Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет54/141
Дата04.11.2023
өлшемі481,51 Kb.
#189720
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   141
Байланысты:
қосымша Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м (1)
7 семинар, Коричневый и Бежевый Скрапбук Введение в Географию Образование Презентация 20231102 185302 0000

Расында да, қазіргі атқарылып жатқан іс шаралар, яғни ХХІ ғасырдың сұранысы әлемдік білім көшіне ілесе алатын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» тәрбиенің мақсаты: ата-анасын қадірлеп, қастерлейтін, туған жерін, Отаны Қазақстанды сүйетін, қазақ тілін, мәдениетін, тарихын меңгерген және ардақтайтын, толерантты, халықтар достығын, ел бірлігін сақтайтын, дені сау, жан дүниесі бай, еңбекке бейім, ана тілін және шетел тілдерін еркін менгерген, сапалы білім алған, құзыретті, дарынды, өзінің болашақ кәсібін таңдай алатын азамат тәрбиелеу.


Сынып жетекшісі мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда тұжырымдамада көрсетілген негізгі міндеттерді басшылыққа алдық.(кесте):


7.2. Сынып жетекшісі мектептегі оқу - тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізгі бағыттары


Кесте 6 - Сынып жетекшісі мектептегі оқу - тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізгі бағыттары



Негізгі бағыттар

Мазмұны

1

Саяси мәдениет

Тұлғаның саяси мәдениетін дамытуға, жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті, азамат және патриотты қалыптастыруға көмектесу, олардың бойында балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұру дайындығын, құқықтық санасын, балалар мен жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

2

Рухани адамгершілік

Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қоғам өмірі дәстүрлері және нормаларымен үйлестірілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыру мүмкіндігін туғызу.

3

Жалпыадамзаттық мәдениет

Тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.

4

Ата - аналармен жұмыс

Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысына, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыруға, қамқоршылық кеңестерінің рөлін көтеруге ықпал ету.

5

Толеранттылық бағыт

Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету,тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

6

Еңбекке баулу

Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, табиғат сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеуіне; экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін жоғары деңгейде дамытуына жағдай жасау.

7

Зияткерлік

Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиетін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістігін, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.

8

Салауатты өмір салты

Салауатты өмір салты дағдыларын, дене дамуы мен психологиялық денсаулығын сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Жоғарыда тұжырымдамада көрсетілген ұстанымдар тәрбие жүйесінің негізін құрайды. Тәрбие жүйесітәрбие ісінің мазмұны, заңдылықтары, ұстанымдары, құрылымы мен қолданудың әдіс-тәсілдері және оны білім беру үрдісінде қолдануды ұйымдастыру істерінің жиынтығы. Тәрбие жүйесіне тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынасына құрылған сабақ үстіндегі және сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыс түрлері сабақ, үйірме жұмыстарды, кештер мен жарыстар, байқаулар. Тәрбие беру кешенді түрде іске асатынын жоғарыда берген тұжырымдардан байқадық. Тәрбиенің кешенді жүргізілуі мақсат, міндеттері, мазмұн, әдіс пен формалардың өзара әрекеттестікте іске асуы көзделеді.


Ресей ғалымы Л.И.Новикова тәрбиелеу жүйесі тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны, іс-әрекеттерінің өзара байланысынан тұратын әлеуметтік ортаны құрайды деп анықтама береді.
Жалпы мектептегі тәрбиелеу жүйесі, сыныптағы тәрбие жүйесі бір-бірімен кіріктірле отырып, сабақтастырыла жүргізіледі. Тұтас педагогикалық жүйе секілді тәрбие жүйесінің негізіне оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жатады. Қазіргі таңда тәрбиелік жүйені педагогиканың негізгі категорияларының бірі болып табылатын тұлғаны әлеуметтендіру тұрғысынан қарастырады[97-98].
Мектеп директоры, директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, психолог, әлеуметтік педагог, қосымша білім беретін ұстаздардың алдында жоғарыда айқындалған мақсат пен міндеттерді орындау тұр. Көп жағдайда тәрбие жұмысын сыныпқа бекітілген сынып жетекшісі жоғарыдағы лауазымды тұлғалармен бірлесе отырып өз сыныптарындағы оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастырады.
Біз, тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың алғашқы анықтау кезенінде сынып жетекшісінің атқаратын міндеттерін айқындап алдық.
Сынып жетекшінің міндеттеріне сыныптың алғашқы болып тәрбие жоспарын құру, оқушылардың ата–аналар туралы мәліметі, оқушы денсаулықтары, мекен жайы, оқушының қызығушылығы, олардың темпераментін т.б. нақты анықтап алу мәселелері тұрады.
Ұйымдастыру жұмысынан кейін сынып жетекшісі тұлғаны дамыту мен қалыптастыруға байланысты қажетті іс – шаралар жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет