даярлықпен қамтудың төменгі көрсеткіштері "Бастауыш оқытумен қамту" ЖБИ-да байқалады (134-тен 85-орын).
2. Мектептегі білімнің инфрақұрылымы мен мазмұны мемлекет ұсынған бірдей сапалы білім беру қызметтерін және 12 жылдық мектепке көшуді қамтамасыз етпейді
"Бастауыш білімнің сапасы" (134-тен 68-орын), "Білім беру жүйесінің сапасы" (68-орын), "Математикалық және ғылыми білімнің сапасы" (80-орын) ЖБИ индикаторында білім беру ұйымдары желісінің жетіспеушілігі, олардың нашар материалдық базасы, жетілмеген білім беру мазмұны және тағы басқалар байқалады.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептер базасының материалдық-техникалық жай-күйі қазіргі заманның талаптарға әлі де жауап бере алмай отыр: жалпы саны 7620 мектептің 63,0 %-ы типтік ғимараттарда, 37,0 %-ы бейімделген, 202 мектеп авариялық жағдайда тұр. Мектептің 22,7 %-ы күрделі жөндеуді қажет етеді. Мектепің 86,0%-ы 1990 жылға дейін салынған. Мектептің 65,1 %-ы екі, ал 86-і үш ауысымда жұмыс істейді. Еліміздің өңірлерінде білім берудің бюджетін қалыптастыру кезінде мектептердің оқу-материалдық базасының мазмұны мен дамуына қажеттілігі іс жүзінде дұрыс есепке алынбайды, нәтижесінде авариялық жағдайда тұрған мектептердің саны азаймай отыр. Ауылдық мектептердің көпшілігі бейімделген ғимараттарда орналасқан. Республикамызда 2000 - 2007 жылдары бұл үлес өзгермей отыр және 2008 жылда ол мектептердің жалпы санының 37,0 %-ын құрап отыр.
Жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық жағдайы туралы мәліметтер
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
2008 жылы оқушы орындарының жетіспеушілігі - 120186 бірлікті құрады. Республика өңірлеріндегі 156,1 млрд. теңге сомаға 242 мектеп салу (және 2008 жылдың бюджетін нақтылағаннан кейін 8 мектеп) орын жетіспеушілігін кемітеді, бірақ проблеманы толығымен шешпейді.
Жаңа объектілер енгізуді ескере отырып, оқушы орнының тапшылығы
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың сапасын, оқушылар білімінің, шеберлігінің, дағдысының деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі — мектептерде пәндік кабинеттердің болуы болып табылады.
Республикадағы әрбір үшінші мектеп физика, химия, биология оқу кабинеттерімен, спорт залдарымен қамтамасыз етілмеген. Тек мектептердің 28%-ында ғана лингафондық және мультимедиялық кабинеттері бар. Мектеп жиһаздары 1970 - 1990 жылдары сатып алынған, моральдық және табиғи тұрғыдан ескірген және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейді. 2008 жылы мектептердің тиісті пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілуі облыстарда өзгеруде. 2007 жылы мектептердің оқу кабинеттермен орташа қамтамасыз етілуі олардың жалпы санының: физика - 55,1%-ын, химия - 44%-ын, биология - 37%-ын, ЛМК - 41,3%-ын құрап отыр.
Мектептердің жаңа үлгідегі оқу кабинеттерімен қамтамасыз етілуі
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
12 жылдық білім беру шеңберінде мектепке баратын алты жасар балалар үшін Қазақстан мектептерінде ойын және демалыс бөлмелерін жабдықтау, ыстық тамақпен қамтамасыз ету қажет.
Білім беруді қаржыландыру 10 жыл ішінде 7 есе ұлғайды.
Соңғы жылдары Қазақстанда оң үрдіс байқалуда - мемлекеттік бюджеттен білім беру жүйесін қаржыландырудың абсолюттік мәнде едәуір өсуі. Егер 2000 жылы бір оқушыға мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту шығындары 25,8 мың теңгені құраса, онда 2007 жылы - 72,8 мың теңге, ал орта білім алатын бір оқушыға шығын 18,8-ден 103,1 мың теңгеге дейін құрап отыр.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы, орта білім берудегі бір білім алушыға жұмсалатын шығын
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Бірақ қаржыландыру құрылымында жалақы 82 %-ды құрайды. Күрделі жөндеуге және негізгі құралдарды сатып алуға барлығы мектепке жұмсалған қаражаттан 3%-ды құрайды.
Әрбір бесінші мектептің асханасы мен буфеті жоқ. Нәтижесінде жарты миллионнан астам оқушы оқу үрдісі кезінде тамақтану мүмкіндігіне қол жеткізе алмай отыр. Мектептерде балаларды сапалы және теңестірілген тамақтандыру жүйесі дамымай отыр. Ыстық тамақпен оқушылардың 54,3%-ы қамтылған, бұл ретте 2005 жылмен салыстырғанда оқушының ыстық тамағының құны 2,2 есеге дерлік артты. Оқушыларды тамақтандыру мен тасымалдау шығыстарын ескере отырып, жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі жоқ.
Республикада 21 559 оқушы үшін, оның ішінде мектептері жоқ елді мекендерде тұратын 14 748 оқушы үшін жеткізу ұйымдастырылмаған. Тасымалдау ұйымдастырылған жерде тасымалдаудың қауіпсіздігі мен жабдықталуына қатысты проблемалар бар. Автобустардың техникалық жағдайы, жанар-жағар май және шығыс материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері жүйелі түрде шешілмеген.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша соңғы бес жылда балалар мен жасөспірімдер арасында аурудың өсу үрдісі бар. Балалар арасында ауру 2007 жылы 100 мың халыққа 99729,3 (2003 ж. - 87619,3); жасөспірімдер арасында 100 мың халыққа - 7403,5 (2003 ж. - 69588,7) құрады. Оқушылар денсаулығының жағдайына мінез-қүлық факторлары әсер етеді. Жасөспірімдердің 22 %-ы шылым шегеді. Диспансердің есебінде нарколог-дәрігерлердің бақылауында 9 мыңнан астам жасөспірім тұр.
Қазақстанда 1996 жылы 714 меншікті оқулық пен 1717 оқу-әдістемелік кешен әзірленді (ОӘК - әдістемелік басшылық, жұмыс дәптерлер, сөздіктер, шешулер және тағы басқалар). Алайда, жаңа буын оқулықтарының мазмұны мен оның сараптамасына қойылатын талаптар бір ізге қойылмаған. Нәтижесінде 27 оқулық оқу процесінен алынды. Қолда бар оқулықтар мен ОӘК ескі "білімдік" әдіснамаға негізделген.
3. Техникалық және кәсіптік білім еңбек нарығының қажеттілігінен алшақ
ЖБИ көрсеткіші бойынша "Орта білім берумен қамту" 134 орынның ішінде Қазақстан 51-орын алады.
Сонымен қатар, еңбек нарығы қажеттілігінің төрттен үші жұмысшы кәсіптермен келтірілген. Тек қана әрбір төртінші білім алушы тапшы техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқиды. Бұл ретте экономика техникалық және қызмет көрсету еңбегінің 100 мың қызметкерін қосымша талап етеді, ал жыл сайын мектептің 12-14 мың түлегі жұмыспен қамтылмай қалады. Еңбек нарығында білікті мамандардың жетіспеушілігі: құрылыста - 9,9 мың адам, ауыл шаруашылығында - 9,6 мың адам, машина және жабдықтар технологиясында - 7,6 мың адам, қызмет көрсету саласында - 6,8 мың адам.
Кадрларды даярлау нақты өндіріс сұраныстарынан алшақ жүзеге асырылуда.
Ауыл жастары үшін кәсіптік білім алу қол жетерліксіз. Республиканың 27 ауданында кәсіптік лицейлер жоқ. 113 кәсіптік мектепте жатақхана жоқ. Жоғары білікті инженер педагог кадрлар еңбекақы деңгейінің төмендігі салдарынан өндіріске кетіп қалуда. Білім беру бағдарламалары халықаралық талаптарға сай келмейді. Әлеуметтік серіктестік дамымаған.
12-жылдық мектепке көшу жағдайында жоғары деңгейде (бейінде) оқу үшін оқушылардың 30%-ына дейін оқуын жалғастырады және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіпке ие болады. Осыған байланысты қосымша кәсіптік лицейлер мен жатақханалар салу қажет.
5538 өндірістік-оқу шеберлерінің теңбе-тең еңбекақысы, кәсіптік мектептер үшін 2009 - 2011 жылдары ағылшын тілінің шетел оқытушыларын тарту, оқытушылардың шетелде тағылымдамадан өту мәселесі шешілмеді.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында негізгі орта білім беру базасында 325997 адам білім алады (білім алушылардың жалпы контингентінің 58 %).
Білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді талдау базалық және кәсіптік құзыреттерді бағалауға талаптардың жоқтығын, теориялық даярлық пен ескірген деректердің басымдылығын, икемділік пен сабақтастық деңгейінің жеткіліксіздігін, жағдайды талдауға зиян фактілердің үстемдігін көрсетеді.
Бастауыш және орта кәсіптік білім кәсіптері мен мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес бастауыш және орта білім кәсіптері мен мамандықтарының саны 697 құрады (кәсіптер - 331, мамандықтар - 366), әзірленген және бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш және орта арнайы білім стандарттары 2004 жылдан бастап 2007 жыл аралығында - 325.
Білім беру бағдарламаларының мазмұны еңбек нарығындағы өзгерістерді көрсететін жұмыс берушілердің талаптарына да, кең базалық біліммен және іскерлікпен қамтылған қажетті дағдылар алуға ұмтылатын білім алушылардың талаптарына да жауап бермейді. Колледждер мен кәсіптік лицейлерде оқу-әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі, қазіргі заманғы, әсіресе арнайы пәндер бойынша оқу әдебиетіне тапшылық оқу үрдісінің сапасын арттыруға едәуір кедергі болып табылады.
Оқытудың озық технологиялары нашар пайдалануда. Кәсіптік мектептердің оқу-өндірістік шеберханаларының материалдық-техникалық базасы моралдық және табиғи тұрғыдан тозған. 2005 жылдан бастап қаржыландыру көлемінің ұлғаюына қарамастан ұстауға, ғимараттарды, үй-жайларды ағымдағы жөндеуге, құрал жабдықтарды сатып алуға жалпы соманың небары 3 %-ы бөлінді.
4. Жоғары білімі бар бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау бойынша көрсетілетін қызмет сапасының төмендігі
ЖБИ көрсеткіші бойынша Қазақстан "Жоғары біліммен қамту" бойынша 134 орынның ішінде 36-орынға ие. Сонымен қатар "Мектеп менеджментінің сапасы" бойынша - 98; "Зерттеу және тренингтік қызмет көрсетудің жергілікті қол жетімділігі" бойынша — 82-орында.
Қазақстандық жоғары оқу орындарын басқару жүйесі еліміздің экономикасының озық дамуын қамтамасыз етуде оларға әлуетті мүмкіндіктерін жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Мемлекеттік тапсырыс көлемінің 50 % ғана экономика салаларының қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Білім беру ұйымдарын бітірушілердің небары 10 % мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға талаптана алады, бұл тегін жоғары білім алуға мүмкіндікті азайтады.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне және ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне байланысты халықаралық құқық, халықаралық экономика және басқа түрлі бағыттар бойынша халықаралық саладағы мамандарды даярлауды кеңейтудегі қажеттілік қанағаттандырылмаған.
Жоғары оқу орындарының көрсететін білім беру қызметі сапасының төмендігі қазақстандық жастардың шетелде оқуын таңдауға ықпал етеді. Қазіргі уақытта шетелдік жоғары оқу орындарында 20 мыңдай адам білім алуда.
Бірде-бір қазақстандық жоғары оқу орны халықаралық институционалды аккредитациядан өтпеген және университеттердің халықаралық академиялық рейтингісіне қатыспаған.
Әлеуметтік әріптестік нашар дамыған. Ғылым мен өндіріс арасындағы байланыс әлсіз. Бітірушілерді жұмыспен қамту, жоғары білім беру стандарттарын жасау, мамандарды даярлау және аттестаттау үрдісіне жұмыс берушілерді тарту тетіктері жоқ.
Нәтижесінде жоғары оқу орындарын бітірушілердің алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасу деңгейі төмен.
Мемлекеттік жоғары оқу орындары жатақханаларының 77% салынғанына 25 жылдан астам уақыт өткен. Олар бойынша соңғы ағымдағы жөндеуден өткізілген мерзім 1 жылдан 5 жылға дейін уақытты құрайды.
Республикалық бюджетті әзірлеу кезінде жоғары оку орындарының күрделі жөндеуге 3 млрд. теңге сомасындағы жыл сайынғы өтінімі 20%-ға қанағаттандырылады.
Қазіргі уақытта студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету проблемасы маңыздылар қатарында:
- республика бойынша сырттан келетін студенттер саны 128950 адамды құрайды;
- жатақхананы қажет ететін студенттер саны 56 694 адам болса, олардың ішінде жатақханада 46 490 адам орналасқан, осылайша жатақханамен 10 204 адам (32,5 %) қамтамасыз етілмеген.
Профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру жүйесі дамымаған. Нәтижесінде - оқытушылардың кәсіби шеберлігі деңгейінің төмендігі. Жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі, қазіргі заманға сай жабдықталған зертханалардың болмауы.
Диссертациялық зерттеулер шеңберінде орындалатын ғылыми зерттеулер мен қолданбалы әзірлемелердің тиімділігінің және нәтижелігінің төмендігі.
Социологиялық сұрау нәтижесінде респонденттердің 64 % мемлекеттік жоғары оқу орындары сыбайлас жемқорлыққа бейім екендігін, 54% жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары екендігін, ал 28% дипломды "сатып алу" фактісін айқындағаны белгілі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |