Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы



бет2/14
Дата19.02.2017
өлшемі2,08 Mb.
#10456
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2. Кәсіби стандарт паспорты


6. Экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы): Бастауыш білім беру.

7. Экономикалық қызметтің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты: адамның тұлғалық және кәсіби әлеуетінің ашылуына жағдай жасау.

Кәсіби стандарт «Бастауыш білім беру» кәсіби облысындағы білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігі мен құзыреттілігі, еңбек шарты, сапасы, мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.

8. Еңбек қызметі, кәсіп түрлері, біліктілік деңгейлері осы кәсіби стандарттың 1-қосымшасында берілген.



3. Еңбек қызмет түрлерінің карточкалары (кәсіп)


Кәсіп атауы: мұғалім.

9. ҰБШ бойынша біліктілік деңгейі -5.

10. Лауазымның мүмкін атаулары: бастауыш білім беру мұғалімі, информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі, шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі, өзін-өзі тану мұғалімі.

11. Бастауыш білім берудің кәсіптері субъектілерді құзыретті тұлғаның рухани, интеллектуалдық және дене мүмкіндіктерін ашуға, денсаулық сақтау, ақпараттық-оқыту ортасын әзірлеуге, өз білімін жетілдіруі мен өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға міндеттейді.

Педагог жоспарлау құжаттарын, оқу-әдістемелік кешен, көрнекі құралдар әзірлеу, мектеп, оқушы мен мұғалім құжаттарын рәсімдеу, техникалық оқыту құралдары мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тағы басқалары оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырушылық, техникалық және әдістемелік жағдайларын туғызады.

Оқу орнының ата-аналармен қарым-қатынасына, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, қазақстандық патриоттық тәрбие беруге, креативті ойлауды дамыту мәселелеріне, әдістемелік, педагогикалық және басқарушылық кәсіпқойлыққа, тұлғалық-кәсіптік құзыреттіліктерді қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.

Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.

12. Мұғалімнің еңбек шарттары, білімі және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.

13. Кәсіптің еңбек функциялары тізімі осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.

14. Кәсіби стандарттың бірліктері мен мұғалімнің орындайтын еңбек функцияларын сипаттайтын функциональдық карта осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.

15. Мұғалімнің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
Бастауыш білім беру кәсіби стандартына 1-қосымша

1.Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері



р/с

Қызмет түрі атауы

Еңбек нарығы тенденцияларын есепке алғандағы кәсіп атауы


ҚР МЖ 01-2005 сай кәсіптер атауы

ҰБШ біліктілік деңгейі



Педагогикалық қызмет

Санат жоқ мұғалім (5.5)

Мұғалім (математика, орыс тілі және әдебиеті, басқа пәндер)

5



Екінші санатты мұғалім (5.4)

5



Бірінші санатты мұғалім (5.3)

5



Жоғарғы санатты мұғалім (5.2)

5

Бастауыш білім беру

кәсіби стандартына

2-қосымша


1. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ)

Базалық топ

3310 Бастауыш білім берудің педагогикалық қызметкерлері

Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (ҮБС)

ҰБШ сәйкес

біліктілік деңгейі



Санаттар

5

жоғарғы

бірінші

екінші

санаты жоқ

2. Еңбек шарттары, білімі және тәжірибесіне қойылатын талаптар




Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым)

Меншік нысандарына қарамастан білім беру мекемелерінің барлық түрлері (бастауыш мектептер, орта мектептер, лицейлер, гимназиялар).

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Тұрақты жұмыс кестесі, мөлшерлі жұмыс күні 18 сағат, 1,5 жүктемеге дейін рұқсат етіледі.

Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары

ҚР заңнамаларына сай (бастауыш білім берудің мұғалімі дипломы, СТБ сертификаты және медициналық кітапшасының болуы).

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі


Қажетті еңбек тәжірибесі

5

Санаты жоқ орта буын маманы: техникалық және кәсіптік, (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім

-

5

Екінші санатты орта буын маманы: техникалық және кәсіптік, (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім

3 жылдан кем емес

5

Бірінші санатты орта буын маманы: техникалық және кәсіптік, (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім

4 жылдан кем емес

5

Жоғары санатты орта буын маманы: техникалық және кәсіптік, (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім

5 жылдан кем емес

3-кесте. Кәсіби стандарт бірліктерінің тізбесі ( кәсіптер еңбек функциялары)



Еңбек функцияларының шифрі

Еңбек қызметінің атауы

(кәсіби стандартының бірліктері)

Ф 1

Оқушылардың тұлғалық әлеуетін диагностикалау.

Ф 2

Тұлғаны қалыптастыру моделін әзірлеу.

Ф 3

Ұйымдастырушылық, әдістемелік және техникалық жағдайларды жобалау.

Ф 4

Оқушылардың оқу қызметінің моделін әзірлеу.

Ф 5

Оқушылардың тұлғалық және кәсіптік әлеуетін (сапасын) ашуға арналған жағдай орнату.

Ф 6

Өзіндік іс–әрекетті түзету және рефлексиялау .

Ф 7

Оқыту сапасының мониторингін жүргізу.

4-кесте. Кәсіби стандарт бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық карта)



Еңбек функция-ларының шифры

Еңбек заттары

Еңбек құралы

Міндеттер (еңбек әркеттерінің сипаттамасы)

Ф 1


Себеп, қажеттіліктер, сезім (эмоциялар), қызығушылықтар, сезінулер, түйсік, қабылдау, жады, ойлау, сөйлеу, ерік, қабілеттер.

Мінез. Оқушының дене, психологиялық, рухани, интеллектуалдық дамуы.



Сауалнамалар, тест тапсырмалары, сұрау парағы.



М 1.1 Оқушының тұлғалық әлеуетін диагностикалау әдістерін зерттеу.

М 1.2 Оқушының тұлғалық әлеуетін диагностикалауды өткізу.

М 1.3 Диагностика нәтижелерін жүзеге асыру.

М 1.4 Тұлға моделін қалыптастыруда диагностика нәтижелерін пайдалану.

Ф 2



Ұтқырлықты, икемділікті, кері әсерлерге қарсы тұру, ашық ақпараттық қоғам жағдайына тез бейімделетін қабілетті дамыту.

Модель әзірлеу бойынша жұмыс жоспары. Рухани-адамгершілік орта. Тұлғаны қалыптастыру моделі.


М 2.1 Бейімделуге жағдай жасау, ұжым қалыптастыру, білімге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, көптілділікке тарту, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

М 2.2 Ұлттық сана-сезім қалыптастыру, эстетикалық қызығушылығы мен көркемдік талғамын дамыту.

М 2.3 Оқушыларды рухани-адамгершілік құндылықтарға тарту.

М 2.4 Көшбасшының, өз елінің патриоттарының тұлғалық сапаларын дамыту.

Ф 3

Ұйымдастырушылық, әдістемелік және техникалық жағдайлар.

Денсаулық сақтау ортасы.





Оқу-әдістемелік қамту. Оқытудың техникалық құралдары.

Жабдықталған мультимедиялық кабинеттер, лабораториялар, спорт залдар.

Кітапхана, электронды оқу залы.


М 3.1 Әлеуметтік қорғау, бейімделу, оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығын сақтау.

М 3.2 Оқу-тәрбие үрдісін материалдық-техникалық қамту.

М 3.3 Педагогикалық үрдісті әдістемелік қамту.

М 3.4 Басқару, біріге басқару және өзін-өзі басқару жүйесін әзірлеу.

Ф 4

Педагогикалық үрдістің мазмұнын, педагогикалық құралдарды, технологияларды, педагогикалық қызметті ұйымдастырудың түрлері мен тәсілдерін білу.

Педагогикалық қызметтің мазмұны.

Педагогикалық үрдістің барысын және нәтижесін болжау әдістемесі. Оқушы мен мұғалім қызметінің жоспары.

Педагогикалық қызметті ұйымдастыру моделі.


М 4.1 Педагогикалық қызметтің нақты мақсаты мен міндеттерін қою. Соңғы нәтижені болжау.

М 4.2 Оқу ақпаратының мазмұнын болжау, оқу ақпаратының мазмұнын іріктеу және құрастыру.

М 4.3 Нәтижеге бағытталған сабақтарды, сыныптан тыс шараларды моделдеу.

М 4.3 Шығармашылық тапсырмалар, жаттығулар, жобалар орындауға оқушыларды жұмылдыру.

Ф 5

Оқушының тұлғалық-кәсіптік әлеуетін (сапасы) ашу.



Ақпараттық-оқыту ортасы. Оқу құжаттары, электрондық оқулықтар. Электрондық қорлар, Техникалық оқыту құралдары.

Интерактивтік қарым-қатынас.



М 5.1 Ақпараттық-оқыту алаңын әзірлеу

М 5.2 Оқу ақпаратын модульдеу

М 5.3 Ақпараттық –оқыту ортасын құрастыру


М 5.3 Интерактивті қарым-қатынас жобалау.

Ф 6

Өз қызметінің рефлексиясы және түзету.

Ояту, жеке мотивация,

адамның сыртқы проблемасын ішкі проблемасына айналдыру.


Өзара бірлескен іздеу режимі.

Талдау мен өзіндік талдау сызбасы. Рефлексия нәтижелері.

Қызметті түзету.


М 6.1 Адамның өзіндік талдау, ұғыну, түйсіну қабілеттерін дамыту.

М 6.2 Рефлексивтелетін қызметтің тиімділігін, өнімділігін зерттеу.

М 6.3 Рефлексия нәтижелерін анықтау және тұжырымдау.

М 6.4 Педагогикалық қызметке өзгерістер енгізу.

Ф 7

Оқу сапасының мониторингін өткізу. Қызметті бақылау, бағалау, талдау.

Сауалнама жүргізу, бірлескен рефлексия. Ішкі және сыртқы бақылау. Электрондық бақылаушы бағдарламалар. рефлексия.

Білім алушының портфолиосы.



М 7.1 Мұғалімнің мониторинг жүргізуге дайындығы.

М 7.2 Критерийлер мен көрсеткіштерді анықтау

М 7.3 Педагогикалық қызметті талдау және бағалау.

М 7.4 Педагогикалық менеджменттің таңдалған әдістері, функциялары мен формаларының нәтижелілігі. Оқушылар, ата-аналар, қоғам көзқарасындағы оқу орнының, мұғалімнің имиджі.

5.5 мұғалімнің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

М 1.1

Оқушылардың тұлғалық сапаларын басшылықпен зерттеуге арналған диагностиканы өзбетімен жоспарлау және оны өткізуге жауапкершілікті қарастыратын оқу-тәрбие үрдісіндегі басқару қызметі.

Тұлғалық сапаларды зерттеуде диагностиканың тиімді әдістерін таңдау. Әр оқушының тәрбиелілік деңгейін, психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

Оқушылардың тұлғалық сапалары. Диагностиканы өткізу құралдары мен әдістемесі. Оқушылардың жас және жеке ерекшеліктері.

Зерттеу өткізу әдістері мен формалары. Оқушылардың психологиялық ерекшеліктері: кіші мектеп жасындағы оқушылардың есі, ойлауы, зейіні, қиялдарының ерекшеліктері.



М 2.1

Бейімделуге, оқушылар ұжымын қалыптастыруға, мемлекеттік тілді білуге және құрметтеуге, көптілділікке, мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуге жағдай жасауды қарастыратын тәрбие үрдісіндегі басқару қызметі.

Оқу-тәрбие үрдісінің барлық субъектілерімен қарым-қатынаста педагогикалық этикетті сақтау, педагогикалық такт көрсету.

Оқушылардың әлеуметтік картасын құрастыру. Оқушылар ұжымын құру және бір-бірімен қарым-қатынаста сенімділік атмосферасын орнату.



Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі.

Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиясы. Оқушылардың әлеуметтік картасы.

Бастауыш мектеп түлегінің моделі. Мінез-құлық мәдениеті.


М 3.1

Әлеуметтік қорғауды, бейімделуді, оқушылар мен педагогтардың денсаулығын сақтауды қарастыратын педагогикалық үрдістегі басқару қызметі.

Жетім, әлеуметтік деңгейі төмен отбасынан балаларды материалдық қорғау. Оқушыларды тамақтандыру, дәрігерлік көмекпен қамтамасыз ету. Салауатты өмір салты мәдениетінің нормаларын, техника қауіпсіздігі ережелерін, санитарлық-гигиеналық нормаларды, безендіруге қойылатын эстетикалық талаптарды сақтау. Оқушыларды жеке басының гигиенасы және салауатты өмір салты негіздерін меңгеруіне үйрету.

Педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың ерекшіліктері. Денсаулықты сақтау ортасын құрастыру. Санитарлық-гигиеналық талаптар. Нормативтік құжаттар. Қазақ салт-дәстүрі мен мәдениеті.


М 4.1

Педагогикалық қызметтің мақсаты мен міндеттерін анықтау, педагогикалық қызмет пен оның нәтижесін болжауға жауапкершілікті қарастыратын педагогикалық үрдіс шеңберіндегі басқару қызметі.

Мұғалімнің кәсіби міндеттері туралы түсінігінің болуы.

Оқыту мен дамудың мақсаттарын анықтау арқылы стандартты және қарапайым біртектес практикалық тапсырмаларды шешу.

Мақсат пен міндеттерді тұжырымдау. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, сабақ жоспарлары, дидактикалық материалдар, көрнекі құралдар әзірлеу.

Балалардан күтілетін ұнамды

құндылықтарды, ұстанымды, тәртіптілікті көрсету. Педагогикалық қызметтің күтілетін нәтижесін болжау.


Педагогикалық қызметті ұйымдастыру бойынша тәжірибелік-бағдарланған, кәсіби білім. Оқу қызметін жоспарлау және ұйымдастыру.

Оқыту және дамыту және үрдісті ұйымдастыру түрлері, тәсілдері мен құрылымы. Күнтізбелік –тақырыптық жоспар құрылымы.




М 5.1

Ақпараттық –оқыту алаңын әзірлеуді қарастыратын педагогикалық үрдіс шеңберіндегі басқару қызметі.


Оқу ақпаратын болжау тәсілдерін меңгеру. Педагогикалық мақсатқа жету үшін оқу ақпараты мазмұнын іріктеу, ойлауды дамыту. Өз әрекеті мен оқушы әрекетінің тізбектілігін құру білігі. Электрондық-оқыту ортасында жұмыс жасау тәсілдерін меңгеру. Бастауыш мектепте оқытылатын пәндерді оқыту әдістемесін, мұғалім мен оқушы портфолиосын жинақтау тәсілдерін меңгеру.

Педагогикалық қызметті ұйымдастыру құрылымы, түрі, тәсілдері. Білім алушылардың әртүрлі контингентінің ерекшеліктері.

Игеру үрдісіндегі оң мотивацияны ынталандыру. Педагогикалық қарым-қатынас. Бастауыш сынып пәндерін оқыту әдістемесі.



М 6.1

Өз қызметін жоспарлау, қоршаған ортамен пәндік-әлеуметтік қарым-қатынасын өзіндік талдау, түсіну, түйсінуді қарастыратын оқу үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.

Қызмет тәсілдерін қалыптастыруды меңгеру. Сыртқы мәселелерді ішкі мәселеге ауыстыру, нақты сапалар мен қабілеттерін айқындау.

Барлық оқушылардың оқуға қосқан үлесін бағалау, қажет жағдайда сабақты, сыныптан тыс жұмыс әдістерін жоспарлауға өзгерістер енгізу.



Рефлексияны ұйымдастыру кезеңдері. Рефлексия-субъектінің ішкі психикалық актілері мен күйлерін сезіну үрдісі.

М 7.1

Мониторинг өткізуге мұғалімнің дайындық деңгейін қарастыратын педагогикалық үрдіс шеңберіндегі басқару қызметі.

Білім сапасын диагностикалау, пелагогикалық талдау тәсілдерін меңгеру.

Педагогикалық диагностика теориясы, әдістемесі мен технологиясы, мониторинг өткізу.

5.4 мұғалімнің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар

М 1.2

Оқушының тұлғалық әлеуетін диагностикалауды қарастыратын оқу-тәрбие үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.

Ұжым мен тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың нақты әдістемесін қолдану.

Оқушының дамуының жеке траекториясы. Оқушының белсенділігін зерттеуді диагностикалық қамту. Тұлғаның психикалық қасиеттері: темперамент, мінез.

М 2.2

Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, көркем талғамы мен эстетикалық қызығушылыған дамытуды қарастыратын оқу-тәрбие үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.

Сыни ойлауды қалыптастыру, көшбасшылық сапаларды, қарым-қатынас, төзімділікті, креативтілікті, жинақылықты қалыптастыру. Тәрбие шараларын ұйымдастыру мен өткізу тәсілдерін меңгеру.

Жалпыадамзаттық құндылықтар.

Тәрбие жұмысының әдістемесі. Тәрбие және сыныптан тыс шараларды ұйымдастыру.




М 3.2

Оқу-тәрбие үрдісін материалдық-техникалық қамтуды қарастыратын оқу-тәрбие үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.

Оқу-әдістемелік кешеннің, картотеканың, дидактикалық, оқытудың техникалық және басқа да құралдарының болуы мен білім стандартына, кабинеттің бейініне сәйкестігі. «Мектеп және жанұя» ортақ үйінде баланың дербестігін дамыту, жайлы өмір сүруіне жағдай жасау.

Баламен, әріптестерімен, ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орнату.



Оқу –тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері. Қауіпсіздік ережелері, санитарлық-гигиеналық нормалар. Өрт қауіпсіздігі. Баланың даралығын дамытуға жағдай жасау.

М 4.2

Оқу ақпаратының мазмұнын болжау, оқу ақпаратының мазмұнын іріктеу мен құрастыруды қарастыратын оқу-тәрбие үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.

Оқу ақпаратын болжау тәсілдерін меңгеру. Педагогикалық мақсатқа жету үшін оқу ақпаратының мазмұнын іріктеу, ойлауды дамыту. Оқушы әрекеті мен өз әрекетінің тізбектілігін құру білігі. Оқушыларды оқу, жазу, санау, оқу әрекеті, тәртіп пен сөйлеу мәдениетін меңгеруге дайындау. Ақпаратты кесте мен график, мәтін, иллюстрация, презентация түрінде беру және жұмыстану. Белсенді оқыту әдістері мен формаларын пайдалану.

Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру бойынша нормативтік құжаттар. Бастауыш мектепте оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнын болжау мен құрастыру. Оқушы мен мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынасы. Білім мазмұны, педагогикалық құралдар, технологиялар. Оқу ақпаратының көздерін іріктеу, игеру үрдісінде оң мотивацияға ынталандыру.



М 5.2

Оқу ақпаратын модульдеуді қарастыратын оқу үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.

Оқу ақпараты көздерін іріктеу. Оқу ақпаратын талдау, логикалық құрылымдау, алгоритмдеу тәсілдерін меңгеру. Модуль, гипермәтін, көпдеңгейлі тапсырма мен тест тапсырмаларын құру. Оқу мақсаты мен нәтижесіне жету үшін оқушыларды жаңа білім, білік пен түсіністіктерді қабылдау мен қолдануға тарту.

Оқыту үрдісінің психологиялық мәні. Оқыту үрдісінің педагогикалық заңдылықтары.

Пән бойынша білімі.

Оқитын пәні бойынша ғылыми-әдістемелік білімі.


М 6.2

Әрекет ауысуын, ойлау әрекетінен дене әрекетіне ауысу, қызметтің тиімді тәсілдерін таңдау.

Орындалған әрекеттердің тізбектілігін қалпына келтіру мәселелерін қарастыратын оқу үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.

Бірлескен ізденіс режимін ұйымдастыру. Оқушыларды мақсатын анықтау, мақсат қоя білу мен өз білімін жетілдіруге, жеке мотивацияға, оянуға үйрету.

Рефлексия – оқушының оқуының жетістіктерін анықтау, қызмет тәсілдерін сезіну.



М 7.2

Критерийлер мен көрсеткіштерді анықтауды қарастыратын оқу-тәрбие үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.


Әр түрлі формадағы тексерістер жүргізу: фронталдық, топтық, жеке, аралас және оқушылардың өзін-өзі қадағалау. Білім сапасының тәуелсіз бағалауын өткізу. Оқытудың тиімділігін бағалау әдісін қолдану, оқушылардың ілгерлеушілік мониторингісін және олардың жетістік деңгейін көтеру.

Педагогикалық диагностиканың теориясы мен әдістемесі, оқыту сапасын мониторингі, дамуын жүргізу.

Бақылау формалары.




5.3 мұғалімнің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар

З 1.3

Диагностика нәтижесін жүзеге асыруды қарастыратын оқу-тәрбие үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.

Педагогикалық қызметті ұйымдастыруда диагностика нәтижесін пайдалану.

Диагностика нәтижесін пайдалануда тәжірибеге бағытталған, кәсіби білім.

З 2.3

Оқушыларды рухани-адамгершілік құндылықтарға тартуды қарастыратын тәрбие үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.

Рухани-адамгершілік орта құру. Рухани-адамгершілік құндылықтар мен тәртіп нормалары тәсілін игеру.

Рухани - адамгершілік құндылықтар мен тәртіп нормалары. Этнопедагогика.

З 3.3

Педагогикалық үрдісті әдістемемен қамсыздандыру мәселелерін қарастыратын педагогикалық үрдіс шеңберіндегі басқару қызметі.


Әдістемелік шараларға қатысу. Ашық сабақтар өткізу. Әдістемелік бірлестік, шығармашылдық топтар жұмысын басқару, озық тәжірибе тарату, өз білімін жетілдіру. Сабақта жаңа технологияларды, бастауыш сынып пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешенді қолдану.

Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру. Әістемелік ұсынымдар дайындау. Жаңа педагогикалық технологиялар. Оқу-әдістемелік кешен дайындауға және қолдануға қойылатын әдістемелік талаптар. Топпен жұмыс, өзара қатынас принципы.


З 4.3

Нәтижеге бағытталған сабақтарды, сыныптан тыс шараларды моделдеуді

қарастыратын оқу-тәрбие үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.




Күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес құзыреттіліктерге бағытталған сабақ жоспарлары мен конспектілер құрастыру. Сабаққа презентациялық көрнекілік құралдар дайындау. Оқытуда құзыреттілік тәсілімен сабақтар мен сыныптан тыс шаралар моделдеу, өткізу. Сыныптың журналын, пәндік үйірме жұмыстарын жүргізу.

Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар. Сабақтың құрылымы, түрі және типі. Оқыту әдістерінің жіктеу. Оқытудың инновациялық технологиялары.

Бастауыш сынып оқушыларының ой қызметін қалыптастырудағы әдістемелік тәсілдер.





З 5.3

Ақпараттық-оқыту ортаны құрастыруды

қарастыратын оқу үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.




Оқу ақпаратын іздеу, сараптау және өңдеу тәсілдерін игеру.

Ақпараттық-оқыту ортаны құрастыру біліктілігі, күтілетін нәтижені болжау. Пәндік білім саласында ақпараттық-коммуникациялық технология, бұқаралық ақпарат құралдары, әдебиеттерді қолдану.



Қазіргі ақпараттық ресурстар. Оқуға арналған әр түрлі бағдарламалық құралдар. Ақпаратты жинақтау, сараптау және жүйелеу әдістері.

З 6.3

Рефлексия нәтижесін тұжырымдау және проблеманы анықтау, шешу тәсілдерін игеру

Алдағы жұмыстың мақсатын анықтау, алынған нәтижені тұжырымдау.

Рефлексия нәтижесі, алдағы жұмыстың мақсатын анықтау.

З 7.3

Педагогикалық қызметті бағалау мен сараптауды қарастыратын оқу-тәрбие үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.


Оқу материалын меңгеру кезінде оқушылардың қызметін сараптау мен бағалау. Оқушылардың оқу үлгерімін ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы сараптау. Білім алушылардың білім сапасы нәтижесіне жауапкершілігі. Өзін-өзі бағалаудан педагогикалық бағалауға көшу біліктілігі.

Білім сапасының критерийлері мен көрсеткіштері.

Оқыту нәтижесіне берілетін педагогикалық сараптама технологиялары.

Педагогикалық бағалау түрлері, педагогикалық қызметте баға мен бағалаудың маңызы.


5.2 мұғалімнің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар

М 1.4

Өзбетімен оқушылардың жеке траекториясын құрастыру және диагностика нәтижелерін пайдалануға жауапткершілігін қарастыратын оқу-тәрбие үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.

Тұлға мен ұжымның психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың нақты әдістемесін қолдану.

Диагностика өткізу әдістемесі. Оқушы дамуының жеке траекториясы. Оқушының белсенділігін зерттеуді диагностикалық қамту.

М 2.4

Көшбасшының тұлғалық сапасын, өз еліне патриоттық сезімдерін өзбетімен дамытуға жауапкершілікті қарастыратын тәрбие үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.

Сыни ойлауды қалыптастыру, көшбасшылық сапаларды, қарым-қатынас, төзімділікті, креативтілікті, жинақылықты дамыту.

Көшбасшылық мектебі. Көшбасшылық сапаларды дамыту. Рухани-адамгершілік тәрбиесі.

Патриоттық тәрбие.



М 3.4

Басқару, біріге басқару және өзін-өзі басқаруды дамытуды қарастыратын

педагогикалық үрдіс шеңберіндегі басқару қызметі.



Білім алушылар, ата-аналар қажеттіліктерін қанағаттандыру, іс-әрекетті үйлестіру, тиімді нәтижеге қол жеткізу. Өзін-өзі басқару мен бірлесе басқаруды дамыту. Оқушылардың жетістіктері мен ілгерушіліктеріне байланысты тұрақты, конструктивті кері байланысты қамтамасыз ету.

Басқарудың негізгі әлеуметтік функциясы. Еңбек функциясы. Басқару, ұйымдастырушылық, әлеуметтік-тұрмыстық функция. Басқару, біріге басқару, оқу нәтижелерін өлшеу, бақылау және бағалау.

М 4.4

Оқушыларды шығармашылық тапсырмалар, жаттығулар мен жобаларды орындауға өзбетімен жұмылдыруға

жауапкершілікті қарастыратын педагогикалық үрдіс шеңберіндегі басқару қызметі.



Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар, жобалар, рефераттар әзірлеу тәсілдерін меңгеру. Оқушылардың жұмысын белсендіру. Білім алушылардың қызметі мен тәртібін реттеу. Бастауыш мектепте пәндерді оқыту әдістемелерін өзбетімен әзірлеу.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Оқушылардың жобалау жұмысын ұйымдастыру. Оқу ақпараты көздерін іріктеу, игеру үрдісінде оң мотивацияға ынталандыру.





М 5.4

Өзбетімен интерактивті қарым-қатынасты жобалау жауапкершілігін, шығармашылық қарым-қатынастың жаңа формаларына ұмтылысты қарастыратын педагогикалық үрдіс шеңберіндегі басқару қызметі.

Оқыту әдістерін дифференциациялау, әдістемелік тәсілдердің суретін құру, қашықтықтан қарым-қатынас тәсілдерін жобалау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың функционалды мүмкіндіктерін жүзеге асыру тәсілдерін меңгеру. Интерактивті қарым-қатынасты жобалау. Белсенді оқыту формалары мен әдістерін пайдалану.

Интерактивті қарым-қатынас әдістерін жобалау.

Оқушыға педагогикалық әсер ету әдістері. Интерактивті қарым-қатынасқа қызығушылық.



М 6.4

Жағдаятты бақылау және бағалау, өз мақсатына сәйкес түзетулер енгізу.

Келесі әрекеттерге өзгерістер енгізу.

Келесі әрекеттерді түзету.

М 7.4

Таңдалған педагогикалық менеджмент әдістері, функциялары мен формаларының нәтижелілігін өзбетімен талдауды қарастыратын педагогикалық үрдіс шеңберіндегі басқару қызметі.

Оқу орнының нарық сұранысы мен қажеттілігіне, нақты тұтынушының сұранысына бағытталуы.

Имидж, үнемі оқу сапасын арттыру ұмтылу, өзбетілділік, сұранысқа сай мақсат пен бағдарламаларды түзету, қызметтің соңғы нәтижесін анықтау.



Педагогикалық пенеджмент әдістері, функциясы, формалары. Оқу орны, педагогтың имиджін анықтау критерийлері. Рейтинг картасы.


5. Кәсіби стандарт негізінде берілетін сертификаттардың түрлері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет