Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет94/141
Дата04.11.2023
өлшемі481,51 Kb.
#189720
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   141
Байланысты:
қосымша Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м (1)

Үшінші кезеңде әлеуметке қарсы қалыптасқан тәртіп орын алады, оны сипаттайтын заңға қарсы әрекеттердің ұлғаюы, осы салада тәжірбие жинақталуы (ұрлық, зорлық, дөрекі бұзақылық, алып сату және т.б.), жағдайлы немесе тұрақты көрініс табатын әлеуметке қарсы топтарға енуі (Фельдштейн Д.И., Ермаков В.Д.). Тұлғаның қоғамдағы қалыпты жағдайға көзқарасы және оның санасындағы көрінісі соншалықты терең бұзылыста, жасөспірім өз тәртібін өзінің құндылық түсініктеріне және тұрақтылықтарына сәйкес қалыпты деп санайды. «Сәйкестендірудегі күйзеліс» басталып өз тұлғасы тұралы түсініктер және ол туралы қоғам пікірін бағалау бұзылған «МЕН» концепциясының пайда болуына әкеледі. Нәтижесі қарама-қайшылыққа алып келіп, басқалардың бейне тұралы түсінігімен сәйкестендірумен аяқталады. Басқа сөзбен айтқанда жасөспірім «өзін ешкімге ұқсамайтын» және «жақсы нәрсеге қабілетім жоқ» дегенмен келіседі. Осы кезеңде көмек кәсіби түрде көрсетілгені маңызды, ол жылдам, түзету-тәрбие іс-әрекеті сипаттас болып әлеуметтік-теріс түрін бұзу мақсатында, жаңа әлеуметтік-релевантты болып қалыптасуы қажет. Педагогикалық әсер ету әдістері: жеке және топтық тәрбие жұмысы, және тұлғалық қабылдау түрінде жеке және топтық еңбекпен емдеу, қызықты және пайдалу мамандық алып шығу, жасөспірімнің қызығушылығын дамытуға жағдай жасап, оның сыйластыққа қажеттілігін туындату. Бұл кезеңде өзін түзеу, жасөспірімнің өзін тәрбиелеу мүміндігі мүлдем аз. Өмір мағынасының бейімделуге қарсы қалыптасуы, әлеуметке қарсы тәртібін және меңгерген әлеуметке қарсы тәжірбиесін тұрақтандыру мүмкіндігі көбірек.
Төртінші кезең – әлеуметке қарсы тұрақты тәртіп, оның сипаты заңға қарсы әрекеттерінің күрделенуі және жүйелі ұшырауының тұрақтануы, қауыпты қылмыс жасау мүмкіндігі, тұрақты әлеуметке қарсы топқа енуі. Бұл жағдайда көмекті, отандық және халықаралық тәжірбие көрсеткендей ашық түрдегі мекемелер ашып оларға арнайы тәрбиешілер дайындау керек. Сәтсіз көмек көрсетілгенде жасөспірімдерде әлеуметке қарсы тәртіптің тұрақты дайындығы қалыптасады.
Бесінші кезең – тұрақты тәртіптегі ауытқу, бұл әлеуметке қарсы тәртіптің аса қауыпты түрі тұрақты заңға қарсы әрекеттермен сипатталады. Бұл кезеңнің сипаты педагогика және психология мәселелері шеңберінен шығып заң саласына өтеді.
Тәртіптегі ауытқу ретінде қиын тәрбиені түрлендірудің сан алуан жолдары бар. Олардың негізіне түрлі көрсеткіштер алынады. Хевитт және Дженкинс сынды ағылшын психологтары қиын балаларды екі үлкен топқа бөледі: балалардың қоғамға қарсы тәртіптің әлеуметтенген түрі, оларға сезімдік бұзылыстар тән емес және олар өздері жататын жақын туыстарының немесе жолдастарының қоғамға қарсы топтары ішіндегі әлеуметтік тәртіпке тез арада икемденеді; балалардың қоғамға қарсы тәртіптің әлеуметтенбеген түрі, олар басқа балалармен және өзінің отбасымен жаман қарым-қатынаста болып және сезімдік бұзылыстар: қарсы шығу, дөрекілік, қоқан-лоқы көрсету және кек алу маңызды орын алады. Басқа зерттеуші, П. Скотт, аталған топтаманы толықтыра келе әлеуметтенген қиын жасөспірімдер санаты екі топтан құралғанын көрсетеді: ешқандай тәртіп жүйесін меңгермеген және қоғамға қарсы тәртіпті меңгерген балалар (Раттер М.).
Қиын жасөспірімдерді топтастыру оларды анықтау құралы және олармен жұмысты ұстанымдарға сәйкес жоспарлау және жүзеге асыруда көмек ретінде, олардың қалыс қалу себептерін анықтауға, алдын-алу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет